ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым-ұстаз Бауыржан Әлиұлы қайтыс болды

Бүгін ауыр науқастан ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым-ұстаз Бауыржан Әлиұлы қайтыс болды. Қайғылы жағдайды ҚМДБ баспасөз қызметі растады.

Бауыржан Әлиұлы 1982 жылы 12 қарашада дүниеге келген.  

Қазақ-Араб университетін, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасы,  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын Сирия Араб Республикасында машықтанушы ретінде бастаған. Кейін Орал медресесінда ұстаз, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы, Орал медресесінің директоры, ҚМДБ-ға қарасты Имамдардың білімін жетілдіру институтында ұстаз, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қарасты Әбу Ханифа ғылыми орталығында кіші ғылыми қызметкері, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Исламтану кафедрасының оқытушысы болды.

Марқұмның артында үш баласы қалды.

7kun.kz марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.