Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 227,3 млрд теңгені құрады. Көлемі соңғы бірнеше жылда алғаш рет 64,4%-ға қысқарды. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.
Осы жылы күрделі инвестициядағы банктер кредиттерінің үлесі тек 2,3%-ды құрады.
Сонымен қатар, шетел банктерінің несиелері есебінен негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар–қазан айларында 9,3 млрд теңгені құрады — 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 58,7%-ға кем. Шетелдік банктердің қарыздары есебінен күрделі қаржы екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр.
Шетелдік банктердің несиелері есебінен инвестиция үлесі қатарынан екінші жыл 5%-дан аспайды, бұл ретте соңғы жылы ол 3,5%-дан 4,1%-ға дейін өсті. 2019 жылы негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың үлесі 0,1%-дан аз, өткен жылы ол 0,3%-ды құрады.
Есептік кезеңде шетелдік банктердің инвестициялары негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталды: 7,7 млрд. теңге (жылдық өсім - 65,9%). Оның ішінде 7,5 млрд теңгесі металл емес минералдық өнімдер өндіру секторына, ал тағы 157,5 млн теңгесі кокс пен мұнай өңдеу өнімдерін өндіру секторына тиесілі.
Банктердің өнеркәсіп саласындағы барлық кредиттері есебінен инвестициядағы шетелдік банктердің үлесі бір жыл ішінде 4,8%-дан 10,3%-ға дейін, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде - 5,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті.
Металл емес минералды өнімдер өндірісінде шетелдік банктер инвестициялардың жартысынан көбін банктік несиелер есебінен алады - 55,6%; кокс және мұнай өнімдерін өндіру саласында - 3,3% (бір жыл бұрын - 5,8%).
Қалған 1,6 млрд теңге көлік және қоймалау саласына тиесілі, бұл осы саладағы банктердің несиелері есебінен инвестицияның 2,4%-ын құрайды.
Шетелдік банктердің несиелері бойынша күрделі салымдар көлемінің 81%-ы Қызылорда облысына тиесілі: 7,5 млрд теңге (металл емес минералдық өнімдер өндірісі).
Тағы 17,5% немесе 1,6 млрд теңге Қарағанды облысына (көлік және логистика), ал 1,7% - Атырау облысына (мұнай өңдеу) тиесілі.