ШҚО. 28 қазан. 7kun.kz – Қазақстанға Украинадан 23 мың студент ауысқысы келеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шығыс Қазақстан университетінің оқытушыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айтуынша, әңгіме Украинадағы үндістандық және пәкістандық студенттер жайлы.
«Қазір 23 мың Үндістан мен Пәкістан студенті есігімізді қағуда. Олар Украинаның медициналық университеттерінде білім алған студенттер және қазір белгілі себептермен онда оқи алмайды. Қазір біз осыған қатысты не істей алатынымызды ойластырудамыз», – деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ мұндай өтініштер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттері де білдіруде. Онымен қоса сол медициналық университет профессорлары да Қазақстанда сабақ беруге ниет білдіруде. Алайда кейінгі жылдары оған қажетті елде жаңа академиялық хабтар құрылмаған.
«Біз академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек. Осындай өсіп келе жатқан мөлшерді қабылдап, өңдей аламыз ба? Бұл қысым уақыт өткен сайын ұлғая түседі», – деп қосты министр.
Министр тығырықтан шығудың жолы университет ғимараттарын кеңейтумен қатар, цифрлық университеттерді құруда деп есептейді. Қазір елде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленуде.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





