Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда ғылыми қызметкерлер, бас директорлар және авиациялық инженерлер ең жоғары жалақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство электронды еңбек биржасының тамыз айындағы жұмысының қорытындысын жариялады.
2022 жылғы тамызда еңбек биржасында 119,9 мың бос жұмыс орны және 93,9 мың түйіндеме орналастырылды.
«Ең жоғары жалақы күтулері ғылыми қызметкерлер арасында байқалады – 2,7 млн теңге, бас директорлар – 2,3 млн теңге, авиация инженерлері – 1,6 млн теңге, кеніштер директорлары – 1,5 млн теңге және қосымшаларды әзірлеушілер – 1,2 млн теңге», – делінген хабарламада.
Бұл ретте жұмыс берушілер ЭЕБ-ға еңбекақының жоғары мөлшерін мемлекеттік ұйымдардың басшыларына – 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық тәуекел – менеджерлерге – 500 мың теңге ұсынады.
Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында ұсынылады. Онда өнеркәсіптік альпинистер үшін 824 мың теңге жалақы алатын 20 бос жұмыс орны орналастырылған.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.
Бос орындар мен түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі іскерлік белсенділіктің дәстүрлі маусымдық жаңаруын білдірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024