Қасым-Жомарт Тоқаев: «Майшелпек орындар» мен жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейді

Фото: akorda.kz

Нұр-Сұлтан. 19 мамыр. 7kun.kz — Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кезекті кездесті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мемлекет басшысы жиын басында бизнестің өзекті мәселелерін талқылау жақсы дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қаңтар айында болған кездесуден кейін елімізде және әлемде талай нәрсе өзгерді.

Президент сөз басында еліміздің келешегі экономиканың мықты болуына байланысты және кәсіпкерлер мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керектігіне де тоқталды.

«Жалпы, жұмысты дұрыс жүргізу үшін мемлекеттік органдардың есебі жеткіліксіз. Елімізде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы сіздердің пікірлеріңізді білу аса маңызды. Мен, ең алдымен, бір мәселені нақты айтқым келеді. «Ойын ережесі» әділ әрі бәріне бірдей болатын ашық экономика саясаты жалғаса береді. Бұл – менің берік ұстанымым. «Майшелпек орындар» мен жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейді, – деді Президент.