Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық түрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi. Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Курстық жұмысым үш бөлімнене тұрады. Жұмысымның бірінші бөлімінде:инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi онда:инвестиция туралы жалпы түсiнiк, инвестиция типтерi мен түрлерi, екінші бөлімінде: инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі: инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi, преференциялардың қолданылуын тоқтату, ал үшінші бөлімінде: Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары қарастырылған.
1 тарау. Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция туралы жалпы түсiнiк
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Инвестицияның деңгейi қоғамның Ұлттық табысының көлемiне маңызды әсер етедi.Ұлттық экономикада көптеген макро пропорциялар оның динамикасына байланысты болады. Инвестициялар елдiң масштабында кеңейтiлген қайта өндiрiстiк процесiн анықтайды. Жаңа мекемелердiң құрылысы, тұрғын үйлердiң салынуы инвесторлау процесiне байланысты болып келедi. Инвестицияны заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Инвестициялар: венчурлiк, тiкелей, портфельдiк, аннуитет болып бөлiнедi. Венчурлiк инвестиция – шаруашылықты қаржыландыруда шешушi рол атқаратын жаңа акциялар шығару формасындағы инвестициялар. Венчурлiк инвестиция орташа және ұзақ кәсiпорындардың өмiр сұруiнiң маңызды шарттарының бiрi болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты./2/
Тiкелей инвестициялар – шаруашылық субьектiнi басқаруға қатысуға құқық алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектiнiң жарғылық қорына құйылым жасау.
Портфельдiк инвестиция – пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға және басқа ұзақ мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.
Аннуитет – кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшін оған төленетiн (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгiлi бiр мөлшерден жыл сайынғы ақша сомасы (рента).
Қазақстан экономикасының өзектi проблемаларының бiрi ең алдымен материалды өндiрiс сферасында инвестициялық iс-әрекеттi ынталандыру болып табылады. Қазақстан экономикасының құрылымды қайта құруының негiзгi проблемасы қаржыландыру көздерi болып табылады. Қазақстанда инвестициялық iс-әрекеттiң қаржыландыру көздерi болып:
- Кәсiпорынның өз акцияларын сатудан кен қаражаттары: акционерлiк компаниялародың өнеркәсiптiк қаржы топтарының қайтарымсыз негiзгi бөлiцнетiн қаражаттары;
- Федералды, аймақтық, жергiлiктi бюджеттi ассигнациялау қайтарымсыз негiзiнде iскерлiктi қолдау;
- Шетел инвестициялары;
- Қайтарымды негiзде мемлекет ұсынған несие тұрiндегi қарыз құралдары. Шетел несиелерi, облигациялық займдар, коммерциялық банктер несиелерi, векселдер және компанияның инвестициялық қорларының, сақтандыру компанияларының, зейнеткерлер және өзара қорлардың қаражаттары.
Инвестицияның қайнар көзi болып жинақ (сбережения) табылады. Бiрақ жинақ тек бiр шаруашылықпен айналысатын субьектiлердi iске асыра алады. Инвестиция келесiдей факторларға байланысты болады:
- пайда нормасының күтiмiне немесе капиталды қаржы бөлудiң рентабельдiгiне байланысты. Егер бұл рентабельдiк, инвесторлардың пiкiрi бойынша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу iске аспайды.
- Капиталды қаржы бөлудiң альтернатвтi мүмкiндiгiне байланысты. Инвестор өзiнiң ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала алады, яғни ол сонымен қатар ресурстарын банкке де жайғастыра алады. Егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен жоғары болса онда инвестициялар iске асырылмайды, және керiсiнше, егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен төмен болса, онда кәсiпкерлер капиталды қаржы бөлудiң жобасын iске асырады. Графикте, инвестиция мен жинақты пайыз нормасының арасындағы өзара байланыс келесiдей сипаттан көрiнедi.
Инвестиция пайыз нормасын J=J (r) бұл келушi функция: пайыз ставкасының деңгейi жоғары болғанда инвестиция деңгейi төмен болады. Жинақта пайыз нормасының функциясы: S=S(r). Бiрақ ол артушы функция r-ге пайыз деңгейi экономиканың барлық масштабында жинақ пен инвестицияның теңдiгiн қамтамасыз етедi,
r1 және r2 деңгейi осы күйден ауытқуы. Яғни инвестиция пайыз ставкасының функциясы болып, ал жинақ табыстың функциясы болып табылады.
Салық салу деңгейiне және жалпы берiлген елдер мен аймақтың салық климатына байланысты. Салық салудың тым жоғары деңгейi инвестицияға жағдай жасамайды./7/
Инвестициялық процесс ақшаның инфляциялық құнсыздануының қарқынына септiгiн тигiзедi.
Инвестицияның, табыстың жинақтың өзара әсерiн шағылыстыратын маңызды макроэкономикалық пропорциясын келесiдей сипатта көрсетуге болады:
Y = C+S, яғни Ұлттық табыс өзiнiң пайдалануында тұтыну шығыны (C) мен инвестиция (J) сомасына тең. Тұтыну – табыс функциясы болып табылады, яғни C =C(Y).
Басқа жағынан, туындалған Ұлттық табыс Y= C+S –ке тең. S – (жинақ) ол да табыс функциясы, S=S(Y). Ендеше егер C+J=C+S онда J=S бұл жердле инвестиция - r:J=J(r) функциясы, ал жинақ - Y:S=S(Y) болып табылады. Ендi жинақ пен инвестицияның тең болуындағы Ұлттық табыстың деңгейiн анықтаймыз. Ол үшін график қолданамыз. Абцисса өсiнде – Ұлттық табыс деңгейi (ҰТ). Ордината өсiнде – жинақ және инвестиция (SJ). JJ сызығы – инвестицияның µТ-ның кез-келген деңгейiндегi айнымас көлемi. Графикте Ұлттық табыс өскен сайын жинақ арттатыны көрiнiп тұр.
Е- нүктесiнде JJ және SS қисығы қиылысады. N нүктесi J және S нүктесi арасындағы кеңдiктiң бұзылуы кезiнде елдiң экономикасының барлық уақытта Ұлттық табыс теңдiгiне ұмтылғандағы жағдайын бiлдiредi.
Егер SS қисығы JJ қисығынан үлкен болса, онда жинақ масштабы қоғамда инвесторлау масштабын арттырады. Ал егер SS қисығы JJ қисығынан төмен болса, керiсiнше болады.
Мемлекеттiң инвестиция процестердi реттеушi ретiндегi инвестициялық саясаттың приоритеттерiн таңдауда әртұрлi типтi инвесторлар үшін бiрдей жағдай жасауда салық жеңiлдiктерi арқылы инвестициялық iс-әрекеттер стимулдауда пайдалы инвестициялық несиенi қамтамасыз етуде жалпы қолайлы инвестициялық ауа-райын қалыптастыруда болып табылады. Инвестицияларға байланысты қызмет: бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындарды сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс iстеуi, ұсталуы және таратылуы. Шартты жасасу мен орындау. Интелектуалдық меншiк құқығын қоса алғанда, алуан тұрлi мүлiктi сатып алу, пайдалану және билiк ету. Акцияларды, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу, шығару және сату. Инвестицияларға байлагысты Қазақстан Республикасының заңдарында тиiм салынбаған. Жердi және өзгеде табиғи ресурстарды сатып алу, кепiлге салу, оларды иесiздендiру және пайдалану құқықтарын қолданудың басқа да нысандары./6/
Сонымен “Инвстициялар” түсiнiгi көп қырлы құбылыс, оның бiрнеше мағыналы анықтамасы бар:
- ең алдымен, инвестициялар жөнiнде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнiнде айтылады. Оларды енгiзу арқылы өндiрiстiк процесс жүзеге асырылады;
- соңғы кездерi бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнiнде сөз болады;
- мүндай анықтама бiрнеше шектеушi сипатта болады, өйткенi кең мағынада алғанда, ол әр алуан тектi операциялардың тiзбектеп орындалуы бар белгiлi бiр процесс болып табылады;
- осы процестiң әлеуметтiк-экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететiн белгiлi бiр механизм ретiнде бағалауға болады.
Экономистер үшін инвестиция - әрқашан күрделi қаржының нақтылы заттай тұрi, ал халық тұрғындар инвестицияның өздерiнi ң есептерiндегi өзгерiстер, акцияны сатып алу сақтық кассаларындағы есеп ашу деп түсiнедi. Егер адамдар қоғамдық, өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң бiр бөлiгiн тұтынуға қатысты күрделi қаржы ретiнде пайдаланса, экономикалық есеп оны өндiрiс көлемi деп бағалап, жалпы Ұлттық өнiмге қосады. Сондықтан анықтамаларымызды толықтыруымыз керек. Жалпы Ұлттық өнiм – түпкi, соңғы өнiмнiң сомасы, бұған тұтыну тауарларымен қызметтерiн қоса жалпы инвестицияда кiредi. Таза және жалпы инвестиция жыл бойы жасалған машиналарды, фабрикалар мен үйлердi, құрылыстарды қамтиды, олар ескi капиталды ауыстыру үшін сатып алынса да таза инвестиция капиталдың өмiрге келуiмен тең (жалпы инвестиция шығып қалған капиталға – аммортизациялық төлемдерге тең). Жалпы инвестицияны аммортизациялық төлемдердi есепке алмай-ақ дәл анықтауға болады. АҚШ-тың ашық экономикасы бар. Олар тауарды, қызметтi және капиталды шеттен алып келедi және шетке шығарады. Бұл Ұлттық есепке таза шеттен шығаруды экспорт инвестицияның бiр бөлiгi ретiнде шартты турде енгiземiз. Егер Ұлттық шетке шығару саудасы оңды болса, шеттен сатып алуға қарағанда көп сатады, сөйтiп ол шет елге инвестиция шығарады. Шығындардың басты компонентi – инвестиция. Бұл макроэкономикада екi тұрлi атқарады. Бiрiншiден, шығындардың компонентi болғандықтан инвестициядағы күрт өзгерiстер жиынтық сұранысқа, сөйтiп өндiрiстiң көлемiне, жұмыспен қамтуға шешушi әсер етедi. Екiншiден, инвестиция капиталдық қорлануына алып келедi. ґндiрiстiк қуаттардың көп болмауы өндiрiстiң көлемiн ұлғайтуды және экономикалық ұзақ мерзiмдiк дамуын қамтамасыз етедi. Соңғы жылдары жалпы инвестицияның 70 пайызы өнеркәсiп кәсiпорындары мен құрал жабдықтарға жұмсалады. Инвестицияның мәнiн ашуға мына үш элемент қажет: табыс, шығындар, нәтиже күту.
Табыстар. Инвестицияның өндiрiс көлемiнiң жалпы дәрежесiне не болмаса жалпы Ұлттық өнiмге, яғни табыстың деңгейiне байланысты. Олар жалпы экономикалық белсендiлiктiң қайнар көзi.
Шығындар. Кәсiпкерлер мен үй сатып алушылар, әдетте инвестиция үшін заемдық қорлар тұрiнде төлейдi. Оның бағасы заемдық қаржылардың пайыздық ставкасына қатысты. Экономикада пайыз ставкасы ерекше орын алады, инвестиция шығынына әсер етедi, сондықтан ол жиынтық ұсынысты анықтайды. Инвестицияның құрылымына белсендi ықпал етушi тағы бiр нәрсе – салықтар. Федералды үкiмет инвестицияға салық арқылы бақылау жасайды. үкiмет, мысалы, Президент Кеннеди түсында енгiзiлген салық, неше арқылы инвестициялық компанияларды қуаттап отырды, олар жаңа құралдар алу үшін 10 пайыздық салық қарызын бередi. Инвестициялық мақсат – мұраттың қорытындысынан жасайық. Кәсiпкерлер инвестицияны табыс алу мақсатынмен жасайды, сондықтан инвестиция шешiмi мыналарға байланысты:
а) жаңа инвестиция арқылы өндiрiлген өнiмдерге сұраныс болу керек;
б) инвестицияға әсер ететiн пайыз ставкасымен салық және экономистер бағалануына негiзделген өнер кәсiпшiлдердiң үмiтi. Нақты және номиналды пайыз ставкасы. Нақты пайыз ставкасы – тауарлар мен қызметтерге төленген заем иелерiнiң ақша сомы. Болашақ пайда бастапқы кездегiнiң жоғары, сосын инфляцияның күшейуiнен инвестицияның долларлық курсы өседi. Сондықтан инвестиция бағалағанда ңнақты инвестицияң деген термин шығады. Яғни ол инвестицияны тұрақты бағамен алу дегендi бiлдiредi. Жинақ пен инвестиция ниетiндегi алашақтар. Тұтыну мен инвестиция туралы қазiргi теорияларға қарап, бiр мынаны атап көрсетуiмiз керек: қазiргi комплекстi экономикадан жинақ пен инвестицияның бiз қалайтын дәрежесiн автоматты тұрде теңестiруге болмайды. ґйткенi оларды жүзеге асырушылар - әртұрлi адамдар, себептерi де әр түрлi, сондықтан нарық жинақ пен инвестицияны тез сәйкестiре алмайды.
Еркiн бәсеке экономикасында инвестицияның қажеттi саны болуына кепiлдiк берiлмейдi, толық жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Жылдар бойы, ондаған жылдар бойы инвестицияның төмендеуi, шығындарда болады, олар дефляцияға, банкротқа әкелiп соғады, не болмаса басқаша болады. Банктер мен басқа да қаржылық ресурстар мен берiлетiн несиелердi келесiдей үлгiде топтастыруға болады:
- Ағымдағы қызметтiң iске асырылуы;
- Инвестиция қызметтiк iске асырылуы;
Ағымдағы қызмет:
- айнымалы қаржылрдың толықтырылуы. Шикiзат, материал және тауар сатып алу;
- қызмет және сату Ұйымдарына шығындар;
- операциялық қызметке сбасқа да шығындардың тұрлерi.
Инвестициялық қызмет:
- құрал – жабдықтарды, технологияны сатып алуға үзақ мерзiмдi қаржы бөлу;
- материалды емес активтерге және тағы басқаларына шығындар.
Қаржылық инвестиция дегенiмiз – жарғылық капиталдағы инвестициялар, кәсiпорын және Ұйымдардың құнды қағаздары, мемлекеттiк және жергiлiктi заемдарды пайыздық облигациялары. Іаржылық қаржы бөлу. ұзақ мерзiмдi инвестиция дегенiмiз, ол яғни тiкелей инвестиция. Жоспарлау және есептеу практикасында ұзақ мерзiмдi инвестиция келесiдей белгiлерi бойынша топтастырылады: жұмысты орындау әдiсi бойынша (өндiрiстiк, өндiрiстiк емес тағайындалу); негiзгi құралдарды қайта өңдеу бейнесi бойынша (жаңа құрылыс, өрiстету, реконструкция, қайта қарулану); техникалық құрылым бойынша (құрылыс жұмыстарына шығын, монтаж жұмыстарына шығын, басқа да шығындар).
Инвестициялық саясат экономиканың тауарларында және салаларында капиталды қаржы бөлiду пайдаланудың негiзгi бағыттарын суреттейтiн халық шаруашылығының әдiстемелер мен шешiмдерiнiң жиынтығын бiлдiредi. Инвестициялық саясаттың рыноктық қатынасқа өту кезеңiнiң негiзгi мақсаты тұтынушы, қайта өңдеу салалары арасындағы байланыс оптимизациясында қорытындылануы. Экономикалық құрылымдарын реформадлау Қазақстанның қазiргi және болашақтағы есептерiнiң этаптары бойынша мемлекеттiк инвестициялық саясат негiзiнде iске асырылады. Бiрiншi этаптың мiндетi макроэкономикалық тұрақтылықтың жетiстiгi және өндiрiстiң қолдануының қайнар көзiн кеңейту үшін шарт құру болып табылады (1996-1998 жж). Екiншi этаптың мiндетi өндiрiстiң жандануы және экономикалық өсудiң бастамасы үшін шарт құру болып табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясат бәрiнен бұрын құрылымды саясаттың басты бағыттары мен басымдылықтарын өткiзуге көзделген. 1996-2000 жыл мерзiмiнде инвестициялық саясаттың ерекшелiктерi мен сипаты өндiрiстiң құлдырауының бiрте-бiрте тенденциясын жеңуi шартымен iске асырумен анықталады және бiр мезгiлде келесiдей мәселелердi шеше алады:
- экономиканың құлдырауын ұстап тұратын шаруашылықтандырудың өмiрге қабiлеттi жүйелерiнiң дамуы және оны сүйемелдеу;
- iшкi және сыртқы нарық үшін перспективтi өндiрiстiң дамуы;
- жеке инвесторларды ынталандыру, шетел инвесторларын қоса.
Жақын арада, экспорт мамандырудың капиталдық салаларының дамуының қамтамасыз ету және сақтау мақсатында инвестицияны бюджеттiк қаржыландырудың толығымен бас тарту мүмкiн емес. Осы бағыттар бойынша республиканың бюджетiнде сәйкес шығындар қаралуы тиiс. Бiздiң бағалауымыз бойынша ол бюджет шығындарының 8-9 пайызын құрау мүмкiн. Қаржыландырудың ерекше мақаласы ретiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындардың, Ұйымдардың қаржылары қаралады. Олар өндiрiстiк белгiлердiң капиталды қаржы бөлуiнiң жалпы көлемiнiң 80-81 пайызын құрайды. Оның iшiнде 40-45 пайызы кәсiпорынның жеке қаржысын құрайды, ал қалғандары несиелiк ресурстарын құрайды. Есеп айырысу, жақын жылдардағы қаржылық жағдайда, акция сатып алуға, дивидендтерге төлеуге, өндiрiстiк емес салаларға шығындардың өсуiне байланысты кәсiпорындар жеке қаржыларының тапшылығының қадағалауын көсетедi. Осыған байланысты несиелiк ресурстардың салалардағы қажеттiлiгi. қайтымсыз қаржыландырудың кепiлдемесiнiң болмауы өндiрiстiк күштiлiктi кеңейту бойынша бұрынырақ қабылдаған жобаларды қайта қарауға, кәсiпорынға, мәжбұр етедi. Кәсiпорындар жұмыс iстеп тұрған өндiрiстерге капиталды қаржы бөлудi, өздерi жоспарлайды. Яғни олар өздерiнiң жеке қаржыларының қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, әр салада iшкi басымдылықтың блiнуi ескерiлген. Электр энергетикада Экiбастұз ГРЭС – 2, Оңтүстiк Қазақстан ГРЭС құрылысының жалғасуы, Экiбастұз – Агадырь, Алматы ТЭЦ –2 және басқаларының электр беру жолдарының жалғасуы бойынша Қазақстанның бiр ыңғай энергия жүйесiнiң құрылуы. Мүнай және газ iздестiру жұмыстарының жалғасы ескерiлiп отыр. Металургиялық комплексте бұл:
- түстi метеллургияның кең базасының ары қарай дамуы;
- Қызылорда облысының ңШалқияң кеңi, Жезқазған болысынан – вольфрам рудасының табылуы;
- Қарметкомбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, ґскемен қорғасын – мырыш комбинатының әрекеттегi өндiрiстi жаңарту және кеңейту;
- Васильков, Ақбасай алтындарын, кәсiпорын және шетел инвестицияларын қаржыларын есептеу және меңгеру бойынша жұмыстарын тездету;
- Жезқазған және Торғай облыстарында мал өсiру комплексi, Семейде холодильниктiң, Повладар және Ақмола ет комбинаты құрылсының жалғасы және аяқталуы қаралып отырады.
1997 жылға қаржыландырудың қайнар көзi бойынша капиталды қаржы бөлудiң құрылымы келесiдей мәлiметтербойынша суреттеледi. Капиталды қаржы бөлудiң жалпы көлемiнен кәсiпорындар мен Ұйымдардың қаржыларының есебiнен – 2193,6 млн. теңге игерiлген. Ол жалпы көлемiнiң – 78,4 пайызын құрайды. Бюджет қаржылар есебiнен 596,7 милллион теңге игерiлген. Олардың өндiрiстiң барлық элементтерiнiң әр уақыты жаңаруы және өрiстеу болып табылады. Барлық осы жағдайлар нарықтың корньюктураларын өркейту, болашақта қандай құрылым керек екенiдiгi сияқты, әр түрлi проблемалар қатысып тұрады. Шет ел практикасында кез-келген өзгерiс жобаларымен байланысты болып келедi./9/
Инвестор - салым иесi, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам Ұйым немесе мемлекет.
Сонымен қорыта айтқанда, инвестиция дегенiмiз – ақша қорын сатып қалу және оны өсiру үшін қажет шығын:
-шетелдiк инвнстиция дегенiмiз-қабылдаушы елдегi компанияның қызметiн бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты тұрде ауысуы;
- тiкелей инвестиция деп- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндiрiстi Ұйымдастыруын айтамыз;
Бiр сөзбен айтқанда, инвестиция дегенiмiз – өз ақшаңды бiр iске сала тырып, одан қайтарым бола ма, болмай ма, оған мемлекет кепiлдiк бермейтiн, өз iшкi есебiнiң дұрыстығынан шығатын нәрсе. Ақшаны саласың, пайда өзiңе байланысты. Мемлекет барлық кәсiпорындарға бiрдей, тең болатын жағдайды, шаррты заңмен бекiтiп бередi. Егер компания кепiлдiк сұрайтын болса, онда – бұл инвестиция емес, кредит сияқты нәрсе, бiрақ кредит те емес. Кредит о бастан белгiлi бiр проценттiк үстеме бағамен қайтып алу үшін берiледi. Мысалы, мен 100 теңгенi 25 проценттiк несиемен беремiн, сен 3 айдан соң 125 теңгенi қолыма ұстатасың. Оған кепiлдiк бересiң, ол келiсiм – шартта жазылады. Мүнда ешқандай қауiп қатерге бас тiгу жоқ, ал бизнесте инвестиция қауiп- қатерге құрылады:
Не ұтасың, не ұтыласың, не де болса, бел шешiп, кiрiсiп кетесiң.
1.2. Инвестиция типтерi мен түрлерi
Пайданы алу ауқымы мен оның тиiмдiлiгi бойынша тiкелей инвестициялар жанама инвестициялар мен салыстырғанда жоғары тиiмдiлiкке қол жеткiзумен ерекшеленедi./10/
Инвестициялардың экономикадағы ролi мен орны бойынша тiкелей инвестициялар iшкi нарық жағдайына тiкелей тұрде әсер етедi, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтiң жаңа формаларының жедел тұрде енуiн және т.б. сонымен бiрге Ұлттық экономиканың құрлымын өзгертедi.
Елдiң Ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп бойынша Ұлттық меншiк шетелдiк инвестор полюсiне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың дамуындағы түбегейлi өзгерiстер 80-шi жылдар аяғында болды.
Бұл әлемдегi миграцияланатын капиталдың тепе-тең күшейуi арқылы жүрiп отырады. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 миллиярд долларға жеттi, ол 1990 жылдың деңгейiмен салыстырғанда үш есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдiк тiкелей инвестициялар едәуiр ұлғайды. Оның деңгейi 1995 жылы 325 миллярд долларға жеттi, яғни 80-шi жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өстi.
Зерттеулер көрсетiп отырғандай, инвестициялық ресурстардың ағымын екi себеп ынталандырады жекелеген елдердiң дамуының бiркелкi еместiгi және индустриалдық елдердiң жедел өсуi. Капитал инпорттының жоғары деңгейi өндiрiстiк саламен салыстырғанда әлемдiк сауданың жедел өсуiне ықпал етедi.
Шетелдiк тiкелей инвестициялардың сомасынан ұлғайуы шетелдiк капиталдың қатысуымен жасалған өнiмнiң өтуiне зор-зор ықпал етедi, ал тармақталған жүйесi 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпарациялар әлемдiк экспорттық 2/3-шi қозғалысын басқарды, олардың жартысы iшкi фирмалық жеткiзушiлердi құрады.
Капитал жинақтаушы инвестициялар кәсiпорындар мен мемлекеттiк акциялармен құнды қағаздар сатып алу негiзiнде инвестициялық фактор жүйесi арқылы iске асады./9/
Бiрнеше жағдайда өнеркәсiпке инвестор инвестиция салушы ретiнде өнеркәсiптiк өндiрiстiк қорындағы айналымда функциональды тұрде сақтап, өз өндiрiс капиталын көбейтудi көздеп, капитал қорын жинақтайды. Ал екiншi жағдайда инвестор құнды қағаздар кiрiсi арқылы дивидент алу негiзiнде өз капиталын толықтырады. Сонымен қатар инвестиция жанама және тiкелей инвестициялар болып бөлiнедi.
Қазақстан Республика зандарында көрсетiлген тiкелей инвестициялар қтарына Қазақстан Республикасының арнайы кепiлдемесiмен белгiлi бiр мемлекеттiк және жеке техникалық көмектермен гранттарға ие инвестициялардан өзге барлық инвестиция тұрлерi енедi. Ал жанама инвестиция дегенiмiз – бұл портфельдiк жинақ былайша айтқанда құнды қағаздармен мүлiктiк құнды лықтардың жиыны. Мысалы: инвестор тұрлi фирмалардың құнды қағаздар жинағы болып табылатын несие қорынан акция акция сатып алуы мүмкiн. Инвестицияның тиiмдiлiгi тiкелей шығыс пен кiрiс, сатылу мерзiмi, рентабельдiлiгiне байланысты.
Егер инвестициялық жобаның рентабельдiлiгiне келетiн болсақ, мыслаы кiрiс пен шығыс 13,5 миллион доллар тұрiнде есептелiнiп олар 38,9 миллион және 22,9 миллион долларды құрап, рентабельдiлiк 28,6*22,9=1,96 яғни 69% құрайды. Қаншалықты осы көрсеткiш үлкен болған сайын инвестициялық жоба тиiмдi болып табыс әкеледi. Мерзiмдiк тиiмдiлiкке – келетiн болсақ, мысалы шығындар мен қоса есептегенде 100 миллиярд доллар, жыл сайын 20 миллиярд доллар кiрiс әкелсе, онда ол 5 жылдық мерзiмге ие болады.
Акцияны инвестор сатып алу арқылы белгiлi бiр компанияның қажеттiлiктерiн қанағаттандырып, оларға тиiмдi табыс әкелiп қана қоймайды, инвестор сол құнды қағаздардың белгiлi бiр мөлшерiн иемденедi. Осыдан өзге инвестициялау белгiлi бiр жер бөлiгiн иемдену мүлiктiк құқыққа ие болу (ақша эквиваленттерiмен бағалану) шаруашылық өндiрiстiк жекеменшiктiк лицензия және өндiрiс құпиялары мен патент тұрлерi, жаңа технологияға анықтама өндiрiстiк тиiмдi моделдер,товар белгiлерi мен өндiру әдiстерi, тұрлерi, өндiрiс технологиясы, өнiм сертификаты, жердi пайдалану құқықтары негiзiнде жүзеге асады, жүредi.
Ал ендi инвестиция типтерiне келетiн болсақ кез-келген фирманың негiзгi қызмет сферасы айналымдағы қаржы, жобалардың iске асуы, әрбiр фирманың жылдық табысын реттеп отыратын инвестициялық операция жүйесi болып табылады. Коммерциялық практика инвестицияның физикалық активтегi инвестиция, ақша активiндегi инвестиция, материалдық емес активтегi инвестиция типтерi бар.
Физикалық активтегi инвестицияға өндiрiс орындары мен құрал –жабдықтау салаларын, сонымен қатар бiр жыл мерзiмдегi тұрлi машина, техника, материалдық мүлiктердi жатқызамыз.
Ақшалай активтегi инвестицияға кез-келген физикалық және заңды тұлғалардың белгiлi бiр құндағы ақшаның қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл банктердегi депозиттер, облигациялар, акциялар, кредит, салық, несие, қарыздар материалдық емес инвестицияға құнды материалдар мен құпия программалар, өнiм әдiстерi тиiмдi моделдер, жерге иелiк құқықтары, Жекеменшiктiк лицензиялар, патенттер мен сертификаттар енедi. Жоғарыда аталған инвестицияның 3 типтi де әрбiр фирманың дамуы мен кiрiс көзiнiң өсуiне тiкелей ықпал етедi. Инвестиция классификациясы фирманың қай мақсаттардағы қандай маңызды мәселелердi шешуге болады және тиiмдi пайдалану арқылы фирманың шығындарын азайтып, өндiрiске қолайлы жағдай жасау, құрал-жабдықтармен технологиялау, фирма мүшелерiнiң шеберлiетерi мен нарықтық экономикадағы сұранысқа қарай инвестициялық жоба жасау жүйелерiнен тұрады. Сонымен қатар инвестициялау жүйесiндегi мемлекеттiк органдар мен байланыс, ал экономикасының жағдайы, экологиялық стандарт, шығарылатын өнiмнiң сапасы ескерiлуi тиiс. Мүндай классикалық инвестициялар типi мен (тәуекел) мен еңбек сферасындағы жүзеге асады.
өндiрiсаралық тұрде кездеседi. Мега жобалар өзiндiк ерекшелiктерге ие.
- Жоғары құндылығымен 1 миллиярд доллар немесе одан жоғары.
- Капитал жинағын керек етушiлiк
- Еңбек үшін жоғары деңгейде қажет ету 2 миллион адам сағатына жобалауға, 15-20 миллион адам сағатына құрылысқа.
- Таратудың ұзақтығы 5-7 немесе одан да көп.
- өзге елдердiң араласуы.
Адам мен мемлекеттердiң экономикалық және әлеуметтiк өмiрiне әсерi болуы.
Кез-келген кәсiпорынның экономикалық потенциалының сақталуы мен дамуына кәсiпорын қызметi мен менеджмент, инвестор шеберлiктерi қажет. Инвестициялық қызмет субьектiлерiне инвестициялық қызметтi iске асырушы инвесторлар, физикалық және заңды жеке тұлғалар, тапсырыс берушiлер, орындаушылар, инвестициялық қызметтi қолданушылар мен ұйымдық жеткiзушiлер, банк және сақтандыру (қауiпсiздендiру) қызметкерлерi, инвестициялық процеске қатысушылар енедi. Сонымен қатар инвестициялық обьект қызметiне қолданушылар қатарынан физикалық жеке тұлғалардан бастап, заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар, шет мемлекеттер халықаралық қызмет Қазақстан заңдарында арнайы Президент жарлығы бойынша салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер, Шетел инвестициялары мен инвесторлары”, ңIшкi басқару мен қарыздар”, ңҚазақстан Республикасының инвестиция қорлары”, және өзге де нормативтiк актiлерiн тұрiнде елiмiздiң заңында өмiр алған.
Нарықтық экономиканың тапқырлықпен жүзеге асырған өркениеттi елдердiң тәжiрибиесi көрсеткенiндей, шетелдiк инвестизациясыз экономика салаларын дамыту, халықтың әл-ауқатын жасқарту мүмкiн еместiгiне бүгiнде көпшiлiктiң көзi жетiп отыр. Бұл жөнiнде Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң арасында алдынғы орында тұр. өзiндiк тәжiрибиесi бар бағыт бағдары айқын. Инвестицияны жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң құрылып, жұмыс iстеп жатқаны соның бiр дәлелi. Мынадай мысал келтiрейiк: 1996 жылы елiмiзге шетелдерден инвестиция ретiнде 1904,527 миллион доллар берiлдi. Оның 235,194 миллионы зайым ретiнде, 252.000 миллионы несиеге, ал 1417,333 миллион доллары тура инвестиция ретiнде берiлген.
Байқар болсаңыз берiлiп отырған нивестицияның 80 процентiне жуығын тура инвестиция құрап отыр. Ал соңғы төрт жылдағы тура инвестицияның жалпы көлемi 3448,9 миллион долларға жеттi. Бұлар негiзiнен халық шаруашылығының салаларындағы өндiрiс орындарын қалпына келтiруге, оларды технологиялық жағынан жетiлдiруге жұмсалады. Мүндай бiрiккен кәсiпорындар мен шетелдiк инвесторларды басқаруына берiлген өндiрiс орындарының үлес салмағы басым./13/
1997 жылдық негiзгi капиталдағы құрылысқа инвестицияны жалпы мөлшерi 8,9 миллиярд теңгенi құраған. Оның 49,6 проценттi бiрiккен кәсiпорынға, 32,2 порценттi шетелдiк инвесторлардың басқаруындағы компаниялармен фирмаларға, 14,7 проценттi жеке өндiрiс орындарына, ал 3 процентке жуығы тұрлi мекемелер мен Ұйымдарға берiлiптi. бұл қаржыларды шаруашылық жүргiзудегi меншiк тұрiне бөлiп қарастарғанда, былай болып шығады: мемлекет меншiгiндегi кәсiпорындаға 245 миллион теңге, жеке секторларға 1311 миллион, бiрiккен өндiрiс орындарына 4426 миллион, шетелдiк кәiпорындарға 2780 миллион теңге тиесiлi болған.
Ал бұларды жекелеген салаларға бөлiп қарастырсақ, жұмсалған инвестиция мөлшерiнде мүнай –газбен көмiр өндiрiсiнiң үлес салмағы бәрiнен жоғары тұрғанын байқау қиын емес. Мысалы мүнай-газ өндiрiсiне 2166 миллион, көмiр өнеркәсiбiне 1334 миллион теңге инвестиция пайдаланылған. Ең аз инвестиция жұмсалған салалар бiлiм беру мен ауыл шаруашылығы болып отыр.
Өткен кезең iшiнде елңмiздiң көптеген салалары шетел инвестициясының арқасында бiртiндеп қалыптасып, нарықтық экономикада өз бағытында айқындап келе жатыр. Алғашқы жылдары, мәселен, 1992-1993 жылдары несиелер үкiметтiң кепiлдiк беруiмен алынып келген болса, соңғы жылдары оның орнын халықаралық қаржы Ұйымдарының займы ауыстырды. Бұл қаржылар келiпжолдарын дамытуға, Ақтау теңiз портын қайта жарақтандыруға, тағы басқа да халықаралық маңызы бар күрделi жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылмақ.
Мүндай жобалар Халық шаруашылығына барлық салаларында бар. Мысалы, шетел инвестициясының қодауы нәтижесiнде бүгiнде Ақмолада құрылыстар, Ақтөбе облысында геологиялық барау жұмыстары, Алматы қаласында қонақ үйлер, Солтүстiк Қазақстан облысында сүт өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорын, т.б. құрылыстар салынып жатыр. Сондықтан инвестиция өндiрiстiң өзегi деп тегiн аталып жүрген жоқ. қазiргi кезде өзiмiз үлгi тұтатын Қытай, Жапония, Оңтүстiк Корея, Тайвань т.б. да мемлекеттер сол инвестициясының арқасында экономикасын түзетiп, даму жолына түсiп отыр. Мәселен, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi алудың салдарынан тез көтерiлiп олардағы жалпы iшкi өнiм сол кезеңдерде орта есеппен 25 процентке көтерiлген. Сондай-ақ Қытайдың жылдық экономикадлық өсуi 1978-1996 жылдардың аралығында 10 проценттен 35 процентке жеттi. Ал Оңтүстiк Корея 1983 –1993 жылдарда өзiнiң iшкi жалпы өнiмiн 30 процентке дейiн жоғарлата бiлдi. Соның түп негiзi – инвестор тарту мен инвестицияны асқан бiлгiрлiкпен өз орнына жұмсай бiлгеннiң нәтижесiнде екендiгiнде дау жоқ.
Қазақстан мен ТМД елдерiнде инвестиция тартып, қаржы жинақтау жылдамдығы онша жақсы емес. Бiзде ол жалпы iшкi өнiмнiң 4/3 процентiн құрайды. Деген мен, алғашқы жылдарға қарағанда, соңғы жылдары шетелден инвестор тарту бiршама жандана түстi. Оған елiмiздегi саяси тұрақтылық шикiзат қорының молдығы инвесторларды заң жүзiнде қорғау басты рол атқарып тұр. әсiресе, Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кездегi Америка Құрама Штаттарына,Германия мен Польшаға сапарлары күткен үмiттi ақтады. Инвестиция салудан дамыған, өркениеттi басқа да мемлекеттер де тартынып отырған жоқ./16/
Деректерге сүйненетiн болсақ, қазiргi кезге дейiн Қазақстанға келген инвестицияның 40 процентiн АҚШ, 25 процентiн Оңтүстiк Корея, 13 процентiн Англия инвесторлары құрайды екен. Жалпы көлемi 9,5 миллиярд доллар тұратын Қытай Халық Респупликасымен биылғы жасалған келiсiм өз алдына бiр бөлек.
Нарықтық экономикада инвестицияның негiзгi үш түрi кең қолданылады. Атап айтқанда: займ арқылы, несие беру және тура инвестициялау. Осы үшеуiнiң iшiнде бiзге қолайлысы әрi тиiмдiсi- тура инвестиция. ґйткенi мүнда шетел инвесторларының басқаруына берiлген кәсiпорындар мен бiрлескен кәсiпорындар өздерiн өздерi қаржымен қамтамасыз етiп бар жұмысты өздерi жолға қоюға мiндеттi. Қазiр бұл нәтижесiн берiп отыр. Бiрiншiден, кәсiпорындар бар қуатында жұмыс iстейдi. Екiншiден, өндiрген өнiмiне қарай заңда белгiленген тәртiппен салық төлеп отыр. Үшіншiден, жұмыссыздықты азайтуға өзiндiк үлесi бар.
Соңғы жылдары белгiлi бiр өндiрiс орындарын шетелдiк компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжiриебесi елiмiзде көбiрек қолданылып жүр. әсiресе, бұл шикiзат өндiрушi салаларда шетелдiк инвесторлардың айрықша ынта-ықыласын тудырып отыр. ґйткенi әбден тiс қаққан, не нәрсе болсын әрiден ойлайтын шетел кәсiпкерлерi шикiзат өндiрiп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтыны анық. Сол себептi олар Қазақстанға үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр. Бұл дәл қазiр екi жаққа тиiмдi. Осындай тәртiппен жекешелендiрген өндiрiс орындарының саны бүгiнде 60-тан асады. Оның басым бөлiгiн отын мен энергетика салалары құрайды.
Бұған мысал ретiнде үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартысында жекешелендiрген үш мүнай өндiру және 17 газ шаруашылығы кәсiпорындарын алуға болады. жоғарыдағы үш мүнай өндiру кәсiпорындарын жекешелендiрудегi жасалған келiсiм-шарттың жалпы құны 9233 миллион доллар. Оның iшiнде Қаражонбас мүнай акционерлiк қоғамы 560 миллион долларға, Маңғыстау мүнайгазң акционерлiк қоғамы 4348 миллион долларға, ал Ақтөбе мүнайгазң акционерлiк қоғамы 4325 миллион долларға бағаланды. Сондай-ақ, тендер жариялау арқылы Қазақтелеком Ұлттық акционерлiк компаниясының 40 процентi акциясының сатылуынан да мол қаржы түстi. Ол 1370 миллион долларды құрайды. Мүның 1 миллиярд доллары тура инвестиция ретiнде берiлмек. ұзақ мерзiмдi көбейтiп мүндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Қазақстаннның геосаяси жағдайы соған сұранып –ақ тұр.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
Ел экономикасын көтеруден ендiгi бiр Үшы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуда жатыр. ұзақ мерзiмдi қамтитын даму стратегиямызда бұл анық көрсетiлген. Шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын мүмкiндiгiнше дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға кемiнде 100 миллион доллар берiледi делiнген. Егер осы қаржы уақытысында бөлiнiп, шаруалар мен кәсiпкерлердiң қолына тиер болса, ауыл адамдарының жағдайы бiршама жақсаратыны анық. Бұл ретте осы неше қаржыны беретiн банктерге үлкен жауапкершiлiк жүктелмек.
1996-2000 жылдар аралығында елiмiздiң экономикасын тұрақтандыру үшін түскен тура инвестициясының жалпы көлемi 18 миллиярд доллардан асқан. Бұларды әр жылдарға бөлсек, бұлай болады: 1997 жылы – 5281 миллион, 1998 жылы – 6941 миллион, 1999 жылы – 5848 миллион, 2000 жылы – 4249 миллион доллар құраған.
II Инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі
2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.
Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi. Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын iшкi топтың, топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және жер салығын төлей бастайды. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi аталған күннен бастап күнтiзбелiк бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады. Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.
2.2. Преференциялардың қолданылуын тоқтату тәртібі
Преференциялардың қолданылуы келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмде тоқтатылады не мұндай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкін. Преференциялардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы бiржақты тәртiппен жүзеге асыруы мүмкiн. Преференциялардың қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеушi салықтарды төлейдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Инвестициялық саясаттың әлеуметтiк- экономикалық салаларын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңiнде қатаң әдiстердi қолдана бастады, бұл әдiстер төмендегiдей бағыттарды қамтиды:
- Үкiметтiк несиелер мен кпiлдемелердi шектеу (өйткенi үкiметтiк несие алдын-ала ақы төлеудi, кепiлдемелердi ұсынуды және белгiлi сомалардың поцентiмен қайтарылуын талап етедi.) Мүндай жағдайда елге келiп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкiндiктер кеңейiп жатыр. Капиталды тартудың мүндай формасының басымдылығы әр тұрлi түсiндiрiледi:
- Тiкелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзiмдiк мүдделерiнiң жүзеге асуына мүмкiндiк бередi;
- Донордың өндiрiстiк процестi басқаруға қатысу мүмкiндiгi болуы тиiс;
- Елеулi көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуiн қамтамасыз етедi, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейдi;
- Тiкелей шетел инвестициялары iскердiк және шаруашылық белсендiлiктi қамтамасыз ете отырып, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр тұрлi формаларының кең тұрде таралуына ықпал етедi.
Мүның барлығы үкiметтiң ота мерзiмдiк инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкiндiк жасады.
1997 жылы қызмет етiп жатқан бiрiккен кәсiпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берiлген кәсәпорындар саны 100-ден астам блды. ІР-сы экономикасына татылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендiру процесiнде көрiнiс тапты. Оның өрiстеуi белгiлi мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйiндi мәселенi жеңiлдеттi, өндiрiстердiң iскерлiк белсендiлiгiн көтеруге және озық технологияларға өту процесiн жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
ҚР-ның инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжiрибесiмен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белiлi бiр ортақтықтың бар екендiгiн атап өтуге болады. ґйткенi Қазақстанда жүргiзiлген 4 кезең төмендегiдей нәтижелерге әкеледi:
- реформалаудың бiрiншi кезеңi- инвестициялық жекешелендiру қорының қалыптасуына және капиталдың үкiмет кепiлдемесi арқылы тартылатындығына жағдай жасады.
- екiншi кезең- жекешелендiру процестерiнiң белсендi жүруiн және акцияларды мемлекеттiк пакеттерiнң 80%-ке дейiн шетелдiк инвесторларға сатылуын амтамасыз еттi, осы уақытта төлемдердiң төленбеуi және отандық тауар өндiрушiлердiң банкротқа Үшырауы проблемалары қабат-қабат жүрiп отырды.
- үщiншi кезең- жекешелендiру процесiнде республикалық нарықта шетелдiк банктердiң рөлiн “тереңiрек” өттi, нәтижесiнде инвестициялық саясаттың Аргентиналық қателiктерi болған, атап айтқанда аз шығынды әдiс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керiсiнше дәстұрлi салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.
Тиiмдi инвестициялық саясаттың жоқ болуы “өсу нүктесi” болып табылатын белгiлi бiр салаларды анықтауға мүмкiндiк бермедi, ол сыртқы экономикалық саясатты “өсу локомотивiнен” “тежеу локомотивiне” айналдыруды, әлеуметтiк реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейi, сонымен бiрге тұтынушылық несиенiң болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсендi субъектiлерiнiң бiрiне айналдырды. Бұл кездегi тауар өндiрушiлердiң жаппай банкротқа Үшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүрiп жатыр және Ұлттық валютаны жоюда. Қазақстандағы саны 1300-ден астам бiрiккен кәсiпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсiпорындардың құрылуына ықпал еттi, осы кезде кiшкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен едi. Экономиканың қазiргi кездегi төртiншi кезеңге енуi еңбек бөлiнiсiнiң халықаралық жүйесiне кiру нәтижесiнде мемлекет рөлiн күшейту қажет екендiгiн қайтадан талап етiп отыр.
Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдiк, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттiлiгiмен тiкелей байланысты. ґткен кезеңде инвестициялық қызмет көрсету барысында негiзiнен, инвестицияның басты әрi нақты көзi болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылды.°йтсе де, мемлекеттiң шетел инвестициясын ынталандыруға бағытталған құқықтық базаны қалыптастыруы және инвестицияның енуiне қолайлы жағдай жасау секiлдi шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазiргi шетелодiк инвестициялау моделi күткендегiдей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңiнен қамтыған, әсiресе өндiрiс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жетклiктi. Осыдан келiп мынадай заңды сұрақ туады, шетел инвестициясын тарту мен пайдалану бағытында жүргiзiлiп жатқан қазiргi саясаттың нәтижесiздiгiнiң себебi неде? Сондықтан бiз аталмыш сұраққа өткен кезеңдегi шетел инвестициясын пайдаланудың нәтижелерiне жасалған талдауларға және төмендегiдей негiзгi параметрлер: 1. Сырттан тартылған инвестициясының көлемi; 2. Шетел инвестициясының пiшiнi мен құрылымы; 3. Салалық бағыттылығы бойынша жасалған бақылауға сүйене отырып жауап беруге талпындық. Қазақстан өз егемендiгiн алған күннен 1997 жылдың соңына дейiнгi аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның iшiнде 3,2 млрд. доллар тiкелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлiгi – әр тұрлi қарыздар. 1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемi жағынан бiздi бiрнеше орап алатын Ресейдiң өзiн артта қалдырып, 1-шi орынды иеленсе, Венгриядан кейiнгi 2-шi орында тұрады. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестициясына деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған, десек те осындай келтiрiлген мәселелердi назарда ұстай отырып, қазiргi тартылған күйiндегi шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының iрi де күрделi проблемаларын шеше алады деп айту қиын. Жүйелей айтсақ, пайда табу мақсатында ҚР-ның қаржылық және қаржылық емес активтерiне салынған барлық шетел капиталдары екi үлкен топқа : тiкелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлiнедi. Іазiргi кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тiкелей инвестициядан гөрi, кредит беруге қҮштар ьолып отырғаны анық байқалуда. Мүныңсыры өзiне-өзi түсiнiктi. Кредит үкiмет кепiлдiгiмен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ мерзiмдi қажет етедi, әрi мүнда тәуекелдiң үлесi жоғары. Экономикалық қауiпсiздiк жағынан алып қарағанда займның да белгiлi бiр дәрежеде тиiмсiз жақтары бар. Займдар елдiң сыртқы қарызын көбейтедi, оның өтемi елдiң валюталық түсiмiнiң қомақты бөлiгiн қажет етедi. Ал тiкелей инвестициялық тиiмсiз жағы, инвесторлар қаржысын өзi қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесi, қажет еткен сала ескерусiз қалады. Тiкелей шетелдiк инвестицияға қараған да сырттан несие алу мемлекеттiң сыртқы қарызын өсiрiп жiбередi. Егер ІР-ның сыртқы қарызы 1996 жылы-4,0 млрд. доллар болса, 1997 жылы-5,2 млрд. долларға жеткен, мүны жою мақсатында 1996-1997 жылдары қазына қаржысынан 700 млн. долларды жұмсауға тура келедi, бұл жалпы экспорттық түсiмнiң 14-15 процентiн құрайды. 1998 жылдың 1 қазанында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 6981,1 млн. доллар болды, яғни жалпы сыртқы қарызы 1993 жылмен 1997 жыл аралығында 197,6 процентке өскен, оның орташа жылдық өсу қарқыны 46,4 проценттi құраған. Салыстырмалы тұрде алып қарасақ, бұл сандық көрсеткiштер Ресейде 31,97 процент пен 5,7 процентке сәйкес келкдi. Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанның сыртқы қарызы Ресеймен салыстырғанда 8 есе жылдам өсiп отыр деген сөз. Мүның сыртында ахуалды қиындата түсетiн тағы бiр жағдай. 1999 жылы сыртқы қарыздар (заим) бойынша жеңiлдiктер берiлген кезеңнiң бiтетiндiгi, сондай-ақ, еурооблигациялық займ (200 млн. доллар көлемiнде) мен ЕБРР-ның мiндеттемелерiн өтеу уақытының тууы болып отыр. °йтсе де бүгiнгi таңда Қазақстанда сырттан несие алудың жай-күйiн салыстырмалы тұрде қалыпты деңгейде деуге болады, бiртiндеп борыштарды өтеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сондықтан ахуалды қалыпты деп айта алмаймыз. Алайда, сырттан несие алу мен сыртқы қарыздың өсуiнiң жоғарғы қарқыны осы күйiнде сақталып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда таяу болашақта сыртқы қарызды өтеуге байланысты күрделi проблемалар туындауы мүмкiн. Жалпы алғанда, ІР-ның инвестициялық құрылымында халықаралық қаржылық Ұйымдардың займы-22 проценттi, кредиттiң қаржысы-28, шетелдiк тiкелей инвестиция-49,2, портфельдiк инвестиция-1 проценттi құрайды.
Шетелдiк капиталды тартудың басқа тұрлерiмен салыстырғанда, тiкелей инвестиция анағұрлым тиiмдi. Ол қызмет көрсету мен тауар өндiрiсiн дамытуға қажеттi қаржының көзi болып табылады. Сол арқылы ноу-хау. маркетинг пен өндiрiс саласында қолданылып жүрген тиiмдi әдiстердi, озық технологияны өндiрiске енгiзуге болады.
Бүгiнгi таңда Қазақстан шетелдiк тiкелей инвестиция тарту көлемi жағынан ТМД елдерi арасында екiншi орынды иеленедi. Тiкелей инвестиция, негiзiнен, бiрлескен кәсiпорындар құру, еншiлес кәсiпорындар ашу және мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешклендiруге шетел капиталын қатыстыру есебiнен iске асырылуда. ґкiнiшке орай, Қазақстандағы көпшiлiк бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындар экономиканың жанама секторларын ғана қамтып отыр, әрi оған қомақты қаржы салмауда. Тағы бiр қынжынарлық жәйт, Қазақстанға негiзiнен алып-сатарлық мақсатты ғана көздеген ұсақ-түйек кәсiпорындар келуде. Ал өзiнiң қомақты капиталымен келген iрi кәсiпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ. Шетелдiк инвесторларды қызықтыратыны, негiзiнен, өнеркәсiптiң жылу шикiзат саласы. Бұл салада шетелдiк инвестицияның салмағы басым. Іазiргi кезде, Қазақстандағы тiкелей инвестицияның 60 процентi – мүнай-газ саласының үлесiне тиедi. Басқа өнеркәсiп салалары бойынша инвестицияның үлесi мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда-5 процент, тамақ өнеркәсiбiнде-5 процент, басқа салаларда-2 процент. Мүның iшiнде, түстi металлургияда ғана оның үлесi көптеу-28 проценттi құрайды. Соңғы жылдары елiмiзде мүнай өнеркәсiбi жедел өркендеп, мемлекеттiң валюталық түсiмiнiң негiзгi көздерiнiң бiрiне айналды. Бұған Республика үкiметi де айрықша назар аударып отыр. Алайда, экономика саласындағы мамандардың атап көрсеткенiндей тек өндiрiстiң бiр ғана саласын инвестициялауға басымдық беру, экономиканың басқа саласының туралауына алып келедi. Мүның салдары мынадан көрiнедi: Елiмiз жоғары өндiрiстiк потенциалы мен табиғи байлығының мол қорының болуына жоғары бiлiктi маман кадрларының көптiгiне қарамастан әлемдiк рынокта тек шикiзат өңдеушi ғана болып қалмақ. Сондықтан, бұл мәселеге асқан жауапкершiлiкпен, парасатпен, бiлiктiлiкпен қарап, жағдай жасау қажет. Мүнда керегi, тек барды ұқсата бiлетiн мамандардың көп болуы ғана. Жалпы, қазiргi кезде тiкелей инвестицияның көп тартылған саласы мүнай-газ кешенi (47%), түстi металлургия (24%), энергетикалық кешен (5%), қара металлургия (4%) болып қалып отыр. Бiрақ та, әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, шикiзат саласы есебiнен ғана көтерiлген экономика, түбiнде тығырыққа треледi, мүнда индустриялық даму туралы айтудың өзi қиын. Жоғарыда атап көрсеткенiндей, шикiзат саласын жедел дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар өндiрiстiң өңдеушi саласының туралап күйреуiне әкелiп соқтырады. Мүндай жағдайда өңдеушi сала iшкi рынокта энергия құны мен жұмысшы күшінiң бағасы өсуiне байланысты өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. Отандық өндiрiстiң жоқтығы, не аздығы қажеттi өнiмдердi шеттен алуға мәжбұр етедi. Бұл дегенiмiз мемлекетке енеулi шығын алып келедi, валюта шетке кетедi. Ашығын айтқанда, жоғарыда термеленiп өткен барлық негативтi жағдайлар қазiргi экономикамызда орын алып отыр және бiрте-бiрте өзiнiң қорқынышты салдарының көлемiн ұлғайтып келедi. Инвестицияның өндiрушi салаға ғана салынуының тағы бiр терiс әсерi мынада: шикiзат бағасында қосымша құн үлесiнiң аз болуы өндiрiс тиiмдiлiгiн азайтады. Бұл, әрине халықтың тұрмыс деңгейiнiң де төмендеуiне елеулi тұрде ықпал ететiнi айтпаса түсiнiктi. Оның үстiне шикiзат бағасының дайын өнiм бағасынан әлдеқайда арзан екенi белгiлi. /16/
III Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференцияларын берудің маңызды жақтары
Дамыған елдердiң инвестициялық саясатының ерекшелiктерi: ғылыми-техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуiне ықпал етушi факторларды дамыту белсендi турде жүргiзiлуде. 60-80 жылдары өндiрiс пен сыртқы саудаға қарағанда капитал ағымы өте жоғары қарқынмен дамыды. /17/
Мысалы, егер 1960 жылы тiкелей шетелдiк инвестициялар көлемi 66 млрд доллар болса, онда 80 жылдары олар 8 есеге өстi. Бұл жиырма жылдық дамыған елдер экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлi өзгерттi.
Бұл бәсекелестiк күрестi қатаң жүргiзудiң негiзi болып табылады. Осы мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша iс-қимылдар белсенлi тұрде жүрiп жатты. Бұл құбылыс сөзсiз, үйлестiру императивтерiн, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың жаңа мүмкiндiктерiн туындатты. Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған кезең былайда ерекшеленедi, яғни капиталды шетке шығарудағы күштердiң өзгерiсi де түбегейлi өзгерiстерге Үшырады. Салыстыру үшін төмендегiдей мысал келтiруге болады:
Екiншi Дүниежүзiлiк соғыстың алдында Ұлыбритания капиталының iрi экспортерi болды, оның үлесiнде жалпы көлемнiң 40 пайыздан астам болады, ал АҚШ үлесi 20 пайыздан аз ғана асты. 1960 жылдың басында күштердiң ара қатынасы сәйкесiнше 20% және 55% болды.
АҚШ –тың алдыңғы қатарлы ролi 60-жылдардың ортасына дейiн байқалды, бiрақ-та осы уақытқа дейiн АҚШ-тағы шетел активтерiнiң барлық тұрлерi едәуiр көп болды. /18/
Сонымен бiрге соғыстан кейiнгi жылдары АҚШ-тың инвестицияландыруының басты формасы ретiнде мемлекеттiк және жекеменшiк саудалық капитал экспортында АҚШ елеулi үлес алады және олар көп жағдайда дамушы мемлекеттер әлемiне бағытталады. Бұл жердегi мақсат – сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгiзу. Сөзсiз тұрде мынаны атап өту керек, яғни шетелдiк жекеменшiк инвестициялардың iрi формаларының бiрi ретiнде тiкелей шетел инвестициялары қарастырылды. Бұл кезде статистикалық мәлiметтер көрсеткендей, кәсiпорындар мен тiкелей обьектiлердiң акцияларының басым көпшiлiгi американдық капиталдың толық меншiгiнде болды.Бұл американдық корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте жоғары көрсеткiштерге ие болуға мүмкiндiк бередi. Ал алынатын пайдалардың басым көпшiлiгi елдiң төлем балансындағы пассивтiң белгiлi бiр үлесiнiң орнын толтырады шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстарды толықтырады. Енгiзiлген американдық капитал дамушы елдердiң жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң мынандай санын тұтынады, яғни оның шамасы АҚШ- тағы өңдеу салаларының жартысына жуығын құрайды. АҚШ капиталды шетке шығарудан мынандай экономикалық тиiмдiлiк алады, яғни АҚШ – тан шығатын капитал көлемiмен салыстырғанда әлемдiк нарықтағы тауарлар қозғалысы 5 есеге көп болады.
Бiздiң ойымызша, шетелдiк американдық кәсiпорындар кешенiн АҚШ-тың екiншi экономикасы деп есептеу өте дұрыс. Елдердiң қаржылық ресурстарын капиталды тартушы үкiметiнiң басқару және ынталандыру тәжiрибесiнiң жеткiлiксiздiгi ықпал етедi.
Импорттық капиталды қабылдау, сонымен бiрге оларды тарту стратегиясына деген мемлекеттердiң позитивтiк қатынастары мынаған ықпал еттi, яғни американдық капитал халық шаруашылығының жетекшi салаларының 25%-нен астамын құрайды. Сонымен бiрге, Батыс Еуропадағы АҚШ-тың тiкелей инвестицияларының 40%-не жуық болды. осы кезде олар дамыған өндiрiстiк инфрақұрылымы бар, өнеркәсiптiк өндiрiстiң жоғары деңгейi бар және қолайлы инвестициялық климаты бар өнiмдi өткiзудiң сыйымды нарықтарын iздестiредi. Американдық капиталды қолдану жүйесiнiң салалық палитрасын сан қырлы: коммуникация, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия, дәрi-дәрмек, мүнай химиясы, әскери өнеркәсiптiк саларын. әлемдiк аренада 60-жылдардың соңында күштердi орналастыру күрт өзгердi, ол төменгi сәттермен анықталды. Көптеген дамыған елдерде энергия ресурстары болмады да, белгiлi бiр шикiзаттық тәуелдiлiкте болды. сонымен бiрге 60-жылдары доллар бағамының төмендеуi орын алды, Батыс-Еуропалық және Жапондық кәiпорындық мүмкiндiгiн арттыру жеделдетiлдi, ол әлемдiк аренада американдық капиталдың жағдайының нашарлауына әкелiп соқты.
70-жылдардың басына қарай көптеген американдық өндiрiстер Батыс-Еуропадағы өз қызметiн тапты және 80-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың тiкелей инвестицияларының өсу қарқыны Батыс-Еуропалық және Жапондық капиталдар ағымынан артта қалды./22/
Сонымен бiрге айта кететiн жайт, американдық капитал негiзiнде құрылған көптеген дамушы елдер экономикасы ЖИЕ және мүнайды экспорттаушы мемлекеттер тобын туындатты, олардың өз елдерiне капиталды шығарудың маңызды себептерi бар. Капиталдың күштi экспортерларының бiрi ретiнде Жапония ерекше орын алады, ол әлемде бұрын болмаған ұзақ мерзiмдiк салымдар құнын жинақтады. Егер 60-жылдары тiкелей инвестициялардағы Жапонияның үлесi 0,5 пайызды құраса, 1985 жылы ол 10-15 пайызға жеттi. Соның арасында, Жапонияның өз капиталын орналастырудың негiзгi аймақтары бiрiншi ретте дамушы елдер, соның iшiнде ЖИЕ болып табылады. Бiрақ, дамыған әлемдегi оның үлесiнiң кеңейгендiгiн атап өтпеуге болмайды. 1985 жылы Жапония мен АҚШ-тың тiкелей инвестициялары 10 миллиярд доллардан асты. Ол жалпы көлемнiң 1/4-не тең. Жапон капиталының шетке шығарылуының мүндай қарқыны АҚШ, Жапония,Батыс-Еуропаң үшбұрышында өткiр қақтығыстарды туындатты. 70-жылдардың басына қарай тiкелей инвестициялар 725 миллиярд долларға жеттi. Іазiргi кезде Жапония капиталдың өте белсендi экспортеры бола отырып, шетел тауарларына ңашық есiктерң саясатын жүргiзбей отыр. өйткенi, соғыстан кейiнге Жапония өзiнiң даму молделiне АҚШ-қа әскери тәуелдiлiгi жағдайында жеттi, АҚШ-пен Батыс-Еуропаның ықпалы әсерiнен Жапония капитал импортын ырықтандыруға тырысуда.
80-90 жылдарда Канада елеулi инвестор болып отыр, ол шетел инвестициялары ағымының масштабы мен географиясын арттырды. Оның айырықша белгiлерiнiң бiрi мынау: шетелдердегi Канадалық банктер өз кәсiпорындарына және капиталды қабылдайтын елдер кәсiпорындарына несиелiк қызмет көрсетедi. Көптеген шетел фирмаларының жарғылық қорларына Канадалық капиталдың қатысуы айқын көрсетiлген. Осылайша, әлемнiң саяси картасының басым бөлiгi Жапония, Батыс Еуропа, Солтүстiк Америка банктерiнiң қатаң бәсекелестiктерiмен толықтырылған. Осы елдердiң банктiк жүйелердi шетелдегi тармақталған жүйенi тормен орап тастады. Тармақталған жүйенiң едәуiр бөлiгi халықаралық валюталық- қаржылық орталықтарға негiзделген. Олардың дамуының қазiргi таңдағы кезеңiнiң ерекшелiгi мынадай: яғни банктiк институттар шетелдегi белгiлi бiр банктердi сатып алуда. Бұл маңызды рөлi 1978 жылғы АҚШ-тың федералдық заңы ойнады. Мынаны зор сенiмдiлiкпен атап өтуге болады, яғни осы заңды қабылдау-барлық шетел банктерiнiң ынтымақтастығы тендециясын күшейте отырып, бәсекелестiк күреске жаңа импульс бердi. Олардың Американдық экономикаға, сонымен қатар, Азия Тынық мұхиты (АТМ), Шығыс Еуропа, ТМД елдерiне де белгiлi бiр дәрежеде алдын-ала үйлестiрiлген басып кiрулерiн жүзеге асырғандарын айрықша атап өткен жөн.
Дамушы елдердiң инвестициялық саясаты: 70-жылдардың басында-ақ көптеген экономистер Чили өнеркәсiбiнiң әлемдiк деңгейден артта қалғандығын анықтады. Чилидiң экономикалық саясатындағы күрт өзгерiстер елеулi болды және жоспарлық модельдiң орнына реттелетiн модельдер қолданылады.Осылайша Чилидегi реформалардың бiрiншi кезеңi сыртқы саудамен салыстырғанда капитал нарығын қажеттi ырықтандырумен қамтамасыз етпедi. Мүның дәлелi ретiнде мыналар қарастырылады, 70-жылдардың ұсақ кәсiпкерлерге, инвесторларға, фермерлерге бұрын-соңды жеңiлдiкпен берiлген қарыздар (преференциалдық заемдар) жүйесi едәуiр таралды. Дегенмен, капитал нарығын ырықтандыру жолындағы кейбiр қадамдардың болып жатқандығын атап өту керек. Оған елдегi масштабты жекешелендiрудiң ықпал еттi, ол коммерциялық банктердiң кезеңдiк жекешелендiрiлуiне өз әсерiн тигiздi.Проценттiк мөлшерлемелер, банктiк депозиттердiң шарттары мемлекеттiк бақылау шеңберiнен шыға бастады, ал елде туындап жатқан жаңа қаржылық институттар iскерлiк белсендiлiктi күшейтуге мүмкiндiк алды. Шетелдiк банктер белгiлi бiр жеңiлдетiлген шарттарға ие болды және шектеулер тiзiмi едәуiр қысқарды. Осы кезде мемлекет ауылшаруашылығының кейбiр дәстұрлi салаларына iрiктелген қолдау жасады. Бiрақ бұл кезең елге келiп жатқан инвестициялық ағым 60-жылдар деңгейiне жетпей тұрды.Саудалық ырықтандыру бiрқатар жағдайлар жасағаннан кейiн, реформаның екiншi кезеңiнде инвестициялар деңгейiнде бiртiндеп даму (өсу) байқалды. өзiмiз бiлетiндей, бюджеттiк тапшылық белгiлi бiр деңгейде тұрды, ал инфляция қарқындары бақылау аймағында болды, инвестиция көлемi маңызды фактор болып табылды. Бiрақ өсiп бара жатқан қарыздық мiндеттемелер реформалардың осы кезеңiнде жылына 1 млрд. долларға жеттi және 1989 жылы жиынтық қарыз ағымдағы жылдың жалпы Ұлттық өнiмнiң (Жµґ) 80 пайызына жуық болды. /25/
Шетел инвесторларды өз капиталын экономиканың кез-келген саласына енгiзу мүмкiндiгiн алды, ал пайданы шетелге аудару белгiлi бiр дәрежеде шектелдi. Инвесторлар құрылып жатқан валюталық нарықтық толық құқылы субьектiсi болуға мүмкiндiк алды, сонымен бiрге он жыл iшiнде кепiлдеген тұрақты салық салу жүйесiне ие болды. Ол елге келетiн инвестициялар көлемiнiң белгiлi бiр дәрежеде өсуiне мүмкiндiк бердi, ол реформаның бiрiншi кезеңiмен салыстырғанда екi есеге ұлғайды. Тiкелей инвестицияларды қатар шетел бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеуге мүмкiндiк алды және олардың 1994 жылғы ара қатынасы 2,6-2,0 млрд. доллар болды. Жаңа индустриялық елдер (ЖИЕ) экономикасындағы шетел инвестициялары. Азия елдерiнiң өнеркәсiбiн гүлдеген елдерге айналдырған факторлардың бiрi – оларға шетел капиталының құйылуы. ЖИЕ-нiң индустрияландыру процесi үш кезеңге бөлiнедi және оның өзiндiк ерекшелiктерi бар:
- Импортты алмастыратын стратегияны дамыту.
- Экспорттық потенциал мен базалық салаларды құру.
- ғылыми салаларды дамыту.
Импортты алмастыратын салалардың даму саясатын жүзеге асыру (50 жылдардың ортасы мен аяғы) валюталық қаржыларды үнемдеу және iшкi рынокты тұтыну тауарлармен толтыруды көздейдi.
Индустрияландырудың келесi кезеңi (60-жылдар аяғы) халықаралық еңбек бөлiсiндегi өзгерiстер мен және дамыған елдер экономикасындағы құрылымдық қайта құрулармен сәйкес келедi. Осы кезеңдегi дамушы елдердiң саясаты жаппай тұтыну өнiмдерiн шығаратын салаларды дамуға бағытталған. Бұл саясат қазiргi таңда халықаралық еңбек бөлiнiсiнде елдердiң мамандануын анықтайтын салаларды құруға мүмкiндiк бередi.
ЖИЕ-ге дамыған елдердiң нарықтарын толтыруға арналған жаппай өнiмдi өндiрушi рөлiн бекiту (70-жылдардың аяғында және 80-жылдардың басында) ғылымды қажет ететiн салаларды дамыту мен өзiндiк ғылыми техникалық базаны құру iсiне өтудi туындатты. Бұл кезеңнiң негiзгi қасиетi ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк – құрылыстық жұмыстардың дамуына мемлекеттiк және жекеменшiк салымдардың өсуi.
±ЗТКЖ-ға қажеттi 1980-1987 жылдар кезеңiнде шығындар Жµґ-де 0,6%-тен 2,2%-ке өстi, 1991 жылы олар 3%-ке тең болды, ал 2001 жылы оларды Жµґ-де 5%-ке дейiн жеткiзу жоспарланады.
Осы кезеңде электрондық және электротехникалық өнеркәсiп, метал өңдеу, автомабильдiк химиялық, авиациялық және аэрокосмостық өнеркәсiптер өте жедел қарқынмен дамыды. Жоғары технологиялық тауарларды өндiруге қайта бағдарлану жүрiп жатыр.
Бұл қайта бағдарлану Жµґ-нiң даму қарқынын төмендегi деңгейге жеткiзуге мүмкiндiк бердi: Малайзия- 9,94%, Тайланд-10%. 1990 жылы Корея, Сингапур, Гонгконг, Тайвань сияқты “төрт айдахардың” жиынтық Жµґ-i 505 млрд. долларға жеттi. 1960 жылдарға дейiн Оңтүстiк Корея, АҚШ көмегi есебiнен өмiр сұрдi, оның көлемi 50-жылдары Жµґ-нiң 6%-нен 14%-не дейiн өзгерiп отырды. Бұл кезеңде өнеркәсәптiң дамуы импорт алмастырушы сипстта болды.60-жылдардың басынан бастап Оңтүстiк Корея дамудың экспортқа бағытталған стратегиясын жүзеге асыруға кiрiстi. Мөлшерлеме дайын өнеркәсiптiк өнiмнiң экспортына жасалды, бұл күрделi ресурстарды жоқ және ауылшаруашылығы бар елдерге тән құбылыс. Шетел капиталын тарту кезiнде экспорттық өндiрiстi құру көзделедi. Шетел капиталын нысаналы және тиiмдi қолдану “Сеулдық экономикалық ғажайып құпияларының бiрi” болып отыр.1963-1969 жылдар аралығында шетел капиталы iшкi күрделi салымдардың 44%-тiн қамтамасыз еттi. 1972-1976 жылдары Оңтүстiк Кореядағы мемлекеттiк қарыздар үлесi 3 есе, ал жеке меншiк несиелерi 2,5 есе ұғайды. Ақш-пен Жапониядан алынатын мемлекеттiк қарыздар өте тиiмдi жағдайларда ұсынылды: 1-3% және жеңiлдiк мерзiмi 9 жылдан жоғары. Жапондық қарыздардың өте тартымдылығы арқасында, 1967-1978 жылдары Жапонияның Оңтүстiк Кореяға ұсынатын қарыздық қаржыларының жалпы сомасындағы мемлекеттiк қарыздар 21%-ке тең үлестi алды./26/
19890-1985 жылдар аралығында қаржылық құралдардың жалпы ағымы 100 млрд. долларға жуық болды. Жинақталудың қайнар көзi ретiндегi тiкелей инвестициялар шетелдiк қарыздармен салыстырғанда өте қарапайым орынды алып тұрды. Осылайша, 1981 жылы шетел қарыздары 32,500 млн. долларға жуық, ал тiкелей инвестициялар көлемi 1758 млн. долларға тең болды.
1981 жылға дейiн тiкелей Жапондық инвестициялардың жалпы санының 55%-тi Оңтүстiк Кореяның үлесiнде болды. 1981 жылдың аяғына таман тiкелей шетел инвестицияларының жалпы санының 1%-i қазба өнеркәсiбiне, 75%-i өңдеушi өнеркәсiпке және 24%-i қызмет көрсету саласына салынды. Бұл “Сеулдық ғажайыптың” құраушылары инвестициялық саясат ерекшелiктерiнен туындап отыр:
- елдiң материалдық құндылықтарының 70-i сыртқы айырбас арналарына тартылды, iс жүзiне ол Тайвань мен Нидерландыдан кейiнгi үшіншi орынды қамтамасыз етедi;
- Оңтүстiк Кореядағы өндiрiс батыс технологиясы мен менеджментiне негiзделдi, оның өзi Американдық және Жапондық фирмалардың тiкелей бақылауында болды. 30- жылдың iшiнде Корея экономикасына 10000-ға жуық шетел технологиясы импортталды, ал өнiмнiң Кореяның үлгiлерiнiң жасау шетелдiк “ноу-хауды” және тiкелей санкцияланған қарыз алуды қолдану арқылы ақыл ой потенциалын тартуды талап еттi. Оңтүстiк Кореяның инвестициялық саясаты экономиканың өте жабық типiн қалыптастырды, жалпы активтегi шетел капиталы бар бiрiккен кәсiпорынның үлесi 2% көлемiнде тергелiп отырды, осы көрсеткiш Сингапурда 25%-ке, ал Гонгконгте 15%-ке тең болды. Оңтүстiк Кореяға шетелдiк салымдардың өте қатаң және шатысқан регламенттеуi тән.
Оңтүстiк Кореядағы сияқты барлық азиялық ЖИЕ-де несиелiк капиталдың экспорты мемлекеттiк немесе жеке меншiк жолдар бойынша жеңiлдетiлген және коммерциялық шарттар негiзiнде жүзеге асырылды. ЖИЕ үшін несиелiк капиталдың iрi доноры- АҚШ пен Жапония болды. Оңтүстiк Кореяда Американдық көмектiң 51%-i, ал Тайваньда- 23%- i шоғырланған. Барлық Жапондық несиелермен қарыздардың 85%-ке жуығы ЖИЕ-дiң үлесiнде, соның iшiнде: Тайланд-44%, Малайзия-21%, Оңтүстiк Корея-18%. 1986 жылы Азиялық ЖИЕ Ұлыбританиядан жалпы сомасы 166 млн. доллар қарыз бен несие алды, олардың 91%-i Малайзияның үлесiнде болды. 1986 жылғы халықаралық Ұйымдар тарапынан Оңтүстiк Корея 8,9 мдрд. доллар, Тайланд-6,2 млрд. доллар, Малайзия-3,3 млрд. доллар болатын несие мен қарыз алды. ЖИЕ экономикасына кәсiпкерлiк капитал салатын жетекшi инвестор- АҚШ болып табылды. Қазба өнеркәсiбi, өңдкушi өнеркәсiп қызметтер саласы- Американдық капиталды салудың басымды салалары болып табылады. 1981 жылдың аяғына таман барлық ЖИЕ- дегi күрделi қаржылар көлемi 26,5 млрд. долларға тең болды, олардың 36,2%-i Азиялық ЖИЕ-дiң үлесiнде болды.
Кәсiпкерлiк капиталды шығарудың екiншi орнын- Жапония алды. 1987 жылдың басында ЖИЕ-ге салынған күрделi қаржылар көлемi 11,3 млрд. долларға тең болды.ґңдеушi және шикiзат өнеркәсiптерi-Жапондық трансҰлттық корпорациялар үшін басым салалар болып табылды.
Тiкелей инвестициялар көлемi бойынша µлыбритания үшіншi орынды алды. 80-жылдардың ортасында күрделi қаржылар 5,3 млрд-қа тең болды, ағылшын ТµК-ның күрделi қаржыларының көп бөлiгi (52,5%) өңдеушi өнеркәсiпке (химия және жеңiл өнеркәсiбi, қызметтер саласы мен сауда) бағытталған. 1987 жылдың аяғында Азиялық ЖИЕ экономикасындағы тiкелей инвестицялар көлемi 29,3 млрд. долларды құрады. Оңтүстiк Шығыс Азиядағы (ОША) Қытай капиталының рөлiн ерекше атап өту керек. Капитал салу үшін жедел және тиiмдi қайтарымдылықты беретiн салаларды мұқият таңдай отырып, ОША елдерiнде ЖҰӨ-нiң 60%-ке жуығын Іытай кәсiпкерлерi өндiредi. Бұл кездегi экономикалық дамудың айырықша құбылыстардың бiрi- қытайлық үш этникалық ошақтардың (Гонгконг, Сингапур, Тайвань) атқарған рөлi, сонымен бiрге, осы ошақтардан тыс жерлерде өмiр сұретiн Іытай диспорасы болып табылады. Шығыс Еуропа елдерiнiң дамудың жаңа моделiне көшу тұжырымдамасы өз күштерiне сену және шетел капиталын белсендi тарту идеяларына сүйену едi. Соңғы он жылдық тәжiрибесi көрсеткендей, оны енгiзудiң әлеуметтiк-экономикалық салдары сан алуан болып келедi.
Оның пазетивтi аспектiлерiне мыналар жатады:
- экономикалық дамуына ықпал ету;
- жұмыспен қамтамасыз ету;
- жаңа технологиялар базасына көшу;
- бiлiктi мамандарды дайындау.
Өз ресурстарының жеткiлiксiздiгi әсерiнен бүкiл экономикалы реформалау үшін Шығыс Еуропа мемлекеттерi шетел капиталын импорттап алуға мәжбұр болды. Капиталдың өсуiнiң жоғары қарқындары 90-жылдардан бастап белгiленедi, 1990 жылға қатысты келесi 5 жылға қойылған инвестициялар көлемi 43 есеге ұлғайды және бiрнеше млрд. долларға жеттi.
Инвесторлардың өз капиталын салу мынындай себептерге байланысты болды:
- тауарлар мен қызметтер нарығының толығуы;
- бiлiктi жұмысшы күшi, шикiзат пен энергия ресурстарының төменгi құны.
Бұл шетел инвесторларына инвестициялар мен тұтыну тауарларын өткiзудi кеңейтуге мүмкiндiк бередi, аймақтың ыңғайлы географиялық жағдайы елеулi тұрде оның Ұйымдастыру мен техникасын жеңiлдеттi. Шетел инвестицияларын барлық формаларының iшiнде Шығыс Еуропа капиталдың тiкелей салынуына көңiл аударды. ґйткенi, бұл форма бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдiлiктi жойды, қаржыландыру шарасын жеңiлдеттi және капиталды тарту мен пайдалану шығындарын төмендеттi.Сонымен бiрге Шығыс Еуропаға тартылған барлық тiкелей инвестицияның 90%-ке жуығы Венгрия, Польша мен Чехияның үлесiнде, бұл жерлерде бiр тұрғынға шаққанда инвестицияланатын капитал сомасы тиiсiнше 692$, 342$ және 142$ болды. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткiш бiрнеше ондаған долларды ғана құрайды.
Капиталды тартудың мүндай сандық параметрлерi төмендегiдей :
- әлеуметтiк және саяси жағдайдың тұрақтылығы ;
- жекешелендiру процесiнiң үлкен демократиялығы ;
- “ашық есiк” саясатын тезiрек қолдану.
Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, жекешелендiру қарқыны төмен, экономика мен саяси жағдайдың тұрақсыздығын туындататын тәуелдiлiктердiң болуы бар елдерде (Болгария, Словакия, Румыния) капиталдың динамикалық ағымының болуы мүмкiн емес. Шетел капиталы ағымының елдiк векторы ең алдымен Шығыс Еуропа елдерiне сүйенедi, ал олардың 1/3-i ғана АҚШ-тың үлесiнде. Шығыс және Орталық Еуропа, Ресей бұл кезде елеусiз параметрге ие. Шетел капиталын басқарудың институционалдық құрылыиы көп қырлы және онда маңызды рөлдi халықаралық қаржылық Ұйымдар атқарады. Сонымен бiрге, Шығыс Еуропадағы капитал ағымының барлық көлемiн елдер бойынша бөлудiң маңызды ерекшелiктерi бар. Мысалы, Венгрияда АҚШ капиталы, ал Чехия мен Болгарияда Германия капиталының үлесi мол.
Еуропадағы шетел капиталын тартудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:
- салалық құрылым бойынша шетелдiк салымдарды пайдалану палитрасы әр алуан;
- алғашқы жылдары қаржылар өнеркәсiптiң дәстұрлi салаларына салынды;
- өндiрушi өнеркәсiп сферасына капиталды орналастырудың жоғары үлес салмағы;
- халық шаруашылығының жоғары технологиялық салаларына тiкелей шетел инвестицияларын арттыру тенденциясы;
- өңдеушi өнеркәсiптегi капиталдың жоғары үлесi, көлiк өндiрiсiнiң (жеңiл, жүк көлiктерi, автобустар), сонымен бiрге телебайланыс, сауда және қаржылық секторы;
- жердiң сауда айналымына кiру проблемасы, сонымен бiрге оны алу шарасы ауыл шаруашылығы сияқты салаға мұқият көңiл аударудан алыстатты./9/
ґзiмiз бiлетiндей, шетел капиталы белгiлi бiр елге әр тұрлi жолмен тартылады, бiрақ Еуропада бiрлескен кәсiпорын құру сияқты жол кеңiнен таралған. ґйткенi, жаңа бизнес инвесторға қщсымша шығындарсыз өндiрiстi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мүнда жинақталған тәжiрибе мен серiктестiк iскерлiк байланыстарда негiзгi құралдар болып табылады.
Бiрақ бiрлескен кәсiпорындардың 50%-тен астамы шетел капиталын 100%-тiк тарау объектiсi (үлестi сатып алу есебiнен толық меншiктеу) болып табылды. Әсiресе соңғы формалар Болгария, Венгрия және Румыния сияқты елдерде кеңiнен таралған.
Салыстырмалы тұрдегi аз уақытқа қарамастан, капиталды тарту процесi Ұлттық экономика параметрлерiнде маңызды тұрде көрiнiс тапты:
- жекешелендiру процесi жеңiлдеттi;
- бәсекелестiк ортаны қалыптастырды;
- өндiрiстердiң халықаралық бiрлесуiне елдердiң қатысу дәрежесiн арттырды;
Осылайша, тарихи қысқа мерзiмдерде автомобиль, компьютерлiк жүйелер өндiрiсi және тағы басқалар едәуiр өстi:
- банктiк және сақтандыру жүйелерiн реформалау белсендi тұрде жүрдi;
- көптеген елдер шетелдерге тауар шығаруда өз орнын кеңейттi.
Шетел капиталдарын тарту салдарынан туындайтын негативтi параметрлер санынан мыналарды атап өту керек:
- елдiң экспорттық саясатын инвестор елдiң iшкi нарығындағы мақсаттарға бұру;
- Шығыс Еуропа елдерi территориясындағы жоғары рентабельсiз, прогрессивтi емес дәстұрлi салаларды айта орналастыру.
Шикiзатқа деген әлемдiк сұраныстың күрт азаюы тек өндiрiс қарқынының бәсенсуiне ғана әкелiп соқтырған жоқ, сонымен бiрге осы салаға құйылатын инвестиция көлемiнiң кемуiне де өз ықпалын тигiздi. Соңғы әлемдiк уақиға көрсеткiшiндей, тек шикiзаттық өндiрiске бағыт ұстаған экономикалық саясат, iшкi экономикалық тұрақсыздыққа Үшыратады. µлттық экономикаға саясат, сыртқы рынок конъюктурасының елеулi тұрде өзiндiк әсерi бар. Сөйтiп, зертеушiлердiң атап көрсеткенiндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел көтерiп жiберетiндiгi туралы әңгiменi айту әлi әзiр ертерек. Тiкелей шетел инвестициясының негiзгi бөлiгi қаржы саласына кредит пен заем тұрiнде құйылуда. Оның үлесiне тiкелей инвестицияның 65% -тен астамы тең келедi. Несие мен заемға салынған қаражат қысқа мерзiмдi болып келедi. Ол тек шикiзат арқылы өтелмек. Инвестиция салымының жалпы сомасының акционерлiк және теңестiрiлген капитал 707 млн. долларға (77%) құрады. Ал реинвестициялаудың үлесiне бар болғаны 17 млн. доллар немесе 1% қана тидi. Қазақстан көз жетер жақын болашақта “Қазақстандық кереметтiң” болуын тiкелей мүнай саласымен тығыз бiрлiкте қарастыруда. Сөйтсе де кейбiр ғалымдар, атап айтқанда А.Е.Есентүгелов – Қазақстанның мүнай өндiру көлемiн ұлғайту және экспортқа шығару жөнiнде керемет жоспарлар жасауының ғылыми негiзi жоқ деп санайды. Шындығында да мүнай өндiру көлемiн арттыру және оны шикiзат күйiнде экспорттаудан түсетiн табыс мардымсыз, әрi ұзақ мерзiмдi нәтижесiн беруге қабiлетсiз. Бiздiң ойымызша, ғалым А.Е.Есентүгеловтың айтқан пiкiрлерiнiң жаны бар. Іазiргi кездегi Қазақстанның мүнай саласын дамытуға байланысты стратегиясын қайта қараған жөн. Мүнда негiзiнен, ел экономикасының даму бағыттарында шикiзаттық бағдардың күшейiп отырғандығын аңғармасқа болмайды. Қазақстанның мүнай өнеркәсiбi саласындағы жаңа стратегиясы ескi бағдарлардан толықтай бас тартып, Қазақстан мүнайын жан-жақты пайдалануға, яғни кешендi және терең өңдеуге бағытталу керек. Экономиканың мүнай, химия және мүнай өңдеу секiлдi секторларын дамытқан орынды болмақ. Жәй әшейiн мүнай өндiру мен оны сол күйiнде шетке шығаруға қарағанда, мүнай өнеркәсiбi саласын түбiрiмен қайта құрып, оны өңдеуге талпынып, сол бағытта жұмыстар жүргiзудiң пайдасы зор. Сонымен, шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған iстердi зерттеудiң нәтижелерiн сарапқа сап, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделiнiң тиiмсiз болуының негiзгi себептерi мынадан көрiнедi:
- шетел инвестициясының экономиканың нақты секторларына аз бөлiнуi;
- инвестициялық ресурстың жарым жан құрылымы;
- сырттан алынған несиелердiң өндiрiстiк емес мақсатқа, яғни бюджет тапшылығын қаржыландыруға көбiрек жұмсалуы;
- тiкелей шетелдiк инвестициясының экономиканың нақты секторларынан гөрi, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;
- шетел инвестициясын барынша өндiрушi салаға жұмылдыру тенденциясының өсуi, соның салдарынан экономиканың өзге секторларының қағажу көрiп, тұрақсыздыққа Үшырауы;
- сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуi, т.б.
Қорытынды
Қорыта келгенде жоғарыда тiзiлiп өткен мүндай кемшiлiктер инвестициялық саясаттың қайта қарап, оны жағдайға сай түбегейлi өзгертудiң қажеттiлiгiн көрсетедi. Басты назар сырттан қаржының көп көлемде тартуға емес, оны ең алдымен тиiмдi, ұтымды пайдалана бiлуге аударылуы керек. Бұл жайында президентiмiз Н.А.Назарбаевтың өзi жаңа Үкiмет мүшелерi алдында сөйлеген сөзiнде былайша қадай атаған едi: “Бiзге инвестиция қажет”. Уақыт үкiметiмiздiң сапа емес, сан көлемi құндығын көрсетiп отыр. Жалған көтерiңкi мәлiмдемелердiң жетегiнде жүрiп бiз қайтарып ала алмадық.
Сөз соңында бiңз шетел инвестициясын тиiмдi пайдаланудың мынадай шараларының жиынтығын бөлiп көрсетпекпiз:
- сырттан алынған заем иен кредиттi бюджет тапшылығын жабуға қолдануды тоқтату, оны әлемнiң озық технологиясын алуға жұмсау;
- мүнай-газ саласының даму стратегиясын қайта қарап, Қазақстан мүнайын кешендi және терең өңдеу негiзiнде жан-жақты пайдалану бағытына көшу;
- шетел инвестициясын шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға жұмылдыруды ынталандырмақ;
- шетелдiк компаниялардың басқаруына берiлген iрi кәсiпорындарға мемлекеттiк бақылауды күшейту;
- шетел капиталына берiлген жеңiлдiктердi шектеу және бiрте-бiрте оны жою. Шетелдiк және отандық инвесторларға бiрдей жағдай жасайтын инвестициялаудың Ұлттық режимiне көшу.
Сонымен елiмiзде қолайлы инвестициялық жағдай құру үшін әр түрлi шаралар кешенi қажет, яғни жеңiлдiктердi беру және ынталандыру бойынша, салық және кедендiк тарифтер бойынша құқықтық базаны жетiлдiру, мемлекеттiк органдарды басқару шешiмдерiн қабылдауды реттеу, нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықты дамыту, банк секторын тұрақтандыру және т.б. факторлар.
Бүгiн де нақты өндiрiспен айналысып отырған бизнесмендердiң саны саусақпен санарлықтай десе де болады. Қазақстандық кәсiпкерлер күрделi қаржыларын негiзiнен жеке компаниялардың құрылысын жүргiзуге салуда. Ендi бiр қатарлары қаржыларын сауда, банк, қор рыногтарына пайдаланып, соңында шетел банктерiндегi есеп шоттарда сақтауда.
Инвестициялық қорларды тиiмдi пайдалану үшін төмендегi талаптарды сақтаған орынды:
- экспорттық шамамызды көтерiп, шетелден тасымалданатын тауарды елiмiзде өндiру;
- елiмiздiң валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей, валюталық бақылау жүйесiн жетiлдiру;
- шетел капиталын елiмiзге тартуға мемлекеттiк кепiлдеме берудi шектеу;
- экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициямен жарақаттандырып, халықтың төлем қабiлетiн жоғарлату;
Осыған байланысты елiмiздiң алдында екi басты мiндет тұр:
- Инвестициялық белсендiлiктi көтеру.
- lшкi рыногтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Іорыта келгенде айтарымыз, шетелдiк және отандық инвестицияларды қайда жұмсауды, қалай пайдалануды тиiстi басшылармен мамандар болып мықтап ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан елiмiздiң өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығы үлкен пайда көрерi анық.
Бiздiң пiкiрiмiзше, қарыздарды түпкi пайдаланушылардың қайтару тетiгi өте келелi мәселе болып табылады. Республикада бұл ойластырылуда, атап айтқанда, ақырғы қарыз алушылармен iшкi несиелiк мәмiлелер жасалуда. Алайда министрлiктердiң, ведомствалардың инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жетекшiлерiнiң сондай- ақ агент- банктердiң алынған қарыздарды игеруi, мониторнингi және қайтаруы үшін жауапкершiлiгiн күшейткен жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда)
- Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12
- А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
- Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
- Мемлекеттiк салық саясаты² Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
- Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
- Салық және бюджет саясаты² Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
- Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
- Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
- Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
- Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.
- Дуканич Л.В. ''Налоги и налогообложение'' Ростов-не-Дону Феникс 2006г.
- Деловой мир Казахстана –2004г. N3,с 20-22.
- ²Дамудың бiр кепiлi салық² Заң және заман 2004 ж. N4 47-51б.
- Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, ЮКЗЭ, 1999 ж.
- Егемендi Қазақстан ²Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы Салық кодексiнiң жобасы², 2004.2 қараша.
- Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
- Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
- ²О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями² 1 января 2004 г. Алматы
- А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы ²Жетi жарғы² 1998г.