Экономика
Доллар бағамы 362,67 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 15 қаңтардағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 362,67 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, таңертеңгілік сессияда АҚШ долларының минималды курсы 357,90 теңге болды. Максималды курс — 365,25 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 358,60 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 39 млн 750 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 47.
Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың максималды сатылу бағасы 361 теңгені құрады(15 қаңтар, 11:00).
Фото:kapital.kz