Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстанда кәсіпкерліктің даму мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:
- Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
- Кәсiпкерлiк қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн атап өту;
- Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
- Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне тоқталу;
- Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу нәтижесiн қарастыру;
- Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
- Елiмiзде бүгiндегi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу iс-шараларын талдау және олардың iске асуын қадағалау;
- Кәсiпкерлiк дамуының және рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын шағын және орта бизнестiң ұлттық экономика дамуындағы маңыздылығын атап өту.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
I-бөлім. КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ
- Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, құрылымы
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi – шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады.
Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi. Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы. Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық болады, оны болжап, дәл айту қиын.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр профильдi , көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк , агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес - бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат. Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Сақтандыру бизнесi: сақтандыру эканомикалық қарым-қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
- Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
- Серiктестiк немесе партнерлiк;
- Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк реттеу шаралары
Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
- Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
- Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
- Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
- Рыноктық қатынастарды дамыту;
- Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
- Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
- Жаңа жұмыс орындарын ашу;
- Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
- Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
- Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
- Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
- Кластерлiк жүйенiң дамуы;
- Лизингтiк қатынастардың дамуы;
- Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
- Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр. Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге болады:
- Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
- Инновациялық қолдау және ынталандыру;
- Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
- Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
- Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
- Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен реттеудiң негiзгi бағыттарына:
- Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
- Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
- Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн белгiлеу;
- Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
- Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
- Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
- Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру.
Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты iс-шараларды қарастырып, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық жақтарын және қаржы-несиелiк қолдау шараларын, сонымен қатар кәсiпкерлердiң де, мемлекеттiң де мүдделерi ескерiлген шараларды iске асыруымыз керек. Оның мақсаты кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту стратегиялары оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерiн өңдеу болып табылады.
II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң құрылымы және даму мәселелерi
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.
Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отаныдық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.
Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты
Барлық кәсiпорын дар | Мемлекеттiк кәсiпорын | Жеке меншiк | Мемлекет араласуымен | Бiрiккен кәсiпорын | Шетелдiк кәсiпорын | |
ҚР | 182796 | 25661 | 149473 | 1133 | 5089 | 7662 |
Шағын | 163534 | 18204 | 144381 | 708 | 4812 | 7523 |
Орта | 10674 | 6607 | 3975 | 266 | 198 | 92 |
Iрi | 2014 | 850 | 1117 | 159 | 79 | 47 |
Бүгiнде елiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету формасына байланысты олардың құрылымын келесi кестеден және Қазақстан Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре аламыз.
Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет дамуының бүгiнгi таңдағы жалпы мәселелерiне тоқталатын болсақ, оларды келесiдей етiп топтастыруға болады:
- Кәсiпкерлiктi қолдау инфоқұрылымның жеткiлiксiздiгi;
- Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң әлсiздiгi;
- Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
- Негiзгi қаражатты алуға және айналым қаржатын молықтыру үшiн кешендiк ресурстарға қол жеткiзудiң шектеулiгi;
- Эканомикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және тым жоғары жалға алу ақысы;
- Кадрларды даярлау және кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы;
- Кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс қимыл жасаудың ұйымдық проблемалары;
- Кәсiпкерлiктiң даму жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдардың орын алуы;
- Кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдаудың әлi де қалыптасып болмауы;
- Кәсiпкерлiктi дамытуағы кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
- Рыноктық қатынастардың, кәсiпкерлiктiң, әсiресе шағын бизнестiң бәсекелестiк қатынастың дамуына монополилардың кедергi болуы;
Ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк тосқауылдардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi тiркеу және лицензиялау жүйесiнiң жетiлмегендiгi болып табылады. Осы мәселелердi шешудi аймақтық және жергiлiктi жерлерде қатаң түрде бақылауға алу керек.
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және әрекетсiздiгiнен туындаған әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы үкiметтiң әрекетiне байланысты.
2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу саясаты
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк реттеу мен қолдау саясатының күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Бүгiнде елiмiзде кәсiпкерлiк қызметтi мемлекетiк реттеу мен қолдау саясатының егiзгi бағыттарына тоқталып өтсек:
1) Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен реттеудi қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы қысқа және ұзақ мерзiмдi страгегиялары мен бағдарламалары арқылы iске асырылады. Кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдаудың негiзгi бағыттары келесiдей:
- Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылғн тәртiбiн белгiлеу;
- Кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
- Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
- Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда, ғылыми – техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттарының бәрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қолайлы жағдай туғызудың құқықтық ретiн белгiлеу болып табылады.
2) Мемлекеттiң кәсiпкерлiктi қаржы – несиелiк және инвестициялық тұрғыдан қолдау:
- Екiншi деңгейдегi банктердiң кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын жергiлiктi және республикалық бюджеттiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген, мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың есебiнен, заңдарда белгiленген тәртiппен несиелендiру;
- Кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеудi, соның iшiнде кәсiпкерлердiң алынған несиелерi бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету жолымен асыратын, коммуникалдық меншiк объектiлерiнен тұратын аймақтарда қалыптасатын кепiлдiк қорлар есебiнен екiншi деңгейдегi банктердi ынталандыру тетiгiн әзiрлеу;
- Тиiстi жылға арналған Республикалық бюджетте аталған мақсаттарға арнап қаражат көзделген жағдайда жобаларды екiншi деңгейдегi банктермен бiрлесе отырып бюджеттi қоса қаржыландыру;
- Қоғамдардың өзара несие алысу және өзара сақтандыру қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi тетiктер әзiрлеу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Шағын кәсiпкерлiк саласындағы инвестициялық саясат шағын кәсiпкерлiк сбъектiлерiнiң қажеттiлiктерiне жауап беретiн жабдықтарды шығаруға қабiлеттi компанияларға тиiс, олардың өндiрiстiк бағыттылығы , өнiмнiң жаңа түрлерiн игеруi, техникалық және технологиялық озаттылығы ескерiлетiн болады.
Кәсiпкерлiктi дамыту үшiн мемлекеттiк емес қаржыландырудың мүмкiндiктерiн пайдалану – кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң едәуiр бөлiгiнiң әлеуетiн бiрiктiруде жатыр. Өзара сақтандыру қоғамдарын, мүлiк пен өз мүшелерiнiң өзге мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдарды құру мен дамытуға айрықша мән берiлiп отыр.
3) Кәсiпкерлiктi салықтық реттеу шаралары. Көптеген елдердiң даму тәжiрибесi көрсеткенiндей, салық жүйесi экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрi болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кiрiсiн қамтамасыз етуге, қоғам мүддесiн қорғауға, шетелдiк ұлттық экономикаға тиiмсiз өндiрiстердi шектеуге немесе маңызды өнеркәсiп саларын салықтан босату арқылы ынталандыруға болады.
Салық салу қағидалары, салық ставкалары мен жеңiлдiктерi тәрiздi мемлекеттiк реттеу құралдарын ұтымды пайдалана бiлген ретте шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына өзiндiк оң әсерiн тигiзедi.
4) Кәсiпкерлiктi инновацялық және өндiрiстiк қолдау мен реттеу. Бұл мәселе бүгiнде ел алдындағы өзектi , шешiмдi қажет ететiн мемлекеттiк қолдаудың бiрi болып табылады. Өйткенi кәсiпкерлiк қызметтiң өзi жаңашылдық ашуға негiзiнде болса, онда осы отандық кәсiпкерлердiң ашқан жаңалықтары мен инновацияларын мемлекеттiк тұрғыда қолдап, ол жобаларды iске асыру, елiмiздiң әлемде бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың басты жолы болып табылады. Себебi Елбасымыз өткен жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегия және оны экономиканың барлық салаларында дамыту мен iске асыру екенiн атап көрсеттi.
Осы стратегияны жүзеге асыруда кәсiпкерлiк арасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекет эканомикасының дамуына көп әсер етедi. Шағын бизнестiң иновациялық дамудада бiрқатар артықшылықтарға ие:
- Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай эканомиканың барлық саласын қамтыды .
- Iрi фирмалар ғылыми зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк әлдеқайда көп болса да күрделi басқару пирамидалары себебiнен инновациялық процесс баяу атқарылады .
Сондай-ақ iрi фирмалар сыртқы орта әсерiне икемсiз болып келедi. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы орта өзгерiстерiне тез икемделiп жауап қайтару процессiн жылдам өзгертуге қабiлеттi;
- Шағын фирмалар iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттулер нәтижелерiн инновацияларды өндiрiспен өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi.
Осы көрсетiлген ерекшелiктердiң бәрi шағын инновациялық кәсiпкерлiктi қолдау маңыздылығын ескертiп отыр. Дамыған елдерде шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау жүйесi мынандай сұрақтарды қамтиды:
- Шағын инновациялық кәсiпорындар қызметiн құқықтық және заңмен қамтамасыз етуi;
- Кредиттiк жеңiлдiктер ұсыну, жеңiлдетiлген салық түрiн енгiзу;
- Шағын инновациялық фирмалар проектерiн тiкелей бюджеттiк қаржыландыру, жеке кәсiпкерлiк саласының қаржылап бағыттау;
- Информациялы - консультативтiк маркетинг бойынша көмек беру, шағын фирмалар қызметiн мамандармен қамтамасыз ету.
2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiк құрылымдарының алатын орны
Рыноктық экономика негiзiнде экономикалық тұрақты өсуге әкелетiн, бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызмет, нақтылай айтсақ шағын кәсiпкерлiктiң үлесi айтарлықтай болмақ. Әсiресе бұл салаға шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң берер нәтижесi ерекше. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Шағын кәсiпкерлiк кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi саласының бiрi. Шағын және орта кәсiпкерлiкке кез келген рыноктық экономикасы дамыған елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады. Егер, Европа елдерiнде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсiпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткiш 75 кәсiпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсiпорын ғана құрайды екен.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын және орта кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
- Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
- Шағын және орта инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды;
- Шағын және орта кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев өзiнiң “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында “елiмiздiң экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты шағын және орта бизнес” деп атаған болатын.
Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын және орта кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы санының 70% ғана жұмыс iстейдi.
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлiде өзгере қоймаған көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Шағын кәсiпкерлiк, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып , сол жерлерде өнделiп , дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi.
Бүгiнгi таңда шағын кәсiпкерлiк эканомикасының еркше бөлiгi ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға болады. Ал шағын кәсiпкерлiк Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомотивтiң нақ өзi.
Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау барысында оларға берiлiп отырған несиелердiң көлемiн келесi кестеден көре аламыз.
Кесте 2 Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммерциялық банктерден бөлiнген несиелер. ( млн. теңге )
Жылдар | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 |
Банктiк несиелер | 148880 | 276218 | 489417 | 672407 | 924283 |
Оның iшiнде шағын бизнеске | 39857 | 74202 | 121954 | 145515 | 210623 |
- қысқа мерзiмдi | 20423 | 40115 | 60153 | 63043 | 80943 |
- ұзақ мерзiмдi | 19434 | 34107 | 61801 | 83467 | 120718 |
Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсiпкерлiкке бөлiнген несиелер 19%-ға ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы шағын кәсiпоарныдардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi шағын кәсiпкерлердiң пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да тозған.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi шағын кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы шағын кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан лизингтiк қызметтi дамытудың шағын бизнстiң дамуына қосар үлесi жоғары болып табылады.
Бүгiнде шағын кәiспкерлiктiң ЖIӨ-гi үлесi 30%-дан асты. Ал Елбасымыздың ұсынысы бойынша ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн шағын бизнес ЖIӨ-нiң 60%-ын құрауы керек. Ол алдағы жылдардың еншiсiнде болып отыр. Жалпы елдегi шағын бизнес кәсiпкерлiк саласындағы үлесiн келесi 2-ші суреттен көре аламыз: /12/
Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi.
Шағын кәсiпкерлiк эканомикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау эканомиканың осы секторы дамуының серпiндi - үдемелi сипаты бар екенiн және элеуметтiк шиелiнiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi болып отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат эканомикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп оның дамуының шешушi факторы болып келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындары мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әр түрлi тауарлар мен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдаудың негiзгi бағыттары:
- Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылғн тәртiбiн белгiлеу;
- Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
- Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
- Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда , ғылыми – техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда , олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
- өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып , қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру.
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттарының бәрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қолайлы жағдай туғызудың құқықтық ретiн белгiлеу болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк саласындағы инвестициялық саясат шағын кәсiпкерлiк сбъектiлерiнiң қажеттiлiктерiне жауап беретiн жабдықтарды шығаруға қабiлеттi компанияларға тиiс, олардың өндiрiстiк бағыттылығы , өнiмнiң жаңа түрлерiн игеруi, техникалық және технологиялық озаттылығы ескерiлетiн болады.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн мемлекеттiк емес қаржыландырудың мүмкiндiктерiн пайдалану – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң едәуiр бөлiгiнiң әлеуетiн бiрiктiруде жатыр. Өзара сақтандыру қоғамдарын, мүлiк пен өз мүшелерiнiң өзге мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдарды құру мен дамытуға айрықша мән берiлiп отыр.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы ең соңғы ғылыми жетiстiктерге сай техникамен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халық өмiрiн жақсартуға қабiлеттi. Сондықтан да ғылымға және ғылыми - техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңiл бөлiнуi қажет.
2.4 Шағын кәсіпкерлікті инновациялық қолдау
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей шикiзат сатуға бейiмделген эканомика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы ең соңғы ғылыми жетiстiктерге сай техникамен технологиялар ғана эканомиканы көркейтiп, халық өмiрiн жақсартуға қабiлеттi. Сондықтан да ғылымға және ғылыми - техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңiл бөлiнуi қажет.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми – техникалық потенциялы қиындықтармен қақтығысып, тiрелiп өзгерiске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап ғана ғылыми жетiстiктерi мен инновациялықты игеру өндiру тiзбегiн дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық.
Бүгiнде Қазақстан экономикасы әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы дамушы елдер қатарында. Әлемдiк тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал елбасымыз халыққа жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстiнде, яғни экономикамыздың шикiзат бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын” қабылдап, оны iске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады.
Осы стратегияны жүзеге асыруда кәсiпкерлiк арасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекет эканомикасының дамуына көп әсер етедi. Шағын бизнестiң иновациялық дамудада бiрқатар артықшылықтарға ие:
- Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай эканомиканың барлық саласын қамтыды .
- Iрi фирмалар ғылыми зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк әлдеқайда көп болса да күрделi басқару пирамидалары себебiнен инновациялық процесс баяу атқарылады .
Сондай-ақ iрi фирмалар сыртқы орта әсерiне икемсiз болып келедi. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы орта өзгерiстерiне тез икемделiп жауап қайтару процессiн жылдам өзгертуге қабiлеттi;
- Шағын фирмалар iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттулер нәтижелерiн инновацияларды өндiрiспен өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi.
АҚШ ұлттық ғылыми қорының зерттеулерi бойынша iрi компанияларға қарағанда шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсiптiгi инновациялардың 56% шағын кәсiпкерлiк саласымен жасалынған ал соңғы өнеркәсiпке енгiзу процессi шағын өнеркәсiпкерлiкке 1 жылға ертерек iске асырылады.
Осы көрсетiлген ерекшелiктердiң бәрi шағын инновациялық кәсiпкерлiктi қолдау маңыздылығын ескертiп отыр. Дамыған елдерде шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау жүйесi мынандай сұрақтарды қамтиды:
- Шағын инновациялық кәсiпорындар қызметiн құқықтық және заңмен қамтамасыз етуi;
- Кредиттiк жеңiлдiктер ұсыну, жеңiлдетiлген салық түрiн енгiзу;
- Шағын инновациялық фирмалар проектерiн тiкелей бюджеттiк қаржыландыру, жеке кәсiпкерлiк саласының қаржылап бағыттау;
- Информациялы - консультативтiк маркетинг бойынша көмек беру, шағын фирмалар қызметiн мамандармен қамтамасыз ету.
Дүниежүзiлiк тәжiрибеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсiпкерлiк қызметiне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталарда, инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсiпорындарды бiр “шатырдың астында”, “бiр қалада” шоғырландырып, оларға ғылыми – техникалық зерттеу лабараторияларын, өндiрiстiк тәжiрибелiк цехтарын және жалға қызмет iтеу орындарын ұсынады.”
Бұл жерде мемлекеттiк қаржы, коммерциялық банктер және венчурлы қорлар қаржылары шығарылады. Әдетте ғылыми техникалық парктер мынадай жерде орналасады:
- Өндiрiс орындары, жер учаскелiк лабараториялар жалға алуға мүмкiндiк бар жерлерде;
- Жоғары оқу орындары, университеттер бар жерлерде;
- Мемлекет тарапынан қолдау және салық, несие жеңiлдiктерiналуға мүмкiншiлiктер бар жерлерде;
- Автокөлiк, темiр жол магистральдарына және шикiзат көздерiне нақын жерлерде .
Ғылыми технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейiнiң кеңейуi, өспелiгiне байланысты оларды былайша тiзiп көрсетуге болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубатор – инновациялық қызметтiң көптеген түрлерiн ұсынушы комплекс, ол бiр немесе бiрнеше ғимаратты алып тұрады , ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат iшiнен белгiлi бiр территорияларды жалға алып қызметiн бастайды Инкубациялық период 2- 3 жыл, осы мерзiмнен кейiн фирмалар өз бетiнше қызмет жасау үшiн бұл комплекстер шығып келедi . Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлiк маркетингтiк компетер, басқа да құрал - жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетiледi.
Бұл ғылыми оперативтiк құрылымның негiзгi мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практика жеткiзу бәсеке күресiне төтеп бере алатын кәсiпорын дәрежесiне жеткiзу. Ол кәсiпорындар инкубаторлардан шыққан соң тек парктерде немесе басқа да өнеркәсiптiк орталарда қызмет етуге қабiлеттi болады.
Технопарк - ғылыми-техникалық, территориялды комплекс негiзгi мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуiне тиiмдi , ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары зерттеу орталықтары, лабораториялар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, маркетинг т. б орталықтар енедi. Технопарк шағын инновациялық кәсiпорындарға қажеттi бухгалтерлiк, аудиторлық, конселтингтi, маркетингтi қызметтер ұсынып отырады.
Технополис - жеке қала негiзiнде құрылған ғылыми өндiрiстiк құрылым. Негiзгi құрылымы технопарктер, инкубаторлар мен ғылыми орталықтар.
Технополистер мен ғылым мен технология аймақтары инновациялық фирмалар қызмет ететiн “қаржы оазистiк аймаққа” айналды. Мұнда мемлекеттiк, коммерциялық банктер, өнеркәсiптiк корпорациялар, венчурлы қорлар, қайырымдылық қорларының капиталдары шоғырланды, оның үстiне мемлекеттiк жеңiлдетiлген салықтар кредиттер қосылды .
Сонымен дүниежүзiлiк тәжiрибеге қарағанда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi қолдау мемлекеттiк ғылыми техникалық саясаттың басты бағыты. Бiздiң елде шағын инновациялық кәсiпкерлiктi қолдау бойынша нақты заңды негiзi жоқ , бұл сала шағын кәсiпкерлiк бойынша заңдар мен проекттер бойынша реттелiп келедi, Ал барлық дамыған елдерде бұл бизнес түрiн мемлекет тарапынан белсендi қолдау ұйымдастырылған.
Бiрiншiден Қазақстанға шартты инновациялық бизнестi мемлекеттiк қолдаудың нақты жүйесi болуы керек. Сол жүйе арқылы эканомиканы жаңалықтармен қамтамасыз етiп, оны ескiрген және шетелдiк экалогиялық таза емес техника мен технологиялардан қорғау. Алдымен инновациялық кәсiпкерлiктi құқықпен қамтамасыз ету керек, яғны “Ғылыми – техникалық және инновациялық кәсiпкерлiктi қолдау туралы”, “Шағын инновациялық фирмаларды қалыптастырушы инкубаторлар мен технопарктер туралы” Заңдарды қабылдау.
Екiншiден тез арада инкубатор, технопарк сияқты ұйымдарды қалыптастыру керек. Олар инновациялық идеяларды маркетингтiк талдаудан өткiзiп өнiмнiң қаншалықты бәсекеге қабiлеттiгiн анықтап, ал өнiмдi өндiруге қаржы, өндiрушi iздестiрiп рынокқа жеткiзуi тиiс. Мемлекет ұйымдарды қалыптастыру мәселесiн шешудi өз қарамағына алуы керек.
Үшiншiден егер ғылым инновациялық идеяның авторы болса университеттегi жұмысынан кетпей, осы идеяны өндiрiске жеткiзу мақсатымен шағын кәсiпорын немесе консультативтi фирма ашуға мүмкiндiк алса . Басқа кәсiпкерлер мен ғылымдарды халықты хабардар ету мақсатымен инновациялық өнiмдер жәрмеңкелерiн ұйымдасттырып отыру қажет.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Елiмiздiң ұлттық инновациялық жүйесiн 1-шi суреттен көруге болады: (Сурет 1 )
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Осылайша елiмiзде ұлттық инновациялық жүйенi құру барысындамыз. Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгiнде Қазақстан экономикасы әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы дамушы елдер қатарында. Әлемдiк тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал Елбасымыз халыққа жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Ал осындай дамудың тиiмдi жолы болып рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтiң орны ерекше екенi бәрiмiзге белгiлi.
Осы кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елiмiздiң ұлттық экономикасын iшкi және сыртқы рынокта бәсекелiк қабiлетiн артыруға толықтай мүмкiншiлiгiмiз бар. Оны iске асыру өз кезегiнде мемлекеттiк реттеу мен қолдауды қажет етедi.
Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерiн келесiдей топтастыруға болады:
- Құқықтық және заң жүзiнде қолдау және қорғау;
- Кәсiпкерлiктi несие және инвестициялық қолдау мен реттеу;
- Салықтық реттеу мен қолдау;
- Кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау.
Осылардың iшiнде кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау елiмiздегi бүгiнгi таңдағы өзектi мәселелердiң бiрi. Себебi, әлемдiк экономикада жоғары бәсекелестiкке қол жеткiзу үшiн дамудың индустриялық-инновациялық сатысына өту керек. Ал кәсiпкерлiктiң, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң дамуы осы аталған инновациялық өндiрiске алып келер бiрден-бiр жол.
Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстiнде, яғни экономикамыздың шикiзат бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын” қабылдап, оны iске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады.
Қорытындылай келе, ел экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында және мемлекеттiк меншiктi жеке меншiкке айналдыруда кәсiпкерлiктiң алатын орны ерекше. Жаңа тәй-тәй басқан экономикамыз қазiрде бiрталай оң жетiстiктерге жеттi деп айтсақ болады. Қазiр шағын бизнестiң үлесi елдiң ЖIӨ 30%-тi құрап отыр, бұл бiз үшiн үлкен жетiстiк. Бiрақта бұл жоғары өсу көбiнесе отанымыздың әлi де шикiзаттық бағытында орындалып отыр, дамыған елдер тәжiрибесi бойынша экономиканы индустриалды – инновациялы дамытпай дамыған елдер қатарына қосылу мүмкiн емес, ал осы шараны iске асыруда кәсiпкерлiктiң қосар үлесi жоғары.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк деңгейде реттеп және қолдасақ алдағы жылдары елiмiздiң әлемдiк экономикадағы орны жоғары потенциалды және бәсекеге қабiлеттi болуына бәрiмiздiң де сенiмiмiз мол.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2000 ж.
- Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
- Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
- Тургинбаева А.Н. / Менеджмент в малом бизнесе: - Алматы: 2003, - 152с.
- Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента. – Алматы, - 1999г.
- Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
- К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2005, №3-4.
- Ж.Ильясов “Этапы и проблемы в развитии малого бизнесе” // Вестник предпринимателя, № 9-10, - 2004г.
- Т.С.Сарбасова “Состояние и проблемы малого бизнеса в РК” // Вестник КазНУ, №1, 2004 г.
- С.Т.Купешова “Шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау” // Қаржы-Қаражат, 2005ж.
- Л.И.Тогайбаева “Малый бизнес в обеспечение продуктивной занятости населения” // Вестник КазНУ. №3, - 2004г.
- М.Ж.Арзаева “Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3, - 2004ж.
- Статистический ежегодник, 2005 г.