Нұр-Сұлтанда әкімшілік және тұрғын ғимараттарға жарық қосты

78
жарық

Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында жарықсыз қалған бірқатар әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге жарық берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында хабарланды. 

«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарды жарыққа қосты. Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот — электрмен жабдықталды. Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : «Уют» , «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус» , «Вива плаза» , «Алатау», «На водно-зеленом бульваре», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен» , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

Айта кетейік, вариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.