Экономика
Редактор таңдауы
Қамаудағы Қайратқа бұйырмады, Ресейдегі McDonald's -ты Александр Говор сатып алды
Бүгін McDonald's ресейлік бизнесін толығымен франшиза иесінің бірі Александр Говорға сатуға келісті. Бұл туралы prnewswire.com хабарлады.
Сатып алу рәсімі келесі аптада аяқталуы мүмкін. Одан кейін Говор McDonald's желісінің атын өзгертіп, жаңа брендпен басқарады. Айта кетейік, ол 2015 жылдан бері ресейдегі McDonald's франшизасының иесі ретінде 25 мейрамханға иелік етеді.
Айта кетейік, бүгін ресейлік БАҚ Қайрат Боранбаевтың «СПП» компаниясы мен Александр Говордың «ГиД» компаниясы McDonald's ресейлік бизнесін сатып алуы мүмкін екенін хабарлаған. Алайда кешке қарай әлемдік брендті қамаудағы Боранбаев емес, Александр Говор сатып алғаны белгілі болды.