1929-1933 жж арасында болған терең экономикалық дағдарыстың бүкіл әлемді қамтуы. Дағдарыстың шығу себебі, және әртүрлі елдер арасындағы дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру курстық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Тақырыпты зерттеудегі басты мақсат экономикалық дағдарыстың мәні мен маңызын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
-1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктерін атап өту.
-Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдарын баяндау
-Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарларын қарастыру.
-Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ-ты баяндау.
-Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басына келуі туралы кең түсініктеме беру.
-Экономикалық дағдарыстың тарихтағы мәні мен маңызын түсіндіру.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері:
Курстық жұмыста 1929-1933 жылар аралығындағы экономикалық дағдарыс қамтылған.
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің "істемей қалуы" көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер каупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса манызды ерекшелігі циклдік дагдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30-жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10—15 жылда бір рет келетін кұрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20-жж. өзінде-ақ экономикалық дамудағы "үлкен циклдер", немесе "ұзын толқындар" теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы "ұзын толқындар" теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада "ұзын толқындар" деп ұзактығы шамамен алғанда 48—55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жарты ғасырлық аралық келетін кезеңдерде ин-дустриялық коғамның техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл кұбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты әкономикалық аймактарының шаруашылықтарының барлық салаларын камтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ. 80-ж. соңы мен 90-шы жж. басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт "ұзын толқындарды" бастарынан өткізді, олардың әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, сонынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж. соңы — 1840 ж.; 1840 ж. соңы -1890 ж.; 1890 ж. соңы — 1940 ж. басы; 1940 ж. басы — 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық "ұзын толқындар" орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші "ұзын толқындар" немесе кезең XXI ғ. аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезең конъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл уакыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс,* 30-жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді окиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп карастырған жөн.
Соғыс-аралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының киындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне, осында болды.
Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін "Жұмыспен камту, пайыз және ақша теориясы" (1936) кітабында баяндады.
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің әкономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндіруішлік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігін сай келуі керек. Халыктың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып алу" жағдайында, яғни сатып алушылық кабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше "тиімді сұраныс") еңбекшілердің са-тып алушылық қабілетін арттыру немесе корлардың артығын коғамдық тұтынуға, коғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, апарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа ми-литарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің кұлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын кұруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмін жасады. Дағдарыс жағдайында "сұранысты кампиту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығын-дарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "кызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы деген ат алды.
1.2. Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдары.
Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен коса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге — мемлекет пен азаматтық коғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ коғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясат-керлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл аткаратынды-ғын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол» кездің басты идеялық-саяси кайшылығы — мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азаматтық коғам арасындағы қатынастар турасында принциптік түрде карама-қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX г. саяси тарихының арқауын құрайтын тоталитаризм мен демократия арасындағы күрестің мазмұны болды.
Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: коғамдық дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгідегі толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұска; орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеология-лық құрылымға сәйкес коғам мен одақтарды өзгерту үшін кұрылды. "Тоталитарлық" ұғымы 20—30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық коғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің "Фашизм туралы ілім" деген кітабында былай деп жазды: "Фашизм ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл аткарады". Тота-литаризм — либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің коғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекеттерттерінің барлық салалары.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шағарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті.
АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Б9л саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық кетерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуына күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінің антисоветтік саясатын жалғастыра берді.
2.1.Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ.
1929 жылы АҚШ-та эқономикалық дағдарыс басталады. Біршші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз.
Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелері 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етті. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды,
АҚШ-тың ауыл шаруашьшық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықгар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайьшдық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді.
Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. (Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты милиондаған кедейленғен халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа бағыты тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу — экономиканы дағдарыстан шыгарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бастады. Сайлаушылар алдыңда сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық қүқықтың сақталуын, оған мемлекеттік жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзівде «экономикалық жоспарлау»идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» — деді. Америка мемлекеті халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.
Франклин Делано Рузвельт 1881 ж. Нью-Йорк штатында дүниеге келген. ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген Рузвельттер тұқымы Америкада орнығып, екі бұтақка бөлініп, дамыды. Олардың бір бұтағынан 1901-1909 жж. АҚШ президенті Т.Рузвельт, екіншісінен 1932-1945 жж. президент Ф.Рузвельт шықты. Франклин таңдаулы ақылы мектепте оқыды, Гарвард жоне Колумбия университеттерін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейтін. 1910 жылдан бастап сенатор, 1913 ж. министрдің орынбасары болды. 1921 ж. аурудан аяғы сал болып қалғанына карамастан, саяси кызметтен бас тартқан жоқ. 1928 ж. ол Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды да, дағдарыс кезінде күйзелген халықка мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды.
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты.
1933 ж. мамыр айында ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шықты. Бұл заң ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты деңгейлестіру мақсатын көздеді. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Ал фермерлер егіс көлемі мен мал басын қысқартуға тиісті болды, қысқарған жер мен малдың қүнын мемлекет төледі, бұл ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тұрактандыруға мүмкіншілік берді. 1933 ж. маусым айында Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң қабылданды. Барлық кәсіпкерлік бірлестіктер "адал бәсеке кодексін" жасауға тиісті болды. Бұл қүжаттарда өндірілетін өнімнің мөлшері мен бағаның ең төмеңгі дәрежесі белгіленді. Кодекстерді президент бекіткен соң, күшіне енеді. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтитын 750 кодекс жасалынды. Ұлттық өнеркэсіпті қалыпына келтіру туралы заң кәсіподақтарға ұжымдық шарт жасау қүқығын берді.
1935 ж. конгресс Вагнер заңын қабылдады (заңды ұсынушы сенатордың атымен аталды). Заң бойынша, жұмысшылар барлық салаларда кәсіподактарға кіру, кәсіп керлермен ұжымдық шарт жасау, ереуілдер ұйымдастыру құқығына ие болды.
Жұмысшы ұйымдарының іс-әрекетіне кәсіпкерлердің араласуына, жұмысшыларды кәсіподақтарға кіргені үшін қудалауға, ұжымдық шарт жасаудан кәсіпорын иелерінің бас тартуына тыйым салынды. Бұл заң еңбек катынастарын реттеудегі ең алдыңғы қатарлы заң болды.
1935 ж. АҚШ тарихында бірінші рет еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету туралы заң шықты: қарттарға зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төленетін болды, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем беру жүйесі жасалды. 1938 ж. еңбектің, әділетті шарттары туралы заң кабылданды. Заң өндірісте балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, жалақының ең төменгі мөлшері мен жұмыс аптасының ұзақтық мөлшері белгіленді.
Ауыл шаруашылығындағы кедей топтарға көмектесу үшін фермерлік шаруашылықтарды қорғау әкімшілігі деп аталған мекеме құрылды. Бұл мекеме арендаторларға фермалар сатып алу үшін қарыз берді. Ұсақ фермерлер мен кедей топтардың кооперативтер құруына қажетті қаржы бөліп отырды.
Ф.Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді. Алайда бұл демократияны шектеген жоқ, оны кеңейте түсті. Азаматтардың құқықтары кеңейтілді: бар-лық американдар әлеуметтік жағынан қорғалу құқығына ие болды; кәсіподақтар мен жұмысшылар ұжымдық шарттар жасау және ереуілге шығу кұқығын алды; фермерлер мемлекеттен көмек сұрау қүқығына ие болды. Демек, АҚШ-та мемлекеттің рөлінің күшеюі демократиялық негізде іске асты. Реформалар "игілік мемлекетінің" іргетасын қалады.
Сыртқы саясат. Ф.Рузвельт елдің сыртқы саясаттық бағдарларына да өзгерістер енгізді. АҚШ ұзақ уақыт Кеңес Одағын мойындамай келген еді. 1933 ж. қарашада АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.
Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат та жаңартылды: 1933 ж. "тату көрші" саясаты жарияланды. Ф.Рузвельт Гаитиден американ әскерлерін қайтарып алды. Латын Америкасы елдерімен оларға тиімді сауда келісімдері жасалды.
30-жылдарда фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатқа ерекше назар аудырылды. Ф.Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демо-кратиялық мемлекеттерімен, соның ішінде Англиямен жақындасу кажет деген ойда болды. Алайда саясаткерлердің басым көпшілігі бұрыннан келе жатқан оқшаулану саясатын жалғастыру кажет деп шешті. Оқшаулану саясаты бойынша, АҚПІ Еуропадағы әскери-саяси одақтарға кірмеуге, еуропалық соғыстарға қатыспауға тиісті болатын. 1935 ж. конгресс бейтараптылық туралы заң кабылдады. Заң әлемде қарулы қақгығыс туған жағдайда соғысушы елдерге қару-жарақ сатуға тыйым салды. Екінші дүние-жүзілік соғыс басталған соң ғана Ф.Рузвельт әкімшілігі бейтараптылық туралы завңы жоюға және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 ж. 11 наурызда ленд-лиз туралы заң кабылданды. Бұл заң фашистік басқыншылыққа карсы күрес жүргізіп жатқан елдерге қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды жалға беруге рұқсат берді. Кейіннен Кеңес Одағы да ленд-лиз бойынша көмек алды.
1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚЩ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға кірісті. Жаңа бағыт саясатының алғашқы күнінен бастап АҚШ-та қаржы-банк жүйесінде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесін өз қолына алу үшін қаржы корпорация мекемесін құрды. Мемлекеттік қаржы корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшін тек қана ірі банктердің мүмкіндіктері болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру үшін 5 млрд доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілеңдіру арқылы жұзеге асыра алды. Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасьш 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтіп, қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесін өз қолына алды. Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.
Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіпті қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап, өндірілген өнім мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсіп иелері корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды.
НИРА заңдарының негізгі бағыты жұмысшы табының әлеуметтік саласын қорғау болды. Бұл заңның 7-бабында жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына бірігуге болатынын, сонымен қатар ұжымдық бірлестік келісімдерін жасауға толық құқықтарын белгіледі. Өнеркәсіп иелерімен келісім-шарттарын жасап, жалақы және жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік алды.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргізді. Бұл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты әкімшілік реттеу заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3,3 млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айларында жұмыссыз жүрген 4 млн адамға жұмыс тауып берді. Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы мекемелер құрып, Оңтүстік Америка штаттарында жер қазу, жерді суландыру үшін каналдар қазып, тас жолдар салатын ауыр кол күш еңбегі арқылы жұмыс тауып берді. Сөйтіп, орнату туралы шешім кабылдады. Бірақ КСРО-ға сенімсіздікпен карау 1941 ж. дейін созылды.
АҚІП сыртқы саясатының артықшылықпен пайдаланған бағыты Латын Америкасы болды. Ф.Рузвельт кұрылық елдерімен катынасты түбегейлі кайтадан кұрды. Жаңа "кайырымды көрші" саясатының бұрынғы "үлкен шоқпар " мен "доллар дипломатиясы" бағытынан айырмашылығы, ол латынамерикалық елдердің ішкі саясаттарына араласпау, өзара тиімді сауда және техникалық көмек көрсетуге негізделді. Бұл жаңа бағыт АҚШ-қа "американаралық жүйеде" үстемдік орнатуға мүмкіндік берді.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша оқшауланушылық үкімет саясатының жетекші бағыты болып келді. Кейіннен Ф.Рузвельт бейтараптық туралы заңның қателік болғандығын, өйткені оның агрессорларға көмектесіп, олардың кұрбандарын кажетті көмектерден айырғандығын мойындады.
2.2. Германиядағы экономикалық дағдарыс. Нацистер үкімет басында.
Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары. 1929—1933 жж. Германиядағы ( қатты және терең болды. Өндіріс 40%-ға, нақты енбек ақы — 50%-ға қысқарды. Жұмыссыздардың саны 9 миллионға жетті, олардың тек бестен бір бөлігінің ғана әлеуметтік сақтандыруға үміті болды.
Жүз мыңдаған кызметкерлер күнкөріс қаржыларынан айырылды. Көптеген ұсақ және орта кәсіпкерлер мен саудагерлер банкрот болды. Көптеген ірі банктердің банкрот болуы несие-қаржы жүйесін шайқалтты. Германияның сыртқы каржы көздерінен тәуелділігі, ішкі рыноктың тарлығы, репарацияларды төлеу, материалдық резервтер көзі ретінде отарлардың жоқтығы, бағаның төмендеуіне өндірістің жоғарғы денгейге шоғырлануы мен монополияландырылуы тарапынан кедергі жасалуы дағдырысты жеңуге мүмкіндік бермеді экономикалық дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінің терең дағдарысқа ұшырауына себеп болды.
Веймар республикасының дағдарыс және нацистердің билік басына келуі. Дағдарыс басталысымен парламенттегі үкімет арқа сүйейтін партиялар одағы ыдырады. Германияның социал-демокртиялық партиясы оппозицияға кетті. Үкіметті Орталық партиясының оңшыл кайраткері Брюнинг баскарды. Парламентте тірегі жоқ Брюнинг 1930—1932 ж. төтенші декреттер аркылы билік жүргізді. Констиуция төтенше жағдайларда президентке парламентті орап өтіп, декреттер шығару кұкын берген болатын. Президент Гинденбург осы аралықта жүзден астам декретті бекітті, мұның өзі парламенттің заң шығарушылық кызметін ауыстырғандық болып табылады. Үкімет үйреншікті әдетпен жұмыс істеді. 1931 ж. төтенше бағдарлама жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақының, әлеуметтік қауыпсыздандыру шығындардың, мемлекеттік қызметкерлердің жалақының төмендетілуін, салықтардың өсуін жоспарлаған болатын. 1931 ж. желтоқсанында қабылданған төтенше декрет бойынша жалақы 1927 ж. деңгейіне дейін азайтылды. Банктерді банкроттықтан сақтау мақсатымен мемлекет банк жүйесін "сауықтыруға" кірісті, аса ірі Дрезден банкін мемлекет қарамағына алып, көптеген банктерге бақылау орнатты.
Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінде . күштер қайтадан топтасты. Республиканың тірегі болып есептелетін орталық жойылып кетті. Келісім және ажырасу саяси күштердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен көрініс тапты. Бір жағынан, солшыл партиялар-коммунистік партия мен НСДАП өз ықпаларын сақтап қалды, екінші жағынан, өзін Ұлтшыл социалистік неміс жұмысшы партиясы деп атаған партия жақтаушылары-ның қатарын тез уақытта көбейтіп, баршалық партияға айнала бастады. Германияда бұдан басқада топтар болатын, бірақ тек нацистік партия ғана әлеуметтік негіз құрып, билікті басып алуға деген жігеріиен көзге түсті. Міне, осындай жағдайда аса ірі корпорциялар "уысы мықты" үкімет кұруда және Версаль жүйесін кайта қарау үшін нацистік партияға сенім артты. Рейхстаг сайлауы (мамыр 1928ж. — қараша 1932 ж.)
1932 ж. соңында дағдарыстың нағыз қайнап тұрған тұсында сайлаушылардың ықыласы солшыл партиялар (ГКП және НСДП) мен нағыз оңшыл, фашистік НСДАП арасында тең бөлінгендігін көреміз. Орталық қатты тарылып, дербес қимылдауға әлсіз болып қалды. Нацистік партия аралық партиялар мен олардың дауыстарын жалмап түсті. Рейхстагтегі күштердің арасалмағы да осылай болды.
Нацистердің ықпалы неліктен былайша күрт өсті? Бұл тұрғыдан екі жағдайды атап өтуге болады: партияның өзінің кимыл-әрекеттерінің белсенділігі, оған ірі бизнес тарапынан каржылай көмек көрсетілуі және сай-лаушылардың мінез құлықтарының әлеуметтік-психологиялық бағытталуы.
Экономикалық дағдарыс Веймар республикасының саяси іргетасын шайқалтты. Елдегі мүшкіл хал үшін кінәні республикалық режимге, ең алдымен ГСДП артты. Халықтың ұсақ буржуазиялық топтары национал-социализмнің саяси және мемлекеттік тоталитарлық теорияларын кабылдауға ыңғай танытты. Дағдарысқа дейін нацистердің идеологиясы аса колдау таба қоймады. Бірақ дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары тереңдеген сайын сайлаушылардың көпшілігінің ниеті өзгеріп сала берді.
Нацистік насихаттың күшті құралы ұлтшылдық және жұмысшы партиялардың құжаттарынан алынған әлеуметтік әділеттілік туралы, енбексіз табыстарды жою, қоғамды революциялық жаңарту, трестерді мемлекет қарамағына алу, алып-сатарлық пен өсімкорлыкты жою тағы баска ұрандар болды. "Ұлттық социализмді" уағыздай отырып, НСДАП жалпыұлттық мүддені білдіруші роліне тырысты, бірақ оны тек кана "тандаулы арий нәсілінің" мүддесі деп таныды. Күшке табыну, нәсілдік артыкшылық, антисемитизм және жау бейнесін орнату нацизм идеологиясының ажырамас бөліктері болды. Нацистік идеялардың таралуына Версаль шарты бойынша немістердің ұлттық сезімдерін таптау да себеп болды. Нацистердің әлеуметтік көпірмелігі қоғамның әртүрлі топтарына арналды: жұмысшыларға толық жұмыспен қамту туралы уәде, орта топтарға "дені сау орта кауым" ; кұру және "пайыздың құлдықтан" құткару туралы, жері аз шаруаларға шығыстан жер беруге уәде етілді. Бұл ' уәделер пирамидасының шыңы "жаңа дүниежүзілік тәртіп" орнату идеясы болды.
Сатылы ұйымдық құрылым мен ішкі катаң тәртіп НСДАП-нің ерекше белгілері болды. Жоғарыдан төменге дейін "фюрерлік" принцип бойынша құрылған нацистік партияның арнайы әскериленген отрядтары (СА — шабуылшы отрядтар) болды, олар фашистердің митингілері мен шерулерін күзетіп кана ғоймай, сонымен бірге солшыл партиялар мен кәсіподақтарға қарсы күрес пен қастандықтар жасау құралына айналды.
1932 ж. күзде өткен сайлаудың кестеде келтірілген қорытындыларынан көрініп тұрғандай, осы кезде фашистік партия өзінің ықпалын жоя бастаған болатын, көпшілік фашисттік қозғалыстан түңіле бастаған еді. Осы кезде Германия үкіметінің басшысы генерал Шлейхер болатын. Оның рейхсверде ықпалы болғанымен, парламентте де, ел ішінде де аса беделі жоқ болды, сондыктан әскери диктатура орнату нұсқасының болашағы жоққа тән болды. Ірі бизнес топтарында елдегі билікті НСДАП-қа және осы кезде озін танымал шешен жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия .үкіметінің сыртқьг саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлтгык социалистік неміс жұмысшы партиясын (НСДАП неміс сөзінен қысқартылған) құрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкіметінің қамқорлығына бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс жоспары» Германияның репарациялық төлеуін жеңілдетіп, ішкі экономиканың тұрақтануына әкелді. 1925 жылы Локарно конференциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның батыс шекарасының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Сөйтіп, Германияның империалистік топтары шығыс саясатын еркін жүргізуге мүмкіндік алды да, 1926 жылы Ұлттар лигасына толық мүшесі болып қабылданды. Империалистік елдердің қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзінің армиясын көбейтуге және қаруландыруға қол жеткізді және Рур облысынан Франция мен Бельгия әскерлерін шығаруға келісті. Версаль бітіміндегі әскери шектеу тежеле бастады.
Германияның сыртқы істер министрі Штреземан «Рапалло келісімін» пайдалана отырып, КСРО елімен достық қатынасты дамыта түсті. Сөйтін Батыс пен Шығыс елдері арасында екі жақты саясат жүргізді. Кеңестік Ресеймен сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия империалистік елдер арасында бірінші болып Кеңестік Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келісімінен кейін 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келісіміне қол қойылса, 1926 жылы екі ел арасында бейтараптық келісімге қол қойылды. Штреземан жүргізген екі жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік жасады.
Канцлер А.Гитлер және президент Гинденбург 1933 ж. Берлиндегі салтанат кезінде.
Германияның ірі өнеркәсіп иелерінің бір тобы солшыл партиялардың ықпалының артуынан қауіптеніп, үкімет құру мәселесін Гитлерге тапсыруды талап етіп, президент Гинденбургке хат жолдады. 1933 ж. 30 қаңтарында Гинденбург Гитлерге үкімет щрамып цсынуды тапсырды. Германияда билік басына нацизм келді.
Нацистерді билік басына келтірмеу мүмкін бе еді? 1932 ж. қарашадағы сайлаудың қорытындыларының кестесінен көрініп тұрғандай, ГКП мен ГСДП сайлаушылардың 37 пайызының колдауына ие болды, яғни нацистерден көп дауыс жинады. Парламентте олардың 220 орны болса, нацистердікі 200 ғана болды. Бірақ біріншіден, коммунистер мен социал-демократтар фашизм қаупін жете бағалай алмады. Екіншіден, (бұл басты мәселе еді) екі партия да Қараша революциясынан бергі уақыттың ішінде бір-бірімен жауласып келді. Коммунистер және Коминтерн түгелдей социал-демократтардан іргелерін аулақ салу және фашизмге қарсы күресте солшыл партиялармен одақтасудан бас тарту сияқты қате тактика ұстанды. Компартия социал-реформистік партияларды фашизмнің "сол қанаты" деп санады. НСДП өз кезегінде коммунистерді сынап-мінеп жатты. Сектанттық солшыл күштердің бастарының бірікпеулеріне себеп болды. Соңғы уакытқа дейін Гитлер билік басына келгенше коммунистер социалистік революция ұранын тастамады. Ал бұл кезде Франциядағыдай, Германияда да балама басқаша еді — фашизм, не демократия.
Социал-демократтардың басшылары Ораниенбург концлагерінде(сурет)
Солшыл жұмысшы партиялардың араларындағы алауыздықтар және олардың Германиядағы жағдайды дұрыс бағаламауының нәтижесінде жаңа саяси бағыт іздеген орта тап өкілдерінің көпшілігі нацистерге бет бұрып, оларды көпшілік колдауымен қамтамасыз етті.
Тоталитарлық диктатураның орнауы. Канцлер Гитлер басқарған үкіметтің құрылуы сырт көзге әдеттегі кабинеттердің ауысуы болып көрінді , үкімет құрамына нацистерден басқа бірнеше буржуазиялық партиялардың өкілдері енді. Іс жүзінде биліктің басты тетіктері нацистердің колында болды. Тек қана үкімет ауысып қойган жоқ, мемлекеттік басқарудың бір түрі буржуазиялық демократияның орнына тоталитарлық диктатура орнады.
Алғашқы екі жыл (1933—1934) ішінде саяси партияларды бірыңғайлау, билік режимін орталықтандыру іске асырылды, оппозиция басып-жаншылды. Ең басты оқиға 1933 ж. наурызында өткізілетін рейхстаг сайлауы болды. Өзінің ең басты саяси жауы коммунистік партияны сүріңдіру үшін фашистер арандату мақсатымен рейхстагты өртеді де, кінәні коммунистерге жапты.
Бұл жердегі есеп қарапайым тоғышарларды коммунистік кауіппен корқытып, оларды фашистерге дауыс беруге мәжбүр етіп, рейхстагта төтенше заңдар қабылдау үшін орынның үштен екісіне ие болу еді. Бірақ үміт ақталмады. НСДАП дауыстарды бұрынғыдан аз алып, рейхстагта орындардың жартысынан азына ғана ие болды.
Осы кезде нацистер конституцияны бұзып, коммунистердің мандаттарын жаратпай тастады да, Гитлерге төтенші өкілеттіліктер беру туралы заң кабылдатты. Сөйтіп, рейхстаг ешқандай қүқьқсыз фашисттік мазақханаға айналды. Жаңа режимнің келесі бір маңызды шарасы елдің федеративтік құрылымын жойып, оны бірегейлеу болды. Жерлерде жоғарыдан тағайындалатын басқарушылар (гауляйтерлер) билік жүргізді. 1933 ж. карашада Гитлер бұл соңғы сайлау деп жариялады. Партиялық, жүйе жойылды. Саяси партиялар таратылуға немесе НСДАП құрамына енуге тиіс болды.
Нацистік режимнің екі жыл ішінде Веймар Республикасының негізгі тіректері жойылып, рейхстаг құқықсыз органға айналды, партиялар талқандалды, сайлау жүйесі жойылды. Буржуазиялық-демократиялық құрылыс жойылып, тоталитарлық диктатура орнады. Оның негізгі белгілері идеологиялық біройлылық, орталықтандырылған партиялық-мемлекеттік номенклатураның үстемдігі, саяси қарсыластарды жою, мәдениетті бірегейлеу болды.
1934 ж. тамызыннан бастап президент Гинденбургтің қайтыс болуына байланысты Гитлер бір өзі ұлт фюрері, канцлер әрі президент болып алды.
Экономиканы милитарландыру және соғысқа дайындалу. Тоталитарлық диктатураны орнату мен бір мезгілде мемлекеттік орталықтан реттеу және жоспарлау жөнінде кең көлемді саясат жүргізіліп жатты. 1933 ж. азық-түлік сословиесі туралы заң елдің ауылшаруашылығын, төменнен жоғары қарай кұрылған ауылшаруашылығын реттеу жүйесін азық-түлік және егіншілік министріне бағындырды. Осыған ұқсас өнеркәсіпті басқарудың тік құрылымы 1934 ж. "Өнеркәсіптің органикалық құрылымын дайындау туралы" заңның негізінде жасалды. Өнеркөсіп жеті салаға бөлініп, оларға ықтиярсыз өнеркәсіп, энергетика, колөнер, сауда, көлік, банк және қауыпсыздандыру кәсіпорындар тобы біріктірілді. Оларды ірі кәсіпкерлер мен банкирлер басқарды. Еңбек ресурстарымен жабдықтау мен таратылған кәсіподақтардың орнына келген және іс жүзінде ықтиярсыз еңбек еткізу жүйесін бақылайтын "еңбек майданы" айналысты.
Нюрнбергтегі әскери парад
Экономиканы орталықтандыру не үшін қажет болды?
1936 ж. бастап Германияда экономикалық дамудың төрт жылдық жоспары іске асырыла бастады, оның ең басты мақсатын Гитлер елді соғысқа дайындау деп белгіледі. Сол кездегі антифашисттердің "фашизм — бұл соғыс" деген ұраны Германияда болып жатқан оқиғалардың мәнін анық көрсетіп берді. Режимнің қарсыластарына күш қолданумен қатар нацизм халықты нацистік жоспарларды іске асыруға жұмылдыру және елде әлеуметтік бітім орнату мақсатында әлеуметтік саясат бағытын да іске асырды.
Нацистік Германияның сыртқы саясаты. 1930 жж. нацистік Германияның сыртқы саясатында екі кезең айқын көзге түседі.
Біріші кезең (1933—1935) Германия Версаль бітімінде белгіленген елдің қайта қарулануына салынған шектеулерді алып тастады. Келісімді қайта қарау Германияға жаппай әскери міндет енгізуге, ауыр қару-жарақ шығаруды көбейтуге, демилитарланған Рейн аймағын басып алуға т.б. мүмкіндік берді.
Екінші кезең (1936—1939) — Еуропада тікелей басқыншылық актілеріне көшу. Чехословакияны басып алу, Австрияны күштеп қосып алу, Испанияда Франконың орнығуына көмектесу — бұл кезеңнің басты оқиғалары болды. Басқыншылық әрекеттердің бұл тізбегі 1939 ж. қыркүйекте Польшаға шабуыл жасау және Екінші дүниежүзілік соғысты бастаумен аяқталды.
Дәл осы кезде Екінші дүниежүзілік соғыс өртінің екінші бір ошағы Қиыр Шығыста тұтанды, мұнда 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды, ал 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Италия 1935 ж. Эфиопияны басып алды. Бұл үш басқыншы мемлекет өзара одацтастық қатынастар орнатып, "Берлин - Рим -Токио" белдеуін құрды.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия (1929-1933 жж.). 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсіп өнімдерін шығару азайды, инфляция күшейді; жұмыссыздық көбейіп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды; еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-іа азайды; 31 мың өнеркәсіп банкроттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болдьі. Германиянын қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады; мемлекеттік бюджет азайды. Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары - Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады.
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп, онын орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкімет құрды. Г.Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін орнатуға шақырды.
Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтіп, А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А.Гитлер үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Фашизм ірі саяси күшке айнала бастады.
Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі мопополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927.
1929-1933 жж аралығында болған әлемдік экономикалық дағдарыс Ақш-та басталып, кейіннен бүкіл әлемге тарады. Дағдарыстың негізгі себебі тауарлардың шектен тыс көп өндіріліп, оны өткізетін рыноктың жоқшылығы себепкер болды. Яғни экономика тілімен айтқанда ұсыныс пен сұраныстың арақайшылығы тепе- теңсіздігі туындатты. Экономикалық дағдарыс көптеген қиыншылықтар туындатты, атап айтар болсақ жұмысшылардың жалақылары қысқарды, жұмысшылардың саны қысқарды, нәтижесінде қоғамда жұмыссыздардың саны өсті. Жәрдемақы , еңбекақы көлемі қысқарды. Қарапайым халыққа кедейшілік тауқіметі төнді. Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Қорытынды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің "істемей қалуы" көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Сілтемелер тізімі. 1.Мәшімбаев Қазіргі кездегі дүние жүзі тарихы Алматы 2005 ж. 2.Совет энциклопндиясы 1979 ж Моксва Высшая школа. 3.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (11 номер) Алматы. 4.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (18 номер) Алматы. 5.Совет энциклопедиясы 1979 ж Москва Высшая школа. 6.Совет энциклопедиясы 1979 ж Москва Высшая школа. 7.Мәшімбаев Қазіргі кездегі дүние жүзі тарихы Алматы 2005 ж. 8.Мәшімбаев Қазіргі кездегі дүние жүзі тарихы Алматы 2005 ж. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.1.Мәшімбаев Қазіргі кездегі дүние жүзі тарихы Алматы 2005 ж.
2.Совет энциклопндиясы 1979 ж Москва Высшая школа.
3.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (11 номер) Алматы.
4.Қазақстан тарихы . Оқу - әдістемелік журнал. 2003 ж (18 номер) Алматы.