Су ресурстары және ирригация министрлігі үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондауды жоспарлап отыр.
Жобалар Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асуда. Каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырымды құрайды, қазір бірқатар нысандарда жұмыстар басталған.
Сонымен қатар Жамбыл облысы Байзақ ауданында тағы 17 каналға арналған жобалық құжат дайындалып, оның 12-сі сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін басталады.
Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұған дейін 502 шақырым канал жаңғыртылып, биыл тағы 5 жобаны аяқтау жоспарланған.





