Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік бағасының өсуі бойынша көш бастап тұр
Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тұтыну бағаларының өсімі бойынша алда келеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясының Статистика департаментінің деректері бойынша, 2018 жылдың қазанында Қазақстанда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің құны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті. Одан кейінгі орында Беларусь - 4,9%, Ресей - 3,5%.
Атап айтқанда, 2018 жылғы Қазанда 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда (6,5%), Ресейде (4,1%) және Арменияда (3,8%) азық-түлік емес тауарларға бағаның едәуір өсімі тіркелді. Беларусьте бұл өсім 3,2%-ды, ал Қырғызстанда - 2,1%-ды құрады.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2018 жылдың қазанында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,7%-ға, Беларусьте – 4,4%-ға, Арменияда – 3,6%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар, ақылы қызметтерге де бағаның өскені байқалады. Есептік кезеңде бұл көрсеткіш Арменияда 8,3%-ға, Қазақстанда – 4,8%-ға, Қырғызстанда – 4,7%-ға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024