2008 жылдың акпан айында Республика Президенті Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететініне байланысты) «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны дайындап, іске асыру керек» – деп айтты.
Кейбір ресейлік сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты Еуропалық Одаққа қарай бірте-бірте «қисая» бастауы мүмкін деген пікірлерін айтуда.
Қалай болса да, Еуропалық Одақтың еліміздің сыртқы саясатында маңызды рөльді ойнай бастағаны даусыз факт болып табылады.
Еуропалық Одақтың әлемдік сахнадағы да рөлі мен ықпалы күшеюде. Әлемдік экономикадағы еуроның біртіндеп долларды ауыстыра бастағаны осының көрнекі айғағы болып табылады.
ТМД бойынша біздің кейбір көршілеріміз еуроинтеграцияға қарай бағыт ала бастады (Украина мен Грузия).
Ал Республика Президенті: «Егер Қазақстан Еуропалық Одақ мүшелігіне өтініш беретін болса, біздің елде мұндай мүшелікке негіздер Түркияға қарағанда көбірек болады. Жайықтан батыс жатқан қазақстанның еуропалық территориясы Түркияның еуропалық территориясынан 3 есе үлкен» – деп айтқан болатын.
Әрине Қазақстан еуроинтеграцияға қарай жақын 10-15 жыл ішінде бағыт алатыны екіталай, ол оның көпвекторлы сыртқы саясатымен үйлеспейді де. Бірақ сонда да еуроинтеграция өте тартымды құбылыс ретінде болып көрінеді. Ал оған жақындау үшін Еуропалық Одақ деген не және оның институттары қалай жұмыс істейді деген сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды.
Соңғы төрт жылдың ішінде Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы бірталай өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің пайда болуы соңғы төртінші және бесінші кеңею толқындарымен байланысты.
Кейбір сарапшылар Еуропалық Конституция жобасының Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Одақ институттарын реформалау процессінде белгілі бір тежелу байқалады ма деп өз қорқыныштарын білдірген болатын. Алайда еуроинтеграцияның ерекшелігі сол – ол үнемі алға жылжып тұратын құбылыс. Сол себептен Одақтың конституция жобасын алмастыратын құжаттың пайда болуы тек уақыттың еншісіне берілген мәселе болатын.
Еуроодақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырларын зерттеу өзектілігі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Көпшілікті соңғы институционалдық реформалардан кейін (Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан) Еуропалық Одақтағы «демократия тапшылығы» атты феномен толығымен жойылып, институттардың қызметі бұрынғыға қарағанда ашықтау бола ма екен деген сұрақ мазалайды. Соған қоса Еуроодақта 2009 жылдан бастап өзінің Президенті пайда болады. Одақтың институционалдық құрылымында да бірталай өзгерістер күтелуде. Осы және бірталай басқа да факторлар Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымын кешенді түрде зерттеуді өзекті қылатыны сөзсіз. Проблеманың зерттелу жағдайы. Ғылыми әдебиетте Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы Маастрихт, Амстердам және Ницца шарттары тұрғысынан айтарлықтай жақсы зерттелген. Осы тақырыпқа байланысты шетелдік авторлардың келесідей жұмыстарын атап өтуге болады: ЕО құқықтық тәртібінің басты қағидалары Т.С.Hartley "The foundations of European Community law: an introduction to the constitutional and administrative law of the European Community", Oxford, 1994, және D. Simon "Le systeme juridique communautaire", Paris, 1997, курстарында талданады. Еуропалық Одақтың құрылу мен даму процесстері, оның институционалдық құрылымының қызметі E.Wistrich, "The United States of Europe", London, 1994, W.Hummer "Rechtsfragen in der Anwendung des Amsterdamer Vertrages", Wien, 2001 монографияларында мазмұндалады. Еуропалық Одақ іс-әрекетінің құқықтық проблемалары бірталай ұжымдық жұмыстардың пәні болды ("The European Union: readings on the theory and practice of European integration", ed. by B.Nelsen and A.Stubb, Boulder, 1994; "New legal dynamics of European Union", ed. by J.Shaw and G.More, Oxford, 1995). Еуропалық қауымдастықтар жүйесінің мемлекет үсті белгілері D.Chalmers, "The European Communities: towards supranationalism at last", the Liverpool law review, 1992, M. Sheich "Erweiterung und institutionelle Reform der Europaischen Union", Wien, 2001 жұмыстарында қарастырылады.
Соңғы жылдары аталған келелі мәселелер жиынтығының дамуына халықаралық және еуропалық құқық саласындағы ресейлік мамандардың қосқан үлесі зор. Олардың ішінде: Б.Н.Топорнин («Европейское право», Москва, 1998), Л.М.Энтина («Европейское право», учебник, Москва, 2004), Кашкин С.Ю. редакциясындағы оқулық "Право Европейского Союза", Москва, 2002.
Еуропалық Одақтың интеграциялық процесстері мен институционалдық құрылымына арнап, зерттеулер жүргізген отандық мамандар ішінен Кембаев Ж., Ибрашев пен Галимова М., Сейдахметов Б. атап өтуге болады.
Алайда еуроинтеграцияның серпінді дамуын ескере отырып, осы салада әрдайым тек ең соңғы мәліметтің болуы аса маңызды екенің мойындауымыз керек. Ал Лиссабон шарты тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының іс-әрекеті мүлдем зерттелмегені даусыз факт.
Ірі заңгер-ғалымдар бұл тақырыпты осы шарт тұрғысынан әлі зерттеп үлгірмеген.
Бұл проблеманың өзектілігі мен жеткілікті деңгейде зерттелмегендігі, соған қоса оның Қазақстан Республикасының Еуропалық Одаққа, еуропалық және халықаралық ұйымдарға ықпалдасуы үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси маңыздылығы зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды.
Бұл зерттеудің мақсаты Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырларын соңғы институционалдық өзгерістер тұрғысынан талдау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
Еуропалық қауымдастықтар мен Еуропалық Одақтың тұжырымдамалық негіздерінің даму тарихын баяндау;
Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесін анықтау;
Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетіне құқықтық сипаттама беру;
Лиссабон шартын қабылдау тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының реформасын талдау;
Қазақстан – Еуропалық Одақ ынтымақтастығы дамуының негізгі үрдістерін белгілеу.
Зерттеудің объектісі Еуропалық Одақ пен оның институттары болып табылады. Зерттеу пәні Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің халықаралық-құқықтық қырлары болып табылады. Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу барысында жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін халықаралық құқық теориясында пайдаланылатын тану, жүйелік және қисынды талдау, қайнар-көздердің басымдылығы, салыстырмалы құқықтанудың қазіргі әдістері қолданылған. Автор үшін ресейлік еуропалық құқық келесідей мамандардың еңбектері аса маңызды болды: Кашкин С.Ю., Энтин Л.М., Топорнин Б.Н., Ушаков Н.М., Юмаше Ю.М., Четвериков О.А. және тағы басқалары.
Бітіру жұмысын жазу барысында автор шетелдік ғалымдардың еңбектерін де пайдаланды. Олардың ішінде: Хартли Т.К. «Основы права европейского сообщества» және Сиджанский Д. «Федералистское будущее Европы».
Зерттеуде Еуропалық Одақтың ресми басылымдарында жарияланатын, сондай-ақ ЕО мен оның институттарының сайттарында орналастырылатын құжаттар мен мәліметтер кеңінен қолданылған.
Ерекше назар Еуропалық Одақтың құрылтай шарттарына, Амстердам мен Ницца шарттарына, Еуропа үшін конституцияны ұйымдастыратын шартқа, Еуропалық Одақ туралы шарт пен Еуропалық Қауымдастықты құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Лиссабон шартына аударылды.
Қорғауға шығарылатын мәселелер:
Еуропалық Одақ, оның қазіргі құрылтай шарттарында бұл нақты көрсетілмесе де, құқықсубъектілікке ие.
Еуропалық Одақтағы «Демократия тапшылығы» атты құбылыс Лиссабон шарты күшіне енген жағдайда да сақталады.
Еуропалық Соттың бас қорғаушылар корпусындағы қолданылатын ротациялық жүйе бүгінгі заман талабына сай келмейді. Сегіз бас қорғаушының сегізі де ротациялық түрде Одақтың барлық мүше-мемлекеттеріне берілу керек деп ойлаймыз.
Лиссабон шартының ұлттық парламенттермен ратификация арқылы қабылдану рәсімі, құжаттың маңыздылығын ескере отырып, демократия принциптеріне қайшы деген пікірге келуге болады.
Лиссабон шарты енгізетін Еуропалық Одақ Президент лауазымы Одақтың кеңесіне төрағалық етуші мемлекеттің рөлін төмендетеді. Бұл өз кезегінде интеграциялық процесстерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы еуропалық тату көршілік саясатына кіруге ұмтылу керек. Ал келешекте Еуропалық Одақ мүшелігіне кіру үшін де өтініш беруге талпыныс жасау керек.
Бітіру жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы оның еуропалық құқықтың Қазақстанда әрі қарай дамуына үлес қосатындығымен анықталады, ал жұмыстың қорытындылары мен ережелері еуропалық құқық пәні бойынша оқу бағдарламаларын әзірген кезде, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттың даму тұжырымдамасын анықтау кезінде, Қазақстанның еуроинтеграцияға түсу бағдарламаларын жасаған кезде қолданыла алады.
Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретідегі құқықтық мәртебесі
1.1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы
Еуропалық Одақтың пайда болуы, - тарихи және қисынды түрде өзара байланысты алғышарттар жиынтығының нәтижесі болып табылатын, ХХ ғасырдың негізгі оқиғаларының бірі. Бұл алғышарттарды экономика, саясат, рухани-мәдени өмірде, идеологияда іздеу керек.
Еуропалық Одақтың құрылуының экономикалық алғышарттары шаруашылық байланыстардың ғаламдану процессінде жатыр. Осының нәтижесінде халықаралық нарық пен оның құрамдас бөліктері: трансұлттық корпорациялар, халықаралық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі, капиталдың шетел инвестициялары, жұмыс күшінің миграциясы және т.б. қалыптасады.
Алайда экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс Еуропаның саяси бытыраңқылығымен, бір-бірінен шекаралармен, баждармен, визалармен және халықтар арасындағы шаруашылық қатынастарды шектейтін басқа да кедергілермен бөлінген – «егеменді мемлекеттердің Еуропасымен» үйлесімділікке түсе алмай, қарама-қайшылыққа түсті.
Аталған қарама-қайшылық Еуропа халықтары үшін жаңалық емес. Осы жағдай Еуропада ортағасырлардың соңы мен жаңа заман тоғысында болған жағдайға өте ұқсас болып келеді, бірақ басқа деңгейде. Сол дәуірде натуралды шаруалықтың орнына келген нарық шаруашылығы феодалдық бытыраңқылықпен сыйыса алмай, ақыр соңында оны жеңіп шықты. Сол кездерде пайда болған орталықтандырылған мемлекеттердің экономикалық негізі – ұлттық нарық болды.
Шаруашылық қатынастардың мемлекеттік шекаралардан тысқары шығуы Еуропа халықтарының одан да үлкен саяси ұйымын құруы туралы мәселені көтерді. Мұндай ұйым Еуропалық қауымдастықтар болды. Нарықты құру (тауар, жұмыс күші, өндірістің өзге де факторлар мен нәтижелердің қозғалысына барлық ұлттық кедергілерді жою арқылы) олардың алғашқы ірі бастамасы еді.
Ұлттық мемлекеттер, Қауымдастықтар және олардың негізінде құрылған Еуропалық Одақ шеңберінде жойылмайды, алайда өздерінің егемендігін осы мемлекет үсті құрылымның пайдасына қарай шектейді. Экономикадағы интеграция жайлап барып бұл процесске қоғамдық өмірдің басқа да салаларын тарта бастайды: саяси, ақпараттық, әлеуметтік, мәдени және т.б. Уақыт өте келе олар Еуропалық Одақтың қарамағына жататын мәселелер тобына көшеді.
Батыс доктринасында мұндай өзара байланыстың түрі «ауыстырып құю әсері» немесе «тиісті беріліс әсері» деп аталады. Ал «басқаларға» түрткі күшті беретін экономика аталған өзара байланыстың ең басты буыны болып табылатынына ешкім күмән келтірмейді.[1]
Осы орайда орынды сұрақ тууы мүмкін: неге жоғарыда аталған үрдістер Батыс Еуропа елдерінде ерекше дамуға ие болды? Халықаралық, ал қазіргі кезде - әлемдік нарық Жердің өзге де аймақтарын қамтиды ғой. Бәлкім осында тарихи және географиялық сипаттағы факторладынң маңызы үлкен болды.
Біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда шаруалықтың капиталистік жүйесі ертерек қалыптасып, нарықтық байланыстар орын ала бастады, яғни мұнда экономикалық интеграцияның процесстері даму үшін көбірек уақытқа ие болды.
Екіншіден, мемлекеттердің біршама шағын аумақтары ұлттық шекаралар мен ішкі нарықтың тар шеңберлілігін анықтап өзара тиімді бірігуге итермеледі.
Айтарлықтай үлкен экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс – еуропалық дамудың жалпы тарихи беталысы болып табылады.
Саяси алғышарттар. Шаруашылық алғышарттарға қарағанда интеграциялық процесстің саяси алғышарттары ортағасырлардан бастап қалыптаса бастады. Оларды әрекет ету аясына байланысты екі топқа бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Алайда бұндай бөлу тек шартты сипатқа ие екенін айтап кету қажет.
Ішкі саяси алғышарттар еуропалық мемлекеттердің бір-бірімен өзара қатынастарының ерекшеліктерін сипаттайды, ал сыртқылары болса, Еуропаның, ең алдымен оның батыс бөлігінің, басқа (еуропалық емес) мемлекеттер мен аймақтарға қатысты орнын анықтайды.
Бұл алғышарттардың екі түрінің екеуін де Еуропаның және жалпы әлем картасына көз жіберіп қарасақ байқауға болады. Ең бірінші болып көзге түсетіні ол – біршама үлкен емес аумақта өз шекаралары, заңнамасы, әскері, полициясы бар айтарлықтай көп мемлекеттердің шоғырлануы.
Тар кеңістікте көптеген мемлекеттердің қатар өмір сүріп келуі олардың арасында аумақтық қақтығыстарға, соның ішінде миллиондаған еуропалықтардың өмірін алып кеткен әскери қақтығыстарға талай рет әкеп соққаны баршаға мәлім.
Жеке мемлекеттер арасында жасасылған бітім шарттары, шабуыл жасамау немесе мәңгілік достық туралы пактілер еуропа тарихында талай рет бұзылған, және келешекте олар сақталады деп жүз пайыз сенімділікпен ешкім кепіл бере алмайды.
Ондай жағдайда Еуропаның саяси құрылысында жатқан соғыс пен қақтығыстар үшін негізді жойып тастаған дұрыс-ақ болмай ма? Яғни бір-бірімен жауласып жатқан ұлттық мемлекеттер Еуропасын, континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бірыңғай билік органдарға ие біртұтас саяси құрылымға айналдыру.
Алғаш рет осыған ұқсас ойды XVIII ғасырдың ұлы неміс философы Иммануил Кант айтқан болатын.[2]
ХХ ғасырда бұл идея Еуропа Құрама Штаттары атты жобасында өз көрінісін табады. Аталған бастама әсіресе Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде өте кең танымал болды.
Еуропада бейбітшілікке қол жеткізудің құралы ретінде саяси бірлікті пайдалану – Еуропалық Одақтың құрылуы басталған «Шуман жоспарының» ең негізгі идеясы болып табылады. 1955 жылы бұл бастаманың авторы Еуропалық қауымдастықтардың бас архитекторы – Жан Монне – Еуропа Құрама Штаттары үшін күрес атты арнайы ұйымды құрды. 1975 жылға шейін жұмыс істеген бұл комитетке көптеген еуропалық саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері мүше болды. Олардың арасында: ГФР канцлерлері В.Брандт пен Г.Шмидт, Франция Президенті В.Жискар д’Эстен және т.б.
Мемлекеттер арасында ұрыс-жанжалдарды тоқтату қажеттілігі – Еуропа халықтарын бірігуге және ортақ басқару органдарарын құруға итермелеген жалғыз саяси фактор емес. Еуропаның бүкіл тарихы бойында сыртқы факторлардың ықпалы өте үлкен болды, атап айтқанда ортақ дұшпан, ортақ агрессорға қарсы бірігу.
Орта ғасырларда және Жаңа Заманның бірінші жартысында осындай ортақ жау рөлін Осман империясы атқарды. Алайда кейін, әсіресе Қазан төңкерісінен соң, интеграция иделогтары келешек Еуропалық Одақтың мақсатын Ресей (КСРО) тарапынан болуы мүмкін агрессияға қарсы бірігуде көрді. «Әрбір еуропалық Ресейден төніп тұрған қауіпті жете түсінуі тиіс»[3], - деп, 1924 жылы бұндай ұстанымның ең ықпалды жақтаушысы, Панъеуропалық одақтың негізін қалаушы және оның көсемі болған граф Куденхов-Калерги айтқан болатын.
Бүгінгі таңда Біріккен Еуропаның ең басты бәсекелестері Америка Құрама Штаттары және Қытай болып табылады.
Мәдениет саласындағы алғышарттар. Еуропа халықтарының бірыңғай және мемлекет үсті ұйымға бірігуі – тек экономикалық және саяси факторлардың әсері ғана емес. Еуропалықтардың этно-ұлттық айырмашылықтарына қарамастан, оларды, өмірдің ортақ мәдени, этикалық және діни негіздер біріктірді. Еуропалықтарды діни (христиандық) негізде біріктіру идеялары бірнеше рет ұсынылған болатын.
Мәселен 1306 жылы француз заңгері П.Дюбуа Еуропада «христиандық республиканы» құруды ұсынды. Аталған бастама «еуропалық идея» шеңберінде тарихи ең алғашқылардың бірі болып саналады.[4]
Сол кездерде ортақ христиан дінін, бүкіл Еуропа шеңберінде саяси билікке қол жеткізу мақсатында, Рим папалары кеңінен пайдаланды.
Бір қызығы, кейбір зерттеушілер «еуропалықтар» деген терминін, өзін Рим католик шіркеуінің басшысына, Папа Пий екіншісіне телейді. Византия құлағаннан кейін (1453ж.) ол христиандарды «еуропалықтар» деп атап, оларды «Respublica christiana»-ны Оттоман империясының шабуылынан бірігіп қорғауға шақырды. Бүгінгі күні сәл әлсіреп кеткен діни фактормен қатар саяси мен экономикалық бірігудің факторы ретінде ортақ құқықтық мәдениеттің рөлі ерекше зор болды.
Пайда болуы жағынан еуропалық болып табылатын конституционализмнің, адам құқықтары мен билікті бөлу идеялардың бірігуі, Еуропаның жекелеген мемлекеттердің және жалпы Одақ шеңберінде саяси мекемелердің қызмет етуі жүзеге асырылатын негізді құрады.
Идеологиялық алғышарттар. Қоғамдық өзгерістер – бұл тек ақиқат өмірдің аясында жатқан объективті себептер әрекетінің нәтижесі ғана емес (қоғамдық болмыс). Келешек реформалар қоғам тарапынан дұрыс қолдауға ие болу үшін адамдардың «көңіл-күйлерін» дайындау, қоғамдық сананы соған икемдеу өте маңызды, ал кейбір жағдайларда тіпті қажетті шарт болып та табылады.
Ал ол үшін адамдарды біріктіре алатын анық концепцияны, «идеяны» ойлап табу керек. Алғашқы конституциялар қабылданар алдында конституционализм идеялары әбден пісіліп жетілдірілді; ХІХ-ХХ ғасырлардың революциялық оқиғалардың астарында марксизм және басқа да социалистік ілімдерде дамытылған идеологиялық негіздемелер жатыр және т.с.с.
Еуропалық Одақ жағдайында сондай концепция ретінде еуропалық идея (басқаша атауы – панъеуропалық) болды. Оның мәні – Еуропа халықтарының өз еркімен бірыңғай саяси ұйымға бірігуі.
Еуропалық идеяның дүниеге келу тарихы айтарлықтай жуырда пайда болған Еуропалық Қауымдастықтар мен Одаққа қарағанда едәуір көнелеу болып табылады. Оның ең алғашқы жобасы XIV ғасырда пайда болған П.Дюбуаның жобасы болып саналады. Ал кейбір тарихшылар Еуропаны өзге бір әлем, адамзаттың ерекше бір семьясы ретінде қарастыратын пікірлер ХІ ғасырдан бастап көріне бастайды дейді. [5]
Әрине сол уақыттан өткен жеті ғасыр аралығында еуропалық идеяның мазмұны біраз өзгерістерге ұшырады. Кез келген басқа әлеуметтік ілім секілді ол да біртіндеп, дамып келе жатты.
Орта ғасырлар кезеңінен бастап, Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін еуропалық идеяны тек жеке ғалымдар мен саясаткерлер дамытып, оны уағыздауға тырысқан.
Феодалдық Еуропаны біріктіру жоспарларының ішінде Иржи Подебрад атты (1458-1471) Богемия патшасының әрекеті үлкен маңызға ие болды. Ол Еуропа монархтарын тек бірігуге ғана емес, сол бірігудің жолында нақты әрекеттерді жасауға шақырды.
1693ж. Ағылшындық У.Пенни «Еуропадағы мемлекеттер мозайкасын» бұзып, еуропалық парламентті шақыру керек деп ұсыныс айтты.
XIХ ғасырдың басында (1814ж.) аса көрнекті француз социалист-утопист ғалымы Анри Сен-Симон ұсынған жобасы көңіл аударарлық. Оның Еуропаны саяси біріктіру жоспары Еуромонарх лауазымын, Еуропалық үкімет пен әскердің құрылуын көздеді.
ХІХ ғасырдың соңыңда болашақ саяси одақтың жоспарын өркениетті халықтардың халықаралық құқық ғылымының өкілі К.Блунтшли (Швейцария) ұсынды. 1878 жылы жарияланған «мемлекеттердің еуропалық одақ ұйымы» атты мақалада Блунтшли аталған одақты тікелей дауыс берумен сайланатын Федералдық кеңес пен Сенаттың басқаруында құруға шақырды.
Орта ғасырларда еуропалық идеяның жақтастары италияндық ақын Данте Алигьери, ағылшын философы У.Оккам болды. Жаңа заманда бұл идеяны қолдаушылардың саны әлдеқайда өсті. Оларға: Вольтер, В.Гюго, Г.Лейбниц, Ж.Ж.Руссо және тағы басқалары қосылды.[6]
ХХ ғасырдың басында аса ірі жобалардың бірі, бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болған – Еуропа құрама Штаттары (ЕҚШ) деп аталатын жоба болды. Бұл жоба бойынша еуропа мемлекеттері арасындағы қатынастар АҚШ-тың үлгісімен қайта құрылу керек еді. Аталған жобаға еуропалық идея дамуының кейінгі кезеңдерде де назар аударылады.
Екі соғыс арасындағы кезеңде (1919-1939), осы кезге дейін жеке, бір-бірінен оқшауланған ойшылдармен дамытылып келе жатқан еуропалық идеяны жақтаушылардың ұйымдастырушылық бірігу процессі (институализация) басталады.
1923 жылы Австрия саясаткері граф Куденхов-Калергидің басшылығымен «Панъеуропалық Одақ» құрылды. Бұл одақ Франция үкіметі тарапынан қолдау тауып, 1924 жылғы манифестте Еуропа құрама штаттарын құруға шақырды.
Панъеуропалық Одақтың негізін қалаушылардың тағы бір өкілі, Францияның көрнекті мемлекет қайраткері Аристид Бриан болды. Ол 1929 жылы ЕҚШ-ты құру жоспарын («Бриан жоспары» деген атпен белгілі) ұсынды. Бұл жоспарда Еуропаны алғашқы рет тек «ортақ жауға» қарсы немесе ішкі қақтығыстарды болдырмау үшін біріктіру ғана емес, экономикалық базис ретінде «федеративтік байланыс» пен «ортақ нарық» негізінде біріктіру тірегі белгіленді. Жоспардың негізгі мақсаты – экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету мен еуропалықтардың өмір деңгейін көтеру болды.
Алайда Еуропалық Одақ жоспарын зерттеу бойынша Ұлттар Лигасысмен құрылған арнайы комиссия жұмыс істеген жылдары (1930-1932) қандай да бір маңызды нәтижелерге жете алмай, А.Бриан қайтыс болған соң өз жұмысын тоқтатты.
Екінші дүниежүзілік соғыс еуропалық идеяның әрі қарай дамуына өте үлкен әсер етті.
Алғашында тек жеке ойшылдардың көкейінде жүрген еуропалық идея енді осы уақыттан бастап зиялы қауыммен насихатталады да, сол арқылы қалың бұқараның санасына ене бастайды. Германия басып алған еуропалық мемлекеттер территорияларында әрекет қылған Қарсыласу қозғалысының осыған сіңірген еңбегі зор. Қозғалыстың басты мақсаты фашизмнің көзін жою болды. Алайда оның қайраткерлері басталып кеткен соғыс үшін тек Гитлерді ғана кінәлау дұрыс емес екенін түсінді. Олардың ойынша соғыстың себептері Еуропаның саяси құрылысында да жатыр, атап айтқанда, оның, бір-бірін жаулап алғысы келетін, көптеген егеменді мемлекеттерге бөлінуі.
Сәйкесінше фашистік Германияны жеңіп тастау міндетін шешкеннен кейін, фашизмнің сұмдықтары және басқа да соғыстар континентте ешқашан қайталанбас үшін – Еуропаны саяси біріктіру міндеті тұрды.[7]
Еуропаның Қарсыласу қозғалыстары 1944 жылғы Декларацияда ұсынылған «федеративтік одақ» негізінде халық алдында жауапты болатын ортақ үкіметті, сол үкіметке бағынатын ортақ әскерді және «федералдық конституцияны түсіндірудің кез келген мәселелерін қарастыратын және мүше-мемлекеттер арасында немесе мемлекеттер мен федерация арасында мүмкін болатын дауларды шеше алатын» Жоғарғы Сотты құруды ұсынды.
1940 жылдардың соңына қарай Еуропадағы нақты интеграцияға қол жеткізуге тек халықаралық-құқықтық құралдармен үйлестіргенде ғана мүмкін болатыны айқын болды. Аталған интеграция қатысушы-мемлекеттерден өз егемендіктерін өз еркімен шектеуін және өздеріне тиесілі бірқатар функцияларын ортақ мүдделері үшін қызмет істейтін мемлекет үсті органға тапсыруын талап етті.
Бұл жаңа көзқарастың негізгі ерекшеліктері 1950 жылы 9 мамыр күні Францияның сыртқы істер министрі – Робер Шуманның мәлімдемесінде өз көрінісін тапты. Ол «Шуман жоспары» деген атпен белгілі болды, бірақ іс жүзінде оны дайындаған, жоспарлау жөніндегі француз комиссары Жан Монне еді. Монне-Шуман жоспарының мәні – бүкіл франко-германдық көмір мен болат өндірісін біріктіріп, оны басқа еуропа елдері үшін ашық болатын ортақ (мемлекет үсті) Жоғарғы органның басқаруына тапсыру.
1) федеративтік мақсаттан; 2) интеграциялық процесстердің біріктірілуінен; 3) ажыратылмайтын мүдделердің біріктірілуін ең алдымен экономикалық біріктіру негізінде қамтамасыз етуден; 4) практикалық міндеттерді шешуге бейімделуден тұратын «коммунитарлық тәсіл» Ж.Монне дайындаған жоспардың жетістігі болатын.
Осы тәсілдің арқасында біріккен халықтардың «ортақ игілігін» қамтамасыз етуді өзіне мақсат қойған саяси биліктің жаңа, мемлекет үсті деңгейі пайда болу керек еді.
Еуропалық кауымдастықтардың құрылуы. Көмір мен болат еуропалық бірлестігі. 1950 жылғы Декларация жарияланғаннан кейін Келісімнің мәтінін дайындау үшін үкіметаралық конференция шақырылды. 1951 18 сәуір күні жылы Парижде оның қорытындылары бойынша көмір мен болат еуропалық бірлестігін құру туралы шартқа қол қойылды (бейресми атауы – Париж шарты). Құжат барлық қатысушы-мемлекеттер оны ратификациялағаннан кейін, яғни 1952 жылы 25 шілде күні күшіне енді.
Париж шартының тараптары және сәйкесінше КБЕБ-тің мүшелері Батыс Еуропаның алты мемлекеті болды, олар: Бельгия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Франция және ГРФ.
Париж шарты қоғамдық өмірдің үш негізгі саласын қамтыды.
Экономика саласында ұлттық экономикаларды ортақ нарыққа айналдыруға бағыт алынды. Ал Париж шартының пәнін ескеретін болсақ, бұл тек өндірістің көмір шығару секторы мен болат құю өнеркәсібіне тарайды.
Саясат саласында Париж шарты биліктің ортақ органдардың құрылуын қамтамасыз етіп, оларды атау үшін «институт» деген термин енгізілді. Институттардың ішінде ең негізгісі Жоғарғы орган еді. Ол құқықшығармашылық әкімшілік функцияларға ие болды.
Көмір мен болат еуропалық бірлестігінің құрылуы заң (құқық) саласында да интеграциялық процесстердің басталуы үшін тиісті негізді қалады.
КБЕБ туралы шарттан бастап, мүлдем жаңа құқықтық жүйе – Еуропалық Одақтың құқығы қалыптаса бастады. Ал 1951 жылғы Париж шарты оның ең алғашқы қайнар көзі болып есептеледі. Бұл шарт 50 жыл мерзімге жасалады. 1997 жылғы Амстердам, ал кейінірек 2001 жылғы Ницца конференцияларында мүше-мемлекеттердің өкілдері КБЕБ туралы шартты әрі қарай ұзартудың еш қандай жөні жоқ деген шешімге келді. Сөйтіп, 2002 жылы 24 шілде күні бұл ұйым өз қызметін тоқтатты. Оның өкілеттіктерінің барлығы Еуропалық қауымдастыққа өтті.
Еуропалық (экономикалық) қауымдастық. 1957 жылы 25 наурызда Рим қаласында аталған алты мемлекет Еуропалық экономикалық қауымдастықты құру туралы Шартқа қол қойды. Ол күшіне 1958 жылы 1 қаңтар күні енеді.
ЕЭҚ туралы шарт КБЕБ-те бекітілген қағидаларды аталған Батыс Еуропа елдері экономикаларының барлық секторларына көшіруі тиіс еді.
Экономика саласында, халық шаруашылығының барлық секторлары мен салаларын (көмір мен болаттан басқа) қамтитын ортақ нарықтың құрылуы көзделген. Болатын өзгерістердің ауқымдылығын ескере отырып, ортақ нарық қағидалары енгізілуі тиіс он екі жылдық өтпелі кезең белгіленді.
Саясат саласында ортақ нарықты реттеу және ортақ саясатты жүргізу үшін ЕЭҚ-тың институттары құрылған. ЕЭҚ-тың институциондық құрылымы КБЕБ-тікіне өте ұқсас болып келеді, сонда да белгілі бір айырмашылықтар бар.
Біріншіден, ЕЭҚ-тың басты заң шығарушы органы, КБЕБ-тің министрлер кеңесі секілді, мүше-мемлекет үкіметтерінің өкілдерінен тұратын, - Кеңес болды.
Екіншіден, Жоғарғы орган сияқты құрылған Комиссия, көбінесе атқарушы өкілеттіктерді иеленген болатын. Сонымен бірге, ЕЭҚ туралы Шарт Комиссия мүшелерінің өздерінің немесе басқа да мүше-мемлекеттердің үкіметтерінен тәуелсіздігі туралы ережені сақтап қалды.
ЕЭҚ-тың қалған екі институттың (Ассамблея мен Сот) жағдайы КБЕБ-тің сәйкес құрылыммен салыстырғанда, қандай да бір маңызды өзгерістерге ұшыраған жоқ.
1992 жылғы Маастрихт шарты Еуропалық экономикалық қауымдастық ұйымының атауын Еуропалық қауымдастық (ЕҚ) дегенге өзгертті. Өйткені 1990 жылдардың басына қарай ЕЭҚ тек экономикалық мәселелермен ғана айналысқан жоқ. Сәйкесінше оның бұрынғы атауы Қауымдастықтың атқарған функцияларына сай келмеді.
ЕҚ туралы Шарт. 1993 жылдың 1-қарашасынан, яғни Маастрихт шарты күшіне енген сәттен бастап, ЕҚ-тың құрылтай құжатының да атауы өзгеріске ұшырады; ол енді – Еуропалық қауымдастықты ұйымдастыратын Шарт деген атауға ие болды (ЕҚ туралы Шарт).
Бүгінгі (Афиндік) редакциясында Еуропалық қауымдастық туралы шарт преамбуладан және 318 баптан тұрады.[8]
Құрылтай құжаттары ішінен ЕҚ туралы Шарттың құрылымы ең күрделі болып табылады. Құжат 6 бөлімнен, ал бөлімдердің ең үлкендері бірнеше бөліктен құралған. Бөліктердің бірталайы тарауларға, ал соңғылары өз кезегінде – бөлімшелерге бөлінген.
ЕҚ туралы шарттың құрамдас бөліміне, Қауымдастықтың ортақ аграрлық саясаты тарайтын өнім түрлерінің тізімі (I қосымша) және теңіздің ар жағындағы аумақтар тізбесі (II қосымша) берілген екі қосымша кіреді.
Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық. ЕЭҚ – 1957 жылы құрылған жалғыз қауымдастық емес. Дәл сол жылы, бірақ бөлек шарттың негізінде тағы бір ұйым құрылады. Оның көмегімен мемлекеттер (баяғы 6 ел) «коммунитарлық тәсілдің» негізінде, ғылым және өнеркәсіптің сол кезде жаңа және келешегі зор деп саналған саласын – ядролық энергиясын меңгеруге үміттенген.
Алайда осы салада зерттеулерді басқа еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда ертерек бастаған Францияның өзі, АҚШ пен КСРО деңгейіне өз күшімен жету мүмкін емес екенін түсінді. КБЕБ–тің құрамына кіретін өзге де елдермен келіссөздер барысында, Франция саясаткерлері өз әріптестерін бұл салада арнайы ұйымды құру қажет екендігіне көндірді. Сөйтіп, екінші Рим шарты мен үшінші Қауымдастық – атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық (Евратом) құрылады.
Ортақ нарық құрылғанымен (Евратом туралы Шарттың IX тарауы – атом энергиясы жөніндегі ортақ нарық), ол Евратомның негізгі түйіні болған жоқ. Евратом қызметінде ғылыми зерттеулер мен ядролық энергияны өнеркәсіпте қолдану мәселелеріне басым назар аударылды, сол себептен құрылтай шартының нормаларының көпшілік бөлігі осыған арналды.
1960 жж интеграция. 1950 жж құрылған Еуропалық қауымдастықтар өз алдарына ұқсас мақсаттарды қойған, мүше-мемлекеттер құрамы бірдей және қоғамдық өмірдің бір саласында жұмыс істейтін ұйымдар болып табылады.
Алғашқы жылдардан-ақ басқарушы органдардың (институттардың) үш бөлек жүйенің қатар жүруінің қолайсыз екені білінді, өйткені үш қауымдастықтың институттарының құрылымы өте ұқсас болып келді.
Бұл мәселе 1957 жылы Рим шарттарын жасасқан кезде ішінара шешілген болатын. Осы шарттармен бірдей уақытта қол қойылған және күшіне енген – Кейбір ортақ институттар туралы конвенция деп аталған қосымша келісім – Қауымдастықтардың екі институттың біріктірілуін және ортақ Сот пен ортақ Ассамблеяның құрылуын қамтамасыз етті.
1958 жылы ЕЭҚ пен Евратом өз жұмыстарына кіріскен кезде, олардың өкілді және сот органдары үш Қауымдастықтың органдары ретінде қызмет ете бастады.
Бірақ барлық Қауымдастықтарда екі негізгі саяси институт әлі де әр түрлі болып қала берді: КБЕБ-тің Жоғарғы органы өз бетінше жұмыс жасады, онымен қатарласып, өз жұмысын ЕЭҚ Комиссиясы мен Евратом Комиссиясы жүргізді. Үш әр түрлі Кенестің қызметі де қатар жүрді.
Бұл тәжірибе 1960 жылдардың ортасына қарай аяқталды. 1965 жылы 8 сәуірде Брюссельде қол қойылып, ал 1967 жылы Еуропалық қауымдастықтардың бірыңғай Комиссиясы мен бірыңғай Кеңесін құру туралы Шарт күшіне енді, бұл құжат көбінесе «Біріктіру туралы Келісім» деген атаумен белгілі.[9]
Біріктіру туралы шарттан кейін үш Қауымдастық ортақ басты органдармен (институттармен) басқарылатын, бірыңғай ұйымға айналды деп айтуға болады.
1960 жылдары Еуропалық интеграцияның дамуында басқа да маңызды оқиға орын алды. Ол – ортақ нарықтың құрылуының аяқталуы. Ресми, бұл процесс Кеден Одағы құрылуының біткендігін көрсетті. Бұл оқиға жоспарланған мерзімнен бір жарым жылға ертерек іске асырылды (1968ж).
Ортақ нарықты құру жолында елеулі оқиғалардың бірі, бұл – ортақ аграрлық саясаттың енгізілуі (1966ж). Ауыл шаруашылығы еуропалық интеграцияның ең осалдау жерлерінің бірі болып табылады, сондықтан аталған секторға ортақ шараларды қолдану жөнінде алғашқы әрекеттердің өзі мүше-мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды шиеленістіріп жіберді.
Бұл меселеге қатысты Франция ұстанымы 1966 жылдың ортасында «бос кресло» деп аталатын дағдарысқа әкеліп соқты: Францияның өкілдері Кеңес отырыстарын шетқақпайлады.[10] Оған себеп – Қауымдастықтың ауылшаруашылық шаралары маманданған көпшілік принципі бойынша өткізілуі керек болатын, ал Франция үкіметі өзіне жарамайтын шешімдерге жалғыз өзі бөгет жасай алмады.
Аталған дағдарыс 1967 жылы Люксембург қаласында Қауымдастықтың құрылтай шартына арнайы хаттамаға қол қоюмен аяқталды. Ол Люксембург ымырасы деген атауға ие болды. Люксембург ымырасының негізгі түйіні мынада: дауыс беру тәртібі туралы құрылтай шартының ережелеріне қарамастан, аса маңызды мәселелер жөнінде Кеңес шешімі бәрібір тек бүкіл мүше-мемлекеттер өкілдерінің арасында бұл жайында келісімге қол жеткен кезде ғана қабылданады.
1970 жж интеграция. Осы кезеңнің ең маңызды заңи оқиғасы, бұл – 1976 жылғы төте сайлау туралы Актіде бекітілген, Қауымдастықтардың Ассамблеясына төте сайлау идеяның жүзеге асырылуы. 1979 жылдан бастап, Қауымдастықтардың Ассамблеясы енді мүше-мемлекеттердің халқымен тікелей сайланатын болады.
1970 жж Қауымдастықтардың құқығының дамуына елеулі әсер еткен басқа да оқиғалардың ішінен, Қауымдастықтардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізген, екі бюджеттік шарттың қабылдануын атап өтуге болады.
Бірінші бюджеттік шарт 1970 жылы 21 сәуір күні қабылданып, күшіне 1971 жылы енеді. Ол Қауымдастықтардың қаржы дербестігін бекітті.
1975 жылы 22 маусымда қабылданған Екінші бюджеттік шарттың басты мақсаты – Ассамблеяның қаржы өкілеттіктерін кеңейту және Есеп палатасы деп аталатын бюджеттік бақылаудың арнайы органын құру арқылы Қауымдастықтардағы бюджеттік процессті жетілдіру болды.
1970 жылы саяси үндестірудің (унификацияның) проблемалары туралы Баяндаманың негізінде, Еуропалық Одақтың болашақ екінші тіректің үлгісі болған, - Еуропалық саяси ынтымақтастығы өз жұмысын бастады.
1975 жылы мүше-мемлекеттердің құқыққорғау органдарының жұмысын үйлестіретін – «Trevi» тобы деп аталатын арнайы орган құрылды. Осылайша, бүгінгі күні үшінші тірек шеңберінде жүзеге асырылатын қылмыспен қүрес саласындағы ортақ саясатқа жол ашылды.
Соған қоса 1970 жж мүше-мемлекеттердің Қауымдастықтарға алғашқы қосылу «толқындары» орын алды. 1972 жылы қосылу туралы Шарттың негізінде бұл елдер қатарына Ұлыбритания, Дания және Ирландия кірді (Қауымдастықтарға аталған елдер 1973ж мүше болды), ал 1979 жылғы қосылу туралы Шарттың негізінде – Грекия (1981).
1980 жж интеграция. Бұл кезең Одақты құру мақсатында Қауымдастықтарды түпкілікті реформалаудың алғашқы әрекеттерімен белгілі болды. 1984 жылы Еуропалық Парламенттің бір топ депутаты А.Спинеллидің басшылығымен Еуропалқ Одақ туралы Шарттың алғашқы жобасын әзірледі. Осы құжаттың басты ережелері, кейін, Бірыңғай Еуропалық Акті мен Маастрихт шартын жасау кезінде негіз ретінде алынды.
1980-ші жылдардың басты оқиғасы бұл – 1986 жылы Бірыңғай Еуропалық Актінің қабылдануы еді. Акт 1987 жылы 1-шілдеде күшіне енді.
Құжат нормаларының көбісі Еуропалық Қауымдастықтардың (әсіресе ЕЭҚ-тың) құрылтай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
- Бірыңғай еуропалық акт Қауымдастықтар елдерінің ішкі нарығын құру датасын белгіледі (1992ж 31 желтоқсан).
- Бірыңғай Еуропалық акт ЕЭҚ-тың қызмет ету өрісін кеңейтті. БЕА – ның арқасында Қауымдастықтардың карамағына ортақ саясаттың жаңа салалары өтті: аймақтық, ғылыми-техникалық, экологиялық.
- БЕА-нің негізінде Еуропалық қауымдастықтардың институттар жүйесі өзгеріске ұшырады.
Қауымдастықтар Ассамблеясы енді Еуропалық Парламент деп атала бастады; жаңа құжат бұл институтке заң шығару саласында жаңа өкілеттіктерді берді. Сонымен қатар, Парламент Қауымдастықтарға жаңа мүшелерді қабылдау мәселелерін қарастырғанда шешуші дауысқа ие болды (қазір мұндай құқыққа Кеңес ие болып отыр).
Қауымдастықтардың орталық заң шығарушы органы – Кеңес – ішкі нарықты реттеуге қатысты мәселелері бойынша нормативтік актілерді маманданған көпшілік дауыспен, яғни жеке мүше-мемлекеттердің қарсылықтарын ескермей, қабылдауға құқылы болды.
- БЕА-нің нормаларында Еуропалық саяси ынтымақтастығының тетігі «заңдастырылды». Бұл, 1970 жылдары қалыптасқан мүше-мемлекеттердің сыртқы саясатын үйлестіретін тетік, құрылтай құжаттарында заңи түрде рәсілделмеген болып шықты. Бірыңғай Еуропалық Акт бұл олқылықты жойды. Еуропалық Одақтың келешек екінші тіректің болашақ үлгісі БЕА-нің «Сыртқы саясат саласындағы еуропалық ынтымақтастық туралы Ережелер» деп аталатын үшінші бөлімнің нормаларында бекітілген.[11]
Бірыңғай Еуропалық Акт әлі де өз күшінде жүргеніне қарамастан, оның ережелері қазіргі уақытта онша маңызды емес. БЕА ұсынған барлық негізгі өзгерістер Маастрихт, Амстердам және Ницца шарттарының ережелерінде неғұрлым көбірек дамытылып, жетілдірілді.
Сонымен қатар, 1980 жылдары Еуропалық қауымдастықтардың кеңеюі әрі қарай жалғасты. 1985 жылғы қосылу туралы Шарттың негізінде Қауымдастықтардың құрамына Испания мен Португалия кірді. Алайда осы кезеңде кеңеюмен қатар цессия (бөлініп шығу) да орын алды. 1983 жылы балық аулау саясатының мәселелері бойынша келісе алмаушылықтың салдарынан дат доминионы Гренландия өзінің ЕЭҚ құрамынан шығатыны туралы жариялады. Бұл 1985 жылы күшіне енген құрылтай шарттарына арнайы хаттамамен рәсімделді.[12]
Еуропалық Одақтың құрылуы. 1992 жылы 7 ақпан күні голландиялық Маастрихт қалашығында Европалық Олақ туралы Шартқа қол қойылды.
Еуропалық Одақ туралв Шарт қатысушы-мемлекеттерден мемлекеттік егемендіктің лектелуін тағы да талап етті. Сол себепті бұл мемлекеттердің көбінде конституциялық реформалар мен референдумдар өткізілген болатын. Бұл құжаттың ратификациялануы бір жарым жылға созылды. Еуропалық Одақ туралы Шарт 1993 жылы 1 қарашада күшіне енді.
Маастрихт шартының «интеграциялық құрылымға» енгізген өзгерістер елеулі болды.
- Шарттың негізінде Еуропвлық Одақ деп аталатын жаңа интеграциялық ұйым құрылды. Оның қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды, оларға: экономикалық интеграция (1950 жылдардан Қауымдастықтар шеңберінде өткізіліп жүрді), Одақтың ортақ сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясаты (бұрынғы ЕСЫ), және мүше-мемлекеттердің тиісті әрекеттерін үйлестірудің арқасында құқыққорғау қызметінің жүзеге асырылуы – «сот әділдігі мен ішкі істер саласындағы ынтымақтастық».
Еуропалық қауымдастықтардың басқару органдары (институттар) Одақтың институттарына айналды да, олардың жалпы саны беске жетті (Маастрихт шарты бұрынғы төрт институтке Есеп палатасын қосты).
Бұдан былай мүше-мемлекеттердің азаматтары ұлттық азаматтығымен бірге енді Еуропалық азаматтықты да иеленетін болды.
- ЕЭҚ Маастрихт шартымен Еуропалық қауымдастық (ЕҚ) болып өзгертілді. Еуропалық қауымдастық 1957 жылғы Рим шартына енгізген толықтырулардың нәтижесінде енді мәдениет, білім беру, жастар саясаты, «трансъеуропалық торлар», денсаулық сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б. осы сияқты салаларда қызмет атқаруға құқылы болды.
- Маастрихт шарты ұлттық ақша бірліктерін алмастыратын және мемлекет үсті органдары мен мекемелердің басқаруында болатын бірыңғай валютаның енгізілуін көздейтін, ЕҚ-тың интеграциялық процесстің мүлдем жаңа, неғұрлым жоғары сатысына – экономикалық және валюталық одаққа өтуін заңи тұрғыдан қамтамасыз етті.
- Маастрихт шарты, БЕА сияқты, енді бүкіл Еуропалық Одақтың институттары болып табылатын Қауымдастықтардың институттарының реформасын әрі қарай жалғастырды.
Еуропалық енді Кеңеспен бірге шешім қабылдайтын болды. Соған қоса Парламент сенім вотумының көмегімен Еуропалық комиссияның жаңа құрамын бекітуге құқылы. Ал Кеңесте маманданған көпшілік дауыс берудің қолданылу аясы кеңейтілді, яғни мүше-мемлекеттердің Одақтың заң шығару және өзге де актілеріне вето құқығын қолданылуы шектелген.
- Маастрихт шарты алғаш рет құрылтай құжаттардың деңгейінде жалпы Одақтың адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы міндетін мойындады. [13]
Еуропалық Одақтың құрылымы. Еуропалық Одақ үш құрылымдық комроненттен тұрады. Ғылыми әдебиетте және кейбір кезде ресми құжаттардың өзінде бұл компоненттер «Одақ тіректері» деп аталады.
Бірінші тірек – 1950 жж құрылған және Одақтың құрылуынан кейін де сақталған Еуропалық қауымдастықтар болып табылады. Бүгінде олардың саны екеу – Еуропалық қауымдастық (ЕҚ) және атом энергиясы жөнінде Еуропалық қауымдастық (Евратом). Олардың ең ескісі – КБЕБ - өз жұмысын 2002 жылы 24 шілдеде тоқтатты, өйткені оның құрылтай шарты тек 50 жылға ғана жасалған (КБЕБ-таң мүлкі мен құзыреті ЕҚ-қа өтті).
Екінші тірек, 1970 жылы құрылған еуропалық саясат ынтымақтастығының мирасқоры – ортақ сыртқы саясат пен қауыпсіздік саясаты.
Үшінші тірек – қылмыстық-құқықтық саладағы полицияның және сот органдарының ынтымақтастығы.
Одақ үш бөліктен («тіректен») тұрғанымен, оның басқару органдары (институттары), азаматтығы және мүше-мемлекеттердің құрамы бірыңғай болып табылады. Одаққа жаңадан кіретін ел, автоматты түрде үш бірдей «тіректің» мүшесі де болады.
Еуропалықт Одақ туралы шарт. Еуропалық Одақ туралы Шарт – ұйымның құрылтай құжаттарының ішінде ең «жаңасы» болып табылады. Ол Еуропалық қауымдастықтарды және 1990 жылдардың басына қарай қалыптасқан мүше-мемлекеттердің өзге де интеграциялық құрылымдарды біртұтас ұйымға – Еуропалық Одаққа біріктірді.
Маастрихт шартында Одақ қызметінің жалпы мақсаттары мен жағдайлары бекітілген. Еуропалық Одақ туралы Шарт, өзінің құрылтай құжаты жоқ, ұйымның екінші және үшінші тірегі болып табылатын – ортақ сыртқы саясат пен қаіупсіздік саясаты және полиция мен сот органдарының қылмыстық-құқықтық салада ынтымақтастығының қызметін тікелей реттейді.
Еуропалық Одақ туралы Шарт прембуладан және 63 баптан тұрады. Шарттың баптары 8 бөлімге топтастырылған.[14]
Амстердам және Ницца шарттары: Одақ реформасы.
1990 жылдардың соңына қарай Одақ пен жалпы қауымдастықтардың өзгерісін анықтаған бірнеше аса маңызды оқиға орын алды.
Біріншіден, 1995 жылы Еуропалық Одаққа 3 жаңа мемлекет қосылды: Австрия, Швеция және Финляндия.
Екіншіден, 1994 Еуропалық экономикалық кеңістік құрылған болатын.
Үшіншіден, 1994 жылы 24 маусымда Ресей Федерациясы мен Еуропалық қауымдастықтар және олардың мүше-мемлекеттері арасында серіктестікті ұйымдастыратын, Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Төртіншіден, 1990 жылдардың аяғына қарай 13 Еуропа елі Еуропалық Одаққа кіру жөнінде өтінім берді.
Сонымен бірге Қауымдастықтардың ішінде де жағдай біраз өзгерді. 1992 жылғы Еуропалық Одақ туралы Шарт бұл интеграциялық ұйымның құқықтық негіздерінің реформалауын тездетіп, өткізілетін реформалардың ауқымы мен жиілілігін арттырды.
Маастрихт шартының өзінде (N-бабы) 1996 жылы Одақтың құрылтай құжаттарына (Еуропалық Одақ туралы Шартқа, Еуропалық қауымдастықтар туралы Париж және Рим шарттарына) өзгерістерді енгізу үшін «мүше-мемлекеттердің үкіметтерінің конференциясы» шақырылатыны туралы алдын ала ескерілді.
Жаңа конференция 1990 жылдардың соңына қарай қалыптасқан үш маңызды мәселені шешу керек болатын.
- Одақты кең ауқымды кеңеюге дайындау.
- Жаңа жағдайларда Одақ институттарының қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оларды реформалау.
- Еуропалық Парламенттің құқықшығармашылық жункцияларын кеңейту және ЕҚ институттарында маманданған көпшілік дауыс беруге өту арқылы заң шығармашылық процессті демократизациялау.
1997 жылғы Амстердам шарты. 1997 жылы 2-қазанда Амстердамда өткен конференцияның соңы Еуропалық Одақ туралы Шартқа, Еуропалық Қауымдастықтарды ұйымдастыру туралы шарттарға және олармен байланысты кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы Амстердам шартын қабылдаумен аяқталды (қысқаша атауы – Амстердам шарты). Күшіне 1999 жылдың 1-мамырында енді.
Амстердам шарты жаңа ұйымдарды құрмайтыны оның атауынан-ақ көрініп тұр. Оның міндеті – қолданыстағы құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу болды.
Амстердам шарты енгізген негізгі өзгертулер мен толықтырулар:
- Еуропалық қауымдастықтардың және жалыпы Одақтың құзыретін кеңейту процессін жалғастырды. Енді ЕҚ-тың қарамағына визалық, иммиграциялық саясат, баспана беру мәселелері, жұмыспен қамту саясаты және т.б. өтті. Еуропалық Одақ қылмыстық құқық пен тергеу мәселелері бойынша нормативтік актілерді шығаруға өкілетті болды.
Сонымен қатар, кейбір мүше-мемлекеттерге құрылтай құжаттарына түзетулердің енгізілуін күтпей-ақ Одақ институттарына қосымша құзыреттерді тапсыра беруге рұқсат етілді.
- Институттар реформасы әрі қарай жалғасты.
- Амстердам шарты алғаш рет Одақ деңгейінде конституциялық құрылыстың жалпы принциптерін бекітіп, оларды бұзған мемлекеттер ушін санкцияларды белгіледі.
- ЕҚ мен Еуропалық Одақ туралы шарттарға арнайы хаттаманың негізінде Еуропалық Одақтың құқығына Шенген келісімдері, олардың негізінде қабылданған нормативтік актілер мен басқа да құжаттар енгізілді.[15]
- Амсетрдам шарты құрылтай құжаттарын жеңілдету процессін бастады. Осы жағдайда «жеңілдету» деп – Еуропалық қауымдастықтар туралы Шарттың ішінен ескірген, бүгінгі күні өз маңыздылығын жоғалтқан ережелерді алып тастау процессі тұспалданады (мысалы ортақ нарықты құру тәртібі туралы).
Сонымен қатар Еуропалық Одақ туралы және Еуропалық қауымдастықтар туралы шарттардағы баптардың нөмірленуі өзгертілді. Бірінші құжаттағы әріптік белгілер сандық белгілермен алмастырылып, А бабы 1-бап болып, В – 2-бап..., J.1. – 11 және т.с.с. өзгертілді. Ал Еуропалық қауымдастықтар туралы Шартта баптардың нөмірлену ретінің өзгертілуі өткен 40 жыл ішінде түзетулер ретінде енгізілген және сол себептен аралас етіп белгіленген баптарды алып тастау үшін жүргізілді. 189а, 109m, 130у баптары өзгерістен кейін сәйкесінше 251, 124 және 181 болып белгіленді.[16]
Енгізілген ережелердің жаңалықтарға толы болғанына қарамастан, Амстердам шарты жоғарыда аталған үш негізгі проблеманы толығымен шеше алған жоқ.[17]
2001 жылғы Ницца шарты. Үш маңызды мәселенің шешілмеуі Амстердам шарты күшіне енгеннен кейін жарты-ақ жыл өтісімен-ақ (1999ж 1-мамыр) 2000 жылдың ақпан айында Еуропалық Одақтың құрылтай құжаттарының келесі, бұрынғыдан да радикалды реформаны өткізу мақсатында мүше-мемлекеттер үкіметтерінің жаңа конференцияның шақырылуына себеп болды.
Аталмыш конференцияда Еуропалық Одақ туралы Шартты және барлық үш Еуропалық қауымдастықты ұйымдастыратын шарттарды өзгертетін құжаттың мәтіні Одақ елдерінің мемлекет/үкімет деңгейінде мақұлданады. Ол 2000 жылдың 11 желтоқсанында аяқталған болатын. Күшіне Ницца шарты 2003 жылдың 1 ақпанында енеді.
Ницца шарты Одақ пен қауымдастықтардың құрылтай актілерін өзгерту мен толықтыруға ғана бағытталған. Бұл шарттың наұты себебі мен мақсаты оның преамбуласында көрсетілген – «Еуропалық Одақ институттарын кеңейтілген Одақта қызмет етуге дайындауға бағытталған процессті аяғына дейін жеткізу».
Одаққа жаңа мүше-мемлекеттердің кіруі тек кандидат-елдерде ғана емес, Еуропалық Одақтың өзінде де белгілі бір реформалардың өткізілуін талап етті. Ол үшін Одақтың басқару органдарының тетігін қайта құру керек болатын, яғни оның құрылысы мен қызметінде мемлекет үсті (федеративтік) негіздерін нығайту.
Белгілі бір өзгерістерді мемлекет үсті институттардың құқықтық мәртебесі де талап етті. Сол мақсатпен Ницца шарты Комиссияның құрылу тәртібін өзгертіп, оның құрамының ең шекті санын белгіледі (қазіргі кезде 28 адам).
Депутаттардың шекті саны да өзгеріске ұшырады. Амстердам шарты аспанна алған 700 санның орнына Ницца шарты 752 санын бекітті.[18]
Ницца шартына дейін жұмыс істеген екі «еуропалық» сот онсыз да шамадан тыс көп істерді қарастыруға мәжбүр болғанды, ал Шығыс Еуропа елдері Одаққа қосылғаннан кейін бұл соттар өз жұмыстарын бұрынғы қалпында атқара алатыны шамалы болды. Осыны ескеріп, Ницца шарты еуропалық сот жүйесінің үшінші буынын – сот палаталарын енгізді.
Ницца шарты, Маастрихт пен Амстердам шарттары сияқты, заң шығарушы процессінің демократизациясын одан әрі жалғастырды. Сөз, заң жобалары мен өзге де шешімдерге мүше-мемлекеттердің вето құқығын қолдануға рұқсат етілген жағдайлардың санын одан әрі азайту турасында болып отыр.
Сонымен, 2001 жылғы Ницца шартын ЕО-ны алдағы тұрған кеңеюге өзара дайындау құралы ретірде қарастыруға болады.
Еуропалық Одақтың қазіргі кезде кеңеюі. 2003 жылғы қосылу туралы Шарт. Қосылу жөніндегі шартқа қол 2003 жылы 16 сәуірде қойылды. Ол Еуропалық Одақтың қазіргі кеңеюінің «алғашқы толқынын» рәсімдеді. Бұл шартқа сәйкес, Одаққа бірден 10 жаңа мемлекет қосылды: Чехия, Эстония, Кипр, Латвия, Венгрия, Мальта, Польша, Словения мен Словакия.
Ницца шарты өзінің ережелерінде Одақ кенеюінің «алғашқы толқынның» датасын белгілегенін ескерсек, 2003 жылғы қосылу жөніндегі Шарты Ницца шарты бастаған реформалардың қисынды жалғасы болып табылады деп айтуға болады.
Қосылу жөніндегі шарт 2004ж 1-мамырда оны барлық тараптар ратификациялағаннан кейін күшіне енді.
Бұл шарттың негізгі бөлімі, жалпы көлемі 2500 беттен сәл ғана аспайтын, - Еуропалық Одақ сүйенетін шарттарды қосып алу мен өзгертудің жағдайлары жөніндегі Акт болып табылады. Сонымен қатар бұл шартқа болып, 18 қосымша, 10 хаттама, Қорытынды акт, 44 декларация мен хаттамалармен алмасу да кіреді.
Актіге сәйкес жаңа мүше-мемлекеттер ЕО-Ң барлық құрылтай шарттарына қосылады және Одақ институттары, соның ішінде Еуропалық қауымдастықтардың Соты қабылдаған барлық актілердің өз аумақтарында күші бар деп таниды.
Жаңадан қабылданған мүше-мемлекеттер бұрынғы мүше-мемлекеттер құрған экономикалық және валюталық одаққа алып тастаулы мүше-мемлекеттер ретінде қатысады. Дәл сондай мәртебеге бүгін, еуро аймағына кірмейтін, Ұлыбритания, Дания мен Швеция ие.[19]
Актіде, сонымен қатар, жаңа мүше-мемлекеттердің кіруіне қатысты техникалық және қаржылық ережелер де бар.
Жаңа шарт еуропалық аймағының қазіргі саяси өмірдің ақиқаттарын бейнелейді, және оған қол қойған мемлекеттердің мүдделерін ғана емес, басқа да Еуропа елдерінің мүдделерін ескереді.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе мынаны басып айтқан жөн:
- Еуропалық Одақ бүгін 27 мүше-мемлекетті біріктіреді. Оларға: Бельгия, Дания, Германия, Грекия, Испания, Франция, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Австрия, Португалия, Финляндия, Швеция, Ұлыбритания, Чехия, Эстония, Кипр, Латвия, Литва, Венгрия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Болгария мен Румыния кіреді.
- Еуропалық Одақтың құрамына жақын арада Хорватия, Сербия және Түркия кіруді жоспарлап отыр.
- Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн Еуроодақтың мүшелері болып табылмайды, алайда осы елдердің Одақпен экономикалық байланыстары ерекше мықты болып келеді.
1.2. Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесі
Құқықтық доктринада Еуропалық Одақ пен оның құқықсубъектілігінің құқықтық табиғаты туралы анық та түсінікті де болатын тұжырымдама (концепция) әлі қалыптасқан жоқ. Р.Ваубель Одақты конфедерация ретінде қарастырады.[20] Кейбір авторлар өз жұмыстарында конфедерация ұғымын Еуропалық Одаққа қатысты әдейі бейімдеткісі келеді. Мысалы Н.А.Ушаков конфедерация және «мемлекетүсті» ұйымның ұғымдарын синонимдес сөздер ретінде қарастыра отырып, Еуропалық Одақты конфедерацияға жаткызып тастады.[21] Отандық заңгерлердің ішінен осы пікірді Ж.Ибрашев пен М.Галимова қуаттайды. Олар «адамзат баласына сонау ерте заманнан бері мемлекеттік саяси құрылысының тек үш нысаны ғана белгілі болды: унитарлы, федеративтік және конфедеративтік. Еуропалық Одаққа қатысты унитарлы нысан қолданыла алмайтындығы сөзсіз. Саяси құрылыстың тек федеративтік және конфедеративтік нысандары қалды. Сонда олардың екеуінің қайсысы Еуропалық Одаққа ең жақын болып келеді?, - деген сұрақ қояды да бұл сұраққа, - Еуропада өз тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өз құндылықтары, яғни өзіндік ұлттық ерекшелігі бар отыздан астам мемлекет орналасқан. Сол себептен Еуропа басынан бастап федеративтік негізде құрылды деп ойлау қисынсыз болар. Еуропа оған дайын емес. Олай болса, Еуропалық Одақ үшін саяси құрылыстың тек үшінші нысаны, яғни конфедерализм сай келеді» - деп жауап береді.[22] Өкінішке қарай мұндай көзқарастың нақты, ғылыми түрде негізделген дәлелдері жоқ. Еуропалық Одақтың конфедеративтік нысаны жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін белгілер көрсетілмеген, ал көрсетілген жағдайдың өзінде олар өте негізсіз әлі әлсіз болып келеді.
Басқа авторлар болса, Еуропалық Одақты оны халықаралық ұйымға ұқсататын белгілері бар ма, әлде жоқ па деген қырдан қарастырады,[23] сонымен қатар Одақты халықаралық ұйым ретінде мойындайды.[24]
Енді бір пікірге сәйкес, Еуропалық Одақ көптеген параметрлері бойынша мемлекетке жақындап қалды,[25] ал қазіргі уақытта оның федерализациясы жүзеге асырылып жатыр[26]. Бұндай ұстанымның жақтастары ішінде Еуропалық парламенттің депутаты Даниель Кон-Бендит те бар. Ол «Еуропалық Одақ қазіргі уақытта іс-жүзінде федерацияға айналды, өйткені қазірдің өзінде көпшілік дауыспен қабылданған еуропалық заңдар бар және олар өз күшінде жүреді. Еуропалық Одақпен салыстырғанда федеративтік жағынан неғұрлым ескілеу болып табылатын Швейцария мен АҚШ сияқты мемлекеттердегі сәйкесінше кантондар мен штаттар өз елдерінің ортақ федеративтік заңнамаларына ЕО-ның құрамына кіретін мемлекеттерге қарағанда азырақ бағынады.» дейді. Қазақстандық заңгерлердің арасында болашақ Еуропаны федерация түрінде елестейтін Ж.Н.Кембаевты атап өтуге болады. Оның пікірінше Маастрихт шартында федеративтік тұстар басымдыр-ақ болып келеді. Жалпыеуропалық валюта мен Одақ азаматтығының енгізілуі, ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатының тетігі, ал қазір тіпті жалпыеуропалық қарулы күштерін құру әрекеттері бұның бәрі федеративтік мемлекетті құрұға бағытталған қадамдар ретінде қарастырылуы тиіс. Жоғарыда аталған белгілердің барлығы халықаралық ұйымға емес, мемлекетке тән белгілер. Еуропалық Одақ федеративтік мемлекетті құрұға беталыс алғандығының дәлелі – Еуропалық парламент сияқты органның табысты қызмет етуі болып табылады. Ол ЕО-ның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен жалпыға бірдей және тіке сайлау арқылы сайланатын депутаттардан құрылады. Еуропарламенттің жалпыеуропалық сипаты оның депутаттарының фракциялар бойынша бөлінуі ұлттық белгі бойынша емес, партиялық белгі бойынша іске асырылатынынан көрініп тұр.[27] Айта кететін бір жәйт, Кембаевтың пікірінше, Одақ аумағындағы заңшығарушы билік түгелімен Еуропарламенттің қолында шоғырланғанда ғана Еуропалық Одақты қалыптасқан, нағыз федеративтік мемлекет ретінде қарастыруға болады.[28]
Ал Еуропалық Одақ өз дамуында федеративтік жолды таңдады деген пікірмен келіспейтіндер өз көзқарастарын келесідей екі делелменен негіздейді: 1) федерализм түсінігі Еуропалық Одақты құру туралы Шартта кездеспейді; 2) Еуроодақ Конституциясының орнына қабылданған (бірақ әлі барлық мүше-мемлекеттермен ратификацияланбаған) Лиссабон келісімінің «Одақ құрамынан біржақты шығуға рұқсат беретін» ережесі федеративтік мемлекеттің конституциясының ережесіне ұқсамайды.[29]
Алайда біз Еуропаны федерация демей тұрып, жоғарыда аталған екі дәлелді әлсіз деп санаймыз. Германияның негізгі заңында мемлекеттің федеративтік құрылысы туралы арнайы бөлімнің жоқтығына қарамастан,[30] Германия нағыз федерация екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Екінші дәлел де негізсіз болып табылады, өйткені ХХ ғасырдың ең мықты федерациялардың бірі болған КСРО-ның конституциясының өзінде «әрбір республика КСРО-дан емін-еркін шығуға құқылы» деген ереже болды.[31]
Біз жоғарыда келтірілген үш пікірдің үшеуімен де толық келіспей, сол бір уақытта оларды жоққа ды шығармай, ЕО-ның құқықтық табиғаты жайлы келесідей пікірді ұстанамыз. Еуропалық Одақ халықаралық ұйым мен мемлекеттің құқықтық табиғатынан ерекшеленетін құқықтық табиғатқа ие.
Еуропалық қауымдастықтар мен Еуропалық Одақ бірнеше мемлекет арасында жасасысқан шарттар негізінде құрылды. Алайда Еуропалық қауымдастықтар мен Еуропалық Одақты құру туралы шарттардың басқа халықаралық шарттардан, келісімдерден, конвенциялардан елеулі айырмашылыға бар.
Еуропалық Қауымдастықты ұйымдастыру туралы Шартқа (1957ж.) сәйкес, Қауымдастықты құрудың басты мақсаты – Қауымдастықтың әрбір мүше-мемлекетінде экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатқа жету болып табылады (прембула, 2-бап). Шарттың преамбуласында экономиканың үйлесімді дамуын және экономикалық пен әлеуметтік өрлеуді – экономика дамуындағы бірлік, әр түрлі аймақтар арасындағы экономикалық денгейінің алшақтылығының азаюы, басқаша айтқанда Қауымдастықа мүше болып табылатын мемлекеттердің бірігуі қамтамасыз етуі мүмкін деп айтылған. Мүше-мемлекеттердің бірігуі ортақ саясат пен ортақ іс-әрекетті жүргізуді талап етеді (Еуропалық Қауымдастықты ұйымдастыру туралы Шарттың 2-бабы).
Алайда кез келген халықаралық шарттың (келісімнің, конвенцияның) мақсаты оған қатынасатын мемлекеттердің әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылмайды ма?, - деген орынды сұрақ тууы мүмкін. Соған қоса, халықаралық шарттар әдеттегідей, шартпен реттелінетін кейбір мәселелер бойынша тараптардың үйлескен іс-әрекеттерді жүргізуді қажет етеді.
Сонымен бірге, кейбір халықаралық шарттарда сол шарттармен көзделген мақсаттарға жету үшін арнайы органдардың құрылуы қарастырылады (мысал ретінде БҰҰ-ның немесе Еуропа Кеңесінің органдарын алуға болады). Бірақ та бұл органдар шарттың қатынасушысы болып табылатын мемлекеттердің іс-әрекетінің жалпылама реттеуін ғана жүргізеді. Және мұндай органдардың шешімдері қөбінесе ұсыныс сипатында болады. Міндеттік сипатта, мысалы, Халықаралық соттың (БҰҰ-ның Жарғысына және Халықаралық Соттың Статусына сәйкес) нақты бір іс бойынша шығарған шешімдері, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша кейбір бұйрықтары бола алады. БҰҰ-ның, Еуропа Кеңесінің органдарының шешімдері жеке тұлғаларға қатысты емес, тиісті мемлекеттерге қатысты қабылданады (ал БҰҰ Жарғысын қарайтын болсақ, оны «халықтар» «тиісті өкілдер» арқылы құрған болытын).
Еуропалық Одақтың институттары тек мүше-мемлекеттерге ғана емес, сол мүше-мемлекеттердің аумақтарында орналасқан кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға (заңды тұлғаларға) және жеке тұлғаларға да қатысты түрлі биліктік өкімдерді шығара алады.
Одақтың міндетті болып табылатын биліктік өкімдерді шығаруға, халықаралық шарттарды жасасуға, мүше-мемлекеттер халықтарының атынан үшінші елдермен қарым-қатынастарда өкіл болуға құқылы екенін мойындай отырып, мүше-мемлекеттер Одаққа өздерінің мемлекеттік егемендігінің бір бөлігін тапсырды.
Сонымен, басқа халықаралық шарттар мен келісімдерге қарағанда, Еуропалық қауымдастықтар мен Еуропалық Одақты ұйымдастыру туралы шарттар келесідей айырықша белгілермен ерекшеленетін құқықтық режимді дүниеге әкелді:
- мүше-мемлекеттердің аумақтарында қоғамдық қатынастарды біркелкі реттеу мүмкіндігі;
- биліктік өкімдер шығарыла алатын мәселелердің ауқымдылығы;
- Одақты басқаратын аппараттың оқшаулылығы;
- мүше-мемлекеттер халықтарының мүдделерін үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда білдіру мүмкіндігі;
- жалпыодақтық бірыңғай валютаның жүруі;
- бірыңғай азаматтық;
Аталған белгілердің барлығы халықаралық ұйымға емес, мемлекетке тән белгілер болып табылады.
Құрылтай құжаттардың нормалары Еуропалық Одақтың аумақтық тұтастығына кепілдік береді. Қауымдастықтың ішінде адамдардың, қызмет көрсетулер мен капиталдардың еркін қозғалысына, тұрғылықты мекен-жай мен экономикалық іс-әрекеттің бостандығына кепілдік беріледі (Еуропалық қауымдастықтарды құру туралы Шарттың III бөлімі); Одақтың ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысына бақылау жасаудың барлық түрлерін жою қарастырылған және Қауымдастықтың сыртқы шекараларын үшінші елдер азаматтарымен өтудің ортақ талаптары бекітілген (Еуропалық қауымдастықты құру туралы Шарттың 62-бабы).
Одақтың бірыңғай экономикалық кеңістігін Еуропалық Қауымдастықты құру туралы Шарттың нормалары қамтамасыз етеді. Олар мүше-мемлекеттер арасында кедендік баждарға тиым салуды талап етіп, үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік тарифті (3-б., 23), мүше-мемлекеттер арасында импорт пен экспортқа қатысты сандық шектеулерге тиым салуды (3-б., 28, 29), ортақ сауда саясатын жүргізуді (3-б.), Одақтың ішкі нарығын құруды (3-б., 3-бөлімнің III тарауы) және т.б. бекітеді.
Шарттың 268-280 баптарына сәйкес Еуропалық Одақ ортақ бюджетті иеленеді.
Мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамалардың жақындасуын (ЕҚ-ны құру туралы Шарттың 3-б., 94) және Еуропалық парламентпен (192-б.), Кеңеспен (202-б.), Комиссиямен (211-б.) және басқа да институттар мен органдармен іске асырылатын міндетті құқықтық реттеуді талап ететін, – бірыңғай құқықтық жүйе Одақтың аумақтық және экономикалық тұтастығының кепілі болып табылады.
Шарттың 249-бабының негізінде аталған органдармен шығарылатын актілер міндетті болып табылады. Ал Шарттың 220, 230-243 баптарына сәйкес міндетті болып, Сот шешімдері де танылады.[32]
Біздің пікірімізше, Еуропалық Одақ мемлекет болмай тұрып, федеративтік белгілері бар құрылымға айналды. Бұндай пікір халықаралық нормаларымен расталады және құқықтық доктринада да кездеседі.[33] Мәселен Еуроодақ Одақ ішіндегі қатынастарды реттеу және үшінші елдермен қарым-қатынастарды сақтау бойынша өкілеттіктерді тек құрылтай құжаттарында нақты көосетілген мәселелер бойынша ғана жүзеге асыра алады. Барлық қалған өкілеттіктерді мүше-мемлекеттер өз беттерімен іске асырады. Бәлкім, осы орайда ЕО құрылысы мен мемлекет құрылысының федеративтік нысаны арасындағы ұқсатстықтарды атап көрсетуге болатын шығар. Себебі федеративтік мемлекетте, Еуропалық Одақта сияқты, тек федерация немесе федерация субъектілері деңгейінде реттеленуді талап ететін мәселелердің екі түрі бар.
Сөйтіп, бүгінгі таңда Еуропалық Одақтың табиғаты екілік сипатқа ие: бір жағынан ол түрлі мемлекеттердің үйлестірілген іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, демек ол (Одақ) халықаралық құрылым; екінші жағынан қарағанда, Одақтың көптеген ерекшеліктері оны федерацияға жақындатады, өйткені Еуропалық Одақ «мемлекеттік егемендіктің ең маңызды салалар бағытында қозғалады»[34], бұның бәрі, Одақтың ерекше құқықтық мәртебесі туралы, оны ерекше мемлекетаралық бірлестік ретінде тану туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Еуропалық Қауымдастықтар (Көмір мен болат еуропалық бірлестігі; Еуропалық экономикалық қауымдастық; Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастық) 1992 жылы құрылған Еуропалық Одақ үшін іргетас болды. Маастрихт шарты Еуропалық қауымдастықтар 1) ортақ сыртқы саясат пен ортақ қауіпсіздік саясатымен және 2) сот әділдігі мен ішкі істер ынтымақтастығымен бірге Еуроодақ тіректерінің бірі болып табылады деп бекітеді. Алайда ЕО-ның құқықсубъектілігі жөнінде ештеңе айтылмаған. Еуропалық Одаққа құқықсубъектілікті беру мәселесі мүше-мемлекеттер арасында талай рет талқыға салынды.[35] Еуроодақта өз құқықсубъектілігі жоқ деген көзқарас басым болды. 1996 жылдың өзінде Еуропарламент Еуропалық Одаққа құқықсубъектілікті беру туралы мәселені шешуге шақырған болатын.[36] Бұл сұрақтың талқылануы 1996 жылғы конференцияға дайындық кезінде өз жалғасын тапты. Конференцияның қорытындысы бойынша мүше-мемлекеттердің көбісі Одақ ортақ сыртқы саясат пен ортақ қауіпсіздік саясатына, әділдік пен ішкі істерге қатысты халықаралық шарттарды жасасуға құқылы болу үшін оған халықаралық құқықсубъектілікті берудің артықшылықтарын атап өтті. Алайда басқа мүше-мелекеттер Одаққа халықаралық құқықсубъектілігінің берілуі мемлекеттердің заңи дәргейлерімен (прерогативаларымен) жаңылысқа әкелуі мүмкін деп ойлады.[37] Осылайша бұл мәселені түсінудегі айырмашылық әлі күнге дейін ортақ ұстанымның жоқтығына әкеліп соқты.
Халықаралық құқық доктринасында көбісі Еуропалық Одақ құқықсубъектілікке ие деген пікірді мойындамайды. А.Я.Капустин мысалы, Еуропалық Одақ – бұл субаймақтық сипаттағы халықаралық ұйымның ерекше бір түрі дейді. Оның ойынша Еуропалық Одақ, оның құрамына кіретін қауымдастықтармен салыстырғанда, көптеген халықаралық ұйымдарға тән көлемде құқықсубъектілікке ие емес, бірақ-та оның, ерекше маңызды халықаралық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық құқықтық мүмкіншіліктері бар.[38] Осыған ұқсас пікірді Р.А.Каламкарян, Н.В.Равкин,[39] батысеуропалық зертеушілердің де біразы қуаттайды. Эверлинг мысалы халықаралық қатынастарда Одақтың атынан тек қауымдастық қана шығады, ал ішкі мақсаттары үшін Одақ Қауымдастықтың институттары мен құқықтық құралдарын алып пайдаланады.[40] Осындай пікірдің қалыптасуына Маастрихт шартында Еуропалық Одақтың құқықтық мәртебесін айқындайтын ережелердің жоқтығы себеп болды. Алайда халықаралық құрылымның құқықсубъектілігі туралы мәселе тек сәйкес ескертудің оның құрылтай құжатында болу болмау негізінде шешілмеуі керек деп ойлаймыз.
Доктринада басқа да көзқарас бар. Г.Ресстің пікірі бойынша осынау кең өкілеттіктері бар тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігін мойындамау қиын. Бұл Маастрихт шартының 8-бабында көрсетілген мәселелер бойынша өкілеттіктер, атап айтқанда – ортақ сыртқы саясат пен ортақ қауіпсіздік саясатындағы, ішкі істер және сот әділдігі саласындағы, сонымен қатар еуропалық азаматтық бойынша өкілеттіктер.[41]
Ал Топорнин болса, Маастрихт шарты Еуропалық Одақтың құқықсубъектілігі туралы ешнәрсе айтпаса да, сонда да оның белгілі бір құқықсубъектілігі бар екенін көрсетеді деп санайды. Маастрихт шартының 49-бабы Еуропалық Одаққа жаңа мүше-мемлекеттердің қосылу тәртібін белгілейді, ал оның құрамына кіретін мемлекеттер Одақ мүшелері деп аталады.[42] «Кез келген мемлекет шарттың 6-бабында көрсетілген қағидалармен жүретін болса, Одақтың мүшесі болу туралы өтінішін білдіре алады. Осыдан кейін мемлекет бұл өтінішін кеңеске жібереді. Кеңес, басым көпшілік дауыспен шешімдерді қабылдайтын Еуропарламенттің келісімін алып, Комиссиямен кеңес жүргізгеннен кейін ол мәселе бойынша шешім қабылдайды.» Осылайша Маастрихт шартының 49-бабы Еуропалық Одақ мүшелігіне қабылдау рәсімін және Еуропалық қауымдастықтарда олардың құрылтай құжаттарына қосылу арқылы Одақтың мүшесі ретінде қатысуды қарастырады. Маастрихт шартының бұл ережесі Еуропалық Одаққа құқықсубъектіліктің белгілі бір белгілерін береді. Мүшелікке қабылдау мәселесі бойынша қауымдастықтардың ұйымдық дербестігі мен халықаралық құқықсубъектілігі елеменеді (игнорируется). Сөз, әрбір қауымдастыққа жеке-жеке қабылдану немесе үш қауымдастықтың үшеуіне де біржола қосылу жайында болып тұрған жоқ. Керісінше, Еуропалық Одақтың мүшелігіне кіру арқылы үш бірдей қауымдастықтың да мүшесі болу жайында сөз болып отыр. Басқаша айтқанда, Шарт Одақ пен Қауымдастықтарда бірыңғай мүшелікті бекітеді. Маастрихт шартындағы көрсетілген өкілеттіктерге сүйене отырып, О.М.Олтеану 1992 жылғы Шарт Одақ құқықсубъектілігінің көлемін нақты ашып жатпайтындығына қарамастан, Еуропалық Одақ толыққынды халықаралыққұқықтық субъект болып табылады деген қорытындыға келеді.[43] Яғни de jure Еуропалық Одақтың халықаралық құқықсубъектілігі жоқ, бірақ тәжірибеде ол оны өте жиі пайдаланады, өйткені Одақ, оның құрамдас бөлігі болып табылатын қауымдастықтарға сүйене отырып, халықаралық құқықтар мен міндеттердің өте ірі көлемін шын мәнінде жүзеге асырып отыр.
Біздің ойымызша, Еуропалық Одақтың халықаралық құқықтағы құқықтық мәртебесі сондай ерекше, ол оның әлемдегі саяси мен экономикалық ықпалы соншалықты зор болғандықтан, бұл құрылымға қатысты қатып калған бір пікірді ұстану өте қиын. А.Я.Капустин Еуропалық Одақ халықаралық құқық субъектісі болмаса, онда оны халықаралық ұйымдар қатарына жатқызуға болар ма екен деген сұраққа теріс жауап береді. Еуроодақ пен ТМД-ны салыстыра отырып, ол былай деп жазады: «Біз бүгін халықаралық бірлестіктердің мүлдем жаңа түріне кез болып отырмыз. Бұл бірлестіктерді шүбәсіз халықаралық үкіметаралық ұйым деген сөздің ең кең мағынасымен сипаттауға болады.»[44] Кейін А.Я.Капустин Еуропалық Одақ құқық субъектілікке ие, алайда оның көлемі басқа халықаралық үкіметаралық ұйымдармен салыстырғанда (мысалы Еуропалық Қауымдастықтармен) әлдеқайда тар болып келеді. Бірақ та Еуропалық Одақ халықаралық аренада өзінің дербес орнын иелену үшін қажетті институциондық-құқықтық құралдарға ие және де ол халықаралық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы деген қорытындыға келеді.
Маастрихт шартының ережелеріне талдай жасай отырып,[45] Еуропалық Одақ – Еуропалық Қауымдастықтарсыз және олардан тыс жұмыс істейтін дербес құрылым болып табылмайды деген қорытындыға келуге болады. С.Ю.Кашкин айтқандай, Еуропалық Одақты құру туралы Шартқа қол қоюымен қауымдастықтар өз қызметін тоқтатпайды, тек «жаңа сапаға»[46] көшеді. Сәйкесінше Еуропалық Одақ та қауымдастықтардың жалғасы ретінде халықаралық құқықсубъектілікке ие болып табылады.
Еуропалық Одақтың институционалды құрылымы
2.1. Еуропалық Одақ институттар іс-әрекетінің құқықтық сипаттамасы
1992 жылы Еуропалық Одақ құрылғаннан кейін барлық қауымдастықтарда және жалпы Одақтың ішінде «бірыңғай институционалдық механизм» (ЕО туралы Шарттың 3-бабы) жұмыс істей бастады. Оның ұйымдық және функционалдық негіздері Еуропалық қауымдастық туралы Шартта бекітіледі. Еуропалық қауымдастықтың әрбір институты бір мезгілде Еуроатомның, және бүкіл Еуропалық Одақтың да институты болып табылады.
Еуропалық қауымдастықтарда басында төрт институт болатын, қазір олардың саны беске жетті: Еуропалық парламент, Кеңес, Комиссия, Сот және Есеп палатасы (ЕҚ туралы Шарттың 7-бабы).
Алайда құрылтай шарттарын көз жүгіртіп оқығанның өзінде, Одақтың ұйымдық механизмінде аталған «бестіктен» басқа, өзге де элементтердің аз емес екендігін аңғаруға болады: Еуропалық кеңес, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банкі, Агенттік (Еуратом шеңберінде), Саяси комитет (ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты шеңберінде), Еуропол (Одақтың үшінші «тірегі» шеңберінде) және т.б.
Ал Еуропалық қауымдастықтың нормативтік актілерімен танысқан кезде, олардың саны одан да көп екенін көреміз: Медициналық өнімдерді бағалау жөнінде еуропалық агенттігі, Жұмыспен қамту мәселелері жөнінде комитет, Білім беру мәселелері жөнінде комитет және т.б. Сонда осы аталған және басқа да «құрылымдар» Одақтың саяси және құқықтық жүйедегі қандай орында алады, оларды қандай терминмен атау керек?
ЕҚ туралы Шарт бұл «терминологиялық» тұрғыдан проблема ғана болып табылмайтын мәселені мүмкіндігінше аттап кетуге тырысады. Мәселен, институттардың тізімін бекітетін аталған 7-бапта «кеңесші мәртебеге» ие экономикалық пен әлеуметтік комитет және Аймақтар комитеті тарапынан солардың екеуіне (Кеңес пен Комиссияға) «көмек көрсету» туралы айтылған. Көптеген жағдайларда институттардың не мәртебесі, не мақсаты да көрсетілмейді: «Осымен Еуропалық инвестициялық банк құрылады, ал оған осы Шартпен және оған қосылған Статутпен жүктелген өкілеттіктер шеңберінде жұмыс істейді» (9-бап).
Алайда ЕҚ туралы Шартты зер салып оқығанда, оның «Омбудсманға, әрекеттер/әрекетсіздіктеріне шағым беріле алатын тұлғалар тобын» анықтайтын баптарының біреуінде: «институттар немесе органдар» жайлы айтылған (195-бап). Осы орайда сұрақ тууы мүмкін: «немесе» деген жалғаулық орында ма? Одақтың органы ретінде Омбудсман немесе Еуропалық әлеуметтік қоры танылса, онда Комиссияны орган ретінде неге қарастырмасқа?[47] Сірә, ЕҚ туралы Шарттың баптарын жеке-жеке оқып шығудың мәселенің шешілуіне әкеп соқпайтын шығар.
Ол заң ғылымының теоретикалық ережелерін ескере отырып, барлық құрылтай құжаттарын жүйелік түсіндіру арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. «Орган» термині бұл жағдайда тектік ұғым ретінде қолданылады, ал институттар болса оның түрлері болып табылады. Одақтың институттар саны бесеу болса, органдардың саны ондаған деп есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, әрбір институт Одақтың органы болып табылады, алайда әрбір орган институт бола бермейді.[48] Сонда институттарды Одақ органдарының ерекше санатына қосу қандай белгілер бойынша жүзеге асырылған, олардың Одақтың басқа органдарынан айырмашылығы неде?
Бұл сұраққа жауап ЕҚ туралы шартының институттарға арналған бабының алғашқы сөйлемінде жатыр: «Қауымдастыққа жүктелетін міндеттер оның институттарымен іске асырылады...»
«оның (Одақтың) мақсаттарына жету үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің жүйелілігі мен сабақтастығын қамтамасыз ететін бірыңғай институционалдық механизмге» қатысты Еуропалық Одақ туралы Шарттың ережесі де тап сондай мағынаны береді (3-бап).
Демек, Одақтың атынан оның мақсаттарына жету міндеті жүктелген және осы орайда мүше-мемлекеттерге, заңды және жеке тұлғаларға қатысты биліктік өкілеттіктерге тек Одақтың (және Қауымдастықтың) институттары ғана ие болып табылады.
Сонымен, «институт» деген ұғымға келесідей анықтаманы беруге болады. Институт – бұл Еуропалық Одақтың міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қатысатын, оның атынан және оның тапсырысы бойынша жұмыс істейтін, сәйкес құзырет пен құрылымға ие болатын, Одақтың құжаттары мен заңнамасымен бекітілген өкілеттіктері бар, іс-әрекеттің оған тән келетін түрлері мен тәсілдерін қолданатын Еуропалық Одақ аппаратының құрамдас және сол бір уақытта біршама жекеленген бөлімшесі болып табылады.[49]
Осы бөлімнің басты пәні Еуропалық Одақтың институттары болмақ.
Еуропалық парламент. Қауымдастықтар елдерінің ұлттық министрлерінен тұратын Кеңеспен қатар, 1951 жылғы КБЕБ туралы Париж шарты мен 1957 жылғы екі Рим шарты мүше-мемлекеттердің өкілдерінен тұратын тағы бір институт – Ассамблеяны құрған болатын. Ассамблея әрбір мүше-мемлекеттің заң шығарушы билік органдарымен сайланған өкілдерден тұратын, парламентарлық институт ретінде құрылған.
1958ж Еуропалық қауымдастықтардың бірыңғай Ассамблеясы өзін Парламенттік ассамблея, ал 1962ж – Еуропалық парламент деп жариялады.
Құрытай құжаттарына «Еуропалық парламент» деген термин 1986ж Бірыңғай еуропалық актімен енгізіледі және сол кезден бастап қауымдастықтардың және жалпы Одақтың өкілді институтының жалғыз ресми атауы болып табылады.
Еуропалық қауымдастықтардың ассамблеясы мемлекет үсті инситуттар жүйесінде басынан бастап өте қарапайым орынды иеленген болатын. ЕЭҚ туралы Шартта (138-б.). Ол «талқылау және бақылау жөнінен өкілеттіктерді» жүзеге асыратын орган ретінде сипатталады, ал оның заңнама саласындағы құқықтары Кеңес пен Комиссияға «кеңес берумен», яғни заң жобаларға қатысты міндетті болып табылмайтын қорытындыларды айтумен шектелген.
Алайда жағдай ХХ ғасырдың 70жж өзгере бастады. Осы кезден бастап, батыстық доктринасының терминімен айтсақ – Еуропарламенттің «эмансипациясы» басталады.[50] Оның серпіні орта ғасырларда және Жаңа заманда ұлттық парламенттермен болған процесске ұқсайды. Ең біріншіден Еуропалық парламент (әлі Ассамблея ретінде) Кеңеспен бірге бюджетті бекіту құқығына, яғни «әмиян билігіне» ие болды.
1979 жылдан бастап Ассамблея Қауымдастықтар азаматтарымен жалпыға бірдей тіке сайлау арқылы сайланатын болды, бұл оның ықпалы мен мәртебесін көтергені сөзсіз. 1986ж Бірыңғай еуропалық акті оның заң шығару саласындағы өкілеттіктерін кеңейтті, ал Еуропалық Одақ туралы Шарт Еуропарламентті Кеңеспен қатар заң шығарушы органға айналдырды.
Құрылтай құжаттарының әрбір келесі реформасы (1997ж. Амстердам шарты, 2001ж. Ницца шарты) Парламенттің заң шығарушы билігін кеңейтіп, ақыр соңында ол парламенттік республикалар мен монархиялардың өкілетті органдары сияқты ЕҚ «үкіметін» - Еуропалық Комиссияны бекітуге құқылы болды.
Еуропалық парламент өз отырыстарын Францияның Страсбург деген қаласында өткізеді.
Құрамы мен құрылу тәртібі. Еуропарламенттің депутаттары мүше-мемлекеттерде сайланады. Бірақ сонда да ЕҚ туралы Шарт Одақтың бүкіл аумағында барлық парламентарийлердің сайлауының «бірыңғай рәсімінің» немесе оның «жалпы қағидаларының» енгізілу мүмкіндігін жоққа шығармайды (190-б.).
«Еуропалық Одақтың халқы» деген ұғымның заңи мағынасы жоқ болғандықтан, Еуропарламенттің депутаттары Қауымдастыққа біріккен мемлекеттердің «халықтарының өкілдері» ретінде қарастырылады (189-б.) Түрлі мүше-мемлекеттерде сайланатын депутаттардың саны мемлекеттің халық санына байланысты, алайда ол осыған әрдайым сәйкес келе бермейді.
Еуропарламент депутаттарының жалпы саны бүгінгі таңда 785 адамды құрайды. 2009 жылғы сайлаудан кейін Парламенттің құрамы қайта ұйымдастырудың нәтижесінде 751 мүшеден тұрмақ.
Одақтың азаматтары өз мемлекеттерінде Еуропарламентке сайлауға және сайлануға қалай құқылы болса, өздерінің тұрғылықты мекен орны бар кез келген басқа мүше-мемлекеттерде де солай сайлауға және сайлануға құқылы.
Еуропарламенттің депутаттары еркін мандатқа ие. Олардың барлығы мүше-мемлекеттерде сайланғанымен «саяси топтарға» (фракцияларға) ұлттық белгі бойынша емес, партиялық белгі бойынша бірігеді.
Еуропарламенттің фракциялық құрылысы бүкіл Еуропалық Одақтың партиялық құрылысына әсер етеді. Бірігудің арқасында Еуропарламенттің ішінде ЕҚ мемлекеттерінің біртектес саяси партиялар мен ағымдардың интеграциялық процесстері пайда болып дамиды. Бұл процесс ЕҚ туралы шартта көрініс тапты. 191 бапта айтылғандай: «еуропалық деңгейдегі саяси партиялар Одақ ішіндегі интеграцияның маңызды факторы болып табылады. Олар еуропалық сананың қалыптасуына және Одақ азаматтарының саяси еркінің білдірілуіне жәрдемдеседі.»
Ішкі құрылысы. Ішкі құрылысы немесе құрылымы жағынан Еуропарламент әр түрлі мемлекеттердің сәйкес органдардың құрылымымен ұқсас болып келеді.
Басқару органдары мен лауазымды тұлғалар.
- Жасырын дауыс беру арқылы 2,5 жылға сайланатын парламент төрағасы Парламент пен оның органдарының барлық жұмысын реттейді, отырыстарды жүргізеді, Еуропарламент мүддесін халықаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында және Одақтың басқа да органдарымен қатынастарда білдіреді. Әдетте бұл лауазымға ең ірі фракциялар болып табылатын – социал-демократтар мен христиан демократтардың өкілдері тағайындалады.
- Төрағаның орынбасарлары да депутаттармен 2,5 жылға сайланады, олар төрағаның жеке өкілеттіктерін іске асырады.
- Квесторлар бюроның нұсқауларына сәйкес депутаттарға тікелей қатысы бар әкімшілік және қаржы мәселелері үшін жауапты.
- 27 депутаттан тұратын Еуропарламент бюросы және кеңесші дауысқа ие квесторлар, депутаттар мен Парламенттің ішкі құрылысына, оның хатшысы мен органдарына қатысы бар мәселелер бойынша ұйымдық және әкімшілік шешімдерді қабылдайды, атап айтқанда келмеген депутаттарға санкцияларды қолданады.
- Парламент төрағасы мен саяси топтардың – фракциялардың төрағаларынан тұратын «төрағалар конференциясы» ағымдағы қызметті жоспарлайды. Оның құзыретіне Одақтың басқа институттар мен органдарымен (соның ішінде ұлттық парламенттермен де), сондай-ақ шетел мемлекеттер мен олардың органдарымен қатынастарды қолдау сияқты мәселелері кіреді. Төрағалар конференциясымен мүше-мемлекеттер Комиссия Төрағасын бекіту жөнінде алдын ала консультациялар өткізеді.
Еуропалық парламенттің, сондай-ақ Одақтың өзге де институттарының қосымша органы ретінде Бас хатшылықты атап өтуге болады. Бас хатшылықта Еуропалық қауымдастырқтардың азаматтық қызметте тұратын атқамінерлер жұмыс істейді (шамамен 3500 тұрақты қызметкер және 600-дей уақытша).
Еуропалық парламент – біршама «қымбат емес» институт. Оның өзінің санауы бойынша Еуропарламенттің жұмысы Одақтың әрбір азаматына орта есеппен жылына 2,5 еуроға түседі.[51]
Еуропарламенттегі жұмыс және шешімдерді қабылдау тәртібі негізінен парламентаризмнің халықаралық тәжірибесіне сай келеді.
Еуропарламент сессиялық тәртіпте жұмыс істейді, алайда іс жүзінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оның жылдық сессиясы наурыздың екінші сейсенбісінде ашылады және 11 сессиялық кезеңдерге бөлінеді (әр ай сайын, тамыздан басқа). Еуропарламент, Комиссия және Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен, сондай-ақ «ерекше жағдайларда» төрағалар конференциясының келісімімен 1/3 депутаттың өтініші бойынша – төтенше сессиялар шықырылуы мүмкін. Пленарлық отырыстар, әдетте ай сайын өткізіледі (тамыздан басқа). Комитеттер болса, қажет болған жағдайда ғана жиналады.
Еуропарламент отырыстарындағы кворум депутаттардың тізімдік санынан 1/3-ін құрайды. Кейбір ерекше жағдайларда айрықша маңызды мәселелер үшін құрылтай шарттар шешім қабылдауының күрделенген тәртіпті бекітеді:
1) депутаттық корпустың басым көпшілігі (мысалы Одаққа жаңа мүше-мемлекеттердің кіруіне келісім берген кезде);
2) барлық депутаттардың басым көпшілігінің атынан берілген дауыстардың 3/5-і Кауымдастықтар бюджетінің жекелеген баптарын бекіту кезінде;
3) депутаттардың басым көпшілігі атынан берілген дауыстардың 2/3-і – Еуропалық Одақ туралы шартта бекітілген (7-бап) конституциялық құрылыстың жалпы принциптерін «елеулі және тұрақты бұзу» фактілері орын алатын мүше-мемлекетке қатысты санкция қолдану; Комиссияға сенімсіздік білдіру (201-бап).[52]
Өкілеттіктері. Бүгінгі еуропалық парламент іс-әрекеттің негізгі бағыттары ретінде егеменді мемлекеттердің аттас органдары жүзеге асыратын функцияларды атқарады: заң актілерін қарастыру және қабылдау (заң шығарушылық функция), бюджетті талқылау және бекіту (бюджеттік функция), Комиссия түріндегі атқарушы билікке саяси бақылау жүргізу (бақылау функциясы).
Алайда Еуропарламент өкілеттіктерінің нақты көлемі ұлттық парламенттердің өкілеттіктерінен дегенмен де кем болып табылады. Бұл әсіресе заң шығару саласында байқалады:
а) егеменді мемлекеттердің парламенттеріне қарағанда Еуропарламент нормативтік актілерді өз бетімен шығара алмайды, ол үшін оған Еуропалық Одақ Кеңесінің келісімі қажет;
ә) Еуропалық парламенттің заңнамалық өкілеттіктері қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында бірдей емес. Олар шарттың бабы нақты бір мәселеге қатысты алдын ала бекітетін заңнамалық рәсімінің түріне байланысты:
- егер шешімдерді бірлесіп қабылдау рәсімі белгіленсе, онда құжат бірлескен нормативтік акт ретінде Еуропарламент пен Кеңеспен қабылданады. Екі институттың екеуі де заң жобасына абсолютті вето құқығын қолдануы мүмкін;
- егер рәсімнің консультативтік түрі белгіленсе, онда құжатты Кеңес қабылдайды да, ал депутаттардың пікірі кеңесші сипатта болады.
Бюджет саласында Еуропарламенттің өкілеттіктері Еуропалық Одақтың ортақ бюджетін талқылау және қабылдаудан тұрады.
Еуропалық Парламент өзге де институттар мен органдарға белсенді түрде бақылау жүргізеді, әсіресе Комиссияға. Бұндай бақылаудың нәтижесінде сенімсіздік вотумы шығарылуы мүмкін, ол оның отставкаға кетуіне апарады.
Заңнамалық, бюджеттік және бақылау өкілеттіктерінен басқа Еуропарламент бірталай өзге дәргейлерге де ие, атап айтқанда:
- ЕҚ-ның шетел мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен аса маңызды халықаралық шарттарды жасауға өз келісімін береді;
- Еуропалық Одаққа жаңа мүше-мемлекеттердің кіруіне рұқсат береді;
- Одақтың бірталай институттар мен органдарды бекітеді немесе оларды құруға қатысады: Омбудсман, Комиссия, сонымен қатар Есеп палатасы мен Еуропалық орталық банкінің дирекциясы (кеңесші дауыс құқығымен);
- Еуропалық Одақтың ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатының дамуы жөнінде уақтылы ақпарат алу және осыған байланысты жарыссөздерді өткізу.
Еуропалық Одақтың Кеңесі. Құрамы және құрылу тәртібі. Еуропалық Одақтың Кеңесі – бұл мүше-мемлекеттердің атқарушы билігінің лауазымды адамдарынан тұратын (көбінесе министрлер деңгейінде) – «үкіметаралық» институт. «Кеңестің құрамына мүше-мемлекет үшін міндеттемелерді туғызуға уәкілетті болып табылатын әр мүше-мемлекеттен бір өкілден кіреді» (ЕҚ туралы шарт, 203-б.).
Еуропалық парламентке қарағанда Кеңестің мүшелері өз мемлекеттерінің мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды, сондай-ақ оларды жіберген органдардың нұсқауларымен байланысты болады.
Жоғарыда көрсетілген баптан түсінгеніміз, ЕҚ туралы шарт мүше-мемлекеттер Кеңестің отырыстарына қандай министрлерін жіберу керек екенің дәйектемейді. Бұл отырыстарда қоғамдық проблемалардың кең ауқымы бойынша шешімдер талқыланып және қабылданып жатқаннан, Кеңес әртүрлі құрамдарда жиналатын болды. Олар Кеңестің формациялары деп аталады.
Мысалы сот әділдігі және ішкі істер мәселелері жөніндегі Кеңес, құқық тәртібін қорғау және қылмыспен күрес саласында, сондай-ақ азаматтық сот ісі, визалық, көші-қон саясат және баспана беру салаларында нормативтік актілер мен өзге де қаулыларды қабылдайды.
Ал мүше-мемлекеттердің құзыретті министрлерінен тұратын Қоршаған ортаның мәселелері жөніндегі Кеңес ЕҚ-ның экологиялық саясат саласындағы шараларды қарастырып, оларды бекітеді.
Бүгінгі таңда Кеңес құрамында барлығы 9 формация жұмыс істейді. Олардың ішінде ортақ және сыртқы қатынастар жөніндегі Кеңестің рөлі ерекше маңызды болып табылады.
Құрылтай құжаттарымен тікелей қарастырылатын болса, аса маңызды жағдайларда Кеңес мемлекет пен үкіметтер басшылары құрамында шықырылады. Келешекте (Конституциялық жобаға сәйкес) бұл формация жойылуы тиіс.[53]
Сонымен, жоғарыдағы мәліметті талдай отырып, біз келесідей қорытындыға келеміз – Кеңес бұл Еуропалық Одақ институттарының ішінде нақты белгіленіп қойылған мүшелер құрамы және өкілдік ету мерзімі жоқ жалғыз институт. Кеңестің бұл «алуандылығы» әрине кейбір проблемаларды туғызуы мүмкін, бірақ негізінен Еуропалық Одақтың «үкіметаралық» институттың біліктілігі мен кәсіпқорлығын көтереді.
Кеңестегі төрағалық. ЕҚ туралы шартқа сәйкес Кеңестегі төрағалықты мүше-мемлекеттер жүзеге асырады. Олар оның барлық формациялары мен көмекші органдардың жұмысын өздерінің лауазымды тұлғалары арқылы басқарады.
Кеңес Төрағасының орны сайланбалы болып табылмайды. Мүше-мемлекеттер бұл лауазымға кезектесіп, ротация бойынша әрқайсысы 6 айдан ие болады. Қазір Кеңеске Словения төрағалық етеді, ал жақын арады оны Франция алмастырады.
Төрағалық етуші мемлекет Еуропалық Одақ Кеңесінің жұмысын тек реттеп қана қоймай, жалпысаяси сипаттағы маңызды өкілеттіктерге де ие болады.
ЕҚ туралы шартқа сәйкес төрағалық етуші мемлекет ортақ сыртқы саятат пен қауіпсіздік саясат мәселелері бойынша Одақтың жоғары өкілі болып табылады, халықаралық келіссөздерді жүргізеді және жалпы бұл ұйымның атынан ресми мәлімдемелерді жасайды. Сол себептен Кеңесте төрағалық ету мүше-мемлекеттер үшін аса беделді қызмет болып табылады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарда төрағалық етуші мемлекетті тіпті Еуропалық Одақтың Президенті деп те атайды.
Келешекте, Реформалар туралы шарт барлық мүше-мемлекеттермен ратификацияланса, қазіргі төрағалық ету жүйесі өз күшінде калады, алайда елеулі бір өзгеріс енгізіледі: айтарлықтай үлкен жүйелілік пен сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Кеңестегі төрағалықты ұжымдық сипатқа көшіруді жоспарлап отыр (1,5 жылдық мерзімге шығыр). Төрағалық етудің өзгертілген үлгісі қазір жұмыс істегенде, онда 2008 жылдың 1-шілдесінен бастап 2009 жылдың 31-желтоқсанына дейін Кеңестің «ұжымдық төрағасы» болып Франция, Чехия және Швеция болушы еді.
Функциялары мен өкілеттіктері. Кеңестің мүшелері мүше-мемлекеттердің атқарушы билігінің өкілдері болып табылатынына қарамастан, Еуропалық Одақтың бұл институты ең алдымен жалпы құқық бойынша заң шығарушы функциясын атқарады.[54] Қазіргі уақытта Кеңес заң шығару функциясын Парламентпен бөлісіп отыр. Алайда соңғысына қарағанда Кеңестің заң жобаларға деген вето құқығы ылғи да абсолюттік сипатта болады.
Заң жобалары консультациялық рәсім негізінде шығарылатын салаларда, тіпті Еуропарламент тарапынан мүмкін бола алатын қарсылықтарға қарамастан, құжаттарды соңғы редакцияда Кеңес қабылдайды. Мұндай құжаттар Еуропалық Одақ Кеңесінің жеке актілері ретінде рәсімделеді: Кеңестің регламенті, Кеңестің жиектеме шешімі және т.б.
Кеңес Еуропалық Одақ бюджетін Еуропарламентпен бірге қабылдап, сонымен қатар соңғысының кейбір органдарының автономиялық бюджеттерін бекітіп, бюджеттік функцияны атқарады (мысалы Еуропол бюджетін).
Заң шығарушы және бюджеттік функциялармен қатар, ЕО-ның Кеңесі саясат пен координацияны белгілеу функцияларын атқарады (Конституцияда олар солай аталады). Оларға мыналар жатады:
- барлық мүше-мемлекеттерге арналатын жыл сайынғы «экономикалық саясаттың кең бағдарларын» қабылдау;
- Еуропалық Одақтың үшінші және екінші тірек шеңберінде барлық шараларды бекіту;
- Еуропалық қауымдастықтар мен Одақтың үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен келісімдерді жасау.
Кеңестің өзге де өкілеттіктері ішінен Еуропалық Одақтың институттары мен органдарында көптеген лауазымдарға өз бетімен немесе Еуропарламенттің келісімімен тағайындауды (Еуропалық Комиссияның Төрағасы мен мүшелері; Есеп палатасының, Экономикалық пен әлеуметтік комитетінің мүшелері эәне т.б.), сондай-ақ құрылтай билік саласындағы жекелеген құқықтарын атап кетуге болады. Еуропалық Одақтың құрылтай құжаттарын қайта қарастыру жөніндегі конференцияны Кеңес шақырады және өз бетімен олардың кейбір баптарына түзетулерді мүше-мемлекеттердің ратификациялауынсыз енгізе алады.
Жұмысты ұйымдастыру және шешімдерді қабылдау. Еуропалық Одақтың Кеңесі Еуропарламент сияқты сессиялық тәртіпте жұмыс істейді. Алайда оның мүшелері мүше-мемлекеттер үкіметтерінің министрлері болғандықтан, оның сессиялары ұзаққа созыла алмайды. Бір жыл ішінде Кеңестің әртүрлі формацияларында орта есеппен 100 сессия өткізіледі, әрбір сессия әдетте бір күнге созылады (кейде екі күнге де созылуы мүмкін).
Кеңес отырыстарындағы кворум оның тізімдік құрамынан көпшілікті құрайды (яғни 27-ден 14-і), сонымен қатар Кеңестің бір мүшесі өзінің дауыс беру құқығын басқа мүшеге беруі мүмкін.
Кеңестің шешімдерді қабылдаудың негізгі тәсілі бірауыздылық пен айқын көпшілік болып табылады; нақты қай жағдайда қай тәсілді қолдану керек екенін құрылтай шарттарының уәкілді баптары анықтайды. Мысалы «кәсіпорындарға мемлекеттік көмек көрсету мәселелерін реттеу мақсатында Кеңес жеке өзі қаулы етіп, кез келген регламентті қабылдай алады» (ЕҚ туралы шарт, 89-б.); «ортақ кеден тарифының баждары айқын көпшілікпен қаулы ететін Кеңеспен бекітіледі» (ЕҚ туралы шарт, 26-б.).
Кеңестегі бірауыздылық шешімнің жобасы оның барлық мүшелерінен қолдауға ие болатынын талап етеді. Сонда да дауыс беру өткізілмейді: құжат, қатысып отырған министрлердің ешқайсысы қарсы шықпаса, қабылданды деп есептеледі. Сөйтіп, іс жүзінде бірауыздылықтың орнына Кеңесте консенсус қолданылады.[55]
Бірауыздылық принципі (de facto консенсус) мүше-мемлекеттерге өздерінің министрлері арқылы жобаларға вето құқығын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, шешімдерді қабылдаудың бүл түрі бірте-бірте айқын көпшілік принципімен ауыстырылып жатыр.
Айқын көпшілік бойынша дауыс берген кезде, әр түрлі мемлекеттердің өкілдері болып табылатын Кеңестің мүшелері бірдей дауыс санына ие болмайды. Дауыстар, халықтың санына, территорияның аумағына және өзге де маңызды факторларға сәйкес «өлшенеді», шешім қабылдау үшін қажет болып табылатын Кеңестің әрбір мүшесінің жеке «салмағы» және дауыстардың жалпы саны ЕҚ туралы шартта бекітіледі – «өлшенген дауыс беру».[56]
Айқын көпшілікпен қабылданған Кеңестің шешімі Одақтың жалпы санының 62%-на сүйенуі керек. Кеңестің кез келген мүшесі, айқын көпшілікті құрайтын мүше-мемлекеттер Одақтың жалпы халық санының 62%-на сүйеніп отырғанын растауды талап ете алады. Бұл шарт сақталмаса анық сақталмаса, шешім қабылданбаған болып есептеледі.
Бірауыздылық (консенсус) пен айқын көпшіліктен басқа Кеңес шешімдерді қабылдау үшін жай көпшілікті де қолданады. Ол негізінен рәсімдік шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады.
Кеңес жұмысының тұрақсыз сипатын ескере отырып, бұл институттың қызметінде көмекші органдардың рөлі ерекше зор. Олардың ең маңыздысы – тұрақты өкілдердің Комитеті, немесе Сoreper. Оның құрамына мүше-мемлекеттердің Еуропалық Одақ жанындағы ресми өкілдіктердің басшылары (елші деңгейінде) немесе олардың орынбасарлары кіреді.
Coreper Кеңестің бекітілуіне ұсынылатын жобаларды алдын ала қарастырады және мүше-мемлекеттердің өкілдері арасында келісімге келуге тырысады. Егер консенсуске қол жеткізілген болса, онда Кеңес Coreper-де келісілген мәтінді әдетте бірден қабылдайды. Осылай 75-80% жағдайларда болады, яғни Сoreper өзінің қызметімен Кеңестің жұмысын жеңілдетеді.[57]
Coreper-мен қатар Кеңестің құрылымында бірталай арнайы комитеттер де бар (ауылшаруашылық бойынша, саясат пен қауіпсіздік мәселелері бойынша және т.б.). Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтары құрылады, олардың саны 250-300 шамасында болады.[58]
Бас хатшылық, басында 30 адамнан тұрған, ал қазір 3000-ға жуық қызметкері бар ол – консультативтік, көмекші және «техникалық» функцияларды жүзеге асырады, атап айтқанда Кеңес қызметінің «құқықтық жағын» қамтамасыз етеді. Ол үшін оның құрылымында жеке заңдық қызмет бар. Бас хатшылықтың басшысы 1999 жылдан бастап екі лауазым бойынша қатар жұмыс істейді: Кеңестің бас хатшысы – ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша Еуропалық Одақтың Жоғары өкілі (қысқашасы: Бас хатшы – Жоғары өкіл). Жоғары өкіл ретінде бұл лауазымды тұлға Кеңестің Төрағасына Еуропалық Одақтың сыртқы саяси функцияларын атқаруға көмектеседі.
Еуропалық Комиссия. Құрамы мен құрылу тәртібі.
Еуропалық Комиссия - өзінің құрамы мен құрылу тәртібі бойынша ұлттық үкіметтерге ұқсас болып келетін институт. Ол 27 адамнан тұрады: Төраға және 26 комиссар. Олар басқарудың белгілі бір саласы үшін жауапты болып табылады (сыртқы қатынастар бойынша комиссар, сот әділдігі мен ішкі істер мәселелері бойынша комиссар және т.б.).
Комиссияның Төрағасы және оның комиссарлары Еуропалық Одақтың азаматтары болуы тиіс және әр мүше-мемлекеттен тек бір азамат қана тағайындалады.
Ұлттық квоталардың болуына қарамастан. Төраға және комиссарлар, Кеңестің мүшелеріне қарағанда өз мемлекеттерінің нұсқауларымен байланысты емес және тек Қауымдастық пен жалпы Одақ мүддесі үшін қызмет атқаруға міндетті. Комиссарлардың тәуелсіздігі оларды бұл лауазымға тағайындаудың ең маңызды шарты болып табылады. Оларға тіпті өздерінің туған елдерінен нұсқауларды алуға немесе оларды сұратуға тиым салынады.
Комиссия мүшелері, егер олар тиісті талаптарға сай келмейтін болса немесе елеулі теріс қылықты жасап қалса, өз лауазымдарынан тек Еуропалық қауымдастықтардың Сотының шешімімен ғана босатыла алады. Төрағаның талабы бойынша жекелеген комиссарлар мәжбүрлі түрде отставкаға кетуі мүмкін (егер Комиссия мүшелерінің көпшілігі бұл талапты қолдаса).
Бүкіл Комиссияны отставкаға оған сенімсіздік вотумын білдіру арқылы тек Еуропалық парламент қана жібере алады, соның өзінде күрделенген тәртіп бойынша (депутаттық корпустың басым көпшілігі және берілген дауыстардың 2/3-і). Тәжірибе жүзінде мұндай жағдайлар кездескен емес.
Комиссия Еуропарламент пен Еуропалық Одақтың Кеңесімен бес жылдық мерзімге құрылады: Комиссия мүшелерін Кеңес тағайындайды (айқын көпшілік арқылы), ал Комиссияны «сенім вотумы» түрінде бекітетін – Еуропарламент (жай көпшілік арқылы).
Комиссияның Төрағасы, басқа комиссарлардан бөлек, бірінші болып тағайындалады және дәл солай бөлек болып Еуропарламентпен бекітіледі.
Функциялары мен өкілеттіктері. Саяси лексиконда Комиссия «басты атқарушы орган» немесе тіпті «еуропалық үкімет» ретінде жиі сипатталады. Комиссияның өкілеттіктері, мемлекеттер үкіметтерінің өкілеттіктері сияқты, екі негізгі қайнар көзден шығады – тікелей конституциядан (құрылтай шарттарынан) және Кеңес пен Еуропарламент шығаратын заң актілерінің мәтіндерінен (туынды өкілеттіктер).
Батыс доктринасында Комиссия қызметінің негізгі бағыттарын үш функцияға топтастыру қалыптасқан:
- сақтау функциясы, яғни құрылтай шарттардың, институттардың құқықтық актілерінің және Еуропалық Одақтың өзге де құқық негіздерінің мүше-мемлекеттермен, жеке және заңды тұлғалармен сақталуын қамтамасыз ету.
Бұл функцияның шеңберінде ең басты өкілеттік – бұл мүше-мемлекеттердің құқыққа қайшы іс-әрекеттерін/іс-әрекетсіздіктерін тексеру және оларды Еуропалық қауымдастықтар Сотының алдында жауапкершілікке тарту. Комиссияның мүше-мемлекеттерді өз бетімен жазалаудың құқығы жоқ. Оның мұндай өкілеттігі Еуропалық Қауымдастықтың құқықтық актілерге (регламенттермен) сәйкес кәсіпорындарға қатысты бар. Мұндағы «кәсіпорын» деген ұғым ЕҚ-ның ішкі нарығында шаруалылық іс-әрекетті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды қамтиды.
Комиссияға кәсіпорындарға айыппұл салу құқығын беретін регламенттер Қауымдастық заңнамасының бірқатар салаларында шығарылған болатын.
Сан миллиондаған айыппұлдарды (кәсіпорынның жылдық айналымының 10%-на дейін) Комиссия ЕҚ-ның бәсекелестік ережелерін бұзатын ірі компанияларға салуы мүмкін.[59]
ЕҚ-ның заңнамасы Комиссияға белгілі бір әрекеттерді бұйыртуына немесе керісінше оларға тиым салуына құқық беруі мүмкін. Мысалы өзінің шешімдері арқылы ол мүше-мемлекеттерге тұтынушыларға қауіп төндіретін кез келген тауардың өтіміне тиым салуға немесе бұл тауарды нарықтан алып тастауға құқылы (Еуропалық парламент пен Кеңестің «өнімнің жалпы қауіпсіздік шарттары туралы» директивасы, 03.12.2001)
- бастамалы функциясы (инициативная функция), яғни Еуропалық Одақ деңгейінде қабылдануға жататын жаңа нормативтік актілерді және өзге де шараларды дайындау.
Комиссия регламент жобаларын, директиваларды және өзге де құқықтық актілерді Кеңес пен Еуропарламентке енгізуге Одақтың барлық үш тірегі шеңберінде құқылы. Алайда, Одақ заңнамасының ең ірі бөлігі шығарылатын – Еуропалық қауымдастық шеңберінде, аталған құқық ерекше (монопольді) сипатқа ие. Басқаша айтқанда, ЕҚ шеңберінде заң шығарушы институттар – Еуропарламент пен Кеңес – шешімдерді өз ынтасымен емес, тек Комиссияның ұсынысымен ғана қабылдай алады. Соған қоса, Комиссия кез келген уақытта енгізілген ұсынысты өзгертуге немесе оны кері шақырып алуға құқылы.
Бастамалы функция шеңберінде Комиссияның басқа да маңызды өкілеттігі – бұл Еуропалық Одақ бюджетінің жобасын дайындау және ЕҚ мен Еуратом құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет елдермен және халықаралық ұйымдармен келіссөз жүргізу;
- атқарушы функция. Комиссия құрылтай шарттардың бұйрықтарын және Одақтың өзге де құқық негіздерін өз бетімен жүзеге асырады.
Бұл салада негізгі өкілеттіктерге ең алдымен – тапсырылаған заңнаманы шығару (издание делегированного законодательства) және регламенттерді, директиваларды, Еуропалық парламент пен Кеңестің шешімдерін, «орындау бойынша өзге де шараларды» қабылдау, ЕО бюджетін орындау, Қауымдастықтың құрылымдық қорларын басқару.[60]
Жұмыс жасау және шешімдерді қабылдау тәртібі. Комиссия – бұл тұрақты жұмыс істейтін институт. Ол жылына орта есеппен он мыңдай шешім қабылдайды.
Сол себептен Комиссияда комиссарлар арасында міндеттерді («портфельдерді») бөлу принципі жүзеге асырылады. Комиссияны жалпылама басқару Төрағаға жүктелген. Ол комиссарлар арасынан өзіне орынбасарларды (вице-төрағаларды) тағайындауға құқылы.
Комиссияның салалық бөлімшелері (ведомстволар) ретінде DG деген аббревиатурамен және рим цифрмен белгіленетін бас директораттар (немесе бас дирекциялар) шығады. Мысалы: DG II «Экономика мен қаржы мәселелері», DG VI «Ауыл шаруашылық» және т.б. Бас директораттың басшысы бас директор болып табылады. Ол өз кезегінде басқарудың тиісті саласы үшін жауап беретін комиссарға бағынады.
Бас директораттардан басқа Комиссияның құрылымында мамандандырылған қызметер (Аудармалар қызметі, Заң қызметі және т.б.) және Бас хатшылық бар.
Комиссия жұмысының көптігі онда жұмыс істейтін персоналдың да көптігін талап етеді (25 мың қызметкер шамасында). Және шешімдерді қабылдау өкілеттіктерін жекелеген комиссарларға немесе бас директорлаға тапсыруына себеп болып отыр.
Мысалы 2003 жылдың бірінші жартысында Комиссия алқалық тәртіпте өз шешімдерінің 1/3-ін бекітті, солардың тек 2,3% отырыстарда қабылданды, басқалары – жазбаша рәсім арқылы (29,2 %). Комиссия атынан қалған шешімдер комиссарлармен (27,1%) немесе бас директорлармен (41,4%) қабылданған болатын.[61]
ЕҚ соты. Жоғарыда қарастырылған «саяси» институттармен қатар, әуелі КБЕБ-тің, ал кейін ЕЭҚ пен Еуратомның құрылтай шарттары, өзінің міндетті құзыреті шеңберінде, соның ішінде азаматтардың талап арыздары бойынша, ЕҚ туралы шарттың (220-б.) түсіндірілуі және қолданылуы кезінде құқықтың сақталуын қамтамасыз етуге арналған, сот билігінің органы болып табылатын – Сотты (Еуропалық қауымдастықтар соты, Еуропалық сот) құрды.
Қауымдастықтар және оның құқықтық жүйесінің дамуында Соттың рөлі өте жоғары бағаланады. Бұл институтсыз Қауымдастық және жалпы оның құқығы қазіргідей дамыған және демократиялық болмаушы еді, оның беделі мен құзыреті де бүгінгі күннің деңгейіне жете алмас еді.
Сот, Одақ халықтары өмірінің барлық салаларында интеграциялық процесстердің ең басты «қозғаушы күші» болып қалып отыр.
Сот Люксембургте орналасады.
Құрамы мен құрылу тәртібі. Соттың құрамы екі түрлі мүшелерден құрылады. Біріншісі – судьялар; екіншісі – бас қорғаушылар. Соңғылары ерекше міндеттерге ие: олар істің мән-жайын анықтау мақсатында өздерінің тәуелсіз тергеулерін жүргізіп, өз қорытындыларын сот отырысының соңғы кезеңінде көрсетеді. Осылайша олар істің шешілуінде Сотқа жәрдемдеседі (ЕҚ туралы шарт, 222-б.). Барлығы оның құрамында 27 судья және 8 бас қорғаушы.
Судьялар мен бас қорғаушылар, тәуелсіздігі күмән туғызбайтын, өз мемлекеттерінде жоғары сот лауазымдарына тағайындыла алатындай біліктілігі бар немесе біліктілігі көпшілікпен танылған кеңесші заңгер болып табылатын тұлғалардан сайланады.
Сотта әбір мүше-мемлекетте «өзінің» азаматы болады. Ал бас қорғаушылар корпусына келсек, олар дәстүрлі түрде бес ең ірі мүше-мемлекеттердің азаматтарынан тағайындалған болатын. 1995 жылы Одаққа жаңадан үш мүше кіргеннен кейін, ЕҚ-ның бес ең ірі мемлекеттен (атап айтқанда: Ұлыбритания, Испания, Италия, Франция, ГФР) – бес тұрақты қорғаушыдан қалдырып, ал қалған үш қорғаушының орындарын кезектесіп, әліпбилік тәртіппен Одақтың өзге мемлекеттеріне беруді ұйғарды.[62]
Біздің ойымызша бұл жүйе бүгінгі күнде шамалы ескірген болар. Сегіз бас қорғаушының орындары сегізі де ротациялық түрде Одақтың барлық мүше-мемлекеттеріне беріліп отырса, бұл Еуропалық Одақ жария еткен «мүше-мемлекеттердің теңдігі» қағидасына жақыныр-ақ болушы еді.
Сот мүшелерінің тәуелсіздігін оларды тағайындаған үкіметтерінен қамтамасыз ету мақсатында ЕҚ Сотының Жарғысы келесідей кепілдіктерді бекітеді:
- Судьялар мен бас қорғаушылардың ауыспаушылығы.
- Лауазымдардың үйлеспеушілігі, яғни «кез келген» саяси немесе әкімшілік лауазымдарына орналасу немесе «өзге де ақылы не ақысыз жұмыстарға» шығуға тиым салынады (оқытушылық қызметпен айнасысуға болады).
- Судьялық иммунитет, соның ішінде қылмыстық қудалаудан иммунитет. Өз міндеттерін атқаруымен байланысты іс-әрекеттерге, сондай-ақ ауызша және жазбаша мәлімдемелерге қатысты, соңғысы судьяның немесе бас қорғаушының өкілеттіктер мерзімі бітсе де сақталады.
Еуропалық Соттың өкілеттік ету мерзімі – 6 жыл. Алайда қайтадан сайлануға тиым жоқ болғандықтан, оның көптеген мүшелері өз лауазымдарында 10, тіпті 20 жылдан астам мерзімге қала береді.
Сот құрамының жаңартылуы жартылай сипатқа ие және әрбір 3 жыл сайын жүзеге асырылады.
Ішкі құрылымы. Соттың ішкі құрылымы 4 негізгі элементтен тұрады:
- Төраға. Еуропалық қауымдастықтар Сотының жоғары лауазымды тұлғасы – Төраға болып табылады. Оны судьялар өз құрамынан 3 жылға сайлайды. Төраға Сот пен оның аппаратын басқарып тұрады, пленарлық отырыстарды шақырады және оларда төрағалық етеді, Соттың палаталары арасында істерді бөліп береді, іс бойынша өндірісті тоқтата тұра алады. Соттың жұмыс істеуімен байланысты әкімшілік және техникалық мәселелердің шешілуі де оның өкілеттіктеріне жатады. Төрағаның ең маңызды дәргейлердің бірі – бұл талапкердің бастамасы бойынша ЕҚ институттарының нормативтік және жеке актілердің, соның ішінде санкциялар туралы шешімдердің іске асырылуын тоқтата тұру.
- Бірінші бас қозғаушы. Сот (оның толық құрамында) бас қорғаушылар ішінен бір жылдық мерзімге – Бірінші бас қорғаушыны тағайындайды. Бұл лауазымды тұлғаның негізгі міндеті – келіп түсетін істерді бас қорғаушылар корпусының мүшелері арасында бөліп беру.
- Пленум және палаталар. Келіп түсетін істерді тез шешу үшін Сот шеңберінде құрылымдық бөлімшелер – палаталар құрылады. Аса маңызды істер Сотпен пленарлық отырыстарда шешіледі.
- Соттың өз хатшысы мен аппараты бар.
Істерді қарау және шешу рәсімі. Құқық қорғаушы және сот әділдігін жүргізуші ретінде Еуропалық Сот оған келіп түсетін барлық істерді қарастырып және олар бойынша шешімдерді процессуалды жолмен қабылдайды. Еуропалық Сотта істердің процессуалды жолмен қарастырылуы және шешілуінің негізгі белгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- Процесстің барлық кезендерінде соттың мәселелерді шешудегі белсенді рөлі.
- Процесстің екі негізгі кезеңнен тұруы – жазбаша және ауызша сот ісін жүргізу.
- Істің мәліметін тексеру, айғақтарды алу және оларды талдау, соның ішінде куәларды сұрау. Бұл жұмыс баяндамашы-судьяға тапсырылады.
- Іс мән-жайларының қатар зерттелуі. Ол бас қорғаушылардың бірімен жүзеге асырылады. Бас қорғаушылар Соттың мүшелері болғанымен, бұл орган құрамында ерекше функцияларды атқаратынын біз жоғарыда атап өттік. Мұндағы «қорғаушы» (адвокат) деген сөз адастырмауы керек – бас қорғаушы тәуелсіз, ол біреудің өкілі болып табылмайды. Оның басты міндеті: «өз жұмысын тәуелсіз және алалықсыз атқарып, Сот қарауына жіберілген іс бойынша негізделген қорытындыны ұсыну» (222 –б.).
Алайда Сот бас қорғаушының қорытындысына тәуелді емес, ол Сот үшін тек ұсыныс сипатында ғана болады.
- Кеңесу бөлмесінің құпиясы. «Соттағы талқылау мұнан былай құпия болып қала беруі керек» (Статут,35-б.). Ал әрбір судья, лауазымына кіріскен кезде беретін антта «Сот кеңестерінің құпиясын сақтауға» уәде береді (Статут, 1-б.). Бұл талаптың бұзылуы оны лауазымынан түсіруге негіздердің бірі болып табылады.
Нәтижесінде біз, Соттың шешімі қандай болса да (толық құрамында немесе палатада), нақты судьяның не ұсынғанын және қалай дауыс бергенін біле алмаймыз. Шешімге, қатысушы судьялардың барлығы, олардың іске қатысты ұстанымдарына қарамастан, қол қояды.
- Процесстің тілін таңдау. Кауымдастықтар және Одақ полиэтникалық құрылымдар болып табылатындықтан, Еуропалық Сотта істер кез келген 23 ресми тілдің біреуінде қаралуы мүмкін. Процесс тілін таңдау – талапкердің құқығы, алайда жауапкер ретінде ЕҚ елдерінің біреуі болса, онда іс сол елдің ресми тілінде қаралуы тиіс. Соттың жұмыс тілі ретінде Француз тілі таңдалды.
Құзыреті. Соттың құзыреті міндетті сипатта болады: мүше-мемлекеттер болсын, өзге де субъектілер болсын, Сотта істің қаралуына бөгет жасауға немесе Соттың шешімін орындамауға құқылы емес. ЕҚ туралы шартқа сәйкес Соттың құзыретіне жататын істердің категориялары:
- Мүше-мелекеттерге Комиссияның талап-арыздары бойынша істер. Егер Комиссия белгілі бір мемлекеттің ЕҚ-ның мүшелігінен туындайтын міндеттерін бұзатын болса, ол сол мемлекетке Еуропалық сотқа арыз бере алады.
- Қауымдастықтың органдары мен лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым беру туралы талап арыздар. Олардың өздері төрт түрге бөлінеді.
- «жою туралы» талап-арыздар. Сот Кеңеспен бірге қабылданған Еуропалық парламенттің актілерінің, Кеңестің, Комиссияның және Еуропалық орталық банкінің актілерінің, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты заңды салдардың жасалуына бағытталған Еуропарламенттің актілерінің заңдылығына бақылау жүргізеді.
- «әрекетсіздіктен талап-арыздар». «Егер Еуропалық парламент, Кеңес немесе комиссия бұл Шарт бұзылатындай етіп, әрекетсіздік танытса, мүше-мемлекеттер және Қауымдастықтың өзге де институттары бұзуды анықтау мақсатында Сотқа арыздануға құқылы» (ЕҚ туралы шарт, 232-б.).
Мұндай талап-арыздарды Еуропалық орталық банк және кез келген жеке және заңды тұлға бере алады.
- Зиянды өтеу туралы талап-арыздар. Бұл талап-арыздар кез келген тұлғамен «өз міндеттерін атқару барысында институттар және қызметкерлермен келтірілген залалды өтеу» мақсатында беріледі. Бұл жағдайда ескеру мерзімі 5 жылды құрайды (Соттың жарғысы, 43-б.).
- Еуропалық Қауымдастықтың санкцияларымен келіспеу туралы талап-арыздар.
ІІІ. Мүше-мемлекеттер арасындағы даулар.
ІV. Еңбек даулары.
- Азаматтық-құқықтық даулар.
VІ. Одақтың лауазымды тұлғаларын қызметінен босату.
VII. Еуропалық Қауымдастықтың күшіне еңбеген халықаралық шарттарын алдын ала бақылау.
VIII. Ұлттық соттардың юдиция алды сұратылымдары.[63]
Есеп палатасы. Үш Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысында алғашында өздерінің жеке қаржы бақылау органдары болатын: КБЕБ-те бұл жеке Аудитор, ЕЭҚ пен Еуратомда ұжымдық аудиторлық кеңестер болды. 1967 жылғы үш қауымдастықтың «бірігуі» нәтижесінде олардың қаржы саласындағы бірыңғай органы Аудиторлық кеңес болды.
Еуропалық қауымдастықтар іс-әрекетінің ауқымдылығы кеңейген сайын, «еуропалық» бюджеттің кіріс және шығыс баптарының орындалуын бақылайтын анағұрлым пәрменді механизмнің қажеттілігі көріне бастады.
Осы мақсатпен Комиссияның ұсынысы бойынша 1975 жылы екінші бюджеттік реформа шеңберінде бұрынғы Аудиторлық кеңестің орнына қаржы бақылаудың жаңа органы – Есеп палатасы (немесе Аудиторлар палатасы) құрылды.
17 жыл өтісімен, яғни 1992 жылы Еуропалық Одақ туралы Шарттың негізінде Есеп палатасы Қауымдастықтар мен Кеңестің бесінші институты деген мәртебеге ие болды.
Палатаның құрамына Кеңеспен 6 жылға тағайындалатын 27 аудитор кіреді. Кеңес шешімді бірауыздан қабылдайды. Есеп палатасы Люксембургте орналасқан.
Палата «ұлттық квоталар» жүйесінің негізінде құрылады, яғни әрбір мүше-мемлекеттен бір аудитордан кіреді. ЕҚ-ның аудиторлары «өз елдерінде сыртқы аудит органдарына жатқан немесе жататын немесе бұл қызмет үшін арнайы даярлығы бар» тұлғалар ғана бола алады (247-б.). Олардың тәуелсіздігі күмән тудырмауы керек. Қауымдастықтың аудитор қызметіне тағайындалған барлық тұлғалар «өздерінің міндеттерін атқару барысында Қауымдастықтың ортақ мүдделері үшін толық тәуелсіз болуы керек.»
Есеп палатасының мүшесі «тиісті талаптарға сай келмейтін болса немесе оның қызметінен туындайтын міндеттерін орындамайтын болса» тек Еуропалық соттың шешімімен ғана өз лауазымынан босатылады.[64]
Есеп палатасының өкілеттігінен туындайтын басты міндеті – аудитті жүзеге асыру болып табылады (ЕҚ туралы шарт, 246-б.). Оның шеңберінде Қауымдастықтың барлық кіріс пен шығыстары тексеріледі.
Палата тарапынан бақылаудың объектісі тек Комиссия және Қауымдастықтың басқа да органдары болып табылмайды. Қауымдастықтың атынан кірістер мен шығыстарды басқарып тұратын қалған барлық құрылымдар да тексеріледі. Бұлар Қауымдастықтар бюджетінен демеуқаржы (дотация) мен өзге де көмекті алатын мүше-мемлекеттердің органдары, кәсіпорындар, басқадай жеке мен заңды тұлғалар, сондай-ақ ЕҚ-ның көмегін алушы – шетел мемлекеттер де бола алады.
Есеп палатасының қаржылық бақылауы әмбебаптық сипатқа ие, ол жария және жеке құқықтың барлық субъектілерін қамти алады.
Әрбір тексерудің қорытындысы бойынша Палата Еуропалық Одақтың екі «бюджеттік билігіне» (Еуропарламент пен Кеңес) жіберілетін арнайы есепті жасайды.
Соған қоса, әрбір қаржы жылдың қорытындысы бойынша Палата «қаржыны басқару дұрыстығының бағасы» бар жылдық есепті ұсынады (қаржы регламентінің 88-б.). Бұл есеп Еуропалық қауымдастықтардың Ресми журналында жарияланады.
Есеп палатасының екінші бір міндеті – «Еуропалық парламент пен Кеңеске бюджеттің орындалуын бақылау бойынша өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу» (ДЭС, 247-б.). Бұл мақсатпен Палата ЕҚ-ның кез келген институтының сұрауы бойынша арнайы есеп пен қорытындыларды ұсынады. Ал ЕҚ-ның Қаржы регламентіне сәйкес, Қауымдастықтың әрбір мүшесі Палатаға өзінің қаржылық есептілігінің құжаттарын беруі керек (Қаржы регламенті, 84-б.).
1992 жылы Палатаға жаңа міндет жүктелді – «Еуропалық парламент пен Кеңеске есепшоттар сенімділігінің есеп ведомосын ұсыну» (ДЭС, 247-б.). Есеп палатасының бұл ведомосін, басқа да арнайы және жалпы есеп берулерді сияқты, жылдық бюджеттің орындалуы Комиссиямен бекітілген кезде Кеңес пен Еуропарламент ескеруі тиіс (ДЭС, 276-б.).
2001 жылғы Ницца шартына сәйкес Есеп палатасы есеп берулер мен қорытындылардың жеке санаттарын дайындау үшін өзінің «құрылымында» «ішкі палаталарды» құруға құқық алды.[65]
Еуропалық Одақ институттарының қызметін қорытындылай отырып келесідей пікірге келеміз: институттардың қызметінде кемшіліктер әлі де аз емес. Мысалы баршаға белгілі болған «демократия тапшылығы» феномені. Негізінен демократиялық болып саналатын мемлекеттер үшін заң шығарушы органның (мұнда ЕО Кеңесі) атқарушы билік өкілдерінен құрылу тәжірибесі тән емес. Сол себептен біздің ойымызша заңшығарушы билік түгелімен Еуропарламенттің қолында шоғырлағаннан кейін ғана ЕО-ны «демократиялық бірлестік» деп атауға толық негіз болады. Бірақ әзірше бұл проблема әлі шешілмей жатыр.
Дегенмен, институттардың Одақ және жалпы еуроинтеграция үшін рөлі ерекше зор екенін мойындауымыз қажет.
2.2. Лиссабон шартынқабылдау тұрғысынан Еуропалық Одақ институттарының реформасы
Лиссабон шарты, Реформалар туралы шарт деген атаумен де белгілі (ресми атауы – Еуропалық Одақ туралы Шарт пен Еуропалық Қауымдастықты құру туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Лиссабон шарты) – 2007 жылы 13 желтоқсанда Брюссель қаласында өткен ЕО саммитінде қол қойылған халықаралық шарт.
Алайда Реформалар туралы шартты қарастырмай тұрып, біз Еуроконституцияның жобасына қысқаша тоқталып өтуді жөн деп көрдік.
ЕО Конституциясы (толық атауы – Еуропа үшін Конституцияны енгізу туралы шарт) – Еуропалық Одақ үшін конституция рөлін атқарады және ЕО-ның барлық бұрынғы құрылтай шарттарын алмастырады деп жоспарланған халықаралық құжат. 2004 жылы 20 қазанда Римде оған қол қойылды. Күшіне енбеген және енбейді де.
Еуроодақты басқару принциптерін және оның басқарушы органдардың жүйесін өзгерту қажеттілігі 1990 жылдары туды. Сол кезде Еуропалық Одақ өз тарихында ең ауқымды «кеңеюді» бастан кешіретіні айқын болды (15 мүшеден 25-ке дейін). ЕО аса маңызды шешімдерді қабылдаған кезде консенсус принципін қолданған болатын, ал мүшелердің саны 25-27 мемлекетке дейін жеткен кезде көптеген маңызды шешімдер қабылдаудан өтпей қала ма деген қауіп туды.
Жалпыеуропалық конституцияны құруға байланысты жұмыстарды бастау туралы шешім ЕО-ның 2001 жылы өткен саммитінде қабылданды.
Конституция жобасын дайындау бойынша орган конвент деп аталды, оны Францияның бұрынғы Президенті Валери Жискар д’Эстен басқарды. Жобаны дайындау бойынша жұмыс 3 жылға созылды. Құжаттың ақырғы мәтіні Еуропалық Одақтың арнайы саммитінде 2004 жылы мақұлданды.
2004 жылы 29 қазанда Еуроодақтың 25 мүше-мемлекеттің басшылары Римде жаңа Еуропалық конституцияға қол қойды. Конституция, оның авторларының пікірі бойынша, жалпыеуропалық сана-сезімінің пайда болуына көмектесер еді.
265-беттік құжат 450 баптан және 60000 сөзден тұрған (көлемі бойынша ол тек Үндістанның конституциясынан кем болып отыр – 465 бап).[66]
Конституция қабылдану үшін оған бүкіл 25 елдің келісімі керек болатын. 10 мемлекет құжатты референдум арқылы қабылдауды шешті. Испания бірінші болып оны бүкілхалықтық сайлауға салды. Халықтың 70% Конституцияны қолдады. Алайда Франция мен Голландияда өткен референдумдардың қорытындылары осы екі елдің азаматтары Конституцияны қаламайтындығын көрсетті. Осыдан кейін қалған мемлекеттерде референдумдардың өткізілуін кейінге қалдыруды жөн деп көрді. Іс жүзінде Франция мен Голландиядығы сәтсіздіктерден кейін Конституцияны қабылдау процессі тұйыққа тірелді.
Сарапшылардың айтуынша, ЕО Конституциясының қарсыластары француз қоғамының әр түрлі топтарында қолдауға ие болғандықтан, бұл елде Конституция жобасы өтпей қалды. Атап айтқанда, оңшыл буржуазиялық партиялардың өкілдерінің айтуына қарағанда, ЕО-ның ортақ Конституциясының қабылдануы Еуропалық Одаққа Түркияның кіруіне жол ашады. Ал бұл жәйт, еуропалық елдердегі онсыз да күрделі ұлтаралық қатынастарды одан сайын шиеленістіріп жібереді.
Солшылдар болса, Конституцияның қабылдануы Францияға Еуропалық Одақтың жаңа мемлекеттерінен арзан жұмыс күшінің келуін жеңілдетеді деп отыр. Бұл өз кезегінде жұмыс орындардың қысқартылуына және Француз жұмыскерлерінің көптеген әлеуметтік артықшылықтарынан айырылуына әкеліп соғады.
Бүкіл әлемге аян – француздардың демалыс күндер саны ең үлкен, ал олардың жылдық демалысы ең ұзақ болып табылады. Жұмыс аптасы керісінше ең қысқа. Олардың көбісі ЕО Конституциясы қабылданған жағдайда, бұл жеңілдіктер жойылады деген пікірде. Сол себептен Конституцияға қарсы дауыс берді.[67]
Голландиялықтардың Конституцияға қарсы дауыс берудің себептері жалпы француздықтардың себептерімен ұқсас. Голландия Еуропа елдері ішінде ең либералды болып саналатыны белгілі. Мұнда есірткінің жеңіл түрлері, эвтаназия, бір жынысты некелер, аборттар заңдастырылған. Голландиялықтардың пікірінше Конституцияның қабылдануымен бұл «артықшылықтар» жоғалады. Соған қоса, адамдар осы уақытқа дейін «әлеуметтік» болып табылған – білім беру және денсаулық сақтау салаларына нарықтық қатынастар орнап, бұл олардың қымбаттауына әкеліп соғады деп қорықты.[68]
Бұл референдумдардан кейін еурошенеуліктер Конституция жобасынан бас тартты.
Реформалар туралы шарттың қысқаша тарихы. Еуропалық Одақ туралы Шарт пен Еуропалық Қауымдастықты құру туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Лиссабон шарты 27 мүше-мемлекеттен тұратын Еуропалық Одақтың қызметін жақсарту және оның халықаралық аренадағы рөлін күшейту мақсатында Лиссабонда 2007 жылы 19 қазанда өткен үкіметаралық конференцияда мақұлданды.
Сарапшылардың көбісі бұл шарт 2009 жылдың екінші жартысында күшіне енеді деп жоспарлап отыр. 2004 жылы қол қойылған ЕО Конституциясы Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Лиссабон шартын мүше-мемлекеттердің парламенттерінде ратификациялаудан өткізуді жоспарлап отыр.[69]
Қабылдаудың бұл түрін, құжаттың қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, демократиялық деп айту қиын. Біздің ойымызша Лиссабон шартын бүкілхалықтық референдумға салып өткізу керек еді. Сонда ғана Еуропалық Одақтың нағыз, шын мәнінде демократиялық «мемлекеттердің бірлестігі» деп аталуға толық құқығы болушы еді.
Алайда «ратификация» секілді қабылдаудың түрі де белгілі бір қиындықтарды туғызуы мүмкін. Мысалы Ирландия мен Чехияда құжатты мақұлдау үшін Парламент қолдауының 3/5-і керек.
Еуропалық Одақтың құрылтай шарттарына өзгерістерді енгізу қажеттілігі мынадан туындап отыр: соңғы 4 жыл ішінде (2004ж. сәуір – 2008ж. сәуір) мүше-мемлекеттердің саны 15-тен 27-ге дейін өсіп, олардың халқының жалпы саны жарты миллиардқа жетейін деп қалды. Әрі қарай даму үшін ұжымдық органдардың құрылымын оңайлатып, олардың іс-әрекетін неғұрлым түсінікті және ашық қылу керек. Бұл қос міндетті шешуге Лиссабон шарты бағытталған. Шарт мәтіні үш негізгі құжатқа өзгерістерді енгізеді: Еуропалық Қауымдастықты құру туралы шартқа (1957 жылғы Рим шарты), 1992 жылғы Маастрихт шартына және 1957 жылғы Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастықты құру туралы шартқа. Реформалар туралы шарт қол қойылып, ратификациялаудан өткеннен кейін бірыңғай мәтін ретінде қолданылмайды, ал оның енгізген жаңалықтары жоғарыда аталған үш құжаттың ішіне инкорпорацияланады. Шарт преамбуладан, 7 бөлімнен, 13 хаттамадан және 59 декларациядан тұрады.[70]
Төменде бұл шарт енгізген негізгі өзгерістер сипатталады.
Еуропалық Одақтың құқықсубъектілігі. «Еуропалық Одақ бұдан былай құқықсубъектілікке ие болады» (ЕО туралы шарт, 32-б.). Бұл – Еуропалық Одақ өз өкілеттігінің барлық салаларында халықаралық шарттарды жасауға құқылы деген сөз. Ал мүше-мемлекеттер халықаралық шарттарды, егер бұл ЕО қол қойған келісімдерге қайшы келмесе немесе Одақ өкілеттігіне жатпаса, жасауға құқылы. Шарт Еуропалық Одақ атынан халықаралық келісімді жасасудың келесідей рәсімді бекітеді: Еуропалық Кеңес Еуропалық Комиссия және сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғары өкілдің тиісті ұсынымдарын алғаннан кейін келіссөзді өткізуге өз келісімін береді, ол делегация басшысын немесе ЕО өкілін де бекітеді және шартқа қол қою туралы шешімді қабылдайды.
Еуропалық Одақтың қағидалары мен мақсаттары. Жаңа шарт Еуропалық Одақтың құндылықтары мен мақсаттарын өзгертеді (ЕО туралы шарт, 2,30-б.). Реформалар туралы шарт Еуропалық қауымдастықтарды құру туралы Шарттың атауын ЕО-ның қызмет етуі туралы Шартқа өзгертеді де, оны ЕО туралы Шартымен және оның мақсаттарымен тікелей байланыстырып жібереді. Сөйтіп, бұрын тек декларативті сипаттағы принциптер (ЕО азаматтарын бүкіл әлем бойынша қорғау, экономикалық, әлеуметтік және аумақтық бірлік, мәдени көптүрлілік және т.б.) енді Еуропалық Одақтың ең басты негізгі мақсаттары болып табылады. ЕО-ның мақсаттарына мыналар да кіреді: халықты жұмыспен толық қамту, әлеуметтік прогресс, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейі, кемсітушілікке қарсы күрес, әлеуметтік әділдік, балалар құқықтарын қорғау және т.б.
Институционалдық өзгерістер. Реформалар туралы шарт Еуропалық Одақ туралы шартқа Одақ институттарына қатысты өзгерістерді енгізеді.
Еуропалық парламент. «Еуропалық парламент заң шығарушылық функцияларды және ЕО бюджетіне қатысты функцияларды Кеңеспен бірге атқарады» (9а-б.). Ол биліктің толықтылығына ие болады, өйткені оның заң шығарушы орган ретіндегі салмағы кеңеспен теңеледі. Ол сондай-ақ бюджеттік мәселеге қатысты Кеңеспен бірдей мәртебеге ие болады, себебі шығыстар енді «міндетті» және «міндетті емес» болып бөлінбейді. Еурокомиссияның төрағасын да сайлау Еуропарламентке тапсырылады (қазір ол мүше-мемлекеттердің үкіметтерімен ұсынылған кандидатураны жай ғана мақұлдайды). 2009 жылдан бастап, Парламентте орындарды үлестірудің жаңа жүйесі енгізіледі. Мүшелер саны – 750+1 (Парламент төрағасы)-мен шектеледі; орындар «кемитін тепе-теңдік» (снижающяяся пропорциональность) принципімен үлестірілетін болады: бір мемлекеттен кемінде 6 өкіл, ең көбі – 96. Алайда орындарды үлестірудің бұл жүйесі тек 2014 жылдан бастап күшіне енеді, сол кезге дейін өтпелі кезең жүйесі қолданылады (ЕО туралы шарт, 9-б.).
Еуропалық Кеңес. Еурокеңес Одақтың толыққанды институтына айналады. Ол мүше-мемлекеттердің мемлекет немесе үкімет басшыларынан және Комиссия төрағасынан тұрады. Оның жұмысына Еуропалық Одақтың сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатының Жоғары өкілі де қатысады. Сонымен қатар Еурокеңес айқын көпшілік дауыс беру арқылы екі жарым жылға Еуропалық Кеңестің Президентін (ЕО Президенті) сайлайтын болады. Біздің ойымызша Реформалар туралы шарт енгізген осы жаңалығы қисынсыз болып келеді. Өйткені бұл лауазымды тұлғаның атқаратын нақты өкілеттіктері белгіленбеген және түсініксіз. Соған қоса Еурокеңестің президенті мен Еурокомиссия президенті арасында қатынастар қалай дамитынын қазір айту қиын. Көптеген бақылаушылар олардың арасында «зиянды» бақталастық орын алуы мүмкін деген болжамдарын айтып отыр. Осы екі қызметті біріктіру ұсыныстары айтылған. Біздің пікірімізше де ол дұрыс болатын сияқты, өйткені осы екі бірдей қызметті иеленген лауазымды тұлғаның беделі жоғары болатыны сөзсіз. Алайда бұл Лиссабон шартына қайшы келеді.
Бұл лауазымның енгізілуі туғызатын тағы бір кемшілігі – ол Еуропалық Одақтың Кеңесіне төрағалық етуші мемлекеттің рөлін төмендетеді. Қазір осы институтке төрағалық етуші мемлекетті «ЕО-ның Президенті» деп атай береді, бұл лауазым атауы ресми емес болғанымен, төрағалық етуші мемлекеттің беделін едәуір көтереді. Төрағалық етуші әрбір мемлекет өзінен алдынғы әріптесінен озамын деп, Еуроинтеграция бағытында нақты бір қадамдарды жасауға тырықан. Ал ЕО Президенті лауазымы пайда болғаннан кейін еуропалық интеграция жолындағы мемлекеттер арасындағы жарысу рухы жоқ болып кететін сияқты.
Одақтың 27 елінің 21 осы лауазымның құрылуына қарсы болды. «Кіші елдердің» пікірінше бұл лауазымның енгізілуі тек «ірі» мемлекеттер үшін ғана тиімді және ол «кіші мемлекеттердің» рөлін одан сайын төмендетіп жібереді.
Еуропалық Одақтың Кеңесі (министрлер Кеңесі). Мұнда өзгерістер ең алдымен айқын көпшілік бойынша дауыс берудің жаңа жүйесіне байланысты туып отыр. 2014 жылдың 1-қарашасынан бастап, айқын көпшілік болып Одақ тұрғындарының кем дегенде 65%-ның мүддесін білдіретін, Кеңес мүшелерінің кем дегенде 55%-ның (кем дегенде 15 мемлекет) дауыстары айқын көпшілік болып саналады. «Кедергі жасай алатын азшылық» («блокирующее меншинство») Одақтың 4 елі бола алады. 2014 жылдың 31 қазанына дейінгі кезең бірінші өтпелі кезең болып, ол кезге дейін Ницца шартымен бекітілген қазіргі жүйе жұмыс істейді, оған сәйкес айқын көпшілік принципінің 3 шарты бар: 1) мүше-мемлекеттердің көпшілігінің (27-ден 14-і) және ЕО халқының 62%-ның мүддесін білдіретін Кеңестің 345 мүшесінен 255-тың келісімі (яғни 73,9%). Екінші өтпелі кезең барысында (2014ж. 31 қараша – 2017ж. 31 наурыз) Кеңес мүшелері бірқатар мәселелер бойынша шешімдерді, Ницца шартында бекітілгендей, айқын көпшілік арқылы қабылдай алады. Осы кезеңде сондай-ақ «Иоаннин механизмі» (Польша ұсынған) қолданылуы мүмкін. Ол, әдеттегі «кедергі жасайтын азшылық» шегінің 75%-ын құрайтын оппозицияның болуын талап етеді (яғни бүкіл ЕО тұрғындарының 35%-нан кем емес халық саны бар 4 мемлекет + тағы бір мемлекет). Бұл механизм, Кеңесте «кедергі жасайтын азшылықты» құра алмайтын мемлекеттерге келелі мәселе бойынша шешімді қабылдауды «қисынды мерзімге» дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл мерзім ішінде ымыраға келу жолдары қарастырылады. Айта кететін жәйт, Шартқа «өтпелі кезенді» енгізудің себебі – Ұлыбритания мен Польшаның жаңа жүйемен келіспейтігінде. Өйткені халық санына байланысты дауыс үлестіру принципі Реформалар туралы шартта бекітілген принципке қарағанда бұл мемлекеттерге анағұрлым көп артықшылықтарды берген (олардың әрқайсысы Кеңесте 27 дауысқа ие болды, ал ең көп халық саны бар Германия небәрі 29 дауысты иеленді).[71]
Кеңестегі төрағалық алдын ала белгіленген, құрамында үш мүше-мемлекеті бар топтармен 18 ай мерзім ішінде жүзеге асырылады. Бұл топтар тең ротация принципі бойынша құрылады және мемлекеттердің географиялық тепе-теңділігі де есепке алынады. Кеңестің мүшелері өз кезегінде төраға лауазымында бір-бірін әрбір 6 ай сайын алмастырып отырады (ЕО туралы шарт, 9с-бап).
Еуропалық Комиссия. 2009 – 2014 жылдар аралығында жұмыс істейтін Комиссия мүше-мемлекеттердің өкілдерінен (1 мемлекет – 1 өкіл) және сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғары өкілден тұрады. Бірақ 2014 жылдың қараша айынан бастап, Комиссияның құрамы ЕО мүше-мемлекеттерінің 2/3-нен ғана тұрады, «егер Еуропалық Кеңес бірауыздан өзге шешімді қабылдамаса». Сөйтіп, Комиссия әдеттегі жағдайда 18 өкілдерден тұрады (немесе 19).
Сытрқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғары өкіл. Еуропалық Кеңес Еурокомиссияның төрағасымен келісе отырып, айқын көпшілікпен Одақтың сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғары өкілін тағайындайды (ЕО туралы шарт, 9е-б.). Жоғары өкіл қол жеткізілген уағдаластықтарын ұсыну және имплементациялау арқылы Еуропалық Одақтың ортақ сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатын жүзеге асыратын болады. Реформалар туралы шарттың енгізген ең басты жаңалықтарының бірі – Жоғары өкіл халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесті басқарады. Ол сонымен қатар ЕО-ның әлеммен қатынастары үшін жауапты Комиссияның вице-төрағалардың бірі болып табылады.
Еуропалық Одақтың Соты. Лиссабон шартына сәйкес Еуропалық Одақтың соты Еуропалық соттан, бірінші инстанцияның сотынан және мамандандырылған соттардан тұрады. Онда әрбір мемлекеттен бір-бір судьядан болады; сонымен қатар құрамына 11 бас қорғаушы да кіреді (қазір олардың саны – 8). Судъялар мен қорғаушылар көрнекті тұлғалардың ішінен сайланады және мүше-мемлекеттер үкіметтерінің ортақ келісімімен 6 жылға тағайындалады (ЕО туралы шарт, 9f-б.).
Айқын көпшілік бойынша дауыс беру өткізілетін мәселелер. Жаңа шарт айқын көпшілік бойынша дауыс беру өткізілетін мәселелердің тізімін кеңейтті. Енді оларға: Кеңестегі төрағалық ету тәртібі ( Рим шарты, 201b-б.), Жұмыс күшінің еркін қозғалысы, әлеуметтік кепілдіктер (42-б.), Ортақ көлік саясаты (107-б.), Бостандық, қауіпсіздік және тәртіп саласындағы әкімшілік ынтымақтастық (66-б.), Шекаралық бақылау (69-б.), Саяси баспана беру және босқындар мен көшірілген тұлғаларды қорғау (69A-б.), Көші-қон (69B-б.), Қылмыстар мәселелері бойынша соттар ынтымақтастығы (69е –б.), Еуроюст (69H), Еуропол (69j-б.), Мәдениет (151-б.), ЕО заңнамасы жөнінде азаматтардың бастамасы (ЕО туралы шарт, 8В-б. Және Рим шарты, 21-б.), Мүше-мемлекеттің ЕО құрамынан шығу туралы шешімі (ЕО туралы шарт, 35-б.), Зияткерлік меншік (Рим шарты, 97b-б.), Халықаралық мәселелерге қатысты еурозона шеңберінде ортақ ұстаным (115a-б.), Ғарыш саясаты (172а-б.), Энергетика (176а-б.), Қылмыскерліктің алдын алу шаралары (69с-б.), Туризм (176В-б.), Спорт (149-б.), Халықты қорғау (176С-б.), Әкімшілік ынтымақтастық (176D-б.) және т.б. мәселелер.[72]
Алайда келелі мәселелер бойынша шешімдер әлі де бірауыздылық принципімен қабылданады (салықтар, әлеуметтік қауіпсіздік, сыртқы саясат, қауіпсіздік саясаты, полицияның жедел ынтымақтастығы, институттардағы орындар).
Лиссабон шартының Еуроконституция жобасынан тағы бір елеулі айырмашылықтарының бірі – бұл шарттан Еуроодақтың рәміздері туралы (ту, әнұран және бірыңғай валюта) баптар алынып тасталынды. Шартты дайындағандардың пікірінше Еуроконституцияның Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырауының себептерінің бірі – осы екі елдің тұрғындары Еуропалық Одақ нағыз мемлекетке айналады ма деп қорыққаннан оған қарсы дауыс берді. Алайда біз жоғарыда қарастырғандай, Конституцияға «Жоқ!» деп айтудың басты себептері мүлдем басқа еді. Бұл себептер әлі де жойылған жоқ, сондықтан Лиссабон шартын халықтың пікірін сұрамай Ратификация арқылы қабылдау еурошенеуліктердің демократиялық ұрандарымен еш үйлеспейді.
Сонымен қатар Лиссабон шартында мүше-мемлекеттердің Одақ құрамынан шығу мүмкіндігі қарастырылады. ЕО-ның бүкіл тарихы бойында сецессия әрекеттері болмағанымен, Реформалар туралы шарттың 35-бабында Одақ құрамынан шығудың шарттары мен рәсімдері қарастырылған.
Жалпы Еуроодақ саясаткерлері бұл келісімге оң баға береді. Еурокомиссия өкілдерінің айтуынша, Лиссабон шарты – еуроинтеграция бағытындағы аса маңызды қадам болып табылады. Ол біріккен Еуропаға ХХІ ғасырдың міндеттерін шешуге көмектеседі және жаһандану үшін мүмкіндіктерді ашады. Комиссия Реформалар туралы шарт ЕО азаматтарына өте маңызды артықшылықтарды береді және жақын арада институционалдық дауларды шешуге көмектеседі деп санайды.
Еуропалық Комиссияның Төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, – Ескі континенттен жаңа Еуропа дүниеге келді. Лиссабон шарты еуропалық интеграция тарихында бет-бұрысты кезең болып табылады. Алты жылға созылған келіссөздерден кейін біз енді институционалдық мәселелердің шешілуін кейінге қоя тұрып, саяси жетістіктерден азаматтар артықшылықтарды алу үшін, бар назарымызды соған аударуымыз қажет, - деп айтты.
Комиссияның вице-төрағасы Марго Уилстрем, – «Жаңа шарт Еуропа азаматтары үшін пайдалы болады, – деп санайды. Ол Одақтың тиімділігін арттырады. Адамдар тіке дауыс беру жолымен сайланған Еуропалық Парламенттегі өздерінің өкілдері немесе рөлі артқан ұлттық парламенттер арқылы Еуропа саясатына көбірек ықпал жасай алатын болады. Азаматтардың келісімінде негізделген Одақ үшін демократия аса маңызды рөлді ойнайды».[73]
Дегенмен де, Лиссабон шарты Еуропалық Одақты жаңа бір астам державаға айналдырған жоқ. Басында брюссельдік атқамінерлермен дайындалған бұл құжатты Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттердің барлығы өз түзетулермен толықтырған. Ақыр соңында ЕО-ның мемлекеттік рәміздері туралы бап және жалпыеуропалық сыртқы істер министрдің лауазымы одан алынып тасталынды. Сөйтіп, жақын арада «Еуропа Құрама Штаттары» жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
3. Қазакстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Қазақстандық ғалымдар Еуропалық Одақтың Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына қатысты саясатын 3 кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезеңде (1990-1994жж) ЕО-ның Орталық Азияға қатысты саясаты аймақта саяси мақсаттарға жету тұрғысынан қалыптасқан болатын: пост-кеңестік кеңістікті тұрақтандыру, шұғыл экономикалық жәрдем көрсету, плюрализм, демократия және нарықтық қатынастарды ынталандыру. Пост-кеңестік мемлекеттермен ынтымақтастық пен серіктестік туралы келісімдерді жасасу Еуропалық Одақ саясатының сол кездегі басты құралы болды.
Екінші кезеңде (1994-1998жж) әлеуметтік қатынастардың шиеленісуінен және оңтүстік жақтан экстремистік топтардың шабуылдарының жиіленіп кетуінен Орталық Азия аймағының тұрақсыздану қаупі туды. Алайда дәл осы кезеңде Еуроодақ аймақта өзінің геосаяси мүдделерін күшейту қажеттілігін түсінді. Сөйтіп, 1990 жылдардың аяғына қарай ЕО-ның шығыс бағытында әрі қарай өзінің геосаяси ықпалын кеңейту үрдісі байқалды. ЕО өзінің келешек геосаяси мүдделерінің шекараларын ЕҚЫҰ-ның ресми қызмет ету саласының аясында белгілеген болатын, яғни Орталық Азияның Ауғанстан, Иран және Қытаймен шекараларына дейін.
Қазіргі үшінші кезең үш негізгі фактордың ықпалымен дамып келе жатыр:
ЕО-ның әрі қарай шығысқа кеңеюі, Еуроодақтың Шығыс Еуропадағы пост-кеңестік кеңістікке ықпалының таралуы және ортақ еуропалық саясат пен қауіпсіздік саясатының жүргізілуі. Сондықтан Кавказ, Каспий теңізі мен Орталық Азияның кең байтақ өлкесіне қатысты одан да белсенді еуропалық саясаттың жүргізілуін әбден күтуге болады.
Бұл стратенияны қалыптастыруда басты контрсеріктестер Германия мен Қазақтсан болып табылады. Экономикалық жағынан бұл екі ел өздерінің аймақтарында ең дамығандардың қатарында. Қазақстан Республикасы энергоресурстарға, әр түрлі пайдалы қазбалардың қорларына бай. ҚР-ның сыртқы істер министрі келтірген статистикалық мәлімет осының айғағы болып табылады: «Мұнайдың расталған қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 8-орынды иеленіп тұр, ал мұнайдың сенімді қорларымен еліміз 50 жылға, газдың қорларымен 75 жылға қамтамасыз етілген. Соған қоса Каспий теңізінің қазақстандық секторының болжамдық қорлары үміттендірерлік (8 млрд тонна). Хромиттердің қорлары бойынша еліміз сөзсіз көшбасшы болып табылады (әлемдік кенінің үштен бір бөлігі), уран қорлары бойынша – екінші орында (саланың 100 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілуі.), мыс, марганец пен мырыш бойынша – төртінші, қорғасын мен темір – 6, кобальт – 7, көмір мен алтын – 8, алюминий – 10, никель қорлары бойынша – 12 орында тұрмыз».
Ортақ стратегияның болмауы Орталық Азияда түрлі еуропалық ұйымдар мен құрылымдардың мүдделерінің қиылысуына әкеліп соғатын. 2007 жылдың 30 маусымында Берлинде Еуроодақтың Орталық Азия аймағына қатысты Стратегияның тұсаукесері болып өтті.
Сонымен, Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азиядағы сыртқы-саяси Стратегиясын тұжырымдады. Бұл Германия үкіметінің бастамасы бойынша жүзеге асырылған болатын. Көлемі 20 беттен ғана тұратын құжат ЕО мен бес пост-кеңестік азиялық республикалар арасында келешек ұзақ мерзімді серіктестіктің шекараларын айқындайды. Алғашқы рет Еуроодақ осы аймақта өзінің мүдделері мен мақсаттарын белгіледі.
2007 жылдың бірінші жартысында Германия Еуроодақ Кеңесіне төрағалық ете бастаған кезде оның төрағалығының тәртібінде тұрған басты міндеттердің бірі – Еуроодақтың Орталық Азиядағы саясатын қайта қарастыру және қайта тұжырымдау. Тиісті бағдарламада айтылғандай: «Германия төрағалығы кезінде стратегиялық тұрғыдан маңызды Орталық Азия аймағына ерекше көңіл бөлінеді. ЕО Орталық Азияға қатысты оның аймақтағы мүдделері мен мақсаттарын анықтайтын стратегияны бекітуді жоспарлап отыр».
Стратегияның тұсаукесері Берлинде Еуропалық Одақтың үш министрдің кездесуі шеңберінде болып өтті: Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, оның португалдық әріптесі Луис Амадо және Еуроодақтың Орталық Азия мемлекеттері бойынша арнайы өкілі Пьер Моррельдің бес Орталық Азия мемлекетінің сыртқысаяси ведомстволардың өкілдерімен. Айта кететін бір жәйт, Өзбекстан атынан өкілдік еткен сыртқы істер министрдің орынбасары болды, Түрікменстан да кездесуге тек өз өкілін жіберуімен шектелді.
Берлиндегі кездесу барысында Штайнмайер Еуроодақтың стратегиялық тұжырымдамасын құлақдар етті. «21-ғасырдың келуімен Еуропалық Одақ пен Орталық Азия аймағының мемлекеттері арасында жаңа серіксетік үшін уақыт келді», – деп айтылады онда. ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты жаңа стратегиясы 2007-2013 жылдар аралығына арналған. Ол 2007 жылдың 21-22 маусымында өткен Еуропалық Кеңестің отырысында қабылданды. Жаңа құжат 2002-2006 жылдарға арналған стратегияны алмастырады және пресс-релизде көрсетілгендей «бұрынғы дұрыс тәжірибені ескеріп дайындалған». Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың 2002-2006 жылдарға арналған стратегиясына 375 млн доллар бөлінсе, Жаңа стратегия шеңберінде Еуропалық Одақ 750 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр.
Жалпы, стратегия ұзақ мерзімді серіктестікті талап етеді және 6 негізгі бағыттан тұрады. Бірінші кезектегі мәселелер қатарында – аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде есірткі трафигі мен қару-жарақ саудасына қарсы тұру. «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық Ауғанстанды қалпына келтіру, заңсыз миграция және есірткі трафигімен күресу сияқты мәселелерімен шектелмеуі тиіс» – деп санайды сыртқы істер министрі М.Тажин.
Орталық Азияға қатысты жеке Стратегияны қабылдауымен Еуропалық Одақ аймақпен анағұрлым тығыз ынтымақтастықты орнатуға талпынып жатыр. Бұл құжат өте үлкен саяси маңызға ие және Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтығының жаңа кезеңінің басталғандығын білдіреді. Бұл ынтымақтастықты қазірдің өзінде нағыз серіктестік деп атауға болады.
«Еуропалық Одақтың біздің аймақта ірі жүйелік және стратегиялық ойыншы ретінде пайда болуы, екі жақты қатынастар форматында ғана емес, интеграциялық құрылым ретінде пайда болуы өте маңызды» деген пікірмен келісуге болады. ЕО-ның 2004-2007 жылдардағы кеңеюдің соңғы толқынынан кейін ЕО-ға іргелес жатқан елдер, Еуропалық тату көршілік саясатына енген болатын (European Neighborhood Policy). Еуропалық Одақтың мүше-мемлекеттерімен тікелей шекаралары жоқ Орта Азия мемлекеттері бұл форматтан тыс қалды. Жаңа Стратегия әмбебап жиектемелі құжат болып табылады. Ол Еуропалық Одақтың бірқатар дәстүрлі (ЕО-ның арнайы өкілінің институты, гранттық көмек көрсету тетіктері мен басқа да халықаралық ойыншылармен ынтымақтастық) және инновациялық (мысалы «ЕО бастамаларын» әр түрлі салаларда енгізу және «тереңдетілген сұхбат» форматын пайдалану) құралдарды пайдалануды талап етеді. Стратегияның сынарлы элементі Еуроодақтың аймаққа қатысты саясатының қосдеңгейлілік сипатының ресми түрде танылуы болып табылады: жеке, екіжақты саясат және ортақ, аймақтық саясат. Бұндай саясаттың жүзеге асырылудың екі мақсаты бар: әрбір елдің бірегейлігін тану және сол бір уақытта мемлекеттер арасында интеграциялық байланыстарды нығайту мақсатында аймақтық жобаларды дамыту. Стратегияның қабылдануы екі тарапты бір-біріне жақындата түсетіні және ынтымақтастықтың бүкіл салаларында дерлік ортақ мерзімді даму үшін негіз бола алатыны сөзсіз.
ЕО-мен үндестікті дамыту үшін Брюссельге Қазақстан мемлекет басшысының ресми сапарының (2006 жылғы 4-6 желтоқсан) зор маңызы болды.
2004-2006 жыддар аралығында Еуропалық Одақ Орталык Азия еддеріне қомақты қаржылык көмек жасады. Өз тәуелсіздіктерін алған 15 жылда Орталык Азия елдеріңде оның көлемі 1,3 млрд. еуроға жетгі. Бүгінгі күні де ЕО Орталық Азия елдеріне қаржылык көмек жасаудың бірнеше бағдарламасын жүзеге асыруда. Соның ішінде 2007 жылдан бастап Ынтымактастықты дамыту кұралы атты бағдарламамен алмастырылған ТАSIS жобасы да бар. Осы бағдарламаға арналған 2007 жылдың бюджеті Орталық Азия елдері үшін 55 млн. еуро болып отыр.
«ЕО үштігі — Орталық Азия» уәжіндегі кездесулер шеңберінде сауданы ырыктаңдыру және экономикатық ынтымақтастық мәселелері, кедендік занды-лықтарды жетілдіріп, еуропалық стандарттарға жақындату, көлік инфрақұры-лымын дамыту, экология және су ресурстарын игеру, лаңкестіктің туу және тарау себептері, есірткіге қарсы күрес, т. б. мәселелер талқыланды.
Бүгінде Еуроодақтын Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына ерекше назар аударуының маңызды себептері бар. Бірінші себебі – осы өңірдің энергетикалық ресурстарға бай болуы. Еуроодақ өз энергетикалық импорт маршруттарын әртараптандыруға мүдделі. Қазақстан және көршілес елдер осыған біраз ықпал ете алады. Еуропаның Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастығын ерекше қарастыратынын екі жақтың арасындағы Энергетика саласындағы түсіністік жайындағы Меморандумға 2006 жылғы желтоқсанда қол қойылды. Бүл меморандум Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайды ірі өндіруші ретіндегі Қазақстанның маңызды рөлін және Еуропалық Одақ пен Қазакстанның энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара ықыласын мойындайды, делінген мәлімдемеде.
Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен байланысты 1993 жылғы ақпан айында дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін дами бастады. Ал ресми саяси қатынас бұдан бұрын-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы наурызда Еурокомиссиясының делегациясын қабылдаған кезінен басталды.
Бір жылдан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельге ресми са-пар жасап, нәтижесінде 1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республи-касыньң Брюссельде өкілдігі ашылып, 1994 жылы Еурокомиссияның өкілдігі Алматыда ашылды.
1995 жылдың 23 қаңтар Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуроодақ кеңесі-нің төрағасы А. Жюппе қол қойған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойып, ол 1999 жылғы 1 шілдесінде күшіне енді.
2006 жылғы қарашада Еуроодақ қабылдаған Мәлімдемеде былай делінген:
«Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың жеті жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы үнқатысудың деңгейі мен сапасы жоғары екендігін көрсетіп отыр. Біз күшті әріптестігімізді жалпыға ортақ игіліктер негізінде дамытудағы алға басушылыққа, сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы қол жеткен жетістіктерімізге, жаңа жаһандық қыр көрсетулерге жауап берудегі, энергетикалық қауіпсіздік пен өркениеттердің тиімді үнқатысуын қамтамасыз етудегі бірлескен әрекеттерімізге қанағаттанғандық білдіреміз. Біздің әріптестігіміз екі жақты экономикалық байланыстардың тұрақты түрде кеңеюіне ықпал етіп отырғаңдығын, 2002 жылдан бері тауар айналымының үш есе өскендігін қанағаттандықпен атап көрсетеміз».
Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ірі сауда - экономикалық әріптесі болып табылады. 2005 жылы Қазакстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 15,3 миллиард АҚШ долларын құрады.
Еуропалық Одақ елдері Қазақстан экономикасьна 24 миллиард доллардың инвестициясын салып отыр. Бұл – Қазақстанға салынған шетелдік тікелей инвестицияның шамамен екіден бір бөлігі. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания (жалпы көлемінің 13,7 пайызы), Италия (7,1), Нидерланды (5,5), Франция (1,7), Германия (1,5 пайыз) болып табылады.
Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы, әсіресе, Қазақстан, Еуроодақтың көлік саласыңдағы белді әріптесі ретінде қалыптасып келе жатыр. Біздің аймақтың орналасқан жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы се-бептен Еуроодақ бұл өңірден экономикалық прагматизм тұрғысынан сенімді әріптестер іздеуде.
Еуроодақтың осындағы өз саясатын стратегиялық тұрғыдан жаңа деңгейге шығаруы – әлемде болып жатқан құбылыстардың заңдылығы. Еуропамен қа-рым-қатынасты дамытудың Орталық Азия мемлекеттері, әсіресе Қазақстан үшін кандай нақты тиімділіктері бар? Еліміздің Еуропалық Одаққа мүше мемле-кеттермен сауда айналымы 20 миллиард доллардан асып кетті. 2006 жылы экономикалық мәселелерді алға қойған Қазақстан Үкіметі Еуропалық Одақ мемлекеттерімен өзара тиімді екіжақты қатынастарын кеңейтіп, елімізді Орталық Азия аумағыңдағы бас әріптесі ретінде мойындата білді. Осының арқасында Еуроодақтың көптеген мемлекеттері мен транс ұлттық компаниялары біздің елімізді Азиядағы ең тартымды рыноктардың бірі, әрі сенімді инвестициялық әріптесі ретінде қарастыра бастады. Экономикамызды жеделдете жаңарту мақсатында Қазақстан Еуроодақпен ынтымақтастыққа аса мүдделі. Бұл орайда еуропалық әріптестеріміздің отандық экономиканың түрлі, әсіресе, жоғары технологияларға қатысты салаларында қолға алған жобаларын дамытуына жағдай жасағанымыз жөн. Демек, біздің басты экономикалық әріп-тестеріміз болып табылатын Еуроодақпен карым-катынастарды дамыту мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыты болып табылады.
Экономикалық әріптестікпен қатар, біз үшін Еуроодақпен саяси қарым-қатынас та аса үлкен маңызға ие. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2009 жылы Қазақстанның осы аса беделді ұйымға төрағалық етуі туралы шешімі, ең алдымен, осы құрылымның көзқарасына қатысты. ЕҚЫҰ-ға мүше 59 мемлекеттің 56-сы еліміздің кандидатурасына қолдау көрсеткені мұны айқын дәлелдейді. Аталған ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының ұсыныстарына сәйкес, еліміздің сайлау заңнамасындағы жиналыстар еркіндігін шектеген даулы түзетулер алынып тасталды. 2006 жылғы күзде жергілікті билік органдар құрамының 30 пайызы сайлау жолымен толықтырылды. Бұл қадам — жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның маңызды көрінісі. Басқа шаралар ретінде 28 ақпанда өз Жолдауында Президент Парламент өкілеттіктерін кеңейтуді атап көрсеткен. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселесі 2007 жылдьң соңында Мадридте өткен ЕҚЫҰ-ның министрлер жиналысында қарастырылған. Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ететін болды.
Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтын бұрынғы КСРО республикалары ішінен біріншісі болып табылады. Кеше ғана ТМД елдері үшін осы ұйымға төрағалық ету мүмкіндігі мүлдем жоқ болды деп айтуға болады. Алайда еуропалықтар Қазақстанның тұрақты даму тәжірибесінің құндылықтары мен еліміздің аймақтың дамуына жағымды ықпалын жоққа шығара алмады.
Сарапшылардың пікірі бойынша ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жетістіктерін мойындаудан басқа амал қалмады, соған қоса энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөліп жүретін Батыс Орталық Азиядағы Қазақстан сияқты ірі және тұрақты ойыншының рөлін ескермей қала алмады.
Қазақстан төрағалығының пайдасына қоғамдық-саяси өмірдің ырықтандыруымен қатар жүретін республиканың табысты экономикалық дамуы маңызды рөль атқарды. Республикамыздың өтінімін қолдай отырып, Франция сенатының төрағасы еліміздегі жағдайдың нақты жақсарғанын атап өтті: «Қазақстанға әр келген сайын мен саяси, экономикалық және мәдениет саласындағы алға басушылықты байқаймын. Ұлттар мен діндер қиылысатын бұл ел тұрақтылық жағдайында өмір сүруде».
Кеше ғана Батысқа жалтақтап қараған Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қара бастың қамы үшін ғана жасалынатын нәрсе емес. Мұндағы басты мақсат – өз ұстанымымызды көрсету, еуропалық қауіпсіздікті құруға өз үлесін қосу мүмкіндігі.
Сыртқы істер министрі Тажиннің пікірінше – ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық миссия бұл халықаралық ұйымның беделін Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасында көтеруі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде аймақтың мемлекеттерінде демократияның дамуына жағымды әсер етеді, өйткені ЕҚЫҰ-ның қызметі мен стандарттарына біржақты көзқарас жойылады.
ҚР-сының мемлекеттік хатшысы К.Саудабаев – «Өз кезегінде біздің ұйым серіктестеріміз Қазақстаннан жаңа нақты шараларды күтуде. Ең алдымен мемлекет ішіндегі демократизация және осы халықаралық ұйымның бірлігін нығайту, оның беделін көтеру бойынша шаралар» – деп айтты.
Сарапшылар пікірі бойынша Қазақстан төрағалығының арқасында ЕҚЫҰ-да «Венадан шығыс орналасқан» мемлекеттердің пікірлері мен мүдделеріне көбірек көңіл аудара бастайды.
ЕҚЫҰ-ның жұмысына ықпалын Қазақстан келесі жылдан бастап жүргізе алады. Сол кезде елімізде ЕҚЫҰ-ның парламентарлық ассамблеясы өтеді. «Әлемнің 55 елінен 600 депутаттың біздің елімізге келуі ЕҚЫҰ-ның өзінің «дағдарысынан» шығуына себеп болатын аса маңызды оқиға болмақ» – деп Қазақстан парламентінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов мәлімдеді.
Қазақстанда төрағалық функцияларға жақсылап дайындалып, ЕҚЫҰ-ны реформалау мақсатында барлық жағдайларды қамтамасыз етіп, еуропалық институттар мен ТМД елдері арасында сенімділікті арттыру үшін жағдайларды жасатуға әлі 2 жыл бар.
Қазақстан мен Еуроодақ қарым-қатынастарында қандай маңызды бағыттар бар деген сұраққа жауап беретін болсақ, аумақгық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз күні тұжырымдамалық түрінде талкыланған «Еуропа Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы» атты құжат қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік-Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне қа-тысушы болды. 1997 жылы бұл ұйым Еуропа - Атлантикалық әріптестік кеңесі деп өзгертілді.
1994 жылғы 27 мамырда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарла-масына қосылды. Бұл осы бағдарламаның аралық құжатына қол қою арқылы жүзеге асты.
1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осы жылы Қарулы Күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды. Бұл құжаттар берілген ақпараттарды қорғау жөніндегі екі жақтьң өзара міндеттемесін айқыңдап, әскери жаттығулар мен басқа да шаралар өткізген кезде «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы бойынша әріптес елдер әскери бөлімшелерінің мәртебесін айқындауға кызмет етеді.
Қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды қалыптастыру мен жеке негіздегі ынтымақтастықты кеңейтудің жолдары қарастырылды. Осыған сәйкес Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестік іс-қимылдың жеке жоспары жасалып, 2006 жылдың 31 қаңтарынан бастап ол жоспар әрекет ете бастады.
Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы кыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасыңдағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ьнтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын.
Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияньң көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен «Үлкен сегіздік» саммитіңде Германияның жаңа федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті.
2006 жылдың қаңтар-қараша айлары ішіңде екі ел арасындғы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бүл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғаңда, Германия — Қазақстанмен қарым-қатынаста Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұр. Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. Қазакстанда көптеген неміс фирмалар мен банктері жұмыс істейді. Олардьң ішінде әлемге танымал «Мерседес-Бенц», «Сименс», Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар.
Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрады. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.
Қазақстанның Ұлыбританиямен қатынасы 1992 жылғы 19 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнатудан басталды. 1992 жылғы шілдеде «Бритиш-Газ» компаниясымен келісімге қол қойылып, Каспий жағасындағы Қара-шығанақ кенін игеру басталды.
1994 жылғы наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға тұңғыш ресми сапары болып, онда алты құжатқа қол қойылды, ең бастысы – Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация болды.
1995 жылғы қазанда Лондонда Қазақстан Республикасының елшілігі ашылып, ал Алматыда Британ кеңесінің өкілдігі ашылды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжо-март Тоқаев Лондонда болды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы Ұлыбританияда екі рет (қыркүйек-қараша айларында) болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы инвестиция көлемі – 5,5 миллиард доллар.
Қазақстан мен Франция арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы 25 қаңтарда орнатылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қыркүйектегі сапары кезінде Достық, өзара түсіністік және ьнтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Соңғы 10 жылда екі мемлекет басшыларының он бір рет кездесуі болды. Екі жақты сауданың көлемі 2004 жылы 1,8 миллиард долларға жетті. Қазақстанда Француз компанияларының 29 өкілдері, 9 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстан мен Италия арасындағы қатынас қарқынды дамып келеді. 1994 жылғы 22 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Италияға ресми са-пары болды. 1997 жылғы мамырда екі ел арасында Достық және Ынтымақтастық туралы шартқа қол қойыдды. 2003 жылы 22 қыркүйекте Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға ресми сапармен келді.
Қазақстанның Испаниямен дипломатиялық қатынасы 1992 жылғы 11 ақпаңда орнатылды. 1994 жылғы наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Испанияға ресми сапары болды. Екі ел арасыңда тауар айналымы 2006 жылы 1 миллиард долларға жетті.
Қазақстан Нидерланды қатынастары. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашада Нидерлаңдыға барған алғашқы сапарында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы, әуе қатынасы туралы, кеден істеріндегі ьнтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімдерге қол қойылды.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2004 жылдың 8 айы ішінде 391,3 миллион долларды құрады. Қазақстанда онға жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар жеміс-жидек өнімдерін өңдеуге, қызмет көрсетуге, халық тұтынатын тауарларды өндіруге бағытгалған. Екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық дамып отыр. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық, мәдени қарым-қатынас жедел дамып келеді. Мәселен, 2006 жылы сауда айналымы 1 миллиард 900 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестициясы 21 миллиард доллар көлемінде болып отыр.
Қазақстанның Польшамен қатынасы екі ел арасында 1992 жылы 6 сәуірде дипломатиялық қатынас орнатудан басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қараша және 2002 жылы мамыр айларында ресми сапармен Польшада болып саяси қатынас қазіргі заманның талаптарына сәйкес дамуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 507,8 миллион доллар болды. Қазақстан Польшаға мұнай, тыңайтқыш, астық, құрылыс материалдарын, қара металл, мақта экспорттаса, ол елден бізге өнеркәсіп тауарлары, мәшине, электр техникасы құралдары, жиһаз, полиграфия өнімдері мен азық-түлік түрлері импортталады. Бүгінде елімізде біріккен 90 кәсіпорын жұмыс істейді, негізінен олар геологиялық барлау, құрылыс, жиһаз өндірісі мен фармацевтика салаларына бейімделген.
Сонымен, Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынасы қарқынды дамуда деп қорытынды жасауға болады.
[1] Право Европейского Союза. Учебник / под ред. С.Ю. Кашкина. М.: Юристъ, 2002, - С.55
[2] Топорнин Б.Н. Европейское Право. Учебник. М., Юрист, 1998, - С. 34
[3] Дәйексөз Duroselle J.B. Europe: A History of its Peoples. VIKING, FRG, 1990.P.344 бойынша
[4] Топорнин Б.Н. Европейское Право. Учебник. М., Юрист, 1998, - С. 33
[5] Борко Ю.А. Загорский А.В. Общий европейский дом: что мы о нем думает. М.: 1991. – С.8
[6] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М. Эксмо, 2005. – С. 16
[7] Энтин Л.М. Европейское Право. Учебник. М.: Норма, 2004, - С. 4
[8] eulaw.edu.ru
[9] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М.: 2005. – С. 28
[10] Кэрен Дэйвис. Право Европейского Союза. Учебник. М.: Знания, 2005, - С. 154
[11] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М.: 2005. – С. 31-32
[12] На пути к европейскому единству: события и даты. – М.,:1994. – С 27
[13] Право Европейского Союза. Учебник / под ред. С.Ю. Кашкина. М.: Юристъ, 2002, - С.83-84
[14] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М.: 2005. – С. 36
[15] Четвертиков А.О., Кашкин С.Ю. Шенгенские соглашения. М.,2000. – С.41
[16] Право Европейского Союза. Учебник / под ред. С.Ю. Кашкина. М.: Юристъ, 2002, - С.85-86
[17] Энтин Л.М. Европейское Право. Учебник. М.: Норма, 2004, - С. 33
[18] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М.: 2005. – С. 42
[19] Буторина О.В. Что такое евро? – М., 1999. – С. 16
[20] Четвериков А.О. Европейский Союз: новый этап интеграции. Общество, политика, наука. М., 2000. – Б.425.
[21] Ушаков Н.М. Государство в системе международно-правового регулирования. – М.: Наука, 1997. – Б. 58.
[22] Ибрашев Ж., Галимова М. Конфедерализм – политическая форма европейского союза // Конституция и цивилизационные процессы в Казахстане: Материалы науч.конф. 30-31 марта 2005г. А., 2002. – Б.19-22
[23] Артамонова О.Ф. Международная правосубъектность Европейского Союза.// Журнал российского права. -2002. №8. – С.146-148.; Современные международные отношения. Учебник./ Под. Ред. А.В. Торкунова. – М.: Российская политическая энциклопедия.,2001. – Б. 321-324.
[24] Юмашев Ю.М. О правовой природе Европейского Сообщества./ Европейская интеграция. – Кн.1. – М., 1992. –С. 95-96.; Костенко М.Л., Лавренева И.В. К вопросу о наднациональности и особенностях ЕС./ Европейская интеграция. – Кн.1. – М.,1992. – Б.73. Хиршлер М., Циммерман Б. Западноевропейские интеграционные объединения./ – М.: Прогресс,1987. – Б.45-47.
[25] Толстухин А.Э. Правовая природа Европейского Союза./ Автореф. Дисс. на соискание уч.степ. к.ю.н. – М., 1997. – Б.11.
[26] Толстопятенко Г.П. Европейское налоговое право. Сравнительное-правовое исследование. – М.: Норма.,2001. – С.3,9,11.; Четвериков А.О. Основные органы Европейского Союза./ Автореф. Дисс. на соискание уч.степ. к.ю.н. – М.,1999. – Б.14-15.
[27] Кембаев Ж. Правовая природа Европейсого Союза// Права и государство. – 2002. №3. – Б.78.
[28] Сонда., - Б.80.
[29] Вилленберг А.В. Что говорят евроскептики?/ Журнал Global Affairs. – 2007. №2. – Б.25.
[30] Мишин А.А. Конституционное право зарубежных стран., – М.: ЮД Юстицинформ.,2002. – Б.37.
[31] 1977 жылғы КСРО Конституциясы., 72-бап.
[32] С.Литвинова. К вопросу о природе Европейского Союза./ ақпарат www.allpravo.ru сайтынан алынды
[33] Мысалы, Четвериков О.А. Европейский Союз: новый этап интеграции. – Б.426-430.
[34] Каким будет будущее ЕС?// Журнал «Deutschland».: 2001. -№6,; құжат http://eur.academy-go.ru/Eurosoyz/Public/Ditcen.sht.
[35] Мысалы Амстердам шартын дайындау бойынша келіссөздері кезінде.
[36] Реформалар туралы Шарт (Лиссабон шарты) барлық мүше-мемлекеттермен ратификацияланса, онда ол құжатқа сәйкес ЕО заңды тұлға мәртебесіне ие болады.
[37]Артамонова О.Ф. Международная правосубъектность Европейского Союза.// Журнал российского права. -2002. №8. – Б.143.
[38] Капустин А.Я. Европейский Союз: Интеграция и право./ - М.: РУДН. – 2000. – С.36,52.
[39] Р.А. Каламкарян, А.Я.Капустин.// Государство и право. – 2001. -№2. – Б.125.; Равкин Н.В. Европейское Сообщество как субъект международного права.// Московский журнал международного права. – 2000. -№2. – Б.6-7.
[40] Артамонова О.Ф. аталған еңбегі. Б.114
[41] Ол да сонда. Б. 145.
[42] Топорнин Б.Н. Европейское право. М.: Юристъ, 1998. – Б.150.
[43] Олтеану О.М. Международная правоспособность Европейского Сообщества. Вестник Моск. Ун-та. Сер.11. Право. 1994. –№1. – С.44-46.
[44] Капустин А.Я. Европейский Союз: Интеграция и право. –М.: РУДН, 2000. – Б.61.
[45] Атап айтқанда А бабын: «Одақ, бұл шартқа сәйкес саясат салалары мен ынтымақтастық нысандарымен толықтырылған Еуропалық Қауымдастықтар негізінде құрылады».
[46] Основы права Европейского Союза: Учебное пособие./ Под. Ред. Кашкина С.Ю., - М.: Белые Альвы, 1997. – Б.69-70.
[47] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М. Эксмо, 2005. – С. 187
[48] Право Европейского Союза. Учебник / под ред. С.Ю. Кашкина. М.: Юристъ, 2002, - С.55
[49] Право Европейского Союза. Витвицкая О.А., Горнич Г. М.: Норма, 2005, - С. 163
[50] Хартли Т. Основы права Европейского сообщества. Введение в конституционное и административное право Европейского сообщества. – М., 1998. – С. 140
[51] Право Европейского Союза в вопросах и ответах: Учебное пособие./ Под ред. Кашкина С.Ю. – М., 2004, – С.45
[52] Маклаков В.В. Европейский парламент – М., 2001. – С.33
[53] Кашкин С.Ю. Право Европейсого Союза. Учебное пособие. М., Проспект, 2008. – С. 73
[54] Rideau J. Droit instituonnel de l’Union et des Communautés européennes. P.349.
[55] Кашкин С.Ю. Право Европейсого Союза. Учебное пособие. М., Проспект, 2008. – С. 76
[56] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М. Эксмо, 2005. – С. 209
[57] Dony M. Droit de la Communauté et de l’Union européenne. Bruxelles: Institut d’études européennes, 2001. P. 65
[58] Introduction au Conseil de l’Union européenne7 Luxembourg: Office des publications officielles des Communautés européennes, 2002. P.9
[59] Право Европейского Союза: правовое регулирование торгового оборота: Учебное пособие / Под ред. В.В. Безбаха, А.Я. Капустина6 В.К. Пучинского. – М., 1999. – С. 78
[60] Кашкин С.Ю. Право Европейсого Союза. Учебное пособие. М., Проспект, 2008. – С. 82
[61] Communication de la Comission: Une Constitution pour l’Union. Bruxelles, le 17.09.2003. COM (2003) 548 final. P. 17.
[62] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М. Эксмо, 2005. – С. 231
[63] europa.eu.int/eur-lex/en
[64] Кашкин С.Ю. Введение в право Европейсого Союза. Учебное пособие. М. Эксмо, 2005. – С. 250
[65] Европейский Союз. Путеводитель / Под ред. Ю.А. Борко и О.В. Буториной. М.: Интердиалект+, 2003, - С.100
[66] http://ru.wikipedia.org/wiki/Конституция_ЕС
[67] http://old.radiomayak.ru/interview/05/05/30/36909.html
[68] "Российская газета" - Центральный выпуск №3365 от 1 июля 2005 г. – С.9
[69] Колосенко А. Замена Евроконституции // Московский Комсомолец. – 2008. - 16 января. – С. 6
[70] Смирнов В. Мини-Конституция для макси-Европы.// Вся Европа. №11 (16) 2007.
[71] Шегедин А. Договор о реформе ЕС в полном тумане.// Netинфо, 18.12.2007
[72] http://europa.eu/lisbon_treaty
[73] Cоколов С. ЕС: реформу пишем, Конституция в уме.// Русский журнал, 23.03.2008