Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Г.Қарағұсова: Алдағы 3 ай доллар өсуін жалғастырады

Г.Қарағұсова: Алдағы 3 ай доллар өсуін жалғастырады

Әлемдегі саяси және экономикалық жағдайды ескерсек, алдағы 3 айда Қазақстандағы доллар курсы өсе түседі. Мәжілістің қаржы және бюджет бойынша комитетінің төрағасы, депутат Гүлжан Қарағұсова осылай деп есептейді. 

"Болжам жасау - жағымсыз іс. Бірақ қазіргі жағдай сараптама жасайтын болсақ, алдағы 3 айды болжамдауға болады. Қазір экономикалық және қаржылай дағдарыс жоқ, сондықтан экономика және саяси экономика заңдарына сүйену қажет. Валюта саяси жағынан тәуелді. Әскери, саяси тайталасуларды ескерсек, алдағы уақытта барлық валюта өсе түседі. Өсім 3 айға дейін созылады. Өкінішке орай, қазір валюта саяси процестерді реттеу мәселесіне айналып кетті",-деп мәлімдеді Г.Қарағұсова мәжіліс отырысынан кейін журналистерге. Айта кетейік, қаңтардың басынан бері доллар курсы 21 теңгеге қымбаттады. Қазіргі доллардың ресми бағамы 365,07 теңге.

Похожие материалы