Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанның  2003-2015  индустриалық-инновациялық        даму бағдарламасында жеті негізгі ұзақ мерзімді приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілген. Оларды атап өтетін болсақ, олар келесідей: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық; ішкі жинақтар мен шетел инвестицияларына негізделген экономикалық өсу; қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және амандығы; инфрақұрылымды дамыту және кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру. Қазіргі кезде «экономикалық өсу сапасы» деген ұғым бар. Ол халықтың материалдық әл ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытта көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен сипатталады.

Сонымен осы курстық жұмысымның мақсатына тоқталатын болсақ, ол халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсудің әсеріне талдау жасау және тұрақты экономикалық өсуге жетуде шаралар жасау болып табылады.

Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:

  • Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
  • Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау;
  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Экономикалық өсудің факторлары, шарттары мен сипаты

Экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын сипаттайды.

Адамдардың әл ауқаты ұлттық табыстың деңгейіне тәуелді. Бай елдер өзінің азаматтарына кедей елдердің тұрғындары қол жеткізе алмайтын өмірлік стандарттарды қамтамасыз ете алады. Ұзақ уақыт қашықтықтар аралығында шамамен барлық елдерде жан басына шаққандағы табыстар орта есеппен өседі. әбір келесі ұрпақ алдындағы ұрпаққа қарағанда әдетте ұзақ табыс ала алады.

Экономикалық өсу дегеніміз белгілі бір кезең аралығында нақтықндіріс көлемінің ұлғаюы. Елдің экономикалық потенциялының өзгеруін бағалау үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ жылдық өсу қарқындары қолданылады.

Экономикалық өсу ол ұзақ мезімді құбылыс. ЖІӨ жоғарылауы мен төмендеуі ұзақ мерзімді тренд маңында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің тұтасында экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Ал халық әл ауқатының дәрежесін бағалауға халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ және ЖІӨ алынады.

Жалпы түрде жан басына шаққандағы ЖҰӨ ел азаматтарының әл ауқатын толығымен көрсетпейтіндігімен барлық экономистер келіседі. Бұл көрсеткіш қоршаған ортаның ластануын, бос уақыттың бар болуын, өмірдің ұзақтығын әлеуметтің қамсыздандыру дәрежесін есепке алмйды. Халықтың жан басына шаққандағы жоғары ЖҰӨ деңгейі бар елде кедейшіліктің жоғары деңгейі бар болуы мүмкін. Кедейшілік бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ та, экономикалық өсу халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың шарты болып табылады.[1, 202 б]

Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі  алты фактордан тәуелді. Олар: 1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.

2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны

3)Негізгі капитал қорының көлемі.

4) Технология

Экономикалық өсуіне әсер етеін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар жіне технологиялық әулет бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономикалық өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

  • Сұраныс факторы.
  • Бөлу, тарату факторы.

өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен ұатар өндірен өнімді дер кезінде сатуда маңызды.

Экономикалық өсуіне ісер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір бірімен тығыз байланысты.

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, ІS – IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қыса мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы жіне циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтық деңгейі  экономиканың жалпы өсуінің қозғалысы мен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзаө мерзімді динамикасы ретінде немесе өнім өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбәр адам басына шаққандағы нақты өнім өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсалюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады.

           ∆ Y = Yt – Yt-1 немесе Yt=∆Yt/Yt-1                                                                     (1)

           Мұндағы:

           У- табыс

           t- уақыт индексі.

Экономика өсуінің факторларына көбіне экономиканың өсуімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, ал интенсивтіге технолоиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты католизаторы ретінде жіне экономикалық өуінің дербес факторы ретінде бөлінеді. [2, 339б]

Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты өсудің тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті.

Экономикада таза экстенсивті және таза интенсивті экономикалық өсу типтері болмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді.

Қазіргі уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты екі типтің бірін жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%-тен жоғары болса, онда экономикаға интенсивті басым өсу типі тән және керісінше.

Экономикалық өсу тиімділігі «өндіріс тиімділігі» түсінігінің барлық құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:

  • тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік рыноктағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
  • қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
  • халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен қауымдастыруды тереңдету;
  • өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын жаңарту;
  • белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б. [3, б.264]
  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.2  Экономикалық өсуді классификациялау

Экономикалық өсудi мемлекеттiк реттеудiң қажеттiгiн айтқан Д.М.Кейнс өзiнiң  еңбегiмен экономикалық ғылымда жаңа бетбұрыс әкелдi Кейнс моделі қысқа мерзімді дағдарысты экономиканы қарастырады. Оны толықтырып, ұзақ мерзімді кезеңде қарастыруды Р. Харрод және Е. Домар тырысты. Олар экономикалық өсуді басқаруды стратегиялық айнымалы – инвестиция көлемі көмегімен жүзеге асыруға тырысты.

Е. Домар тұрақты капитал қарулығы және жинақ нормасы қарастырды. Өнім шығару тек бір ресурсқа ғана тәуелді, яғни капиталға. Есептеу жеңіл болу үшін инвестициялық лаг нольге тең деп алынады. Жиынтық сұраныс өсімі инвестиция өсіміне тәуелді.

Е. Домар моделі бойынша, тепе-теңдік қалып сақталу үшін инвестиция мен ұлттық табыс бірдей қарқынды өсуі керек. Бірақ мұндай динамикасының тепе-теңдіктің тұрақты болуы өте сирек, себебі жеке сектордағы инвестицияның өсу қарқыны модельде берілген деңгейден ауытқып отырады.

Егер Домар моделінде инвестициялар экзогенді болса, онда Хоррод экономикалық өсудің әлеуметтік моделін инвестицияның экзогенді функциясын қолдану арқылы жасауға тырысты. Ол үшін Харрод Кейнстің мультипликаторын акселератор принципімен толықтырып, кәсіпкер күтулерін енгізді. Ол бойынша табыстың кез келген өзгерісі инвестицияның табыс өзгерісін тура пропорционалды өзгерісін туғызады:

Кәсіпкер өндіріс көлемін ұсыныс және сұраныс арақатынасы арқылы жоспарлайды. Ол келесідей:

 – кезінде сұраныс алдыңғы уақытта ұсынысқа тең болған;

 – ұсыныстан төмен;

 – ұсынстан жоғары.

      Y=f(k), i = s*f(k), c = (1-s)*f(k) (1)

Мұндағы:

і – бір жұмыс басты адам басына шаққандағы инвестиция.

с – бір адам басына шаққандағы тұтыну.

с = (1-s)y

s –қор жинағы

y = c+і = (1-s)y+i

i=s*y       [4.239 б]

Экономикалық өсудің модельдеріне келсек, оның негізгі үш моделін атап кетуге болады:

  • неоклоасскалық модель, яғни екі рыноктың қатынасты, өндіріс факторларын қарастырады.
  • Кейнстік және неокейнстік модель бұл сұранысты ынталандыра отырып экономиканы реттейді.
  • Инстиутционалдық модель бұл дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрлымының инстиутционалдық өзгерістеріне көңіл бөледі.

Неоклассикалық бағыт төмендегңлерге негізделген.

а) өндірістің әрбір факторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз етеді.

б) өнім құны шекті факторлармен жасалады.

в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе теңдікті автоматты түрде қалпына келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.

Бұл модельдің зерттеу объектісі ретінде экономикалық өсу факторлары табылады, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТП, уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор, адам капиталы. Олар сапалы анализ позициясы жағынан зерттейді: ғылымның, білім беру деңгейінің өсуін, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, т.б.

Неоклассиктер нашар дамыған экономикада нақты дуанизмді есепке алуда оның екі компонентін бөліп көрсетеді: дәстүрлі ауыл шаруашылық және қазіргі заманғы өнеркәсіптік сектор (2-кесте).

Дәстүрлі сектор – нашар дамыған экономика канонды вариантта. Оған жергілікті әдет-ғұрыпқа негізделген, қарапайым технология мен шаруашылық тәжірибесіне негізделген квази тұрақты тепе-теңдік тән.

Кесте 1 - Дуанистік экономика теориясы

Авторлар Экон секторлары
қазiргi кездегi дәстүрлi
У.А. Льюис капиталистiк капиталистiк емес
А.О. Хирисман дамыған солтүстiк артта қалған оңтүстiк
С. Шатц тауарлы натуралды

Қазіргі секторға ҒТП жоғарғы қарқыны коммуникацияның барлық түрлерінің тез қорқынды дамуы, әлемдік рынокпен тығыз байланыс тән. Мұнда халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғарлау тенденциясы байқалады.

Халықтың орташа табысының өсуі сұраныс пен халықтың сатыпалушылық қабілетін өсіреді. Сұраныстың өсуі кәсіпкерлік қызметтің дамуына стимул береді, ол өз кезегінде мультипликатор әсерін тереңдетеді ( немесе одан -не ауысу)

Неоклассикалық және неокейнсиандық модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген. Институцияналдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.

Әлемдік экономикалық дамуды талдай отырып, экономикалық өсудің қарқыны мен көздері бойынша қоғамдық өндірісті ірі төрт кезеңге бөлуге болады. Ол 1.2 - кестеде көрсетілген.

Кесте 1.2 -  Экономикалық өсу кезеңдері мен приоритетті көздері

[5, б.137]

Кезеңдер

Өсуге әсер ететiндер
I: ХIХ ғ. дейiн Халықтың өсуi, кәсiпкердiң мотивациясының күшеюi
II: ХIХ–ХХ ғ. бас кезi Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi, оның капиталмен ауыстырылуы
III:  ХХ ғ. ортасы Интенсивтi факторлар (ақпараттық және ғылымды қажетсiнетiн технологияларды игеру)
IV: Х Хғ соңы Әлемдiк экономикасының интерпритациясы мен глобализациясы

Қазіргі кезде Кеңес одағы ыдырағаннан кейін дүниежүзілік ірі державаның бірінің «ІІІ әлем» елдеріне айланып бара жатқаны мәлім. Ол үшін әртүрлі бағыттар мен мектептердің экономикалық ойлары мен көзқарастарын игеру қажет. Ең алдымен біз үшін теориялық жағынан ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік жағынан да қызықтыратын экономикалық өсу модельдеріне қатысты.

Даму – бұл көп өлшемді процесс, ал өз құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси сферадағы терең түбегейлі өзгерістерді қосады.

Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық пікіріне швед ғалымы Гуннар Мюрдальдың (1898-1987) еңбегі елеулі әсер етті. Ол батыстың «үшінші әлемді» талдау бағытын сынға алды. Өйткені олардың методологиясын, нәтижесін, дамыған елдердің жобасына дамушы едерге көшіре салу қате деп білді. Іс жүзінде экономикалық анклавты типін – европалық өнеркәсіптің тар секторын құру болса, кең алғанда ішкі емес, сыртқы рынокпен байланысты европалық типтес экономика құруға ұмтылады.

Осы бағытта экономикалық өсудің негізгі элеметтерін сынау қолданылады: нашар дамуды жою үшін технологиялық дамуды шешуші фактор ретінде қарастыру; рынок экономикалық дамудың автоматты реттеушісі ретінде; жоспарлау әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде. Шын мәнінде бұл факторлар технологиялық тәуелділіктің күшеюіне, экономиканың дезинтеграциясына, коррупцияның өсуі мен мемлекеттік бюрократизмнің күшеюіне жағдай жасайды.

Өндірістік мәселелерді шешудің қиыншылығы нақты себептерге: нашар тамақтану мен әлсіз денсаулыққа, өмір деңгейінің төмендеуіне; институционалдық жағдайлар мен еңбек рыногының жетілмегендігіне байланысты. Оның ойынша, кейнсиандық бағытты бұл елдерге қолдауға болмайды. Мюрдаль бойынша дамуы төмен болудың себебі – шетелдік капиталдың жетіспеушілігінде емес, еңбек ресурсын толық пайдаланбауда болып табылады.

  1. ҚР-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНІҢ СИПАТЫ.

2.1 ҚР-ның экономикалық өсуінің негізі - өндіріс тиімділігін арттыру

- Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа қол жеткізу өз көрінісін жан басына шаққандағы ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан табады.

- Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткiштерiнде көрiнбейдi, бiрақ қажеттi игiлiктiң бiрi болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып отырған уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің ұзақтығын ескеру қажет.

- Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың        әл-ауқаты бір қалпында қалады немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық даму процесінде әлеуметтік қорғаушылық принципі ұсталынуы керек.

- Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіш те нақты ҰТ-ға тікелей көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және дифференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейін жоғарлатады, ол өз кезегінде тауарлар мен қызметтерге шығыстауды көбейтеді, ал олардың жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемiн сипаттайды.

Экономикалық өсу мақсаттары өндірушілер мен тұтынушылардың мінез-құлықтың мотивтерін сипаттайды. Өндіруші үшін ұзақ мерзімде экономикалық пайда алу болса, үй шаруашылығы үшін өз әл-ауқатын көтеру. Осы мақсатқа жету үшін олар, біріншіден, табыстарының бір бөлігін жинақтайды, екіншіден, өндіріс факторларының сапасын жақсарту үшін табыстарының бір бөлігін инвестицияға жұмсайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін, яғни халықтың әл-ауқатын көтеру үшін, алдымен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу қажет.

Кезкелген қоғамда өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіліктер белсенді өндірістің даму бағыттылығын анықтайды. Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін жақсарту ең алдымен материалдық қажеттіліктерін (киім, тамақ, баспана, еңбек жағдайы, т.б.) қанағаттандырудан, яғни материалдық өндірістің дамуынан көрінеді.

Өндірістің маңызды сипаты – бұл тиімділік. Жалпы түрде тиімділікті алынған нәтиже мен шығындар қатынасы арқылы анықтауға болады. Егер кәсіпорын өз қызметін барлық өндіріс факторларының минималды шығынымен жүргізетін болса, онда өсу шаруашылық субъектінің өндірісі тиімді деуге болады.

Өндіріс тиімділігі көбіне өндірістің технологиялық таңдауына тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әсерді, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған, адамның өндіріс құралдарының механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген еңбек затына әсер ету тәселдерін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігінің өсуі ресурстың шектеулі кезіндегі  экономикалық прогресін сипаттайды. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғаушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та ол нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын да қосады. Техникалық прогресс деп соңғы өнім шығару үшін ресурстардың тиімді жаңа комбинациясын жасайтын жаңа білімдерді ашу түсініледі.

Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвестиция тығыз байланысты: техникалық прогресс жаңа машиналар мен құралдары үнемі инвестиция тартады. Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты, елдегі әлеуметтік, мәдени және саяси атмосфера т.б. Сонымен, өндіріс құрылымының тиімділік деңгейі де көптеген факторларға тәуелді: өндірісті монополизациялау деңгейімен және еңбектің қоғамдық белгісінің дамуынан, ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне елуіне, кәсіпорынның ҒТП жетістіктерін қабылдауына, мемелекеттің саясатының құрылымына негiзделедi.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін зерттеуде ең маңызды көзқарастардың бірі болып талдау табылады. Мұнда ұлттық табыс қоғамдық өнімнің ұдайы өндіріс процесі кезіндегі өзара байланысы өндірістің нәтижесін  бойынша сандық бөлу негізінде қарастырылады. Талдауда еңбек өнімділігі және өзіндік құн сияқты жеке экономикалық көрсеткіштерде қолдану жоспарлы және статистикалық тәжірибеде дәстүрлі болып кеткен. Осы көрсеткіштердің базистік немесе келешектi кезеңдегі өзгерістері ең алдымен өндірістің техникалық деңгейінің жоғарлауымен, өндірісті басқарудың және ұйымдастырудың жетілдірілуімен, өндірістің құрылымы мен көлемiнің өзгерісімен, сонымен қатар салалық және басқада факторлармен шартталады.

ҰТ-ң ресурстардың көлемі мен оларды пайдалану тиімділігіне тәуелділігі бірнеше айнымалылы функция түрінде де көрінеді. Өндіріс нәтижесі осылайша, бірнеше факторларға тәуелді болады. Жалпы алғанда факторлар екі топқа бөлінеді – шығындар көлемі немесе ресурстар көлемі және ресурстардың ұдайы өндірісінің тиімділгі. Өндіріс ресурстары ретінде адам еңбегі, негізгі қорлар, шикізат, материалдар, энергия, т.б. табылады. Шығындар өндіріс циклында шығындалынатын ресурстардың белгілі бір бөлігі.

Самуэльсон П бойынша Кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға ҒТП үлкен әсер етеді. Бұл күрделі процесс тек бір ғана көрсеткішпен емес, бірқатар көрсеткіштер жиынымен сипатталады. Келесі көрсеткіштермен шектелейiк:

- еңбектің техникалық қарулығы (вооруженность) (негізгі өндіріс қорларының белсенді бөлігінің құнының өнеркәсіптік-өндірістік персоналдық жұмысшылар санына қатынасы) яғни ҒТП-ң маңызды критериінің бірі. Жоғарғы техника негізінде өндірістің өсуі мен жетілдірілуі кәсiпорынның тиімді жұмыс істеуінің, оның рентабельділігін жоғарлатудың объективті алғышарты болып табылады;

- өнімнің қор сыйымдылық көрсеткіші, ол бір бірлік өнімге қанша негізгі капитал мөлшері жұмсалғандығын көрсетеді: . Қор қайтарымдылығы бір бірлік негізгі капитал құнына қанша өнім өндірілетіндігін көрсетеді: . Бұл көрсеткішті қолдану өндірістің рентабельділігіне жаңа техниканың, технологияның, өндіріс интенсификациясы мен ұйымдастырудың әдістері мен формаларының әсерін бағалауға мүмкіндік береді;

- мамандыру өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларының бірі болып табылады. Ол өнім түрлерін жасаудың жалпылығын көтереді, жоғарғы құрал-жабдықтарды қолдануға, өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдiстерiн енгiзуге және автоматтандыруға әкеледі. Нәтижесінде өндіріс тиімділігі жоғарлайды және рентабенділігі өседі. Мамандандыру деңгейін өлшеу әдісі нақтылықты талап етеді. Мамандыру көрсеткіші деп, әдетте, жиынтық өнім құнындағы өнімнің үлес салмағын айтады. Қазіргі уақытта мамандыру деңгейі өндірісте айтарлықтай нақты жағдайды көрсетпейді.

- бұйымның топ санымен, түрлерімен, типтерімен анықтауға болады. Нақты машина жасау кәсіпорынды алатын болсақ, онда шығарылатын машиналардың саны, типі болады;

- қауымдастыру деңгейдің көрсеткіші – кәсіпорынмен шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнындағы жартылай фабрикаттар мен бұйымның үлес салмағы. Мамандандыру артықшылығы кәсіопорынның жақсы қалыптасқан қауымдастықтық байланыстармен сәйкес келген жағдайда көрінетін болғандықтан, бұл көрсеткіш маңызды болып табылады. Тауар өнімдерінің көлемі көрсеткіш ретінде маңыздылығы кәсіпорынның мөлшерін нақ сипаттайтын болғандықан ғана емес, сонымен қатар рентабельділік деңгейдің өндіріс масштабы мен ресурсты үнемдеуден тәуелділігінен көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген бірнеше көрсеткіштерді өнеркәсіптің барлық салалары   үшін де әмбебапты деп айтуға болмайды. Бірқатар жағдайларда олар толықтырылуы да мүмкін, яғни еңбек өнімділігі мен өнім сапасы көрсеткіштерімен. Еңбек өсімділігінің жоғарлауы тірі еңбектің үнемділігін ғана емес, затталған еңбектің де үнемділігін сипаттайды.

Сонымен қатар ол ресурс үнемдеу потециалының динамикасы мен өндірістің тиімділігін арттыруға да көп әсер етеді. Ұлттық табыстың материалдық өндірістегі жұмысшылар санына қатынасы еңбектің жиынтық шығындарын есепке алғандағы өнімділікті сипаттайды. Осылайша алынған көрсеткіш тірі және қатталған еңбек үнемділігін көрсетеді. Жалпы түрде оны келесі модельдермен сипаттауға болады

 -  еңбектің жиынтық шығындары

 – тірі еңбек шығындары

 - өткен еңбек шығындары

Өндірілген өнім құнын Пс бір бөлігін құрал-жабдықтарының тұтынатын бөлігінің құнының Пп орнын толтыруға жұмсауға болады және жаңадан жасалан құнның өткен еңбек шығындары бірінші бөлікке, ал тірі еңбек шығындары жанадан жасалған құн бөлігіне сәйкес келуі керек.

Еңбек шығындарын қоса алғандағы өнімділік жаңадан жасалған құнның тірі еңбек шығынына қатынасы ретінде көрінеді. Осы келтірілген модельден өндірістің жиынтық шығындарының тірі еңбек пен затталған еңбек шығындарынан тұратынын көруге болады.

Еңбек өнімділігі көрсеткіші:

  • өндірістік құрылым-жабдықтарын жасау кезінде жұмсалған еңбектің нақты түрлерінің нәтижелері
  • оларды пайдалану рационалдығы
  • қарастырылып отырған өндірістегі нақты еңбек нәтижелері.

Тірі және затталған еңбек шығындарын есепке алу кәсіпорын үшін минималды шығын жұмсап, максималды өнім өндіруде өндіріс құрылыстарын үнемді пайдалануда қажет.

Кейінгі уақытқа дейін өндіріс тиімділігін бағалаған кезде өнім сапасы ескерілмеген. Ал бұл көрсеткіш бүкіл қоғам көлеміндегі ресурстар жинағына тікелей қатысты. Оның мәні, әсіресе шаруашылық рыноктың жүйесінде өсе бастайды.

Өнім сапасының жоғарлаған кезінде барлық ресурстар шығындары төмендейді. Өнім сапасы баға жасаушы фактор болып табылады және қорлану көздерін өсіреді.

Ал Радаев.В бойынша “Өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін және оның әлеуметтік бағыттылығын нығайту үшін тек табиғи және өндіріс ресурстарын рационалды және үнемді пайдалану ғана емес, сонымен қатар қол жеткізілген үнемділікті заттандыру қажет. Техникалық прогреске және еңбек өнімділігінің жоғарлануына байланысты жұмыссыздықтың көбеюіне болдырмау үшін алынған үнемділікті тұтыну қорлары мен өндіріс қорлауға оптималды пропорцияда бөлу қажет”. Кәсіпорын көбіне түскен пайдалы жалақыны көбейтуге және әртүрлі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсауға тырысады, яғни өндірісті жаңғырту мен қайта құруға көп көңіл бөлмейді. Бірақ дамудың бұл жолы тиімсіз, оның болашағы жоқ деуге болады. Ол ұлғаймалы удайы өндірістің экономикалық негіздерін жояды, ал ол өз кезегінде жеке және өндірістік тұтыну мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да рынокқа өту барысында тауар өндірісінің өсуін интенсивті негізде ынталандыру керек. Бұл ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағын көтеруге және оның өсу масштабын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Қорлану удайы өндіріс интенсификациясының органикалық бөлігі болып табылады. Мұнда қорланудың орнын толтыру қорынан тәуелділігі сипатталады. [5, 545б]

Орнын толтыру қоры өндірістік қорлардың қорлану көлеміне тәуелді. Ресурсты үнемдеуші техника неғұрлым жақсы қолданылса, соғұрлым жиынтық қоғамдың өнімнің көп үлесі еңбек құралдарының орнын толтыруға жұмсалады. Осыған байланысты қорланумен орнын толтыру қорының динамикасының арақатынасына анализ жасау маңызды. Орнын толтырудың жалпы қорына еңбек затының шығындары және негізгі өндірістік қордың орнын толтыру жатады. Орнын толтыру қорындағы амортизациялық аударымдар үлесі жиынтық қоғамдық өнімнің сиымдылық қор динамикасымен анықталады. Егер ол өсетін болса, онда амортизациялық қор үлесі де өседі және керсісінше. Орнын толтыру қорының рөлінің жоғарлауы экономикалық және әлеуметтік мәнге ие. Өндірістік қорланудың орнын толтыру қоры есебінен артуы жеке тұтынуға, тұтыну заттарының өндірісін өсіруге, өндірістік  емес сфераны дамытуға бағытталған ұлттық табыс өсіруге мүмкіндік береді.

Капитал салымдарының ұдайы өндірістік құрылымына өндірістік негізгі қорлардың істен шығуының жеделдетілген процесі үлкен әсер етеді. Ал қалдығы аз және қалдықсыз технологияны, энергияны үнемдеуші және табиғатты үнемдеуші өндрісті, материалдың ресурстардың үнемділігін қамтамасыз ететін, өнеркәсіп салаларындағы өнім ассортименттерін, технологияны енгізу қажеттілігімен шартталған. Тұтыну қорының өсуі адамдардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, жұмысшылар біліктілігін арттыруға әкеледі, ол өндірістің тиімділігіне позитивті әсер етеді. Олай болатын болса, тұтыну қорын ұлттық табыстың пассивті бөлігіне жатқызуға болмайды. Ол жеке тұтыну көзі ғана емес, сонымен қатар ресурсты үнемдеу типіндегі ұлғай малы ұдайы өндірістің белсенді факторы ретінде көрінеді, яғни сапалы экономикалық өсуге жеткізуге мүмкіндік береді.

Экономикалық және әлеуметттік даму анализі ұлттық табыстың өсу қарқыны технологиялық ресурс үнемдеу формасында жүзеге асырылатын, өндірістік капитал салымдарының динамикасын жеделдету кезінде өсетіндігін көрсетеді. Қазіргі технологиялық қайта құруларды жүргізу үшін халықшаруашылықтың әртүрлі саласындағы өндірісті дамыту үшін инвестициялық ресурсқа ие болуы керек. Инвестиция ресурстардың жеткіліксіздігі өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, оның ресурс үнемділігіне кері әсер етеді, сәйкесінше, экономикалық және әлеуметтік даму динамикасына да. Сонымен экономикалық өсу тиімділігін қарастырғанда, ең алдымен «өндіріс тиімділігі» туралы сөз қозғалады.

1992 жылдан кейінгі Қазақстандағы өндірістің құлдырауы экономикада жүргізілген реформалар процесі (еңбек жағдайының нашарлауы, халықтың негізгі бөлігінің нақты табыстарының төмендеуі, азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекет қызметінің және рыноктық қатынастар субъектілерінің қызметінің әлсіреуі) экономикалық өсу факторларын толығырақ қарастыруға әкеледі.

Экономикалық өсу әдетте ЖҰӨ-ң абсолюттік өсімімен бағаланады және оның өсу қарқынымен байланысты. Экономиканың тоқырау фазасынан өрлеу фазасына өту мәселесінің екі аспектісі бар: өрлеу нәтижесінде алдында қол жеткізілген өндіріс деңгейін қалпына келтіру және одан әрі өсіру. Әйтпесе, өндіріс жай ұдайы өндіріс шегінде ғана қалып қояды, яғни қоғамдық өндіріс құрылымында сапалы өзгерістер болмайды. Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде ЖҰӨ-ң өсімі өндіріс көлемінің жеке салаларда төмендеуіне қарамастан мүмкін болады. Осыған байланысты өндірістің салалық құрылымы даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз етеді. Ескірген өндіріс үлесі мен өнімдер түр төмендеп, ал прогрессивтілер – тез қарқынды өсе бастайды. Осының нәтижесінде әрқашан прогрессивті тенденция болып табылатын капиталдың техникалық және органикалық құрылымы өзгерді.

Экономикалық өсу келесі топтармен шартталған: өндіріс құрал-жабдықтарымен және инвестициямен көрінетін, ЖҰӨ-ң абсолютті және салыстырмалы үлесінің өзгеруі; инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі; экспорт-импорт арақатынасы, әсіресе, ғылымды қажетсінетін өнім мен шикізат ресурстарындағы; сыртқы сауда сальдосының өзгеруі; сыртқы қарыздың абсолюттік және салыстырмалы мөлшері, қоғамдық өнімнің салалық жән ұдайы өндірістік құрылымы; өндірісі рентабельділігі.

Экономикалық өсу қарқынының мәселесі удайы өндіріс процесінің интенсификациялық негізгі мәселелерінің бірі және ол қоғамның әлеуметтік сұрақтарымен байланысты шешімдер деңгейін анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген топтар үнемі позитивті болмайды, яғни экономиканы макрореттеуде қателіктер кетіп отырады. Солардың ішіндегі маңыздысы - өндіріс құрылымының негізсіз сынуы, яғни ғылымды қажетсінетін саладағы өндіріс үлесінің азаюы және керісінше, шикізат салаларында өсуі. Бұған негізгі себеп мемлекеттік кәсіпорындарды алдын ала ойластырмай жекешелендіру, жылжымайтын мүлікпен түскен пайданы спекулятивті операцияларға жұмсау арқылы кәсіпорынды өзінің меншікті қорлану көздерінен және мемлекеттің қаржылық қолдауынан айыру. Осыған байланысты өндірістің дамуы парадоксальді формада жүзеге асырылды – экономиканың құрылымдық жаңаруындағы потенциалды салалардың дегродациялық жағдайына әкелді.

ЖІӨ-ң өндірісінің және таза өнімнің төмендеуіне КСРО республикаларының арасындағы кооперациондық байланыстардың үзілуі де себеп болды, яғни тұтынудың басқа рынокқа қайта бейімделуі болды.

Қазақстанда 2008 жылығы желтоқсан да 830 ірі және орта кәсіпорындар тіркелген.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі бөлігінің қысқаруына байланысты жылдары нақты сектордағы жандану деңгейі өте жоғары болды.  Бұл жандану Халықаралық Валюталық Қордан, Әлемдік Банктен бөлінген қаржы негізінде болды. Бірақ ол ұйымдар қаржы беруден бұрын, бірнеше талаптар қойды: елдегі инфляция қорқынын төмендету , елдің ірі өнеркәсіп салаларына шетелдік инвесторлардың басқаруына беру немесе біріккн шаруашылық жүргізу. 2008 жылы экономикаға тікелей инвестицияның келуі 3836,1 млрд теңгені құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 4,6%-ке өсті.   2008 жылы жылы ірі инвесторлар: Ұлыбритания 33%, Оңтүстік Корея-31%, АҚШ-10%. 2008 жылы меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындармен 30160 тенге шетелдік инвестиция пайдаланды.2007-2008 жылдары тұтыну тауарларының өсуі байқалды. [6, 26 б] Бірақ олардың сапасы оларды өткізу деңгейіне сәйкес келмейді. Өндіріс көлемін технологиялық жаңғыртусыз отандық экономикалық бәсеке қабілеттілігін көтеру мүмкін емес. Ал өндірісті жаңа техника, технологиялармен жабдықтау үшін әрине қаржы қажет. Тауарлармен қызметтердің ішкі тұтыну рыногын бюджеттік инвестициялар кеңейтедеді, ал ол өз кезегінде қаржылық қызмет рыногын ұлғайтады және бюджет табысының өсуіне әкеледі.

  1. ҚР-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНІҢ СИПАТЫ

2.2 ҚР-ның экономикасының жағдайын талдау мен сараптау мен болжау.

Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етуіндегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.

Айтылған көзқарастардың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономикалық өсуінің қиындығынан пайда болды, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

  1. Заңдылық пен тәртіп.

Кейбір кедей мемлекеттерде қылмыс пен ішкі қақтығыстар болады, бұл ахуал жер мен жалпы ресурсты дұрыс пайдаланбауға алып келеді. Сондықтан тұрақты әрі күшті мемлекеттік билік, заңдылық пен тәртіпті орнату қажет.

  1. Меншік кәсіпкерлігінің әлсіздігі

Көптеген мемлекеттерде табыс тауып, өндірісті дамыта алатын және оған ниеті бар қуатты кәсіпкерлер аз деуге болады. Сондықтан меншік кәсіпкерлігі экономиканың өсуінің басты күші бола алмайды.

  1. Инфрақұрылым

Әлеуметтік тауар мен қызметтің тапшылығы салдарынан экономиканың өсуінде инфрақұрылымның жеткілікті дамуынан көптеген қиындықтар пйда болады. Санитарлық-гигиеналық және медициналық бағдарламалар, білі, жерді өңдеу мен оны қорғау, жолды жөндеу және басқа да көлікеті – байланыстық жүйелер осының барлығы нарықтық емес тауарлар мен қызметтер болып табылады, бірақ халыққа үлкен жанама пайда әкеледі. Тек мемлекет қана осындай тауар мен қызмет өн.дірісін қамтамасыз ете алады.

  1. Міндетті жинақ пен капиталды салымдар

Кей – кезде жинақ пен инвестиция поблемалары мемлекеттің тарапынан реттеуді қажет етеді.

  1. Әлеуметтік орналасуы

Экономиканың өсуін болжауға мемлекеттің барлық жағдайы бар. Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау – басты міндет болып табылады, әл ауқатты жоғарлату үшін мемлекеттің кірісуі керек. Тек мемлекет қан дамуға жол ашады.

Жоғарыда экономикалық өсудің негізгі мақсаттары қарастырылды, яғни халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қолдау, нығайту кезкелген елдің басты міндеті.

Өмір сүру деңгейі әлеуметтік ұғымдардың маңыздыларының бірі болып табылады. Өмір сүру деңгейі деп – халықтың қажетті материалдық игіліктерімен және қызметтермен қамтамасыз етілуі, оларды тұтыну және рационалды қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін айтады. «Халықтың өмір сүру деңгейі» ұғымының кең мағынасына өмір сүрудің шарттарын, еңбек және жұмысбастылық, бос уақыт, денсаулық, білім беру және тіршілік етудің табиғи ортасын жатқызуға болады. Халықтың тұрмыс-жағдайын, өмір сүру деңгейін көтеру, әртүрлі материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз ету әр елдің приоритетті бағыты.

Өмір сүру деңгейін зерттеудің маңызды міндеті – халықтың әл-ауқатының өзгерістерінің заңдылықтарын көрсету, яғни ел көлемінде және оның аймақтары деңгейінде сәйкес процестерді, халықтың әлеуметтік-демографиялық топтарын және үй шаруашылығының әртүрлі типтерін зерттеу. Бұл өмір сүру деңгейінің экономикалық, ұлттық, табиғи-климаттық және т.б. ерекшеліктерден, сонымен қатар халық табысынан тәуелділік өзгешеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Болжам бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқынының төмендеуі, құрылыс көлемінің қысқаруы және қызмет көрсетудің өсу қарқынының төмендеуіне байланысты 2008 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 1 %-ға төмендейді. Кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқынының 5,3%-ға дейін жоғарлауы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің 2,6 %-ға қысқаруымен байланысты 2008 жылы өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқыны 2,1%- ды құрады. Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі негізінен 2008 жылы мұнай өндіру көлемінің 4%-ға артуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруы негізінен металлургия өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруымен байланысты болып отыр. 2008 жылдың аяғында басталған әлемдік сұраныс пен тұтынудың елеулі қысқаруына байланысты, қара металлургия өнімдерін өндіру болжам бойынша 30%-ға дейін, түсті металлургия 2 %-ға дейін төмендейді. Құрылыста 2008 жылы 2 %-ға дейін төмендеу болжамдануда. Іскерлік және тұтыну белсенділігінің төмендеуі 2008 жылы қызмет саласында өсу қарқынының, соның ішінде көлік қызметінің 5,5%-ға дейін, байланыс қызметінің 11,1%-ға дейін, сауданың 3,2%-ға дейін жоғарылады. Теңгенің құнсыздануы экономиканың өсуіне оң әсер етеді, бұл 2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуіне бағалау бойынша қосымша 0,3%ға ықпал етеді. 2009 жылғы кезеңнің соңында теңгенің құнсыздануын ескере отырып, инфляция 11 %-дық деңгейде бағалануда. [6, б. 86]

Жалпы әлемдік сұраныстың қысқаруы, қазақстандық экспорттың басты тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік бағаның төмен деңгейі, және осының салдары ретінде Қазақстан экономикасы өсуінің төмендеуі экспорт пен импорт көлемінің төмендеуіне ықпал ететін болады. Болжам бойынша 2008 жылы экспорт көлемі 45,1 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл 2007 жылға қарағанда 26,8 млрд. АҚШ долларына төмендеген. Импорт 3,8 млрд. АҚШ долларына төмендеп, 34,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Импорттың төмендеуінен асатын экспорт көлемінің төмендеуі, 2009 жылы 5,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын төлем теңгерімінің ағымдағы шотының тапшылығының құрылуына ықпал етеді. Төлем теңгерімінің болжамды параметрлері ақша-кредит саясатының параметрлерімен және елдің орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық дамуының параметрлерімен үйлесімді. [7] 2010 жылдан бастап 3,0 %-дан, 2013 жылы 4,3 %-ға дейін біртіндеп экономикалық өсу қарқындарының артуы күтілуде. Өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 2010 – 2013 жылдары 2,8 %-ды құрайды. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2008 жылғы 70,7 млн. тоннадан 2013 жылы 82,0 млн. тоннаға дейін өседі. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің өсуі 3,5 %-ды құрайды. Құрылыс жұмыстарының орташа жылдық өсуі 2,1-3,0 % деңгейінде күтілуде. Көлік қызметтері 3-3,5 %, көрсетілетін байланыс қызметтерінің көлемі орташа 10,0 %-дан астам өседі. 2013 жылға қарай халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 10822 АҚШ долларына жетеді.[9]

2009 – 2013 жылдардағы халықтың жан басына шаққандағы

ЖІӨ болжамы

2009 жылдың кезең соңында инфляция деңгейінің (теңгенің құнсыздануына жүргізілген нәтижеде) 11 %-ға дейін артуынан кейін, біртіндеп 2013 жылдың соңында 5,5-7,5 % төмендеу болжануда. Инвестициялық үдерістерді және тұтыну белсенділігін ынталандыру экономиканың теңгерімді өсуінің негізі болады. 2010-2013 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны 4,4-5,3 %-ды құрайды. Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді. 2010-2013 жылдары тұтынудың өсуі 2,7-3,5 %-ды құрайды. Бұл ретте мемлекеттік тұтыну, үй шаруашылықтары тұтынуының өсу қарқынымен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өсетін болады. Тұтастай алғанда Үкімет ЖІӨ-нің құрамдауыштары өсуінің келесі көрсеткіштерін қамтамасыз ететін болады.

Кесте 3 - Экономиканың 2009-2013 жылдарға арналған өсу өлшемдері.     . [6, б. 90]

Көрсеткіштер 2009 2010 2011 2012 2013
Тұтыну 0,3 2,7 3,1 3,3 3,5
Оның ішінде: жеке меншік -0,2 2,2 2,5 2,7 3,0
мемлекеттік 3,0 4,4 5,0 5,2 5,3
Инвестициялар 0,0 4,2 4,6 5,1 5,3
Тауарлар  экспорты 2,0 3,1 2,0 2,3 3,2
Тауарлар  импорты 0,4 3,7 1,1 1,5 2,7

Тиісінше, алдағы орта мерзімді кезеңге арналған фискалдық саясат мемлекеттік тұтыну мен инвестициялардың көрсетілген өлшемдерін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделіп құрылатын болады.

Экономикалық өсу саясатын жүргізуді қолдаудың басымдықтары ретінде халықтың тыныс-тіршілігінің сапасын және әлеуметтік стандарттарын орнықты арттыруды көздейді.

Кесте 4 - Негізгі әлеуметтік индикаторлар [6, б.94]

Көрсеткіштер атауы 2007 ж.есеп 2008 ж. бағалау Болжам
2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.
Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге 9752 12025 13717 14548 15639 16733 17821
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге 3000 4810 5487 5819 7820 8367 8911
Зейнетақының ең төмен 7236 7900 9875 12344 16047 17491 18978

ҚОРЫТЫНДЫ

Экономикалық өсу өз бетінше халықтың әл-ауқатын камтамасыз ете алмайды. Ол үшін мықты экономикалық және әлеуметтік саясат қажет, яғни мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызы үлкен. Мемлекет экономикалық өсу тиімділігін арттыру үшін де ынта тудыруы керек. Экономикалық өсу тиімділігі, әрине, өндіріс тиімділігі мен түсіндіріледі, яғни тауар мен қызмет сапасын жақсарту, бәсеке қабілеттліктерін арттыру, қажеттіліктерді толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар өндірісін игеру; өндірісті мамандандыру, ресурстарды тиімді пайдалану, жаңа техника-технологияларды жедел түрде енгізу т.б. Ол үшін әрине ішкі жинақтарды және шетелдік инвестицияларды тарту қажет. Осы жерде Д. Кейнстің мультипликатор әсерін еске түсірейік, яғни бастапқы инвестиция әсері өндіріс тиімділігі арттырады, жаңа жұмыс орындары пайда болады, ол салықтық және басқа да міндетті төлемдерді өсіреді, мемлекеттік бюджет өседі, өз кезегінде әртүрлі салаларға, әлеуметтік инфрақұрылым салаларына бөлінетн қаржы мөлшерін арттырды, бюджет дефицитін болдырмауға және сыртқы қарызды қайтаруға мүмкіндік береді. Ол Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тартуда елдің рейтингін көтереді.

Қазіргі кезде елде халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында табыстың әділетсіз бөлінуі кең етек жайған, яғни табыс дифференцияациясы бар.

Кейнстік бағыттың сипаты бойынша өндірісті ұлғайтуды ынталандырудың әлсізділігі табысты азайтады, ал тұтынудың төмен деңгейін тұғызады, ол өз кезегінде тиімсіз сұранысқа әкеледі, одан ішкі рыноктың тарылуы туындайды, ал адам инвестиция деңгейі төмендейді, рентабельділік пен тиімділікте азаяды.

Бірқатар зерттеушілер экономиканың артына қалушылығын институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынымен де,артта қалған экономика ұлттық білім беру мен кәсіби даярлауға

кадрларды қайта даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы қалған экономика ұлттық білім беру білікті мамандардың төменгі сапасын сипаттайды. Ал ол еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді. Оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалудың басты себебі болып табылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Т.А.Агапова, С.Ф.Серегина «Макроэкономика» 6-е издание, издательство «Дело и сервис» 2004г.
  2. В.М.Гальперин, П.И.Гребенников, А.И.Леусский, Л.С.Тарасевич «Макроэкономика» 2000ж.
  3. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика» Алматы. «Экономика» баспасы, 2003
  4. Б.М.Мұхамедиев, Р.Т. Дуламбаева, Д.Ж.Рахматуллаева «Макроэкономика»
  5. Е.Б.Жатқанбаев. «Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы» Алматы 2006
  6. ҚР статистика агенттігі «ҚР әлеуметтік экономикалық даму» 2008 жылғы қаңтар - желтоқсан. «Астана» баспасы, 2009ж
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы
  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған 2009 жылғы 24 наурызындағы № 13 хаттама
  9. Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина,      Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов
  10. Гражданский кодекс Республики Казакстан
  11. Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции
  12. Журнал “Хабаршы” 2006-2009 жылдар
  13. Ұллтық статистика агенттігінің веб-порталы
  14. Ұлттық портал kz
  15. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2008 ж

Похожие материалы