Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Александр Белович

517
Фото: Forbes.kz

Александр Якубович Белович  — 1955 жылы 19 тамызда  қазіргі Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында  дүниеге келді.

Білімі:

1974 жылы — Алматы құрылыс техникумын «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылы — Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1974 жылы техникумды бітірген соң Қазпромниипроектте техник болды.

1974-1976 жылдары — Кеңес армиясының қарулы күштері қатарында қызмет етті.

1976-1991 жылдары — Алматы үй құрылысы комбинатында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: 4-ші дәрежелі СЖБК монтажшысы, СМУ-2 шебері, СМУ-2 прорабы, СМУ-2 аға прорабы, СМУ-2 бас инженері, СМУ-3 бастығы.

1991 жылы — «БАЗИС» шағын кәсіпорнын ашты.

1993 жылы — «Базис» құрылыс компаниясының президенті болып тағайындалды.

1994-1995 жылдары — Алматы қалалық әкімшілігінде әкімшілік басшысының орынбасары қызметін атқарды.

1995 жылы — «Базис-А Корпорациясы» ЖШС президенті болды.

1998-2007 жылдары — «Базис холдингтік компаниясы» ЖШС президенті қызметіне тағайындалды.

2007-2009 жылдары — «Базис-А Корпорациясы» ЖШС құрылыс жөніндегі кеңесші болды.

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «Базис құрылыс компаниясы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеп жатыр.

2015 жылдан бастап — «BAZIS Холдинг компаниясы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Басқа да қызметтер:

  • «Атамекен» ҰКП Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы;
  • «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі;
  • Қазақстанның құрылыс саласы Ұлттық қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы;
  • ҚР Жүзу Федерациясының Вице-президенті;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.

Активтері:

Александр Белович — «Базис-А» құрылыс корпорациясының негізін қалаушы және түпкі бенефициары. Ресейлік дереккөздерге сәйкес, 2017 жылдың басында Санкт-Петербургте «Климов» зауытынан аумақтың бір бөлігін сатып алды.

«Базис-А» құрылыс корпорациясының нысандары: «Нұрлы Тау» БО, Алматыдағы «Легур» бизнес-орталығы және Q БО, Q-2 БО, «Сулы-жасыл бульварда» БО, Астанада Millenium БО.

Александр Белович Forbes сайтының Қазақстандағы ықпалды бизнесмендер – 2018 рейтингінде 15 орынға, ал ең бай бизнесмендер арасында 18 сатыға орналасты.

Өткен жылы оның байлығы 324 млн долларды құрады.

Атақтары:

  • Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры
  • Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі
  • Қазақстанның құрметті құрылысшысы

Марапаттары:

  • Әдебиет және өнер(сәулет және құрылыс) саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
  • «Құрмет» ордені
  • «Парасат» ордені
  • III дәрежелі «БАРЫС» ордені
  • «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің — 10 жылдығы» медалі
  • «Астана — Ардағым» сыйлығының лауреаты

Дереккөздер: forbes.kz, cyclowiki.org.