Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Heinz бен Kraft Foods бір компанияға біріктірілді

Heinz бен Kraft Foods бір компанияға біріктірілді

Америкалық азық-түлік өндіруші H.J. Heinz Company мен Kraft Foods Group компаниялары бірігу туралы келісімге қол қойды. Жаңа құрылым The Kraft Heinz Company деп аталатын болды.

H.J. Heinz Company акционерлері біріккен компанияның құнды қағаздарының 51 пайызына ие болса, қалған 49 пайызына Kraft Foods Group акционерлері қожалық етеді. Kraft Foods Group бір акция үшін 16,5 доллар көлемінде арнайы дивиденттер алатын болады. Бұл төлемдердің жалпы құны 10 млрд доллар. Қаржыландыру Berkshire Hathaway және 3G Capital инвестицияларының есебінен жүргізіледі.

The Kraft Heinz Company Солтүстік Америка бойынша үшінші, әлем бойынша  бесінші орынды алатын азық-түлік пен сусын өндіруші компанияға айналады деп күтілуде. Басшылықтың болжамы бойынша, компанияның жылдық ақшалай түсімі шамамен 28 млрд доллар болады.

Kraft Heinz әрбірінің бағасы миллиард доллардан асатын 8 брендке және 0,5-1 миллиард долларлық 5 брендке ие болмақ.

Бірігу үдерісі 20107 жылға қарай аяқталады деп күтілуде. Kraft Heinz Company келісімі аяқталған соң Kraft акционерлері үшін дивиденттер көлемін көтеруді жоспарлауда.

Kraft Foods Group осыған дейінKraft Foods Inc снектер өндіретін жаһандық өндірушінің құрамында болды. Бірақ, 2012 жылдың маусым айында Kraft Foods Inc Kraft Foods Group және Mondelez International атты екі компанияға бөлінді.

3G Capital (бразилиялық тікелей инвестициялар қоры) мен Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы Heinz-ті 2013 жылы иемденді.

Похожие материалы