Шымкент. 5 сәуір. 7kun.kz - Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жәрмеңкеде солтүстіктегі 636 жұмыс беруші мекеме ұсынған 1785 бос жұмыс орны бар. Бұл вакансиялардың барлығы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге жергілікті 248 жұмыс беруші, оның ішінде 30 ірі кәсіпорын 2500 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мұндай жәрмеңкенің халқы тығыз қоныстанған Оңтүстік өңірінде ұйымдастырылуы кездейсоқ еместігін айтты.
«Мұнда еңбек күші айтарлықтай артық болса, солтүстік өңірлерде жұмыс қолының тапшылығы сезіледі. Сондықтан, аталған жәрмеңке, ОҚО тұрғындарына өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектеседі деген үміт бар", - деді ол.
Сонымен бірге, министр мемлекеттің жол шығындары мен бір жыл бойы баспана жалақысын өтеуге субсидия бөлетінін атап өтті
Осындай жәрмеңкелер ОҚО-дағы Мақтаарал және Сарыағаш аудандарында 3-4 сәуір күндері өткен. Нәтижесінде 200-ден астам тұрғын отбасымен Қостанай, Павлодар, СҚО және ШҚО-ға қоныс аударуға ниет білдірген.
Осыған дейін 7күн Қазақстанның халықты солтүстік аймақтарға көшіру бағдарламасының қалай іске асып жатқаны туралы жазған еді.
Айта кетейік, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан 146 отбасы Солтүстік Қазақстан (125 отбасы), Қостанай (18 отбасы) және Шығыс Қазақстан (3 отбасы) облыстарына қоныс аударған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024