Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - ҚХР Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін сертификаттау бойынша салынғалы жатқан зертхананың құрылысын қаржыландырады, деп хабарлайды LS.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Күрішбаевтың айтуынша зертхана келесі жылдың басында ашылады.
"Қытайлық кәсіпкерлердің көпшілігі отандық өнімдеріміздің сапалылығына күмән келтіреді. Бұл бірлескен жұмыстың барлығы келешекте қытайлық ғалымдардың қазақстандық өнімдерді бағалай алуы үшін жасалып жатыр. Яғни, Қытай профессорлары біздің өнімді танып, білуі мақсатында атқарылып жатыр", - деп атап өтті А. Күрішбаев.
Ал осы жылдың шілде айында Қытай еліне экспорттайтын тауарларды зерттеуге бағытталған мал дәрігерлік зертхана ашылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024