Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

15 жыл ішінде Қазақстан Ұлттық қордың қаржысын қайда жұмсады?

15 жыл ішінде Қазақстан Ұлттық қордың қаржысын қайда жұмсады?

Осыған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Ұлттық қор қаржысын жұмсаудың жаңа концепциясын құрастыруды тапсырған еді. Яғни мемлекет басшысының қор ақшасын алдағы уақытта артық жұмсамау үшін берген тапсырмасы деуге болады. Ал Ұлттық қор құрылған сәттен бастап қаржы қандай мақсаттарға жұмсалды? Бұл жөнінде Forbes Kazakhstan анықтап көрді.

Мәлімет алу үшін Қаржы министрлігі мен Заң министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығының сайтында жарияланған Ұлттық қор есебі сарапталды. Нәтижесінде "жағымды" жоспар бойынша, мұнайдың орташа жылдық бағасы 2020 жылы  барреліне  75,3 доллар болса, болашақ ұрпақ үшін активтер 56,1 млрд долларды құрайды.  Ал базалық жоспар бойынша мұнай бағасы 65 доллар болса активтер 41,1 млрд долларға төмендейді . Егер жағдай мүлде қиындап, қара алтынның құны 30 долларға дейін түсетін болса Ұлттық қор 5 жылдан кейін жойылуы мүмкін.

Мемлекеттік компаниялардың құтқарушысы

Мәліметтерді жинау барысында Ұлттық қордың 2001 жылғы cash-flow-ы (қаржы қозғалысы) қарастырылды. Бір қызығы теңге құбылмалығынына байланысты көрсеткіш есебі долларға қатысты Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінде екі түрлі. Егер Ұлттық қордың қаржы есебін нақты көру керек болса,  Ұлттық банктің сайтында жарияланған мәліметтерден білуге болады. Дегенмен айырмашылық миллиардтаған долларға жетеді.

Мұндай айырмашылық Ұлттық қордың есебі жыл соңында теңгемен құрылады деп түсіндіреді. Алайда активтердің көп бөлігі шетел валюталарында сақталған. Егер ұлттық валюта шамадан тыс құбылған жағдайда, шығындар айырмашылығы да болады. Мұның барлығы "шатасуға" алып келеді.

Мысалы, 2014 жылы қордан мемлекеттік қазынаға 1 480 млрд теңге шығарылған. Курсқа байланысты жыл басындағы сома 9,6 млрд долларды құрады, ал жыл соңында -  $8,1 млрд.  Сондықтан доллрға қатысты cash-flow-ды төмендету біраз қиын. Дегенмен 2001-2015 жылдар аралығында  Ұлттық қорға түскен қаржы көлемін шенеуніктер болашақ ұрпақ үшін нақты бақылаған болса,  27,6 трлн теңге немесе $147,5 млрд болады деген болжам бар. 

 Ал Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, қор активтері  64,2 млрд долларды құрайды. Қор пайда болғалы бері 83,3 млрд доллар жұмсалған. Салыстыру үшін: 2014 жылғы нәтиже бойынша Қазақстанның ЖІӨ 227 млрд долларды құрады.

Ұлттық қор қаржысын жұмсау шығынын басты төрт категорияға бөлуге болады: 

1. Ұлттық қордың ең көп бөлігі - республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансферт. Қор пайда болған уақыттан бастап 15 жыл ішінде 9,9 трлн теңге немесе 60,2 млрд доллар жұмсалды. Басты шығындар 2007 жылы болды. Алайда АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстан кейін республикалық бюджет мұнай-доларға қайта ажырмастай байланып қалды. Жыл сайын орташа есеппен 6,7 млрд доллар алынып отырды. Ресми мәлімдемелерге сүйенсек, мұны бюджеттің жабық тапшылығын өтеді немесе мемлекеттік органдардың орасан зор шығындарын өтеуге жұмсалды деп айтуға болады.

2. Осыдан кейінгі шығындар мемлекеттік холдингердің облигацияларын сатып алуға («Самұрық-Қазына» және Бәйтерек», «КазАгро») қажет болды. Осы мақсатта 2,5 трлн теңге немесе 13,9 млрд жұмсалды. Бұл қордың инвестициялық портфелінде басылған.

Мысалы, қор 2009-2014 жылы мемлекеттік холдингердің құнды қағаздары үшін қосымша 11,2 млрд доллар тартты. Осыған байланысты 2014 жылғы есепте бағалау құны 2,028 млрд долларды құрайды, бұл номиналдан бес есе төмен. Осыған қарамастан Ұлттық банк 2015 жылы қор қаржысынан "Самұрық-Қазынаның" кезекті облигацияларына  $2,7 млрд тарту туралы шешім қабылдады. Бұл "ҚазМұнайГазды" банкроттан сақтап қалуға жұмсалды.

3. 2008 жылдан бастап қордан мақсатты трасферттерге арнап қаржы бөліне бастады. 1,75 трлн теңге немесе 10,9 млрд доллар жұмсалды. Ақша дағдарысқа қарсы жоспарды қамтамасыз етуге, банктерге көмектесуге, құрылыс нысандарын аяқтауға, орта және шағын бизнесті қолдауға т.б. кетті. Орташа есеппен жылына мақсатты трансферттер үшін 1,3 млрд доллар бөлінді.

4. Ұлттық қордың өзінің әкімшілік шығындары: аудиториялық компанияларға, сыртқы басқарма портфелдерге, кастодиандарға (Әр жылдары BNY Mellon, BNP Paribas, UBS сияқты компаниялар болған ) төлеу. Ал осылар үшін жұмсалған қаржы  58,8 млрд теңге немесе шамамен 355 млн құрады.

 Қордың орташа кірісі 14 жыл ішінде бар болғаны 4,02 % құрады. Салыстыру үшін: S&P500 индексі 2001 жылдан бастап орташа кіріс есебінде 5,08 %-ды көрсетті. Көрсеткіш соңғы 5 жылда бірде-бір рет 4 %-дан асқан жоқ. 2009-2014 жылдары Ұлттық қордың шығыны арта бастады. Осыдан соң қор активі $64,3 млн болды. «Oil Gas Project» ЖШС басшысы Жарас Ахметовтың сөзінше, Үкімет Ұлттық қордың ақшасына тиіспеу керек еді. Негізінен Ұлттық қордың басты қызметі - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, яғни ұлттық валютаны қолдау үшін артық қаржы жұмсауға және "тұманды" жылдары инфляцияның өсіп кетуіне жол бермеу. Оның үстіне қор қаржысын мемлекеттік холдинг облигацияларын сатып алуға жұмсалғанын айтып ақталуы орынсыз болып отыр.
 Алдағы 5 жылға болжам

Ұлттық қордың алдағы бес жылға арналған активтеріне келер болсақ, алда болатын факторларға сүйене отырып "шығын көп-кіріс аз" есебі арқылы құрылды.

Қордың алдағы шығындары 2007 жылы бекітілген кепілдендірілген транш арқылы есептелді: мемлекеттік бюджетке қатысты заң бойынша 2016-2018 жылы болатын шығын - жылына 2,9 трлн теңге. Яғни алдағы үш жылда Ұлттық қордың жалпы шығыны 11,5 млрд долларды құрайды, келесі 2019-2020 жылдары 12 млрд долларға жетеді. 

Есепті жүргізу барысында Қазақстандағы мұнай өндіру көлемінің артуы есепке алынған жоқ. Ал Ұлттық экономика министрлігі Қашаған мұнай кен орны пайдалануға берілген соң өндіріс 77 млн тоннандан 92 млнға артады деген болжам айтады. Бірақ, құны миллиардтаған доллар болатын бұл жобаның өзі жұмысын 2005 жылы бастау керек болған еді.

Нәижесінде, егер әлемдік нарық оң қабақ танытатын болса (мұнай баррелінің бағасы 2020 жылы 75,3 долларға жетсе) мемлекет қордан 56 млрд доллар көлемінде "көмек" алады. Дүние жүзілік банктың есептеуі бойынша, бұл көрсеткіш 41,1 млрд доллар көлемінде болуы керек. Экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының директоры Қасымхан Қаппаровтың есептеуінше, егер қара алтын бағасы 30 доллардан төмендесе, Ұлттық қор баратын табыс тоқтайды деуге болады.

Похожие материалы