Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Студентке ақша үнемдеу туралы кеңестер

Студентке ақша үнемдеу туралы кеңестер
Кез-келген студент, әсіресе ата-анасынан қашықта жүргендері талай рет ақшаларын үнемдеп, келесі стипендиясына дейін не ата-анасынан материалды көмек келгеніне дейін сақтау, жеткізу керектігін сезінді. Ақшаны үнемдей алмау бұл әлі өз бетінше тұруға дағдыланбаған адамың әрекеті. Алайда кейбір қарапайым ережелерді орындасаңыз, ақша бәріне жеткілікті болады.  Сонымен студент ақшаны қалай үнемдеуі керек? Ең алдымен өз шығыныңызды есептеуді үйренуіңіз қажет. Ол үшін дәптер не блокнот бастағаныңыз дұрыс. Оған бір апта, ай бойындағы жұмсаған ақшаларыңызды жазып отырыңыз. Бұл сіздің нақты шығыныңызды есептеп әрі талдауға мүмкіндік береді. Степендия немесе ата-анадан келген қаражат қолға тиісімен жатақханаға төлейтін, күнделікті жолға, үйге қайтатын билетке жұмсалатын ақшаны сондай-ақ, ұялы телефоныңызға салатын бірліктерге кететін ақшаларды бірден бөліп шығарып қойыңыз. Қалған ақшаны бір айдағы күндер санына бөліп, бір күнде қанша ақша жұмсау мүмкіншілігіңіз бар екенін біліңіз. Сонымен қатар, жол картасын (Оңай) алған кезде өзіңіздің студент екеніңізді ескертуді ұмытпаңыз. Бұл жол ақысын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Өзіңізде бар ақшадан артық жұмсамаңыз... Тағы бір студент үшін маңызды ереженің бірі - өзіңізде бар ақшадан артық жұмсамау. Бұл қарыз алуға итермелейді. Ал қарыздан құтылу оңайға болмайды, кейде қарызыңды төлеу үшін, басқа адамнан қарыз алуға әкеліп соғады. Супермаркеттерден азық-түлік алу барысында бірден бір айға керекті тамақтарды алған дұрыс. Отбасылық қаптамаларды (упаковка) сатып алу сізге жалпы құнынан 10 пайызға дейін жеңілдік береді. Алайда бұлай тек тез бұзылмайтын тамақ өнімдерін ғана алуға болады. Басқа қандай үнемдеу жолдары бар?
  • Темекі шегу және ішімдіктен бас тартыңыз. Осылай тек ақшаңызды сақтап ғана қоймай, денсаулығыңызды да сақтайсыз. Өйткені күнделікті темекі мен сыраның өзіне бірталай ақша жұмсалады ғой.
  • Интернет пен ұялы телефон бірліктерін аз жұмсауға тырысыңыз. Тиімді тариф жоспарына көшіңіз.
  • Өз бетіңізше тамақ дайындауды үйреніңіз. Бұл дайын тамақты сатып алғаннан әлдеқайда арзан болады.
  • Біреу пайдаланылған кітаптарды сатып алыңыз. Жоғары курс студенттерімен танысып алыңыз. Мүмкін ол кітаптарды сізге сыйға беретін шығар.
  • Арзан бағаға көңіл көтеретін жерлерге баруға тырысыңыз. Алматыдағы тегін демалыс орындарын білгіңіз келсе мына сілтемеге кіріңіз.
  • Дүкендерге барғанда қызыққан заттарды ала бермеңіз. Өзіңіз қолданатын ғана заттарды сатып алыңыз.
Фото:torgovoedelo.com

Похожие материалы