Экономика
12 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы
Қазақстан Ұлттық банкі дүйсенбі күні 12 қаңтардағы шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары — 356,88 теңге, 1 еуро — 388,46, ресейлік рубль — 4,74 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 519,83 теңге, жапондық йен— 3,03 теңге, 1 қытайлық юань — 54,27 теңге, 1 қырғыздық сом — 4,71 теңге, 100 өзбек сумы— 12,72 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстандық қор биржасындағы 11 қаңтардағы таңғы сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамы 356,88 деңгейінде нақтыланды.
Фото: Kapital.kz