RBK банкі ақша беруді уақытша шектеді

RBK
Фото: kursiv.kz

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Алматыдағы RBK банкінің клиенттері шетел валютасындағы шоттарынан қаражатты алдын-ала өтінім бойынша (бес жұмыс күні ішінде) ғана ала алады. Бұл туралы RBK банк Call-орталықта хабарлады.

Жеке тұлғаларға алдын ала өтінімсіз ақша тек ұлттық валютада және 100 мың теңгеден аспайтындай көлемде беріледі. Ал заңды тұлғалар өздерінің шоттарынан 1 млн теңге ала алады.

Банк қолма-қол ақшаны беруде уақытша қиындықтарға ұшыраған.