Қазақстандағы орташа зейнетақы 100 мың теңгеге жуық – Еңбекмині

120
әйелдердің
Фото: nm45.ru

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 99 898 теңгені құрады, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99 898 теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар — маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 928,9 млрд теңге бағытталды», дейді министрлік ақпаратында.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 млн 239 мың адамды құрайды.

Министрлік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын да ескертіп өткен.