Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жалпы құны 352 млн теңге тұратын қол сағаттары аукционға қойылды

 Жалпы құны 352 млн теңге тұратын қол сағаттары аукционға қойылды
e-qazyna.kz онлайн-платформасында активтерді қайтару жұмыстары аясында тәркіленген қол сағаттары аукциондық саудаға қойылды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мәліметінше, аукционға жалпы бастапқы құны 352,3 миллион теңге болатын 25 қол сағаты қойылған. 

Аукцион биыл 31 шілдеде бағаны көтеру форматы бойынша өтеді. Компания өкілдерінің айтуынша, аукционның мақсаты – қайтарылған активтердің ашық түрде сатылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тарапқа қатысуға тең мүмкіндік беру.

Ұқсас материалдар