Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Абылай Мырзахметов

964
Мырзахметов Абылай
Фото: kapital.kz

Мырзахетов Абылай Исабекұлы — 1969 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Созақ аудыны, Жарты төбе ауылында дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы — М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — экономист.

Ғылыми атақтары:

2003-2004 жылдары — М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін аспиранты.

2006 жылы — Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экспорттық-транзиттік қызметі және оның елдің көлік жүйесінің дамуына әсері».

Еңбек жолы:

1992-1994 жылдары — «Алтын-Алма «концерні» АҚ қаржы директоры болды.

1994-1996 жылдары — «Политэк» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарды.

1994-1997 жылдары — «Айсель-Қазақстан» АҚ Бас директоры лауазымын иеленді.

1997-1998 жылдары — «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

1997-2001 жылдары — «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының міндетін атқарушы, бас директоры қызметтерінде еңбек етті.

2001-2002 жылдары — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі лауазымына тағайындалды.

*2002 жылдың наурыз айында — қылмыстық істі тергеу кезінде қызметінен шеттетілді. 2002 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті тұтқындады. 2003 жылдың мамыр айында мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

2002-2004 жылдары — «Dala Group» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі міндетін атқарды.

2005 жылы — Қазақстан Республикасы СӨП Одағының президенті болды.

2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы СӨП Президенті, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасының төрағасы қызметтерінде еңбек етті.

2007 жылы — «Атамекен» одағы «Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі ретінде тіркелді.

2009 жылы — «Бүркіт» ҚПК » ЖШС Бас директоры болды.

2011-2013 жылдары — «Атамекен» одағы «Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

2013 жылдан бастап — «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы болды.

Басқа да қызметтері:

1998-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы шахмат федерациясының президенті қызметін атқарды.

2003 жылы — «Москоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

2005-2007 жылдары — «Атамекен» одағы үйлестіру кеңесінің мүшесі болған.

2005-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.

2005 жылы — «Dala Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2009 жылы — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ жанындағы Қоғамдық-Консультативтік кеңестің жауапты хатшысы лауазымында еңбек етті.

2010 жылы — Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

2012 жылы — Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде танылды.

2017 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелігіне сайланды.

2018 жылдың маусым айында — Қазақстан тарапының өкілі ретінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне енгізілді.

Марапаттары:

  • «Құрмет» Ордені (2000);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (12.2016)
  • 3 дәрежелі Барыс орденінің кавалері (2017)
  • «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018)

Отбасы:

Үйленген, қызы және ұлы бар.

Ағасы — Асқар Мырзахметов, мемлекет қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ауылшаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министірінің орынбасары және т.б. мемлекеттік қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімі болып табылады.

Активтері:

Абылай Мырзахметов «Green House – Зеленый Дом» ЖШС және «Комбинат «Фараб» ЖШС үлестеріне ие.

Forbes сайтының «Қазақстандағы ықпалды бизнесмен – 2018» рейтингінде 27 сатыға орналасты.

Дереккөздер: online.zakon.kzforbes.kz,wikipedia.org