Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салықты өсіру – мәжбүрлі қадам – Бектенов

 Салықты өсіру – мәжбүрлі қадам – Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қосылған құн салығын 16%-ға дейін көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

 «Кез келген салықты өсіру ауыр тиеді. Бірақ бұл мәжбүрлі қадам. Осы салық реформасының арқылы біз даму бюджетін едәуір арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін экономикалық өсім туралы айтылған еді. Экономикалық өсім тек мемлекет инфрақұрылымды жедел, алда жүретін қарқынмен дамытқанда ғана мүмкін болады. Себебі кез келген бизнестің дамуы үшін инфрақұрылым қажет. Ал инфрақұрылымды дамыту үшін даму бюджеті қажет», – деді
Олжас Бектенов.

Премьер-министр айтуынша, ҚҚС-ты 16%-ға дейін көтеру бюджет көлемін 18%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта біздегі даму бюджетінің деңгейі сын көтермейді. Ол мемлекетке экономиканың даму қарқынына ілесіп, инфрақұрылымды жылдам дамытуға толық мүмкіндік бермейді. Сол себепті 2026 жылдан бастап Салық кодексін қабылдау арқылы қосымша бюджет кірісін және даму бюджетін шамамен 8 пайызға ұлғайтуды көздеп отырмыз, сөйтіп оны 18%-ға дейін жеткіземіз. Бұл бізге тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Ұқсас материалдар