“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моральдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Жалпы “капитал” экономикалық тұрғыда бiрiншiден – капитал деген өндiрiстiк құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан – капитал деген бастапқы ақша сомасы. Екi көзқараста да капитал шаруашылықта пайда табу мақсатында қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.
Экономикада капиталдарды тиімді қолдану жалпы экономикалық дамуға қол жеткізеді. Капиталды қалыптастырудың басты мақсаты экономикада шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған және өз активтерін қаржыландыруды айтамыз.
Экономикалық қатынастарда капиталдардың қызмет етуi қапитал нарығының болуымен сипатталады. Капиталдар нарығында капитал екi түрлi сипатта болады: өндiрiстiк нарықтағы және қарыз қаражаттары нарығындағы. Мұндағы өндiрiстiк нарықтағы капитал нақты өндiрiске қатысатын өндiрiстiк-техникалық құрал-жабдықтармен байланысты болады. Ал қарыз қаражаттары нарығындағы капитал ақша формасы негiзiнде көрiнiс табады. Ол өз кезегiнде ипотекалық нарыққа және қаржы нарығына жiктеледi.
Қазақстан өзiнiң 14 жылдық экономикалық дамуында келесiдей капитал нарығының сипатымен ерекшелендi: елде өндiрiстiк капитал нарығының дамуы әлi күнге дейiн оң бағыт ала алмай отыр, оның басты себебi ел экономикасына құйылып жатқан инвестициялардың басым бөлiгi өндiрiстiң шикiзаттық бағытына тартылуда, ал капиталдың қарыз қаражат нарығының дамуы ТМД елдерi iшiнде ең тиiмдi құрылған жүйе және рыноктық механизмде толық қанды дамып, қызмет iстеп отырған капитал нарығы болып табылады. Оның бiрден-бiр мысалы, елiмiзде ұзақ мерзiмдi несиелер, лизингтiк қатынастар, мемлекеттiк және корпорациялық бағалы қағаздар нарығының бiрiншi және екiншi нарықтарының дамуы, ұлттық биржа қор нарығының еркiн аймақ рентiнде қызмет етулерiн атап өтсек болады.
Сондай-ақ қандай-да болмасын рыноктық экономикада кәсiпкерлiк қызмет түрiн бастау үшiн ең бiрiншi капиталға қажеттiлiк туындайды. Қазiргi Қазақстан экономикасында жекешелендiрудiң жаппай жүргiзiлiп, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуы капиталдарға деген сұраныста жылдан жылға артуда. Ол негiзiнен негiзгi өндiрiстiк капиталдарға деген қажеттiлiктен туындауда.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын « Капиталдың алғашқы қорлану теориясы. Қазақстан Республикасындағы капиталдың алғашқы қорлану формалары» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал мемлекеттiк деңгейде капитал нарығының екi сипаты да сапалы әрi толық қанды дамыса онда ұлттық экономиканың әлемдiк экономикадағы орны мен жағдайы да артады.
- КАПИТАЛ НАРЫҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗГІ НАРЫҚТЫҢ БІРІ
1.1 Капиталдың экономикалық мәні мен жалпы сипаты
Капитал бұл өздігінен қолданылып, өсуді қажет ететін экономикалық категория болып табылады. Капитал сондай-ақ, өндірістің үш негізгі факторы жер, капитал және еңбек күшінің бірі және ажырамас бөлігі болып табылады.
Экономикада салымдар бойынша капитал екі түрге бөлінеді: кәсіпкерлік және қарыздық капитал. Кәсіпкерлік капитал өндірістің нақты, материалдық емес және қаржылық активтерін қалыптастыру және оны басқару болып табылады. Ал қарыз капиталы бұл ақшалай сипаттағы, яғни несие формасында белгілі бір пайызбен қайтарылатын және кепілдемелермен қамтамасыз етілетін капитал. Капиталдың жалпы экономикалық мақсаты мен бағыты өз иесіне ағымды және болашақта тұрақты пайда әкелу және оның деңгейін көтеруді талап етеді.
Капитал – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бiрi, нарықтық шаруашылықтың қажеттi элементi. Тауар өндiрiсi пайда болып қалыптасқаннан берi, капитал мынадай тарихи даму формаларына ие болған: сауда капиталы (көпес капиталы түрiнде), - табиғи капиталдың ең көне еркiн формасы, өсiмқорлық, осыдан кейiн - өнеркәсiпiк.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерiнде зерттелген. Капиалдың формалары мен экономикалық мектептердiң қосарласып дамуы бұл категорияны тұнғыш зерттеушiлердiң – меркантелистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебi болады.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеудi өзiнiң “Капитал” (1867ж) деп аталған еңбегiнлде К.Маркс жүргiзген. Капиталдың қызмет етуiнiң нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнiн, мазмұнын айқындап көрсетедi. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны белгiлi бiр экономикалық қозғалыс деп тұжырымдады. “Капитал” экономикалық ғылымның тарихында капиталды, капиталистер мен жалдамалы жұмысшылыр арасындағы ерекше белгiлiк тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсеттi. Осымен қатар капиталдың заттық түрi болады: станок, машина, шикiзаттық түрiнде болады.
Экономикалық теорияның классиктерi капиталдың алғашқы қолданылуын, капитализмнiң қалыптасуының бастапқы кезеңi деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзiндiк еңбекке негiзделген индивидуалдық жеке меншiктi жою процесi, жұмысшыларды өз еңбегiнiң шартына меншiктен шеттету процесi. Ол бiр жақтан, тiкелей өндiрушiлердiң тек қана жұмыскерге – идеалдық жұмыскер, екiншiден қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмiр сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Капиталдың алашқы қорлануының экономикалық негiзiн шаруалар мен қолөнершiлердiң жаппай экспропорционалдануы құрайды. Екiншiден, елдiң iшкi жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өрiс алды. Үшiншiден, капиталдың барлық нысандары – сауда, өсiмқорлық, өнеркәсiптiк - екпiндi дамыды. Осымен бiрге капиталдың қорлануы ақша және құрал-жабдықтар түрiнде қорлану арқылы жүрiп отырды.
Капитал өз кезегінде әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Шаруашылық жүргізуші субъектісі капиталдың қайнар көзі бойынша меншіктік және қарыз капиталы болып жіктеледі; меншік капиталы кәсіпорынның өзіндік меншік активтерінен құралады және ол жалпы капиталдардың ішінде маңызды роль атқарып тұруы керек.
- Қолданылу мақсаты бойынша капиталдар: өнеркәсіптік, қарыздық және спекулятивтік болып бөлінеді.
- Инвестициялау формасы бойынша келесі формаларда болады. Оларға: ақшалай, материалды және материалды емес формада.
- Инвестициялау объектісі болып негізгі және айнымалы капиталдар жатады. Мұнда негізгі капиталға айналым активтері емес айналым емес активтер қатарына жатады.
- Меншік формасы бойынша капиталдар мемлекеттік, жеке және аралас болып жіктелінеді.
- Ұйымдық-құқықтық қызмет формасы бойынша капитал акционерлік және жеке капитал негізінде құрылады.
- Мәліметтерді қарастыруға байланысты капитал қызметтерінің нақты қызмет етуі.
- Қайнар көздері бойынша жалпы инвестициялар шетелдік және отандық болып жіктелінеді.
Мемлекет тапшылығын жою үшiн мемлекет ақша капиталының иелерi арасында iрi сомаға қарыз орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз берушi бейнесiн алған буржуазияға, үкiметтiң мiндеттемелерiне сәйкес төленетiн, елеулi көлемдегi проценттердi иеленуiне мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк несиенiң дамуы бағалы қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды. Осының негiзiнде көп мөлшерде экономикада ақша капиталдары немесе қаржы капиталдары қалыптасты.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесi қызмет еттi. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап еттi. Бұл басқа елдерден келетiн тауарларға шек қоюға және өнеркәсiп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшiн сыйлық төлеуге жол ашты. Осы саясаттың негiзiнде ұлттық капиталдың көбеюi мемлекеттiк негiзде iске асырылып, ол белгiлi бiр саясаттармен реттелiп отырылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын қамтамасыз етiп оны дүниеге әкелген өндiргiш күштердiң дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуi және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.
Ел экономикасында капиталға деген сұраныстың өсуiне басты себеп кәсiпкерлiк қызметтiң жылдан-жылға дамуы болып табылады. Осы сұранысты қамтамасыз етудiң iшкi және сыртқы қайнар көздерi бар. Iшкi себептерге ең алдымен жекешелендiру реформасы жатады. Ол мемлекеттiк меншiктiң келесi әдiстер арқылы бөлiнуiне әсер етедi:
- өнеркәсiптiң ауыр және жеңiл салаларындағы қаражаттарды екiншiсiнiң пайдасына сәйкес қайта бөлу;
- капиталды қызметтер мен сауда сферасындағы шоғырландыру;
- сыртқы сауданы нарықтандыру нәтижесiнде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
- коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.
Ал сыртқы қайнар көздерiне шетелдерден келiп жатқан несиелер жатады. Экономикада капиталдарды тиімді қолдану жалпы экономикалық дамуға қол жеткізеді. Капиталды қалыптастырудың басты мақсаты экономикада шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған және өз активтерін қаржыландыруды айтамыз. Осы мақсатқа жетуде және капиталдарды тиімді қалыптастыруда келесідей қағидалар қалыптасады:
- Жаңа кәсіпорынды ашуға қажетті бастапқы шығындар, бұл көбінесе меншік капиталы негізінде жүргізіледі;
- Капиталдың өндіріске қажетті деңгейін анықтау. Бұл кезеңде капитал екі топқа бөлінеді:
- жобалау алдындағы шығындар, кәсіпорынның сметалық шығындарына байланыссыз;
- жобалық шығындар, кәсіпорынның нақты өндірістік шыңдарына байланысты. Бұған кәсіпорынның техника-экономикалық негіздемесі, бизнес-жоспар және т.б. негізгі және айнымалы капитал шығындары жатады.
- Капиталды тиімді қолдануды қамтамасыз ету. Бұл тиімді капитал құрылымы меншік және қарыз капиталдарының ара-қатынасы негізінде сипатталады. Кәсіпорынның меншік капиталына көбінесе жарғылық, үстеме және резервті капиталдар жатады.
Енді осы капитал нарығының қызмет етуі мен оның құрылымына келесі тақырыпта кеңірек тоқталып өтсек.
1.2 Капитал нарығы және оның ерекшелігі
Капитал нарығында капитал ұғымы бiрiншiден – капитал құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншiден – капитал ақша сомасы. Екi көзқараста капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында қолданылады және өндірісті ұйымдастырудың басты құралы екендігін дегенді мойындады.
Капитал нарығы нарықтағы сатушыларды мен сатып алушылардың арақатынастарының объектiсiне байланысты, осы түсiнiкке анықтаманың екi варианты болуы ықтимал.
Бiрiншi вариант бойынша өндiрiс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшемiндегi физикалық капитал түсiнiледi: өндіріс құрал-жабдықтары, станоктар, машиналар, ғимараттар және т.б. материалдық-заттық объектiлер. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндiрiс факторлары нарығының бiр бөлшегi болып табылады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс – бұл өздерiнiң инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрiнiсi жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық жұмыстарға қатысу.
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Физикалық капиталдың фирма меншiгiне айналуына, немесе оның уақытша пайдалануға берiлуiне байланысты, төлемдер екi түрге бөлiнедi: капитал қызметтерiнiң толассыздығы (пайдалану бағасы) үшiн төлем және капиталистiк активтер үшiн төлем болып бөлiнедi.
Капитал қызметерiн пайдалану құны капиталдың ренталық (жалға беру) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық сұрыптама түрiн, немесе фирманың капиталдың бiр бөлiгiн жалға алғаны үшiн оның иесiне төлейтiн сома түрiн бiлдiредi. Бұл iс жүзiнде бүгiнгi экономикалық қатынаста лизингтiк келiсiм-шарт түрiнде көрiнуде, яғни кәсiпорын өз қызметiн iске асыруда лизингке құрал-жабдықтарды алып, оны өндiрiсте пайдаланып, ал лизинг берушiге алынған объектiнiң белгiлi бiр мөлшердегi құнын төлеп отырады.
Активтiң бағасы – капитал бiрлiгiнiң қандай уақытта болмасын сату және сатып алу бағасы болып табылады.
Екiншi вариант бойынша қаржы нарығында капитал деп ақша ақша капиталдары түсiндiрiледi. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының құрамды бөлiгi болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектiсiнiң қызметiн атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы болып табылады. 2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай қарыз капиталдар нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлiнедi. Ақша нарығы мерзiмi бiр жылға дейiнгi банк операцияларының қысқа мерзiмдегi мiндеттерiне байланысты қалыптасады.
Капиталдар нарығы банктiң орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi операцияларына қызмет етедi. Осы нарық өзара ипотекалық нарыққа (кепiлдiң қарыз куәлiгiмен операцияялар жүргiзу) және қаржылық (бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу) нарыққа бөлiнедi. Қаржы нарығының субъектiлерiне банктер мен олардың клиенттерi, қор биржалары жатады, операциялардың объектiлерiне – жеке кәсiпкерлердiң және мемлекет институттарының бағалы қағаздары жатады.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмет етуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.
Қаржы капиталы объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау болып табылады.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Ақша нарығы және капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екiншiлiк нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз құралдары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалықтары болады. Осылардың бiр-бiрiмен айырмашылықтары бар және олар төмендегiдей жағдайларға байланысты болады.
- Статусымен (акция немесе облигация);
- Меншiктiң типiмен (жеке немесе мемлекеттiк);
- Iс-әрекет ету мерзiмiмен;
- Өтiмдiлiк дәрежесiмен;
- Қауiп-қатер сипатымен (банкроттық және нарықтық).
Кесте 1 Бағалы қағаздардың жiктелуi
Классификациялық белгiлерi | Бағалы қағаз түрлерi |
· Өмiр сүру мерзiмi. · Шығарылуы бойынша. · Өмiр сүру нысаны. · Ұлттық құрамына байланысты. · Қолдану түрi. · Иелену тәртiбi. · Шығару нысаны. · Айналымдығы бойынша. · Тәуекелдiлiк деңгейi · Пайданың болуы · Қаржы жұмсалым нысаны. · Экономикалық маңызы. | · Мерзiмдi; Мерзiмсiз. · Негiзгi; Туынды · Қағаз немесе документтiк · Отандық; Шетелдiк. · Инвестициялық; инвестициялық емес. · Атаулы; ұсынбалы. · Эмиссиялық; эмиссиялық емес. · Нарытық немесе еркiн айналымдылық, нарықтық емес. · Тәуекелдiлiксiз және аз тәуекелдiлiк · Табысты; табыссыз. · Қарызды; иеленушi үлесi. · Акция, облигация, вексель және т.б. |
Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы «индосамент» болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар қарыздың қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық бағалы қағаздар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа бөлiнедi:
- Негiзгi бағалы қағаздар;
- Туынды бағалы қағаздар.
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар.
Бастапқы бағалы қағаздар активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. бағалы қағаздар жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын бағалы қағаздар. Мәселен, “опцион” туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады.
Ақша нарығы қаржы нарығның бiр бөлiгi, онда қысқа мерзiмдi БҚ сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзiмi 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттiк сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседi.
Олар үлестi де, қарызды да болуы мүмкiн. Олардың эмитенттерi де әр түрлi: мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б.
Айта кететiн жайт, бағалы қағаздардың кейбiр түрi қысқа мерзiмге яғни 1 жылға дейiн айналымда болса да капитал нарығында жүредi. Мысалы, опцион. Капитал нарығында 1 жылдан астам уақытта шығарылған БҚ-дар түседi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қандай да болсын экономикалық iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн ең алдымен капитал қажеттiгi туындайды. “Капитал” экономикалық тұрғыда, бiрiншiден – капитал өндiрiстiк құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан – капитал бастапқы ақша сомасы. Екi көзқараста да капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.
Капитал нарығының жалпы қызмет етуiне және iске асу формасына байланысты капиталдың екi түрлi сипаты бар: өндiрiстiк және қарыз қаражаттық. Бұлар туралы жұмыс барысында толық тоқталып өттiм.
Әлемдiк шаруашылықтың жаһандануына байланысты Қазақстан Республикасы алдағы жылдары Бүкiл Әлемдiк Сауда Ұйымына өтуге дайындалуыда. Ол үшiн елiмiздiң экономикасының қаржы секторының мығым болуымен қатар, экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осы аталғандардың iске асуының негiзi капитал нарығының дамуымен және оның қорлануымен байланысты болады. Қазақстан экономикасында бүгiнгi таңда капитал қорлануы процесi жүрiп жатыр және экономиканың қаржы саласында бiрталай капитал қорлануы жүргiзiлдi.
Ендiгi елiмiз экономикасының тиiмдi дамуында маңызды мәселелердiң бiрi капитал нарығындағы өндiрiстiк капиталдардың негiзгi бөлiгiнiң 80%-ынан астамының тозуына байланысты, iшкi қаржы капиталдары және шетелдiк капиталдарды ұтымды пайдалану арқылы тозған өндiрiстiк капиталдарды әлемдiк бәсекеге қабiлетi жоғары және соңғы құрал-жабдықтармен өндiрiстi, әсiресе өңдеушi өнеркәсiп саласын қамтамасыз ету болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. –464 б.
В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2002. – 544 с.
Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
Макконелл К., Брю С. Экономикс. – М., 1992.
Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –280 б.
Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784с.
Экономическая теория. / А.И.Добрынина, Л.С.Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.