Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалеевтың өкілеттік мерзімі ұзартылды

Тілеуғалеев

Астана. 15 маусым. 7kun.kz — Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратуарсының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев Бас көлік прокуроры қызметіне жаңа өкілеттік мерзімге тағайындалды», — делінген баспасөз хабарламасында.