
Йокогама. 20 қазан. 7kun.kz - Жапондық автокөлік өндіруші Nissan Motor Co екі аптаға Жапониядағы барлық өндірісін тоқтатады. 2014 жылдың басында шыққан 1,16 миллион көліктерді кері қайтарады.
Тексерісте анықталғандай, бірқатар зауыттарда өнімнің соңғы тексерісін арнайы мамандар атқармаған. Яғни зауыттарда көліктің сапасын тексеру бойынша ережелер бұзылған.
Автокөліктерді кері қайтару басқа елдерге экспортталатын өнімдерге әсер етпейді. Себебі бұл ереже тек Жапонияға ғана қатысты.
Nissan компаниясының атқарушы директоры Хирото Саикаваның сөзінше, автокөліктер өндірісі инспекциялық конвейнердің құрылысына өзгерістер енгізу үшін және сертификатталған инспекторлардың санын көбейту мақсатында тоқтатылған.
Компанияның мәліметінше, ереже бұзғаны үшін шығындар шамамен 25 млрд иенді (225 млн доллар) құрайды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025