Pokemon Go бір айда 200 млн доллар табыс тапты

Фото: cinemablend.com

Pokemon Go қосымшасы бағдарлама шыққаннан бергі бір айда 200 млн доллардан астам табыс тапты. Мұндай ақпарат Sensor Tower сараптамалық компаниясының зерттеу қорытындысында жазылған.

Ойын 6 шілдеде іске қосылды. Одан бөлек, Sensor Tower бағдарлама Жапонияда қолжетімді болған кезден бастап табысы арта түскенін айтады.

Үлкен атаққа бөленген ойын бұған дейін белгілі болған Candy Crush and Clash Royale секілді ойындарды басып озды. Салыстыру үшін, Clash Royale ойыны шыққан соң 30 күнде тапқан табысы 125 млн долларға жуық еді.

Sensor Tower-дың ақпаратына сәйкес, қолданушылар аталған бағдарламаға орта есеппен күніне 26 минутын жұмсайды.  App Annie зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша,  Pokemon Go ең көп жүктелетін бағдарламалардың тізімінде 4-орында тұр.

Бұған дейін біз бағдарламаның азаматтар қауіпсіздігі үшін кейбір елде бұғатталғанын жазған едік.

Pokemon Go деген не өзі?