Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылға қарай автобустар бөлек жолақтармен жүретін болады

2017 жылға қарай автобустар бөлек жолақтармен жүретін болады

Алматы автобустары, "Жедел жәрдем" және арнайы техникалық машиналар 2017 жылға қарай бөлек жолақтарда жүретін болады. Қазақстан Даму банкі "Энерготиімді Қазақстан" акциясының аясында Алматы қаласына несие беруге даяр. Бұл қалалық жолаушы тасымалы инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған "Тұрақты транспорт" бағдарламасын жалғастыруға себеп болады.

Одан бөлек, жаңа велосипед жолақтары мен жеңіл рельсті көліктер шығады деп күтілуде. Жеңіл рельсті транспорттың күтіліп отырған жылдамдығы сағатына 26 км болады. "Тұрақты транспорт" бағдарламасының авторларының анықтауынша, Алматы автобустары кептеліс кезінде орташа есеппен 13,8 км/сағат жылдамдықпен жүреді. Қоғамдық көліктерге жол жүрістің тек 30 пайызы ғана тиесілі екен. Қала ауасының 80 пайыз ластануы моторлы көліктердің әсерінен болып жатыр.

Осыған дейін Алматы автобустарында тегін Wi-Fi орнатылып жатқандығын айтқан болатынбыз. Әзірге қаланың тек кейбір қоғамдық көліктеріне ғана орнатылған еді. Тест жақсы нәтиже көрсетсе, қаланың барлық көліктері тегін ғаламтормен жабдықталатын болады.

Похожие материалы