Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы украиналық банктер рекордтық шығынға ұшырады

2015 жылы украиналық банктер рекордтық шығынға ұшырады

Украинадағы банктердің жалпы қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 66,6 миллиард гривенді (2,55 миллиард доллар) құрады. Бұл туралы Украинаның Ұлттық банкіне сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.

Банктен хабарланғандай, аталған қарыз 2015 жылдың қаңтар айындағы қарызбен салыстырғанда (53 миллиард гривен) рекордтық көрсеткіш болды.

Республикадағы банктердің кірісі 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 19,4%-ға артып, 199,2 миллиард гривенді құраса, шығын 34,4%-ға өсіп, 265,8 миллиард гривен болды.

Ал 2015 жылдың 1 желтоқсанында банктер бухалтерлік есептің халықаралық стандартына өтті. Осы себепті де банк жүйесіндегі желтоқсан айындағы шығын 9,3 миллиард гривенге өсті.

Фото: economics.lb.ua

Похожие материалы