Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнай өндірісін тағы да тоғыз айға қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bloomberg.
Келісімнің басты мақсаты - мұнай бағасын қалпына келтіру. Кейіннен картель мүшелері, оған мүше емес елдермен келісімнің уақытын ұзартуды тағы да талқылайтын болады.
Бұған дейін Иранның мұнай министрі Бижан Намдар Зангане ұйым үшін мұнай бағасының барреліне 55-60 доллар болғаны тиімді екенін айтқан еді.