Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс

Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс

Кәсіпкерлік дегеніміз – меншік түріне қарамастан азаматтармен заңды тұлғалардың тауарларға (қызметте) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жекеменшікке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқаруға негізделген ынталы қызмет болып табылады.

Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон  (1650-1734ж.ж) енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адамды сипаттайды. А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

Әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң – құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар.

І Тарау. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс

1.1.Кәсіпкерлік азаматтық қоғамның тірегі - Н. Назарбаев.

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кәсіпкерлік -азаматтық қоғамның тірегі. Бүгін Астанада өткен ҚР Президентінің «Алтын сапа-2009» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір даурықпа даңғазаның, құры ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Сондықтан ол нарыққа ебі жоқ, қабілетсіз адамның құтын қашырғанымен, амалы көп, алғыр, білгіш адамдардың жұмысын жандандырады. Әсіресе қазіргідей дағдарыс тұсында тек бәсекеге қабілеттілер ғана қиыншылық көрмей, дағдарыстан кейін өркендеп өсетін болады. Сондықтан жұмыр жердің барша жұртымен жақын араластырған жаһандану дәуірінде Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін біздің тауарларымыз да сол мақсатқа сай болуы керек. Бұл ретте біз отындық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев кәсіпкерлік өзінің икемділігіне байланысты, әрі нарықтың талаптарына орай бәскелестік ортаны дамытуға, өндірістің өнімінің өсуіне, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кеңеюіне өзінің зор ықпалын тигізіп отыратынын атап өтті. «Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікке   барынша қолдау көрсетіп отыр. Бұл мәселені мен жеке өзім бақылап отырмын. Бизнесті қосымша қаржы көздерімен қамтамасыз ету мақсатында қиыншылыққа қарамай банктерге тиісті қаржылар бердік. Соның арқасында 750 мың жаңа кәсіпкерлерге,  2 млн. адамдар жұмыс істейтін мекемелерге мемлекет көмектесіп отыр. Жол картасы аясында кәсіпкерлерге көп жұмыстар тапсырылды. Бүгінде 4 мыңнан астам жоба аяқталып келе жатыр», деді Президент.

1.2. Кәсіпкерліктің мәні.

Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. Әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.

Қәсіпкерлік қызметке талдау жасау-оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда “кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер” — француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды — түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, Л. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминінің атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVII ғас. басы). Ол “кәсіпкер” деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік-экономикалық кұбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік  қатынастарды караудың алғашқы нүктесі – олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті (жанұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.

Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы — міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі - ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке - дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ, егер қайта кұрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.

Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады: мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номинальды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу кұқығы жатады. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі — бұған деген алғы- шарттары бар, ең бастысы— капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын кұрып, дамыта алады.

Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі — өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік — жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта кұру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т. б.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Кәсіпкерлік әркезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі.Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандай да болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты-барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы, өзбеттілігі.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Қәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткеніміздей олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін, экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет-әдеттегі-ден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуте мүмкін емес.

Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен коньюнктура жайсыз болғаны.

Өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, накты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-катынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік (еркіндік) және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын аныктайды.

Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің кызметінен айыра білу шарт. өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесіне түгелдей тәуелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл-өндіріс кұрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерге айналады өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл тенденция, бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер. Бірақ қазіргі кәсіпкерлік кооперативтік болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен оның толық қанды өкілі-менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдығын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі ретінде оларды иемдене алады. Қәсіпкер қызмет істейтін меншіктің иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс кұрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай қатты байланыс жоқ. Кәсіпкерлік қызметтің мәні—өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану.

Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін белгілі жағдайлар қажет. Қәсіпкерлікті өркендетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігімен, шешім қабылдау мүмкіндігінің болуы, өнімдер мен табыстар жөнінде де осындай мүмкіндіктердің берілуі, қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және теңсалмақтылығы) қызметтер мен тауарлардың, капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып  алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, мұның ішінде заң шығаратың, орындаушы—сот өкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен кәсіпкерлер құқығын  қорғау.

1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.

Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде жаңа іске адамның жеке энергиясы мен капиталын жұмсаудан көрінеді. Сондықтан ол оның мақсаты мен нәтижелігі жағынан жеке оның құралы-шығындарды азайту, үнемділігі тұрғысынан да тиімділігін, тәртібін барынша ойластыруды талап етеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекеттің ең бастысы, тиімдісі-таңдаудың дұрыстығы немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі.

Осыған байланысты бизнесті ұйымдастырудың  үш негізгі түрін атап көрсету абзал:

        1.Жеке-дара кәсіпкерлік

         2.Серіктестік

         3.Акционерлік қоғам

Осы тұрғыдан әрқайсысына тоқталайық.

1.Жеке-дара кәсіпкерлік – бұл бір өзі ғана иемдену өз мүддесі тұрғысынан істі өз бетімен жүргізу. Жеке меншіктегі кәсіпорын иесі оны басқарып, пайданы түгелдей өзі иемденеді, бірақ барлық міндеттемелерге өзі жауап береді. Мұндай жағдайда істі тиімді жүргізуге күшті құштарлық пайда болады, өйткені алатын табыстың көлемі кәсіпорын жұмысының жетімділігіне тікелей байланысты. Бұл бизнес кәсіпкердің барлық тілектерін: авторлық, шығармашылық және т.б. толық қанағаттандырылды.

Алайда, істі, мұндай жүргізуде белгілі кемшіліктер бар. Айталық, бірден-бір иемденуші шексіз жауапкершіліктің субъектісі болады. Бұл жеке кәсіподақтар тек қана кәсіпорын активін тәуекелге жіберіп қана қоймай, өзінің жеке активін де қауіп-қатерде ұстайды. Кәсіпорынның барлық жауапкершілігі-қарыздары, несиелері, соттағы істері, контрактыны бұзғандығы шығындары- бәрі иемденушіні мойнында.

2.Серіктестікісте ортақ иемнуші ретінде екі, не одан да көп адамдардың бірігуі. Бизнесті ұйымдастырудың мұндай түрінің пайда болуы жеке-дара бизнестің негізгі кемшіліктерін жою бағытында жасалған талпыныс. Әдетте әріптестер өзара кәсіпорынды иемдену және оны басқару жөнінде келіседі. Олар өздерінің капиталдарын және істі жүргізу қабілеттерін біріктіреді. Партнерлер қатысу үлестеріне қарай кәсіпорын пайдасы мен шығындарын бөледі, тәуекелдерге бірге бас тігеді.

Серіктестіктердің бірнеше түрі бар:

а)Толық серіктестік-партнерлердің толық жауапкершілігі тек істегі салымдарынан ғана емес, сонымен өзінің жеке жағдайларымен шексіз болады.

б)Шектелген жауапкершілікті серіктестік-кәсіпорын жұмысына ғана жауап беретін бірнеше партнерлерді біріктіреді. Бірақ бизнестің бұл түрі тағы бірнеше жауапкершілігі шектелген партнерлерді қамтиды. Олар іске өз үлестерін қосады, пайда бөлісуге катысады, бірақ олардың серіктестіктің міндеттемесі жөніндегі жауапкершілігі шектелген, ол іске қосқандағыдан артық емес.

в)Коммандаттық серіктестік. Мұнда нақты, физикалық адамдардан басқа, заңды адамдар қатыса алады, олардың мүліктегі үлесі жазба түрінде белгіленеді. Коммандаттық серіктестікке кіру, одан шығу тек оның барлық мүшелерінің келісімімен болады.

3.Акционерлік қоғамакционерлік қоғам белгілі бір мағынада, үлестік негіздегі капиталистік бірлестіктер дамуының шарықтау шегі. Бұған жету барысында бірлестік мүшелерінің жауапкершілігі барынша тежеледі, серіктестікке кіру мен шығу тәсілдері жеңілдетіледі.

Акционерлік қоғам— акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын орталықтандыру негіздегі өндірісті ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде корпорация қанат жайды. Акционерлік қоғамдардьң жабық және ашық түрлері белгілі. Жабық акционерлік қоғамдар-акциялары құрылтайшылар арасында тарайтын қоғам, ал ашық-түрдегісінде акциялар еркін сатылады және сатып алынады.

Акционерлік қоғамның негізгі принципі-акционерлер әкімішілік тұтқаларына қолдары жетіп, бақылай алады: экономикалық жағынан (капитал нарығы) және заң, жағынан да (“даусы бар” акциялар арқылы директорлар кеңесін сайлау). Бірақ кез келген акционер қоғамның мүлкін бөлу мен басқару ісіне нақты араласа алмайды. Ол үшін акцияның бақылау пакетін иемдену керек (теориялық жағынан ол акциялар сомасының 50% артығын қамтиды) .

Акционерлік қоғам-заңды ұйым. Бұл қоғамның ең жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол жылына бір рет шақырылады. Акционерлер жиналысы арасындағы кезеңде оны басқарма немесе директорлер кеңесі басқарады. Акционерлік қоғамның ең басты артықшылығы – сол қоғамның міндеттемелері жөнінде жауапкерлігінің болмауы, яғни жауапкершілігі шектелген.

Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі - акционерлік қоғам. Қазақстан республикасы жағдайында акционерлеу экономиканың бүгінгі ахуалымен сипатталады: экономикалық байланыстардың бұзылуы, инфляциялық про-цестер және т.б. Мұндай жағдайларда акционерлік қоғамдарды кұру-акцияларды жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасында орналастырып, үзілген байланыстарды қайтадан қалпына келтіру. Дефицитті (тапшы) өнімдер өндіретін компаниялардың акцияларын сатып алу арқылы оларға қол жеткізуге болады (акционерлік қоғамдар жарғысында ком- паниялардың шығарған акцияларын сатып алғандар өнімдерді жеңілдікпен алу жағдайы қарастырылған). Ең ақтығында, дивиденд (пайда) және акцияның нарықтық бағасының өсуі-ақша қаржыларының бір бөлегін инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің көбеюінің басты себебі-қазіргі экономикалық жағдайлардың сипатынан емес, ол түрлердің ішкі мүмкіндіктерінде әсіресе акционерлік қоғам түрлеріне жатыр.

Акционерлік қоғамдардың тағы бір ерекшелігі – мында: қоғамдық кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың аз да болса компания акциясының пакетін иемденуі оның бойында “қожайындық” сезім ұялатады, әрине қоғам ісін басқаруға аз қатыстырды. Нәтижесінде әкімшілдікпен жұмыскерлер арасындағы қайшылық жұмсарып, еңбек өнімділігі артады. Соңғы онжылдықта акционерлік түрді кеңінен пайдалану акционерлік қоғам қызметкерлерін, әсіресе төменгі және орта буындағы меншік иелеріне айналдыру үшін қолданылды. Еңбек пен меншікті жақындатудың мұндай мүмкіндігі біз үшін үлкен маңызы бар, өйткені ол нарық жағдайында тиімді қызмет атқаратын шаруашылық түрінде көшіреді және әлеуметтік жікке бөліну тенденциясы болмайды (болсада аз дәрежеде).

Акционерлік түрдің мына белгісінің үлкен мәні бар: күрделі қаржы ресурстарын тез шоғырландыруға әсіресе, басымырақ дамуды талап ететін салаларда жинақтауға мүмкіндік береді. Біздің экономика үшін мұның маңызы бөлек: халық шаруашылығы құрылымындағы қазіргі қай-шылықтар-нарықтық механизмнің қызметінің тиімділігіне кедергі жасайтын басты факторлар.

Басқаша айтқанда, акционерлік қоғамдарды шаруашылықтың басымырақ дамитын салаларында кұру мемлекет мойнынан біраз инвестициялық жүкті, салмақты алады, ал бұл бүгінгі бюджеттің қиын жағдайын жеңілдетеді. Нарыққа көшу барысында ғылымды көп керек ететін салаларды мемлекет бюджетінен қаржыландыру мүмкін болмағанда олар керекті капиталды акционерлік түрде колданады.

Қазіргі акционерлеу тәжірибесі көрсеткеніндей, оның көптеген проблемалары бұл қоғамдарды дамытуға, олардың экономикалық процестерге оңды әсер етуіне кедергі жасайды. Оларға алдымен жабық қоғамдардың көптігін, акция номиналдарының жоғары болуын атау керек. Нәтижесінде акционерлік қоғамдарға қалың бұқараны қатыстыру теже- леді. Бағалы қағаздар нарығының әлсіздігі, ақпарат нарығының жоқтығы да қиындық келтіруде. Көрсетілген күрделі проблемаларды шешудің мынадай жолдары бар:

- ашық қоғамдарды басымырақ дамыту, әсіресе материалдық өндіріс саласында;

- акция номиналының көлемін тежеу;

- инвестициялық компанияларды құруды ынталандыру;

Біздің республикада инвестициялық компанияларды кұру тиімді. Бір жағынан, жоғарыда көрсеткеніміздей жоғары акция номиналын шығаратын акционерлік қоғамдар пайда болды, өйткені олар капиталдың ұсақ акциялар ұстайтындар арасында тарауынан қорқады. Бұдан басқа акционерлік қоғамдар бізде әлі аз. Екінші жағынан, халықтың бытыраңқы, көлемі үлкен қаржылары бар (солардың ішінде купондарда жүр). Халықтың акционерлік қоғамның қызметі туралы хабары мен түсінігі тым тайыз. Болашақта акционерлік коғамдардың күрт көбеюі, олардың ішінде “көбік” сияқты алдамшыларының да болатыны, банкротқа ұшырап, оны құруға көп қаржы қосқан адамдардың зиян шегетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан инвестициялық қорлар-капиталды шоғырландырудың үлкен көзі, көптеген адамдардың жинақтарын акцияның диверсификация пакетіне айналдырады. Мұның ерекшелігі мынада: жеке инвестордың қорда ерекше активі болмайды, инвестициялық қордың белгілі акция санын сатып алып, қордың акция пакетінен процент иемденеді.

Сонымен, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін көтеру үшін бизнесті ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту керек, бар тәжірибені бақылау олардың бизнесті жандандыруға игі әсерін көрсетті.

  1. II. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық шарттары және заңдылықтары.

2.1. Мемлекетсіздендіру жүйесі және жекешелендіру бағыттары.

Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілген немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу-бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып ол бәсекелік күреске әзір болуы, нарықтың қоғамдық қажеттілікке сай келмейтінінің “артығын” қиып түсетініне әзір болуы керек. Кез келген меншік түрі (соның, ішінде мемлекеттік те) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі (соның ішінде жеке меншік те) прогрестің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бәсекеге жол ашса.

Күшті нарыктық экономикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, еркін бәсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық кажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, жібермейді.

Нарықтык экономика үш түрлі күрделі “ауруға”- бірден қарсы тұра алмайды-монополизмге, инфляцияға және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне. өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса, аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді. Кейнсшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияиың зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен 70-ші жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық жүйенің бұған күш-қуаттары жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеуді реформалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті “дәрілері” қажет болды.

Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы реттеу шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауын тоқтататын кысқа мерзімді саясатынсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизм мен мемлекеттік реттеудің қисынды симбиозына, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуіне жеткілікті.

Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктік процестердің бұзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ерте ме, кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттік белсенді араласуынан шығуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде төрт компоненттен тұрады:

- шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті шектеу, жеке капиталды ынталандыру, экономиканы реттеуді тарылту (мемлекеттік). Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мынадай қорытындыға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір ісі деп қарап, оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп ия ерте) шаруашылық құрылымды түбірлі өзгертудің тиімді құралы бола алмайды.

Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңызы зор. Жекешелендіру—объектілерді, белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру. Кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монополды құқықты, нарықтың белгілі сигментін “жаулап” алу, немесе жаңа, мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлетін жекелендіру кіреді.

70- 80 жылдарда жекешелендіру бүкіл әлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүние жүзінің 80 елі -Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда ¦лыбритания елінің мысалы айтарлықтай. 1979 жылы М. Тэтчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен онжылдықта жеке капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорыны берілді, ол шаруашылық жұмысының көрсеткіштеріне игі әсер етті. Мысалы, “Бритиш стил” мемлекеттік бола отырып жылына 1 млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал денационализациаланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістіктерге жеткенмен, ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

Біздің жағдайымызда жетекшелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландырумен, кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады. Мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралармен де байланысты (субординацияны сақтау және т. б.).

Национализациялануға қарағанда жекешелендіру процесі бір сатылы акты емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорынды сату-меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты. Ол тағыда кемінде екі сатыдан тұруы керек: меншік иесінің кұқығын нақты жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында, меншік иелерімен басқарушылар арасында коммерциялық жұмыстардан басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұны мемлекетте жүргізуі мүмкін, бірақ одан кейінгі қарқыны әртүрлі — орындаушылар мен әрекет етушілерге байланысты және олардан басқа объективтік факторлерге де қатысты болады.

Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген жөн. Ең басты - меншіктің, құқықтың және оған нақты билік жүргізудің кұқықтығын ретке келтіру керек. Одан басқалары — өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көзбояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сіңімділігінің проблемасын дұрыс шешу; халықты жекешелендіруге қызықтыру жағдайларын жасау, оны үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау, әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек. Жекешелендірудің кестесі мынадай.

Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің тәжірибесі оның оңды және теріс жақтарын көрсетеді. Көптеген жағдайларда бұл процесс сол елдегі қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың, дәрежесімен, праволық реттеу жүйесі және оның тиімдігінен, экономикалық дамудың жағдайымен, дамыған қаржы мен банк жүйесінің болуымен, әлеуметтік құрылымдағы орта топтың үлесімен, халықтың психологиясына байланысты.

Алайда алғашқы жақсылық қадамдарға қарамастан жекешелендіру шеңбері шектелген. Мемлекеттік мүліктің үлкен бөлігін қысқа мерзімде қиналыссыз сатып жібереміз деп ойлау қате. Мұндағы ең басты кедергі қажетті капиталдың аздығы және жұмыссыздықтың жоғары дәрежесінен туындайтын теріс әлеуметтік зардаптар. Бір сападан екені сапаға ауысу - теріс зардаптарсыз және әдеттен тыс шараларсыз мүмкін емес.

Жекешелендіруді кең шеңберде тиімді және кезеңдермен өткізу үшін жоғарыдағы аталған шарттарды орындау, әсіресе көптеген инвесторларды тауып, саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты, ауқымды бақылау арқылы жүргізуге болады (пара берумен, коррупция, мафиямен күрес).

Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткеніндсй, жоғарыда аталған шарттардың тек біреуін ғана елемеу, жекешелендіруді нәтижесін және қарқының төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті жерде ескі экономикалық жүйені жаңасын жасамай қирату-әлеуметтік қауіпке әкеледі. Сондықтан қиратудың алдында үш түрлі кәсіпорындарды анықтау керек. Біріншілері — сатуға ұлықсат етілгенін, сатуға болатынын, екіншісі — жалпы ұлттық проблемаларды шешу үшін экономикалық қажетті кәсіпорындарды мемлекет қолында қалдыру, үшіншісі—жабылауға жататын кәсіпорындар. Рентабельді емес кәсіпорындарды жою, әрине ондағы істейтіндерге айтарлықтай қиындықтар келтіреді. Реформаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз қалғандар оған қарсы болатыны түсінікті.

Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің II кезеңінде осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялылықты күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге тұрғын-үй купондарын барынша қатыстырып, инвестициялық қорлар құрып, жекешелендіруден түскен қаржының 10—15 процентін халықтың материалдық жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.

Жекелендірудің 2000- 2002 жылдарға арналған 2 кезеңінің ұлттық бағдарламасында мұны үш бағытта жүргізу белгіленген:

Бірінші бағыт — шағын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға дейін жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары иелеріне беріледі.Бұл бағыт шамамен 27 мың кәсіпорынды, онда істейтін 1 млн. адамды қамтиды.

Екінші бағыт—жаппай иелендіру. Бұл жолы бес мың адамға дейін жұмыс істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді. Мұндай кәсіпорындардың саны 9 мың шамасында және оларға 3 млн. адам қамтылады.

Үшінші бағыт — аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа нысандарды (объектілерді) мемлекет иелігінен алу. Бұл тұста үкімет олардың әрқайсысына өзгеше талаптармен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру болады. үшінші бағытта бір жарымның кәсіпорын және 2 млн. адам қамтылады. үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстарда өткізіледі.

2004 жылғы  қыркүйектің соңында 744 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген. Сонын ішінде кең өндіру өнеркәсібінде -79 (сауылдамаға жауап бергендер санына

Сонымен жекешелендіру нарықтық экономикаға ауысудың алғышарттарын жасай отырып кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, сауда, да, қоғамдық тамақтану орындарында, қызмет көрсетуде және т.б.  (№ 1, 6, 2, 7 әдеб)

2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары.   

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.

Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.

Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан.

Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.

Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді

2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.

“Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша 2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа.

Индустрия және сауда министрлігіне бәсекелестікті қорғау және дамыту саласының жұмысын ілгерілету мақсатында жаңа компаниялардың нарыққа шығу барысындағы кедергілерді азайту туралы ұсыныстар берілді.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуде қолайлы жағдай жасау мақсатында Индустрия және сауда министрлігіне әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының кәсіпкерлікке байланысты нақты қызмет саласындағы өкілеттіктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс берілді.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік инфрақұрылымдарды дамыту және кәсіпкерлердің кредит қаржаттарына қол жеткізуін жеңілдету мәселелері бойынша облыс әкімдігіне жоғарғы деңгейде шешу мақсатында ұсыныс жасалынды.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді.

БАҚ-да бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып, теледидарда хабарламалар беріледі. „Южный Казахстан” газетінде арнайы кәсіпкерге арналған айдар ашылған.

Ақпан айында жергілікті 31 телеарнада несие алу мәселелері және Шымкент-Қазақстан телеранасына желтоқсан айында микрокредиттік ұйымдардың қызметтері және жағдайы туралы сұхбат берілді. Сонымен қатар, „Южный Казахстан” газетінде кәсіпкерлерге арналған айдар ашылып қазіргі таңда, кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты түрде басылуда. Аталған телехабарлар мен мақалалар табысты кәсіпкерлердің қызметін көрсету және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2007 жылдың 25 сәуірінде Шардара ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңын қолдану тәжірибесі» және Өзбекстан Республикасымен шекаралық сауда - саттық жүргізу, бірлескен кәсіпорындар құру бойынша семинар - кеңес өткізілді. Семинарға аудандағы қоғамдық ұйымдардың, «СодБИ» бизнес инкубатордың, бақылау-қадағалау функциясын атқаратын мемлекеттік органдардың өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Семинарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізгі функциясы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері бойынша түсініктеме жұмысы жүргізілді.

2007 жылдың 26 қыркүйегінде «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиында кәсіпкерлікті құқықтық қолдау және оның құқықтарын қорғау мәселелердің бірі болып көтерілді.

Кәсіпкерлердің Форумы және «Алтын сапа» конкурсы 2007 жылдың 28 шілдесінде және 2 қарашасында жыл сайынғы «Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурсы өткізілді.

Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 2007 жылы бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық қызметтері бойынша облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігіне байланысты 1,5 мың кәсіпкерге кеңес берілді, соның ішінде 1017-ы Қордың қаржылық өнімі туралы, 24-бухгалтерлік есеп, 45-салық төлемдері, 37-құқық мәселелері, 112-ақпараттық және экономиканың және тағы да басқа мәселелер бойынша

2007 жылы мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе 22 семинар, 60 тренинг өткізіліп, бұл шараларға 4,0 мыңнан аса кәсіпкер тартылды.

Департамент қала және аудан әкімдері, «Атамекен» жалпыұлттық одағының ОҚФ, СодБи бизнес-инкубаторы, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» ҚҰ, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту ассоциациясының ОҚФ, Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған “Шағын және орта бизнесті дамыту Федерациясымен” бірлесе жұмыс жүргізуде.

Бизнес инкубатор „СодБИ” корпоративтік қордың Shimkent.com порталындағы виртуалдық консалтинтік жүйенің қызметімен кәсіпкерлердің қолдануына мүмкіндік бар.

Сыртқы және ішкі туризммен және қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Бизнес инкубатор “СодБИ корпоративтік қорының интернет сайтында “Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты модулі жарияланған. Интернет сайтта “Туризм” порталдары бар. Мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады.

Ағымдағы жылдың 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық көрме компаниясы „Iteca” мен халықаралық әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания ) бірлесе ұйымдастырған „Туризм және саяхат” атты 7-ші Халықаралық көрмесіне облыстың түристік инфрақұрылымының 14 фирмасы және Түркістан қаласының, Сайрам ауданының қолөнершілері қатысты.

2007 жылдың 23-27 мамыр аралығында Қазақстан туристік ассоциациясы мен ҚР Спорт және туризм Министрлігімен бірлесе туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстанды халықаралық туристік бағыттарының жаңа бағыты ретінде насихаттау мақсатында белгілі халықаралық туристік басылымдарға арналған ақпараттық тур шарасы ұйымдастырылды. 25-27 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында және Отырар, Ордабасы аудандарында турдың жалғасы өтті. Осы шараның аясында Түркістан қаласында жергілікті қолөнершілердің көрмесі өткізілді.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы бағдарламаға (әлеуметтік мәртебесіне) сәйкес 57 қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерге кеңес берді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories” компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлік субъектілерді көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде.

2007 жылдың 20-23 маусымы аралығында Алматы қаласындағы „Атакент” Көрме орталығында Азия елдері мен Қытай елінің белгілі кәсіпорындарның қатысуымен „Қазақстан Республикасындағы азия тауарлары-2007” көрмесіне қатысуға кәсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізілді.

26-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында KITF-2007 «Демалыс-2007» төртінші Қазақстандық Халықаралық туристік жәрмеңкесі өткізілді бұл шараға облысымыздың бірқатар қолөнершілері мен туристік фирмалары қатыстырылып, туристік өнімдері жарнамаланды.

13 қарашада Алматы қаласында өткізілген „Кәсіпкерлердің Тәуелсіз Ассоциациясы” ұйымдастыруымен Оңтүстік Корея және қазақстандық кәсіпкерлерімен бизнес- кездесуіне облыс кәсіпкерлері тартылды.

Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар етілді.

Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар, “дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:

Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді.

2007 жылдың 13-15 маусымы аралығында іскер әйелдердің несие алуға мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында „Несие беру” Қазақстандық қорымен бірлесе облыстың бес ауданында „Маркетинг және брендтеу”, „Қалай несие алуға болады?” және „Салық төлемдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар” тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117,4 млн. теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» қоғамдық ұйымымен бірлесе «Жастардың әлеуметтік жобалары» жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жастарын бизнестің тәжірибесіне үйрету мақсатында 2007 жылдың маусым-шілде айларында аудан, қалаларда тренинг-семинарлар өткізілді.

2007 жылдың 15 қазанында „Әйел және бизнес” атты конференция өткізілді. Бұл конференцияға облыстың аудан, қалаларынан кәсіпкер әйелдер, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты тәжірибе алмасу, әйел кәсіпкерлердің қоғамдағы, жанұядағы және бизнестегі рөлін айқындау және күшейту.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының әрі қарай жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында департамент шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторлар құру және олардың қызметінің ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына байланысты департамент тарапынан облыстың аудан, қалаларында бизнес-орталықтарын құру туралы тұжырымдамасы әзірленіп, ұсыныс жасалынды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жоспарланған шараларына сәйкес өңірлерде қордың жүйесін жетілдіру мақсатында жергілікті бюджетпен бірлесе 2008-2009 жылдары қаржыландыру жоспарланған болатын. Осыған байланысты қормен бірлесе Арыс қаласында және Бәйдібек, Шардара, Созақ, Түлкібас, Отырар аудандарында өкілеттіктерді ашудың шығыс сметасы және талдау жасалынып, ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы бойынша талдау жұмыстың негізінде, өкілеттік ашудың тиімділігі көрсетіліп, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсыныс жасалынды.

Шағын және орта бизнеске тартымды, инновация деңгейінде жеткізілген ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдануға кәсіпкерлерді тарту мақсатында ОҚО мемлекеттік инновациялық қоры 2006-2008 жылдарға арналған жоспар бойынша облыс экономикасының өндірістерінде инновациялық технологияларды қолдануға арналған ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізуде. 2007 жылы жол құрылысында битумды ауыстыратын ферменттер әзірлеу бойынша лабораториялық сынақтар жүргізілді, фосфорлық тыңайтқыштарды фосфориттен алу технологиясы және облыстағы пайдалы қазбаларды қолданып жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе 2008-2010 жылға арналған орта мерзімдік жоспарды әзірлеуде экономикалық тартымды жобаларға талдау жасалынып, іріктеу жұмысы жүргізілді.

“Ғылым қоры” АҚ-ның ұсынысы бойынша инновациялық тәжірибелі –конструкторлық жұмыстар, ынталылық және тәуекелді зерттеу жобалары бойынша, қордың өз қаражатынан қаржыландыруы туралы ақпарат облыс кәсіпкерлеріне таратылды

  1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары. 1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.  Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.  Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.  Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.  Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: - жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; - жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің  жауапкершілігі жүктеледі; - коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); - қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады; - өндіріс және тұтыну кооперативтері; - консорциумдар; - акционерлік қоғамдар.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.  Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі шағындаған болатын. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге қарағанда, республикада кәсіпкерліктің даму тарихы небары 10 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың төрт мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қамтыған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғарғы қойылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жыл, 1994-1996 жыл, 1999-2000 жыл, 2001-2002 жыл) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болады. Басты стратегиялық мақсатқа кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтары шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері бойынша республикада 2003 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 442,3 мың кәсіпкерлік субъектісі есепке алынды, оларда шамамен 1,2 млн адам жұмыс істейді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс әстейтіндердің жалпы санының 17,6%-ін құрайды.

2002 жылы кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 621,4 млрд теңгеге жуық салада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2001 жылмен салыстырғанда 2,9 %-ке өсуге және 19,5 %-ті құрауға тиіс.

Республикадағы кәсіпкерлік өтпелі кезеңнің күрделі және әрқашан жағымды емес әлеуметті-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасады. Түрлі сипаттағы бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына кедергі келтіреді. Проблемалар экономиканың жалпы дағдарысының жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына, қазіргі менеджментпен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты болды.

Социологиялық сұрақ – жауапқа сай Америкада бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу, бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел экономикасы жағдайы туралы сұрақ 5, капиталға қол жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті аталмаған.

Ресейде керісінше, негізгі шектер бизнес шеңберінен тыс орналасқан: сұраққа жауап берген кәсіпкерлердің 90% олардың бизнесті дамыту жолындағы басты кедергі ретінде мемлекеттің салық саясатын, 80% дұрыс заң жоқтығын, 67% капиталға қол жеткізудің аса қиындығын, 66% банк жүйесінің тұрақсыздығын, 55% өкімет құрылымдарындағы сыбайластықты атайды.

Ресейдегі сияқты Қазақстанда бірінші орында салық саясаты, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші орында несие саясаты, содан кейін сату, шикізатпен қамтамасыз ету продлемалары соңғы орында мелекеттік органдармен өзара әрекеті тұр.

Құнның бәрі мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек қажеттігін көрсетеді .

Қажетті рыноктың құрылымдармен өзара байланыстарды құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды. Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды шешуге тура келеді.

Біріншіден, экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік жүйесін қирату кезіңде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден, коммерциялық банктер, сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық және кеңесші фирмалар мен басқа мекемелер түріндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымын құру қажет.

Үшіншіден, кәсіпкерліктің уәждік базасын құру үшін экономика әрекет етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.

Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді ұмытуға болмайды.

Осылардың барлығынан Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың орны ерекше екенің байқаймыз. Себебі ол өз қызметін стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады. Кәсіпкерліктің дамыу ұлттық байлықтың маңызды бөлігін құрайды.

Даму проблемалары

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнің кредиттерге айландыруға мәжбүр.

Сонымен қатар кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өңімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.

Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болу қалуда.Кәсіпкерлік Субектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметің реттейтің қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезіңде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы- бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-кредит ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметтің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерді қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.

Көптеген өнірлерде кәсіпкерлердің биліктігі мен олардың оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда, кәсіпкерлік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікте туындаған осындай проблемаларды шешу үшін мынадай шараларды жүргізу керек.

 Оны шешу жолдары:

Кәсіпкерлікті одан әрі дамып жетілу үшін мынадай проблемаларды шешу керек.

  1. Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру.
  2. Кәсіпкерліктің кредит ресурстарына қол жетімдігін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімділігін арттыру.
  3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңайландыру.
  4. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру.
  5. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша номативтік құқықтық базаны жетілдіру.
  6. Кәсіпорындарға арнайы кадрлар дайындау. ( № 3, 4, 5, 8 әдеб)

2.3.Статистикалық мағлұматтар

2005 жылғы облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және оны мемлекеттік қолдау жайындағы ақпарат.

Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтар қарсаңында   шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 10199 заңды тұлғасы тіркелген, бұл 2004 жылға қатысты 107% құрайды. Оның 7429-ы қызмет жасайды , ол тіркелгендердің 73% құрайды.

Шағын бизнес кәсіпорындарында 45600 адам жұмыс істейді, бұл осының алдындағы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 13,5% артық (2005 жылдың 9 айы бойынша)

Жеке кәсіпкерлер саны 42776, бұның 2004 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішке қатысы 116%. Жеке кәсіпкерліктегі жұмысшылар саны 82416, өткен жылға қатысы 112% (2005 жылдың 9 айы бойынша).

15148 шаруа қожалығы тіркелген, ол 2004 жылға қарағанда 7%-ға артық, соның ішінде қызмет атқарып отырғаны 14030. Қызмет атқарып отырған шаруа қожалығында 35077 адам жұмыс істейді.  Шағын бизнес кәсіпорындарының шығарған тауарлары (жұмыс, қызмет) 44,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіш бойынша 129%.

Шағын бизнес кәсіпорны жұмысшысының орташа айлық еңбек ақысы 2005 жылдың 3 тоқсанында 21083 теңгені құрады, оның 2004 жылғы осы кезеңге қатысы 121%.

2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектлерінен бюджетке түскен қаржы көлемі 10,9 млрд. теңге, бұл 2004 жылға қарағанды  125%.

2005 жылы облыстағы шағын бизнес саласында 11288 жаңа жұмыс орны ашылды (2004 жылы – 9453). Шағын кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 2005 жылы: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру»бағдарламасы бойынша -20 млн. тенге, «Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру» бағдарламасы бойынша -110 млн. теңге бөлінді.

2005 жылдың 11айы ішіндегі шағын кәсіпкерлікке облыстың екінші деңгейдегі банктері бөлген кредит сомасы  42,4 млрд. тенгені құрады, ол 2004 жылғы осы аралықтағы көрсеткіштің  155%.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы 2005 жылы 29 жобаны 263,5 млн. теңге сомаға қаржыландырды. Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге несие беру қызыметін көрсетуші қаржылық құрылымдар саны артуда. Облыс аумағында жұмыс атқарып отырған 11 несиелік серіктестік бар. 2005 жылы олар 301,4 млн.теңге несие берген.

Облыста әрекет атқарып отырған 24 шағын несие ұйымдары бар. 2005 жылдың 9 айы ішінде олар 594582 теңгенің сомасын құрайтын 22048 шағын несие берген.

Өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға қызмет көрсету үшін 2005 жылы сенімді басқаруға (аренда) бір жылға соңынан меншікке беру құқығымен 40 коммуналдық меншік объектілері берілді, сенімді басқару мерзімі аяқталған 43 объект меншікке берілді.

2005 жылы кәсіпкерлік қызмет ұйымдастыруына байланысты 330 пәтер қайта жоспарланды, 1032 жер учаскесі берілді.

Оперативтік деректер бойынша, 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері 1 213,7 млн. теңге, соның ішінде тауарлар, жұмыс және қызмет -353,7 млн. теңге – жалпы көлемнің 55%, құрлыста -860 млн. теңге – 29% болды.

Облыстың Өскемен және Семей қалаларында әрекет атқарып отырған екі бизнес-инкубатор бар. Бұларға 36 кәсіпорын орналастырылған.

Инновациялық жобаларды іске асыруды қолдау, шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Шығыс Қазақстанның инновациялық орталығы «Жәрдем» ЖШС құрылды.

Ауылшаруашылы тауарларын өндірушілердің өнімдерін сатуларына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыстық коммуналдық базар ашылды, осындай базар Жарма ауданында да қызмет көрсетуде.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі Қаулысымен Д.Серікбаев атындағы ШҚ техникалық университетінің базасында  «Алтай» Өңірлік ғылыми-технологиялық паркі ашылды. Бүгінгі таңда оның аумағында 18 зертхана қызмет атқаруда, облыс кәсіпорындары 28 жобаны іске асыруда.

Өкілетті мемлекеттік орган кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету, инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша тұрақты негізде  жұмыстар жүргізуде.

2005 жылы облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті «Казагромаркетинг» АҚ-мен ауыл тұрғындарын оқытудың жүйесін дамыту және ақпараттық қамтамасыз етуді кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық меморандумын жасады. Мұндай орталықтар Семей қаласында, Абай, Тарбағатай, Үржар аудандарында қызметтерін жүргізе бастады.

2005 жылғы қарашада өңірлік «ФРМП» АҚ филиалы жанынан кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру жобасы іске асырылды. Орталық кәсіпкерлерге келесі бағыттар: ақпараттық-зерттеу, маркетингтік қызмет, заңдар бойынша кеңестер, экономикалық сараптама және талдау; бухгалтерлік есеп бойынша көмектер көрсетеді.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен 2005 жылы облыста екі шағын несие ұйымдары құрылды - «МКО ФРМП – Усть-Каменогорск» ЖШС, «МКО ФРМП – Семей» ЖШС.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филалы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен біріге отырып «Шағын бизнес кәсіпорындарын тиімді басқару» тақырыбында екі оқыту семинарын, «Кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздері және сұрақтары» тақырыбында 2 семинар-тренинг өткізді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті  2005 жылғы 29 қарашада “Шағын бизнесті несиелеу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби оқыту, қайта оқыту және біліктіліктерін арттыру, соның ішінде шағын бизнес мамандықтарына да оқытулар ұйымдастырылады. 2005 жылы шағын бизнеспен айналысуға қажетті мамандықтарға 426 адам оқып шықты.

Кәсіпкерлік әрекеттердің оңды тәжірибесін тарату, кәсіпкерліктің басымырақ бағыттарымен айналысушы кәсіпкерлерді мадақтау мақсатында 2005 жылғы 4 қазанда Республикалық конкурстың “Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы 2005 жылы жетістіктері үшін ” туры өткізілді.

Қоғамдық ұйымдармен келісілген шешімдер бойынша, кәсіпкерлердің қоғамдық бастамаларын күшейту негізінде –тұрақты түрде, кәсіпкерлердің облыс әкімімен, қала және аудан әкімдерімен кездесу шаралары өткізілді, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің Кеңесі, қалалар мен аудандар кәсіпкерлерінің кеңестері құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту сұрақтары жөніндегі сараптамалық Кеңестер облыстың мемлекеттік органдары жанынан құрылып, қызметтерін атқаруда: Әділет департаменті,  кедендік бақылау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ішкі істер, табиғи монополияларды реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің, қоршаған ортаны қорғау, облыстық төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау, салық комитеті басқармаларында.

Тұрақты негізде жеке меншікті қорғауды күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2005 жылы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ШҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті басқармасының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаментімен біріккен иелік етуші субъектілердің қызметтерін тексеру және тіркеу сұрақтары бойынша семинар кеңесі өтті.

Облыстағы кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою мақсатында кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті “ШҚО кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” облыс  әкімінің өкімінін ұсынды. Өкім 2005 жылғы 28 жельоқсанда бекітілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындарды кәсіпкерліктің даму жағдайы және осы бағытта жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар туралы кең  көлемдегі ақпараттандыру қамтамасыз етілуде. Осы бағыт бойынша облыстық телеарналардан эфирге 90 астам бейнесюжет шықты, облыстық басылым БАҚ-да 120 мақала жарияланды.

Облыстық әкімдік қаулысымен Шығыс Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілді.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:

1. Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайларын, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын жетілдіру.
2. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау.
3. Индустриалды-инновациялық бағыттағы шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
4. Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту.
5. Шағын кәсіпкерлікті оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, насихаттау.

ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры                                                А. Провкин

 Қорытынды

Мен курстық жұмысымды жазғандағы көздеген мақсатым бұл кәсіпкерліктің мәні, формаларын және бағыттарын ашып көрсету болған. Мен осы курстық жұмысымды толық қамтыдым деп ойлаймын.

Кәсіпкерлік бұл адам баласының бойына біткен қабілет, талант болып табылады. Басқаша айтқанда бұл үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік.

Республикамыз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде жылдан-жылға кәсіпорындардың саны көбеюде. Нарықтың қатаң талабына шыдай берген кәсіорындар өміршең болып, банкротқа ұшырамай жұмыс істеуде. Нарықтың ең басты талабы – кәсіпорындардың көлемі неғұрлым шағын болса, олардың шығыны азайып, табыстан түсетін пайда солғұрлым арта түседі. Кәсіпорындардың тауарына сұраныс неғұрлым көп болу үшін, кәсіпорындар арасында бәсекелестік пайда болып, сол бәсекелестің арқасында өндіретін өнімнің бағасы түсе бастап, сапасы артып, тұтынушылар ала бастайды.

Елімізде кәсіпорындардың санының көбеюі бұл қоғамда жұмыссыздықтың санын азайтады. 2007 жылғы мәліметтер бойынша 442,3 мың кәсіпкерлік субъектісі есепке алынған болатын, оларда шамамен 1,2 млн адам жұмыс істейді. Біз осылардың барлығынан халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға кәсіпкерліктің мәні зор екенің байқаймыз.

Мемлекеттің басты байлығы болып саналатын әрбір адамның өмірі, құқығы және бостандығы сондай-ақ бизнеспен яғни кәсіпкерлікпен айналысуы. Қазіргі кезде республика 2009 жыл бойынша көптеген кәсіпорындар тіркелген яғни 135,1 мыңнан астам. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік 127; орта кәсіпорындар 10,789; ірі кәсіпорындар 2,022. Есептелген деректер бойынша 2009 жылғы өнімнен түскен табыс 49263,5 млн теңге құраған болатын. Яғни біз бұдан байқағанымыз кәсіпорындардың табыстары мемлекет бюджетін ұлғайтатынын көрдік.

Белгілі Австриялық экономист И.Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік – жұмыстың бір түрі емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет.

Жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін таба білуі керек. Хас тәуекелге бел байлап, қорқуды, үрейді жеңе білу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз шешімін анықтау.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жанашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б. мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”.

Қолданылған әдебиет

1. Е.Б Жатқанбаев, С.А. Досқалиев, А.Б. Көшербаев

2. «Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс» Алматы, 1994 ж.

3. Қадыржанов Е.К. «Ұжымдық нысандағы кәсіпкерлік қызметті бірлесе басқару: Ғылыми публицистика» Алматы, 2001 ж.

4. Дүкенбаев Е. «Ақиқат» газеті 2009ж №12. 12-28 бет.

5. Тұржанов А. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталар іс саяси ауқымы.        «Алматы ақшамы» газеті, 3 маусым 2008ж.

6. Шайынғазы С. Әліпбай С. Кәсіпкерлік кемел келешек кепілдігі. «Егемен Қазақстан» газеті, 26 наурыз 2007ж.

7. Ілдебаев Т. Экономиканы дамыту – кәсіпкерлер қолында. «Алматы ақшамы» газеті 1 қараша 2005ж.

8. Статистикалық баспасөз Бюллетень №4 Алматы, 2004 ж.

9. «Жас алаш» газеті 20 желтоқсан 2004 ж.

Похожие материалы