Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 351 теңгеден асып кетті

Доллар 351 теңгеден асып кетті

2016 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 351,85 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты жазды.

KASE ақпаратына сәйкес, жұма күнгі таңертеңгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 351,50 теңге, максималды курс –352,50 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 351,90 теңге болды. Таңертеңгі сессияда сауда көлемі 47 млн 400 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 32. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 353 теңгеден сатылып жатыр. Фото:kapital.kz

Похожие материалы