Экономика
WTI маркалы мұнай бағасы 30,5 доллардан төмендеді
WTI маркалы мұнай бағасы 30,5 доллардан төмендеді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2003 жылы тіркелген, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерсі 3,73%-ға төмендеп, баррелі 30,69 долларға бағаланды. Ал WTI маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьчерс бағасы барреліне 30,13 доллар болды. Бұдан бұрын сауда кезінде WTI бағасы 29,96 долларға дейін төмендеп, осыдан 12 жыл бұрынғы минимумға жеткен.
Нарықтың толығуынан және қара алтынның тым көп өндірілуіне байланысты баға 18 айдан бері төмендеуін жалғастырып келеді. Сондай-ақ, доллар курсының өсуі мен қор нарығының құлдырауы себепті әлемдік экономикада ауытқулар орын алуда.
Фото: khabar.kz