Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық экономикалық қатынастар

Халықаралық экономикалық қатынастар

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.

Нарықтық эконмикаға көшуге орай шаруашылық практикада, яғни экономика негізінде халықаралық экономикалық қатынастарды тиімді жүзеге асыру, экономикалық байланысты ұстап тұру негізінде қажеттілік туады. Сондықтан, экономика саласында қатынастарды шынайы болдыру мақсатында халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі факторлары мен нақты білуі өте зор маңызды.

Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз – жекелеген аймақтар шеңберіндегі жекеленген еуропалық мемлекеттер арасындағы қатынастар.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты – халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы теориялық көрінісімен танысу, оны оқып-үйрену, оның нарық кезіндегі қажеттілігімен даму қарқынын анықтау, маңызын түсіну.

Курстық жұмыстың негізгі мәселесі – нарық талабына сай халықаралық экономикалық қатынастардың іс-жүзіндегі формаларының даму жолдарын қарастыру.

Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан  тұрады. Бірінші бөлімде халықаралық экономиканың теориялық көрінісі, яғни халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі зерттеліп талданады. Екінші бөлімде халықаралық экономикалық қатынастың формаларының іс-жүзіндегі көрінісінің нарық жағдайындағы экономикалық дамуының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары баяндалады. Ал, үшінші бөлімде осы жетістіктерге сай, нарық жетістіктері ретінде ең басты мәселе сауданың даму дәрежесі, оны ынталандыратын факторларын айқындау және оның маңыздылығын анықтау.

Курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер тізімі қолданылды: «Халықаралық экономикалық қатынас», «Экономикалық теория», «Ақша. Несие. Банктер Бұл әдебиетер кең көлемде қолданылған.

I.Халықаралық экономикалық қатынас экономикалық теорияның бір бөлігі ретінде.

1.1Халықаралық экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы.

Халықаралық экономикалық қатынастар шет мемлекеттермен экономикалық әрекеттердің пайда болуынан туындайды, сондықтан осы қатынастардың негізі ретінде сыртқы экономикалық қатынастар қарастырылады.Сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз – мемлекеттің шекарасынан тыс атқарылатын қызмет түрі.Кез-келген өндіріс немесе қайта өңдеу процессі халықаралық экономикалық қызметтің объектісі бола алады.

Халықаралық экономикалық қызметтің дамуы оның субъектінің түр өзгерісімен қатар жүреді.Алғашында ол халықаралық саудамен айналысатын көпес-делдал болып табылады.Ал экономикалық қатынастардың келесі даму кезендерінде оның субъектісінің даму эволюциясы былайша өзгереді:өндірістік капитал, өндірістік және банктік монополиялар,қаржы аннархиясы,министірліктер,  сыртқы нарыққа шығу құқығы бар кәсіпорындар,біріккен кәсіпорындар.

Қазіргі кездегі көптеген қарама-қайшылықлықтарға қарамастан,елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастықтың бағыты өсіп келеді.Дүние- жүзілік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты,бағынышты әлеуметтік-әділетті әлемге ұмтылу.Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлесін жасау барысында экономикалық және әлеументтік-әділетті қатынастарды бағалау сөз болып отыр.Әр түрлі елдер арасында «көзге көрінбейтін»экономикалық даму деңгейі басталды.Әрине,бұл өзгеріс өздігінен ешқашан себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын;ол қарама-қайшылығы мол  күр-   делі құбылыс.

Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:

‑индустриалды қоғамнан постиндустриалдыға  аусуы;

-технологиалық революция;

-энергиалық шикізаттардың және азық-түлік   проблемасы;

-экологиялық проблема;

Ең негізгі қауіп –экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни фанатизм.бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей,бір нәсілдің екінші нәсілден,бір әлеументтік-экономикалық жүйеден   артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр.Жалпы айтқанда,ХЭҚ-тың даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екендігі дәлелі.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басы дүниежүзілік шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы,халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономиканың дамуы мен халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға көтереді.

1.2.Халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі.

Кез-келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіру бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет.Бұл белгілерге жататындар:

1.Дамыған ғылыми-техникалық базасының болуы;

2.Шикізатпен және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі,оның салыстырмалы арзандау болуы;

Ескеретін нәрсе,табиғи ресурсқа бай елдер сөзсіз бай болып кетеді деген ұғымға алданып қалу,оның экономикасына кері әсерін тигізеді.Бұл жерде мәселе тек байлыққа емес,қалыптасқан психология мен қауіпті түсінікке де байланысты жағы бар.Егер табиғи ресурстарға шынында да бай ел болса,ол автоматты түрде байып кетуі мүмкін.Сол себепті Жапон ғалымдарының табиғи ресурстарды өңдеуде шетел компанияларын өте сақтықпен кіргізуі ойластырылған саясат болса керек.

3.Білікті маманның болуы.

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары,  басқару,сондай-ақ,білікті маман кадрлары дамып келуде. Айта кететін жағдай,әлемдік шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан факторларға байланысты емес,оны қолдану тиімділігінің болуында.Жоғарыда айтылғандарға қарап,ХЭҚ-ң болашағына және оның дамуына ықпал ететін факторларға қортынды жасауға болады:

-ғылыми-техникалық ппрогрестің жылдамдауы  жаңа технологияның тарауы.Ғылыми-техникалық процестің дамуының ықпалы мен экономикалық     қызметтің компьютерленуінің глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды талап етеді;

-қоршаған ортаның проблемаларындағы глобалдық өзгерістер.Экологиялық базалардың сарқылуы,үнемі өсіп отырған өндірістің кеңеюін   қаржыландыру мәселесі туындайды.

-халықаралық өсу мен қоныстанудың қозғалысы.Халықтың қоныстануы экологиялық, экономикалық, саяси жағдайға байланысты.

Дүниежүзілік шаруашылықтың қызмет атқаруының негізгі ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың интенсивті дамуы боп табылады.Мемлекеттер, мемлекеттік топтар, экономикалық қауымдастықтар,жекелеген фирма-  лар мен ұйымдар арасында экономикалық қатынастар тереңдеу,кеңейе түсуде.Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуінде  шаруашылық өмірдің пектериационалуында,ұлт-      тық экономикалардың ашықтығында,олардың бір-  бірін толықтыруында және аймақтық халықаралық жүйелердің өзара жақындасуында,дамуы мен күшеюінде айқын көрінеді.

Және де қазіргі кезде байланыстардың ерекшелігі:

-халықаралық ұйымдардың рөлінің күшеюі;

-мемлекеттік емес құрылымның рөлінің өсуі;

Халықаралық мәселелерді шешүде халықаралық қауымдастыққа кіретіндердің құра-   мын өзгерту мәселесінің шешілуі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының мәні-бұл жекелнген елдердің экономикалық тәуелсіздікке ұмтылуына,олдардың дүниежүзілік интеграционалдануының одан әрі күшеюіне,ұлттық экономикалародың ашықтығына  және халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.

II тарау. ХЭҚ-ң негізгі формалары.

ХЭҚ-ң негізгі формалары:

1.Халықаралық сауда.

2.Капитал қозғалысы.

3.Жұмысшы күші миграциясы.

4.Валюта-несие айырбасы.

5.Ғылыми-техникалық айырбас.

6.Халықаралық өндірісті кооперациялау.

Ал,енді осының ішінен ең негізгі факторлары:

-Халықаралық сауда

-Капитал қозғалысы

-Ғылыми-техникалық айырбас

-Валюта-несие айырбасы

-Жұмысшы күші миграциясы

жатады.

2.1Халықаралық сауда.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстырудың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.

Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді,ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы боп табылады.Ол ХЭҚ-ң жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.

Халықаралық сауда әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы боп табылады,яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділікпен көрсетеді.

Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы- дүниежүзілік нарықты құрайды.Ол тауар-ақша қатынастарыныңдаму процесі кезінде қалыптаса бастайды.Оны түсінуүшін 2 аспектіде қарастырайық:

-Дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік боп табылады,яғни ол кеңістік аспектіде көрінеді

-Дүниежүзілік нарық заттық аспектіде;

Дүниежүзілік нарықтың мәнін,құрылымын және әрбірэлементінің автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістер қолдану тиімді.

Мысалы А,В,С мемлекеттерді қарастырайық.

Осы қарастырылып отырған нарық дүниежүзілік нарық құрайды.

Міне,осыданбіз дүниежүзілік нарықтың абстрактылы түсінік екенін байқап отырмыз.

Ұлттық нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.

Сонымен,ұлттық нарық 2 элементтен тұрады:

Ұлттық нарық   ішкі сауда    сыртқы сауда

А  елінің сыртқы сауда операциясы,басқа В,С елдері үшін импорт боп табылады.

Сыртқы сауда- белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.

Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера-халықаралық нарық деп аталады.

Сыртқы сауда операцияларының 4түрі бар:

1.экспорттық операция-шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату.

2.импорттық операция-шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу.

3.реэкспорттық операция-бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.

4.реимпорттық операция-бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

ұлттық нарық пен халықаралық нарық бір-бірімен тығыз,бірақ өзіндік айырмашылықтары бар:

ұлттық нарық                                                            халықаралық нарық

1.тауарлар қозғалы                                           1.тауарлар қозғалысынан

сынан экономикал-                                            мемлекеттер арасындағы

ық факторлар әсер                                              шекаралық және жекелен-

етеді.                                                                    ген мемлекеттердің сырт-

                                                                              қы экономикалық саясат

                                                                              әсер етеді.

2.ұлттық шаруашы                                           2.жекеленген елдерде өнді-

лықтардағы тауар.                                              рілген кейбір тауарлар дү-

қозғалысы шектеу-                                            ние жүзілік тауар қозғалы-

болады.                                                                сы өте шектеулі болады.

3.ұлттық нарықтар                                           3.бұл нарықта «дүние жүзі-

да ұлттық бағалар                                              лік бағалар»деген ерекше

белгіленеді.                                                         баға жүйесі белгіленеді.

4.ұлттық нарықтар                                          4.халықаралық нарықта мо

дың монополизация-                                          полизациялау мүмкіндігі

          лану мүмкіндікте                                                төмен дәрежеде болады.

рі бар.

Дүние жүзілік нарық:

  1. отын шикізаттары
  2. ауыл шаруашылық нарығы
  3. тұтыну тауарлар нарығы
  4. өндіріске арналған тауарлар нарығы
  5. жұмысшы күші нарығы
  6. қызметтер нарығы
  7. капитал нарығы
  8. қару-жарақ нарығы
  9. валюталық нарық

10.фрак нарығы

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы сауда жиынтығы. Оның формалары:

  • аукциондық сауда
  • биржалық сауда
  • халықаралық көрмелер және жәрмеңкелер
  • машиналар мен құрал-жабдықтар арендасы
  • қарама-қарсы сауда
  • шекаралық сауда

Аукцион дегеніміз – алдын-ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.Ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің шектеулігі.

Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесі пайдаланылады.

Биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.

Негізінен биржалар комерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, олардың бекітілуіне ықпал етеді. Олардың бірнеше түрі бар:

  1. тауар биржасы
  2. қор биржасы
  3. еңбек биржасы
  4. валюта биржасы.

Тауар биржасы – сапасы жағынан стандартқа талықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.

Мұнда тауарларды сатуға өздерін алып келмейді, онда тауарлардың бар екенінолардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.

Қор биржасы – таза іскерлік принципінде жұмыс істейді. АҚШ-та оннан астам қор биржасы бар, ірісі Нью-Йорк. Амстердам, Мадрит, Копенгагин, Лиссабон қор биржалары Халықаралық қор биржасы болып табылады.

Валюта биржасы – бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта операциясының 72% «доллар-марка» мәселесінің үлеісне тиеді.

Еңбек биржасы жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлердің арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келісім сөздер жүргізіліп, контрактлерге қол қойылады.

Жәрмеңке – бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтң түрі.

Машиналар мен құрал-жабдықтардығ арендасы.

Аренда – бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп,шешуге және пайдалануға бнрнді.

Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншікті барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.

Жалға берушілер – меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.

Жалгерлер заңды-құқықытық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мекемелер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және тағы басқалар.

Халықаралық саудада аренданың 3 түрі қолданылады:

  1. лизинг – ұзақ мерзімді аренда (бір жылдан көп мерзімге дейін);
  2. хайринг –орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан жылға дейінгі мерзімге);
  3. рейтинг – қысқа мерзімді аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейін).

Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, құрылыс монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар.

Сонымен бірге лизингте бүтіндей өнеркәсіптік кәсіпорындар да берілуі мүмкін.

Лизингтік операцияның өте қарапайым тәсілін қарастырайық. Жалға беруші жалгермен арендалық келісім шартына қол қояды. өндіруші дайындайды және жалгерге аренда құралын береді.

Лизингтік компания банктен несие алады да, өндіруші мен есеп айырылысады және арендалық төлемдерден несиені өтейді.

Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді негізінен жалгер өзі жүзеге асырады.

Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактілер көп беріледі.

Хайринг құралдарына транспорттық құралдар, жол құрылыс машиналары, монтаждық құрал жабдықтар,ауыл шаруашылығы машиналары жатады.

Орта мерзімдік арендалар сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Келіскеге байланысты сақтандыру мен техникалық қызмет көретуді жалға беруші немесе жалгер жүргізеді.

Рейтинг контрактлары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.

Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.

Негізгі бұл контрактлардағы міндеттеме бойынша сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруді жүргізеді.

Траспоттық құралдар уақытша арендаға алу келісімі «тайм-чарт» деп аталады, яғни бұл келісім кезінде экипаж бен жүргізуші жалға алынады.

Ал, экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу «бербауд» деп аталады.

Қарама-қарсы сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі қарсы міндеттемесі.

Қарама –қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:

1.бартерлік келісімдер.

2.қарама-қарсы сатып алу келісімдері

3.кмерингтік келісімдер.

4.лицензиялық келісімдер.

5.компенциялық келісімдер.

Қарама-қарсы сауданы тереңірек түсіну үшін олардың түрлеріне сипаттама берейік.

Бартерлік келісім-валютасыз,бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған тауар айырбасы.

Қарама-қарсы сатып алу келісімдері.

Кмерингтік келісімдер-саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық баніктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.

Лицензиялық келісім-бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.

Компенсациялық келісім-алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айрысудың орнына тауар ұсыну келісімі.

Шекаралық сауда –сауда,төлем және жыл сайынғы қарар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас саудаларының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.

Дүниежүзілік нарық субьектілері:

1.Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік,инфрақұ-

рымдылық және тағы басқа обьектілерді салу кезінде құрылыс ауданына технологиялық құрал-жабдықтың толық комплектісін жеткізіп беретін фирма.

2.сауда үйі - бұл тауарлар мен қызметтердің кең номенклатурасы бойынша экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын сыртқы экономикалық ұйымның түрі.

3.диллер - өз атынан,өз есебінен тауарларды қайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма.

4.коммисионер - сауда келісімдегі елдал, белгілі мөлшердегі сыйлық үшінсату есебінен,бірақ өз атынан делдалдық жасайтын адам.

5.брокер - сауда делдалы ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды,бірақ қызығушы екі жақ- сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

6.коммиваяжер - сатушының тапсырысы бойынша,нарықта жүріп тұру арқылы оның тауарларын сатып алатын адамдарды іздестірумен айналысатын өткізу делдалы.

7.консорциум - бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының арасындағы бірлесіп заемді,орналастыру,кең ауқымдағы қаржылық немесе коммерциялық операцияларын жүргізудегі уақытша келісім.

2.2Халықаралық капитал миграциясы.

Капитал миграциясының ең басты себебі-белгілі бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы,яғни оның шектен тыс көп жинақталуы.

Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шет елде жұмыс істеуі төмендегі фирмалар бойынша іске асады.

1.Жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары.

Ол көбінесе жекеленген елдегі мемлекеттік ұйымдармен компаниялардың капиталды тасмалдануына негізделеді.

2.Ақша және тауар формалары.Сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында шығарылмайды,сонымен бірге,ол машина,құрал-жабдық,ноу-хау,патенттер және тауарлық несиелер формасында да шығарылады.

3.қысқа және ұзақ мерзімдік формада.

Қысқа мерзімдік капитал:

1.Басқа қаржы институттары есеп шоттарындағы депозиттер және қаржылар.

2.Қысқа мерзімдік делдалдар және несиелер

Ұзақ мерзімдік капитал:

1.Тіке инвестициялар

2.Портфелдік инвестициялар

3.Ұзақ мерзімдік займдар мен несиелер

4.Қарыз және кәсіпкерлік формада.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан,заемнан,несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі.Ал,кәсіпкерлік формада капитал көп жағдайда кіріс ретінде табыс әкеледі.

Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару-бұл басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау.Бұның негізгі жолдары:

1.Шетелде жеке меншік кәсіпорынды салу,

2.Шетелде аралас кәсіпорын құру;

3.Істеп тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;

4.Заңды түрде тәуелсіз кәсіпорындардың бөлімдерін ашү;

5.Жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу;

Жоғарыда айтылған барлық жағдайларда инвестицияланған капиталды қолдаушы және оны тікелей бақылаушы шетелдік инвестор болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал тікелей және портфелдік инвестиция болып бөлінеді.

Тікелей инвестициялар арқылы кәсіпорындар шетелдік инвесторлардың толық меншігінде болады немесе оның қолында кәсіпорының акцияларының бақылау пакеті болады.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша,тікелей инвестиция-инвестордың өз қаржысын жұмсаған обьектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болады.

Портфелдік инвестиция-шетел акцияларына,облигацияларына құнды қағаздарға капиталдың жұмсауы.Осы енгізудегі мақсат жоғары дивидиент алу.

Филиалдар:төл компаниялары,ассоциацияланған компания,бөлімше және тағы басқалары.

Төл компания-шетелдегі дербес компания болып саналады.оның өзіндік баламасы бар.Осы бас компания бақылап отырады.Соған сәйкес бас компания оның акцияларының көп бөлігінің немесе түгелдей осы компанияның иесі болып табылады.

Ассоцияланған компания- кейде оны аралас компания деп атайды.Оның төл компаниядан  айырмашылығы:бас компания оның акция пакеттерінің бір бөлігіне ғана иелік етеді.

2.3.Халықаралық ғылыми – техникалық айырбас.

Әрбір жағдайда технология түрліше түсіндіріледі.Затталған және затталмаған формада. Мемлекеттер, университтер, фирмалар, пайда әкелмейтін ұйымдар,қорлар,жеке тұлғалар-ғалымдар мен мамандар әлемдік технология нарығының субьектілері.

Технология деген өз құқығын сенімді қорғау үшін кез – келген ғылыммен байланысты,дамып жанару қажет.

Қазіргі кездегі ғылыми – технологияның дамуы өте кең түрде болып отыр.Нарықтық жағдайда әрбір мекеме,кәсіпорындар бәсеке қаблетіне тұра алу үшін,оның шығарған,өндірген өнімдердің сапалық дәрежесі жоғарғы деңгейде болуы қажет.

Технологияның дамуы мемлекеттің экономикалық дәрежесін анықтайды.

Ғылым деп белгілі бір пәннің,саланың теориялық және практика жүзінде өріс алуы.

Ғылыми-технологиялық айырбас деп түрлі мемлекет аралық технология жетістігінің  берілуі.Мысалы ретінде,Еуропа еліндерінде 90-шы жылдардың басында машина,өндірістік құрал жабдықтар өте жақсы дамыды.Бізге оның бәрі 2-3жылдан кейін жетіп отыр.

Ғылыми-техникалық айырбас ғылыми – техникалық ревалюция арқылы дамуда.

Ғылыми-техникалық революция деп технологияның жаңа дәрежесінің өмірге келуі.Мысал ретінде,компьютердің,одан кейін ноутбуктың дамуы,ұялы телефондардың,оның ішінде фотокамерасымен бейне камерасымен- осының бәрі ХХI ғасырдың басындағы ғылыми – техникалық төңкеріс,яғни революция.

Бұл сала экономикалық категорияның бір бөлігі боп саналады.Неліктен,өйткені:

1.Бұның дамуы экономиканың дамуы

2.Мемлекет аралық берілуі  сыртқы сауда байланысына әкеледі.

3.Әр мемлекеттің,кәсіпорынның пайдасын молайтады.

Осындай себептердің негізінде ғылыми-техникалық айырбас-экономикалық теорияның басты маңызды,жаңарып отырушы фактордың бірі болып саналады.

2.4.Халықаралық валюта-несие айырбасы.

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы,елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интеграционалдануы –ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады.Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық – қаржылық қатынастар қалыптасады.Оның дамуына әсер ететің жағдайлар:

1.Өндіргіш күштерінің дамуы

2.Дүниежүзілік нарықтың құрылуы

3.Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі

4.Шаруашылықтың дүниежүзіліки нрнацианалдануы.

Яғни,халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарда алуан түрлі формаларын қалыптпстыратын механизім боп табылады.

Халықаралық валюта қатынасы- әлемдік шаруашылықта валюталардың жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын және қатынастар нәтижелерімен өзара алмасуға қызмет көрсете отырып – векселдік және айырбас ісі түрінде антика әлемінде – Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болған қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Халықаралық валюта қатынастарының дамуына мыналар әсер етеді:

1.Өндіргіш күштердің өсуі-валюта бағамын өсіреді;

2.Әлемдік нарықты құру-әлемдік айырбастың болуы;

3.Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі-еңбек қаблетін терендеуін өсіреді;

4.Әлемдік шаруашылық жүйесін құру-жатады;

5.Валюта жүйесі ұлттық валютамен тығыз байланысты.Бұл байланыс сыртқы экономикалық байланысқа қызмет көрсететін ұлттық банктер арқылы жүзеге асады.

Халықаралық несие–қайтарылымдылық, жеделдік және пайыздар төлеу жағдайында валюта және тауар ресурстарын берумен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы ссудалық капитал қозғалысы.

Ақша формасындағы айналымдылық процесінде кәсіпорында уқытша жұмсалмайтын капиталдың бір бөлігі:банктер шоғырландыратын мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай жинағы халықаралық несенің көзі болып табылады.

Оның мынадай функциялары бар:

1.Кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін елдер арасында ссудалық капиталды қайта бөледі.

2.Нақты ақшаны несие ақшаларымен       алмастыру  жолымен,сондай-ақ  қол  ақшасыз жасалатын төлемдерді дамыту және жеделдету жолымен шығындарды үнемдеу ықпал етеді.

3.Капиталдың шоғырлануын және орталықтануын жеделдетуге ықпал тигізеді.

4.Халықаралық несие қатынасы нарықтың ғана емес,бірге мемлекеттікреттеу обьектісі болып саналады.Мемлекет несие беруші, донор,кепіл,қарыз алушы ретінде қатынаса отырып,халықаралық несие қатынастарының белсенді қатысушысы болып саналады.

Екі элемент бір-бірімен тығыз байланысты.

2.5.Халықаралық жұмысшы күшінің миграциясы.

Дүниежүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістін интернационализвциясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде.

Халық миграциясы дегеніміз –тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта орлалу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы,аусуы.

Ол түрлі формада болады: еңбектік,отбасылық,рекрациялық,турситік.

Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекаралары кесіп өтетін еңбек ресурстарыныңәр түрлі бағыттарын қамтиды.Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы – жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы.

Жұмысшы күші миграциясының 2 түрлі себебі бар.

1.экономикалық сипаты.

2.экономикалық емес сипаты.

Экономикалық емес сипаттағы себептерге: саяси,ұлттық,діндік,нәсілдік, отдасыл-ық және тағы басқалары жатады.Экономикалық сипаттағы себептерге:жекеленген елджердің дамуының әр түрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.

Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерде өмір деңгейі жоғары елдерге ауысады.Обьективті түрде миграция еңбекақы шартындағы ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайды.

Жұмысшы күші миграциясын анықтайтынмаңызды экономикалық факторлардың бірі кейбір елдерде, ең алдымен әлсіз дамыған елдерде жұмыссыздықтың орын алуы.Халықаралық еңбек миграциясының маңызды факторының бірі капиталдың шетке шығарылуы және халықаралық корпорациялардың қызмет етуі.

Трансұлттық корпарациялар жұмысшы күші мен капиталдың бірігуіне ықпал етеді,олар бұл жағдайда жұмысшы күшін капиталға қарай жылжытады немесе еңбек күші артық аймақтарға ауыстырады.

Транспорттық байланыс құралдарының дамуы өз ретінде халықаралық еңбек миграциясының елеулі түрде дамуына ықпал етеді.

Жұмысшы күші миграциясының 5 бағыты бар:

1.Жұмысшы күшінің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге миграциялануы.

2.Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция.

3.Дамушы елдер арасындағы жұмысшы күші –нің миграциясы.

4.Жұмысшы күшінің бұрыңғы социолистік елдерден дамыған елдерге миграциялануы.

5.Ғылыми қызметкерлердің,білікті мамандардың өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге миграциялануы.

Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшклігі:

1.Еңбек нарығында қатаң шектеулердің күшееюіне түсуі.

2.Мигранттар арасында жоғары квалификациялы мамандар санының ұлғаюы.

3.Сауданың кеңейтілуі.

4.Көп ұлттық кәсіпорындардың өсуі.

5.Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық сипатқа ие болуда.

Қабылдаушы ел үшін миграция көп пайда келтіреді.Бай елдер үшін демографиялық өзгерістер  өте маңызды рөл атқарады.

Жалпы жұмыс күші миграциясы көне заманнан белгілі.ХХ – ғасырдың екінші жартсынан бастап тұрғын халықтың миграциясы әлемдік шаруашылықтың сипатты құбылыстарының біріне айналды.Көлік байланысы құралдарының дамуы халықаралық еңбек миграциясының түбегейлі дамуына әсерін тигізеді.Және де ол әртүрлі бағыттарда өмір сүреді.

ІIІ тарау. Қазақстанның халықаралық экономикаға қатысуы

Халықаралық  валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны

Қазақстанның дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Heгізгі  валюталық саясаттың бipi - теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бip жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының (құнының) орнықтылығы. Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.

Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына (внутренняя конвертируемость) ic жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз - ол теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысу (полная конвертируемость) мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаражат турақтылығы, алтын, валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.

90-жылдардың ортасына қарай теңгенің ішкі ауысуының тұрақсыздығы экономиканың, сонымен қатар қолда бар ақша айналымының едәуір “долларлануына" әкелді.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол бepiлce аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.

Қазақстанның валюта саясатының маңызды бағыттарының бipi ТМД елдермен экономикалық және ва­люта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тәжірибені  пайдалану қажет.

Қазақстанның Халықаралық валюта Қоры (МВФ) сияқты халықаралық  қаржы ұйымдарына мүше болып кipyi ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, кәсіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары біздің елге бірқатар несиелер береді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндіктің төмендегі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бip нормалармен (инфляция деңгейі), бюджет тапшылығы т.б.) шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. Әрине мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бөліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.

1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бipi шетелдік инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру деп ұйғарып отыр. Инвестицияларды дамушы мемлекеттерді былай қойғанда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы  белгілі.

Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға деген Шығыс Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің орасан зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде капиталды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның  бәсекелестик қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсету және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Көптеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (жеңілдетілген кеден бажы) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет.

Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс:

1) Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келуіне байланысты барлық рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден бақылауымен ету, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға рұқсаттар бе­ру жөніндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта қарауымыз керек.

Күллі іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға қатысты, өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ipi бизнес тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамушы елдердің көпшілігі осындай, бip қарағанда ұсақ мәселеге мейлінше салиқалы назар аударады.

Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлылырына, жоғары сапалы мейманханаларының, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу болуға тиіс. Бұл қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады.

  1. Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үзілістердің жеңілдікті ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын енгізуге баруға тұрады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға тиіс.

Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ қарапайымнан күрделіге қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым объектілеріне — энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға, байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар аударуымыздың қажеттігі айқын. Бұл міндеттерді  шешпейінше, елде қолайлы инвестициялық, ахуалдың экспорт пен сауданың, бизнестің өмір сүруін қамтамасыз етудің күллі жүйесінің жақсы жұмыс icтeyi мүмкін емес.

Импортты алмастыру және бәрінен бұрын халық тұтынатын тауарларды, тағам мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында байсалды түрде ойлану қажет.

Ақыр соңында, аймақтық басымдықтарды әрі ең алдымен халықты жұмыспен қамту тұрғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі басымдықтар жүйесімен қатар ұластырылуга тиис. Бұл ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, мейлінше ұқыпты түрде ойластырған жөн.

  1. Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр түрлі алымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да басым болып табылатын салаларда ғана.
  2. Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануға арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
  3. Үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құру қажет.

Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс icтeп жатыр, өз уақытында ол жария етіледі.

3.2.Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі

Халықаралық үкіметаралық ұйымдар (ММПО) қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Халықаралық ұйымдардың бұл категориясының маңыздылығы олардың жұмысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып отыр.

Мемлекеттер бұл ұйымдарға мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мұндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі құрамында халықаралық ұйымдармен шұғылданатын бөлімдер бар, халықаралык, үкіметаралық ұйымдарға төленетін мүшелік жарна мемлекеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика­лық қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатарынан экономикалық мәселелермен шұғылданатын ұйымдардың қызметін атап көрсетейік. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық секторындағы жағдайды қарастырайық. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметгік кеңесі (ЭКО СОС) Бас Ассамблеяға, оның комитеттері — Екінші комитетке (экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі) және Үшінші комитетке (әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет жөніндегі) есеп беруге міндетті.

БҰҰ-ға мүше елдердің қатары өскен сайын экономикалық сектордың салмағы да арта түсуде. 60-жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД). Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйым (ЮНИДО) сияқты ірі экономикалық органдар құрылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Сто­кгольм конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыра бастады. БҰҰ-ның экономикалык, қызметтермен шұғылданатын бөлімдері оның ресурстарының басым бөлігін (65-тен 90%-ке дейін) жұмсайтын көрінеді.

Егер БҰҰ-ның маманданған мекемелері жөнінде айтатын болсақ, олардың қатарынан “таза" экономикалык, бөлімдерді бөліп алудың өзі қиын. Әрине, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарын экономикалық, әлеуметтік т.с.с. деп бөлудің өзі шартты нәрсе. Дегенмен жыл сайынғы жүздеген миллион бюджеттік шығындар БҰҰ-ның экономикалық қызметінің деңгейін көрсетсе керек. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ), Халықаралық еңбек ұйымының (MOT), БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО), қызметтерін жалпы талдау олардың іс-әрекеттеріндегі экономикалық аспектілердің мейлінше маңызды және басым екендігін көрсетеді.

Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мүшесі болып 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды. Біздің Респуб­лика БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі блогының белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстанның бұл беделді халықаралық ұйымдағы белсенділігі, әсіресе ядролық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалары да көпке мәлім.

Қазақстандық өкілдіктің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы іс-қимылдары айтуға тұрарлық. Соңғы уақыттың өзінде Қазақстан БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС), елді мекендер комиссиясы мен ақпарат Комитетінің мүшелігіне кірді. Біздің Рес­публика БҰҰ Бас Ассамблеясының космосты бейбіт мақсаттарға пайдалану комитетінің де мүшесі Қазақстан БҰҰ-ның даму және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасымен (ЮНЕП) де белсенді ынтымақтастықты қолдап, олардың Арал, Каспий, Семей проблемаларын шешудегі көмегіне үміт артып отыр.

БҰҰ-ның даму Бағдарламасы (ПРООН) 1965 жылы құрылған. Бұл Бағдарлама - дамушы елдерге көп жақты техникалық және инвестицияға дейінгі көмек көрсететін негізгі арна. Аталған көмектер эксперттерді жіберу, жабдықтар беру, стипендиялар тағайындау сияқты нысандарда жүзеге асырылады. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының Қазақстандағы қызметі 1993 жылы басталып, ұлттық кадрларды даярлау, үкіметке консультативтік көмек көрсету бағыттарында жүргізіліп келеді.

3.3.БҰҰ-ның маманданған мекемелері

Бүкіл дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) — метеорологиялық және гидрологиялық мәселелер жөніндегі халықаралық үкіметаралық ұйым 1950 жылы құрылған. Штаб-пәтері Женевада орналасқан. Қазақстан ВМО-ға 1993 жылы мүше болып кіруіне байланысты оның аймақтық тораптарын құруға қатысу мүмкіндігін алды және ВМО-ның көмектесу бағдарламасы шеңберінде қажетті жабдықтар алуға қол жеткізіп отыр.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) дүниежүзінің 170-тен астам мемлекеттерін біріктіреді. Женевада орналасқан. Қазақстан ВОЗ-ға 1992 жылдан мүше. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздің мемлекетке шетелде мамандар даярлау, жаңа әдебиеттер мен оқу құралдарын шығару сияқты істерде көмек беріп отыр. ВОЗ-дың бағдарламасы негізінде Семей полигоны аумағы халқының денсаулық жағдайы мен қажеттіктері зерттелуде. ВОЗ Алматыда денсаулық сақтау жүйесі үшін біліктілігі жоғары маман-менеджерлер дайындайтын Орталық ашуды жоспарлап отыр.

Бүкіл дүниежүзілік инттеллектуалды меншік ұйымы (ВОИС) — құрамында дүние жүзінің 140-тан астам мемле­кет бар халықаралық, үкіметаралық ұйым. Қазақстан ВОИС-қа 1992 жылдың ақпанынан бастап мүше, біздің мемлекет өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж одағының мүшесі және патенттік кооперация жөніндегі шарттың, тауар белгілерін тіркеу жөніндегі халықаралық Мадрид келісімінің белсенді қатысушысы. ВОИС Қазақстанның ұлттық патенттік ведомствосына, мемлекеттік авторлык, құқық агенттігіне мамандар даярлау, техникалық жабдықтау әдістемелік, ақпараттық қолдау мәселелерінде едәуір көмек көрсетіп келеді.

Бүкіл дүниежүзілік почта Одағы (ВПС) — халықаралық ұйымдардың ең көнесі 1874 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 170-тен астам мүшесі бар. Одақтың мақсаты — почта байланыстарын ұйымдастыру мен жақсартуды қамтамасыз етіп, бұл саладағы халықаралық қатынастар үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бүкіл дүниежүзілік почта одағына Қазақстан 1992 жылдың тамызында мүше болып кірді. Сеулде (Корея Республикасы) шақырылған соңғы бүкіл дүниежүзілік почта конгресінде Қазақстан осы одақтың жоғарғы органы — атқарушы кеңестің құрамына сайланды.

Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО) 1958 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда. 1994 жылдың наурызында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымына мүшелікке қабылданады. Бұл одақ кеме қатынасы, теңіздегі қауіпсіздік, навигация, теңіздің ластану мәселедері шеңберінде ынтымақтастыққа қызмет етеді.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 1995 жылы құрылған. 183 мемлекетті біріктіреді. Мақсаты, халықаралық әуе қатынастарының принциптері мен әдістерін жасау; азаматтық авиацияға көмек көрсету; ұшу жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына 1992 жылдың ішлдесінен бері мүше. 1994 жылы дүниежүзілік әуе транс­порты процесіне мейлінше интеграциялану үшін, сондай-ақ азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның ережелері мен нормаларын қатаң орындау мақсатында Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 4-конвенциясына және Протоколына қол қойды.

Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) — дүниежүзінің 170 мемлекетін әлеуметтік әділеттілікті жақтау, еңбек жағдайын жақсарту және қорғау, мамандыққа үйрету мәселелері төңірегінде біріктіріп отыр. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымына 1993 жылдан мүше. 1995 жы­лы аталған ұйым Алматыда Орталық Азия мемлекеттері үшін өзінің аймақтық офисін ашты.

Халықаралық электр байланысы одағы (МСЭ). Бұл одаққа 17 0 мемлекет мүше. Мақсаты: электр байланысының барлық түрлерінің техникалық жабдықтарын жақсарту телекоммуникация саласына жаңа технологиялар енгізу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Қазақстан аталған ұйымға оның Жарғысы мен конвенциясына қол қойғаннан соң 1993 жылдың ақпанында қабылданды.

БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі маманландырылған ұйымы (ЮНЕСКО) 1945 жылы құрылған. Оның мақсаты дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды ғылым, білім, мәдениет салаларындағы еларалық ынтымақтастықты мейлінше күшейту арқылы жүзеге асыру. ЮНЕСКО-ның секретариаты Парижде (Франция) орналасқан.

Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылдың мамырында мүше болып кірді. Қазақстанда және дүниежүзінің басқа да  көптеген елдерінде ЮНЕСКО-ның   қамқорлығымен Абайдың 150 жылдығы және М. Әуезовтің 100 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. 1995 жылдың тамызында Алматыда ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен “Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім берудің жағдайлары" атты форум өткізілді.

3.4. Халықаралық қаржы ұйымдары

Халықаралық валюталық қор (МВФ) 1945 жылы құрылған. Штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. Мақсаты: халықаралық валюталық ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем ба­лансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.

Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) 1945 жылы құрылған. МБРР-дың мүшелігіне тек қана МВФ-тың мүшелері қабылданады. Қазір құрамында 176 ел бар. Мақсаты: өндірісті ұлғайту үлгін күрделі қаржының қажетті бағыттарын ынталандыру, шетелдік жеке меншік капиталды келтіруді ынталандыру, халықаралық сауданың тұрақты түрде өсуіне жағдай жасау, т. б.

Халықаралық даму ассоциациясы (MAP) — (МБРР)-дың филиалы. 1960 жылы ең кедей елдерге процентсіз займ беретін несие ұйымы ретінде қурылған, қатарында 154 ел бар. MAP өз несиелерін табысы жан басына шаққанда 1305 доллардан аспайтын елдерге ғана береді.

Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) 1956 жы­лы экономикасы нашар дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын тікелей инвестициялау мақсатында МБРР-дың филиалы ретінде құрылған. МФК-ға 156 ел мүше.

Инвестицияларға кепілдік беретін көп жақты агенттік (МАГИ) — МБРР-дың филиалы ретінде 1988 жылы құрылған. Қазір МАГИ-ге 110 мүше ел бар. Аталған агенттік дамушы елдерге жеке меншік инвестицияларды тартумен шұғылданады. Бұл ұйым жеке меншік инвестици­яларды келтіру бағытында жекелеген үкіметтерге өзінің консультациялық-кеңестік қызметтерін ұсынады. Инвестициялық шиеленістерді реттеуші Халықаралық Орталық (МЦУИС) 90-жылдардың басында құрылған. МБРР-дың филиалы.

Қазақстан МВФ пен МБРР-ге 1992 жылы мүше болды. Аталған қаржылық ұйымдарға мүше болып кіру мақсатында Қазақстанда 1992   жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы" арнайы заң қабылданды.

1993 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі экономикада түбегейлі реформаларды жүзеге асыру және қаржылық тұрақтандыруға жету бағытындағы жалпыэкономикалық стратегияны қолдап келеді.

Азия даму банкі (АБР) — Азия, Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қаржылық мекеме. 1966 жылы құрылған. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. АБР-ға 54 ел мүше. Қазақстан АБР-ға 1994 жылдың қаңтарынан мүше. 1994 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен АБР өкілдігі арасында өзара түсінісушілік Меморандумына қол қойылды.

Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕБРР) 1990 жылдың маусым айында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің рыноктық экономикаға өтуіне көмек көрсету мақсатында құрылған. Қазақстан Еуропалық банкке 1992 жылы мүше болып кірді. Қазақстанға қатысты Банк стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе кадрлар даярлау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде ауыл шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен көлік шаруашылығына нақты инвестициялар тарту көзделеді.

3.5. Орталық Азия Экономикалық кеңістігі

Қазақстан экономикасын жандандырудың және оның дүниежүзілік қоғамдастықпен үйлесуін жеделдетудің маңызды факторларының бірі — Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз экономикалык, байланыстарды орнықтыру.

Орталық Азия мемлекеттері халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, болмысы терең тамырлас. Бұл аймақта орналасқан мемлекеттердің территориясы 4 млн. шаршы км. Халқының саны 50 миллионнан астам. Геосаяси орналасу артықшылықтары, ортақ шекаралары, бір-бірімен байланыстырып жатқан көлік және коммуникациялық қатынастары бар, сондай-ақ, табиғи шикізаттар ресурстарының барланған мол көздері бар. Бұл мемлекеттердің экономикаларының өзара әрекеттесуін жолға қоюдың саяси және экономикалық болашағы зор.

Орталық Азия мемлекеттерінің дамыған тау-кен, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, электроэнергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бар.

Орталық Азия аумағындағы интеграциялық процестерді тереңдету және кеңейту мақсатында 1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік жасау жөніндегі келісімге қол қойылды. Кейінірек аталған келісімге Қырғызстан қосылды. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесі құрылып оның жұмысшы органы — Атқарушы комитет тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрлер және сыртқы істер, қорғаныс министрлері Кеңестері ұйымдастырылды. Орталық азиялық ынтымақтастық  пен  даму  банкі  құрылып, оның жарғылық қорына — Өзбекстан 918 мың доллар, Қазақстан — 833 мың доллар, Қырғызстан — 333 мың доллар салды.

Қаржы және төлем қатынастары шеңберінде ынтымақтастықты дамыту бағытында аталған банк сауда және басқа да операциялар жөніндегі көп жақты мемлекетаралық есептеулерді жүзеге асыруды, төлем жүйелері мен ақша аударуды орнықтыруды, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құруға көмектесуді, стратегиялық бағдарламаларды несиелеуді, жалпыаймақтық белгідегі объектілерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, келісімде көрсетілген Ортақ рынокқа жылжу шаралары, әсіресе өзара сауда сферасында, орындалмай отыр. Мұның өзі бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ұлттық заң шығармашылығындағы айырмашылықтар және осы мемлекеттердің әрқайсысында қалыптасқан экономиканың ахуалы.

Істің шын мәнінде, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларын үйлестіру жұмыстары күтілген нәтижелерге жете алмай, артқан үміттерді ақтай алмай отыр.

Кедендік одақ 1995 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы бұдан сәл бұрынырақ Ресей Федерациясы мен Бела­русь Республикасы құрған кедендік одаққа қосылды. Кейінірек аталған одақтың төртінші мүшесі болып Қырғызстан қабылданды. Мұндай жауапты қадам “төрттіктен" ұлттық заң шығармашылығы жүйелерін үйлестіру бағытында көптеген жұмыстарды атқаруды талап етті.

1995 жылдың шілде айында Кедендік одақ құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Одаққа мүше елдер арасындағы кеден алымдары жойылды, басқа елдердің тауарлары үшін біртектес кедендік алымдар белгіленді, экспорт, реэкспорт және импорт ережелері сәйкестендірілді, Кедендік одақ елдері үшін жеңілдіктердің бірыңғай жүйесі қабылданды.

Қазіргі кезде Кедендік Одақ құрудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Дегенмен, Кедендік Одақ шеңберіндегі қызметтер көптеген айтыс-тартыстар туғызуда.

1998 жылы қаңтардың 22-сінде Мәскеуде Мемлекетаралық кеңеске мүше — Қазақстан, Қырғызстан, Бела­русь республикаларының және Ресей Федерациясының Президенттері кездесті. Мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі бұл кездесуінде төрт мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға негізделген мәселелер төңірегінде ортақ уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның көпшілігі кеден тәртібі мен кедендік алымдарға тікелей қатысты. Атап айтқанда, Кеден одағына қатысушы елдердің жалпы кедендік тарифі, акциздік салық саясатын үйлестіру, салық қызметінде өзара әрекет етудің негізгі принциптерін анықтау, көлік одағын қалыптастыру, Кеден Одағына кіретін мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау шарттарын ыңғайластыру және кеденнен өткізілетін тауарларға құжат дайындау тәртібін жеңілдету туралы мәні мен маңызы зор мәселелер жөнінде шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшыларының бұл кездесуінде қызу талқыланып, қолдау тапқан басқа мәселелер де болды. Ол Н. Назарбаевтың тікелей жетекшілігімен дайындалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы шарт жобасы еді. Бұл жобаны дайындау барысында Президент Батыс Еуропаның, Солтүстік Американың, тағы басқа мемлекеттердің өзара интеграциялық байланыстар жасаудағы тәжірибелерін жан-жақты зерттеуден өткізген. Ол Еуропалық одақтың тарихи базасы ретінде құрылмақшы. Өйткені, Еуропалық одақ дүниеге келгеннен бері өзінің өмірлік мәні зор екендігін көрсете білді. Тиімділігі зор, тәжірибесі көп.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басты міндеттеріне: мемлекеттер арасындағы ортақ рынокты қалыптастыру, импорт және экспортқа шығарылатын тауар түрлерін шектеуді жою, осыған байланысты заңдық құжаттар мен нормативтік актілерді жақындастыру болып табылады. Жоба бойынша бұлар алты жылда ретке келтірілуі тиіс. Әрқайсысы үш жылдан екі кезеңге бөлінген. Еуропалық одақтың кезеңі 12 жылға созылады.

3.6.Қазақстандағы сауданың дамуы.

Ал,енді Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы туралы айтатын болсақ бірнеше жылдар арсында олардың дамуын қарастырған жөн.Мысал ретінде бір мың тоғыз жүз тоқсан төрт пен бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші  жылдар және де қазіргі кездегі сыртқы сауданың белсенді даму қажеттілігінде туындаған Қазақстан Республикасының Президентінің екі мың бесінші жарлығын да  қарастырған жөн.Яғни,екі ғасырдың ағымын,бастау келбетін мен даму прогресінің нәтижесін көрейік.

Қазақстан Республикасының геосаяси орыны,жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы,сондай-ақ бай табиғи ресурс қуатты өндірістік кооперациялауға,біріккен кәсіпорын ұйымдастыруға , агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды.Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрыңғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді.Қазақстан ТМД елдері мен сауда – экономикалық байланыстарын да дүниежүзінде белгіленге сауда-құқықтық негіздеріне,сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымының принціптеріне сүйенеді.Саудадағы түрлі лицензия түрінде квота,баж сплығы кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасалуды.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әр түрлі жолдары бар екені белгілі.ТМД елдерімен екі жақ келісімдер негізінде,көпжақты келісімдерді тереңдету,аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу.Сыртқы сауданы либеризациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының айналымына әсер етеді.Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекет аралық коммисиялар жатады,сондай-ақынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді шешеді.

Қазіргі кезде Өзбекстан мен Қазақстан тұрақты халықаралық сауда-экономикалық байланыста.Аймақтық эксперттердің ойы бойынша республикаға беретін пайдасы мыналар:

а)отандық өкімдерді экспорттауға әдеттегі тосқауылды алу жағдайы әлемдік экономика мен сауда экономикалық байланыстарды  тереңдету,капиталдың ағылуы жолдарын халықаралық мамандануға қарай бұрады.

ә)халықаралық саудаға теңдік,дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін барлық мемлекеттер сияқты сауда қағидалары мен жеңілдіктерге ие болады.

б)сыртқы сауданы дамытуға ұзақ жылдаға болжам жасау арқылы сауда стратегиясын ойластыру мүмкіндігінің болуы,сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа шығуына жол ашу.

в)республикалардың дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуынан бастап осы ұйымға мүше елдер тарапынан мейлінше қолайлы жағдай туғызуы.

г)халықаралық сауда қағидалары мен тараған принціптердің негізінде әртүрлі келіспеушіліктерді реттеу.

д)халықаралық сауда ауқымында болып жатқан хабарлар базасын қолдау мүмкіншілігі.

Халықаралық сауда орталығы ауқымында компьютерлік торды қолдануымен,өнімнің кодын кіргізу арқылы,осы өнімді экспортқа және импортқа шығарушылар туралы анықтаманың, сондай-ақ тұтынушылар мен импотерлер жөнінде хабарлар бере алады.Қазіргі жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымына кірмей халықаралық еңбек бөлінісінің пайдасын толық қолдану мүмкін емес және шаруашылық субьектілеріне әлемдік нарыққа кіруде шетелдік бәсекелеске тең жағдай жасау мүмкіншілігі жоқ.Одан бавқа,Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кірудің басқа да елдермен сауда-экономикалық келісім құруды жеңілдетеді.Ал,бұл келісімдердің әрқайсысына көптеген қаржы керек болар еді.

Халықаралық сауда жүйесіндегі қауымдастық процесінде сауда саясатының негізгі мақсаттарының аспектілері төмендегідей:

а)Орта Азия мемлекеттерінің халқының гүлденуіне жету мақсатында өзара пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;

ә)сауда тәртібінің мейліше бейтараптылығына қол жеткізу;

б)республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқықты мүше болуына жетуі:

Осы жетістіктерге жетуде республикалар алдына сауда саясатын мынадай міндеттер жүктейді:

а)сыртқы және ішкі сауданы одан әрі либерализациялау;

ә)халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтың сауда жүйесіне кіргізудегі белсенділігін арттыру;

б)экспорттық салалардың даму жолында экономикалық құрылымын қайта құруды мүлде жетілдіру;

в)сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын арықарай жетілдіру;

г)сыртқы және ішкі сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиені кіргізу;

д)сауда инфрақұрылымының негізгі элементтерін қалыптастыру;

е)экспорттық қадағалауды күшейту;

Халықаралық саудадағы мемлекеттің рөлі сауда барысындағы тиімді және ашық үш жағдайғй байланысты:

-ұлттық экономиканың дамуын басқару;

-күнделікті ресми қадағалауды жүргізу;

-өнім мен қызмет көрсетуде ірі кәсіпорындарды басқару.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Халықаралық экономикалық қатынаста өзінің бағытын кеңейтуде.Оған себеп болушы бірнеше факторлар ықпал етті.Негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер мыналар:

Жалпы ішкі өнім(ЖІӨ)(МЛН$)         1,1

ЖІӨ,адам басына шаққанда (млн$)   1275

Экспорт (млн$)(ТМД елдерінен)      6230

ипорт (млн$)(ТМД елдерінен)         4261

Экспорт ЖІӨ% есебінде                 29,6

импорт ЖІӨ% есебінде                  -20,2

сауда сальдосы,млн%                    1969

Төлем балансына дефецит             -1,8

Инфляция                                    30

Жұмыссыздық деңгейі %                4,1

Орташа жалақы (АҚШ %)               101,8

Қазақстаның басқа елдерге экспортының үлес салмағы мына кестеде:

                                      2006     2007     2008

Барлығы (млн$)          3230,7   4974,4  6230,4

Оның ішінде ТМ       1905,2    2801,3  3671,6

%-тік қатынасы         58,97     56,31    58,93

Даммушы елдер        635,5      949,4     1226,4

                                    19,67      19,09      19,68

Дамыған елдер           690        1223,7    1332,4

                                    21,36      24,6       21,39

Таблицадан көріп отырғанымыздай ТМД елдерінің үлес мөлшері көпшілік орынды алады,яғни 2006жылы 58,93%.2007 жылы көбейіп келеді(62%)7

Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 10491,7 млн.$(1995 жылы деңгейімен салыстырғанда 120%),оның ішінде экспорт -6230,4млн$(125%),импорт-4261,3млн$(113%)7Оның ішінде негізгі сауда серіктестері Россия(49%),Украина(3%),Өзбекстан(3%).

Ал,алыс шетелдердің сыртқы сауда айналымындағы үлемс салмағы мынадай:Еуропа елдері 23%,Германия 3%,Нидерланд 35%,Ұлыбритания 3%,     Азия-тыңық мұхит аймағында үлес салмағы 13%, Қытай 5%, Оңтүстік Корея 2,5%.Ал,дамыған капиталистік елдер мен экспортың үлесі 1996 жылы 21,39-тен аспай отыр.Бұл елдермен сыртқы сауда байланыстары қалыптасу үстінде.Импорттық құрылымында тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шығындар басым.Ал,экспорттық саясат көбінесе шикізат пен жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр.Жақын жылдары республика тарапынан экспортты және импортты реттеу мәселесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс.Экспорт пен импорттың географиясына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екеніен байқауға болады,ол өздігіненреспублика экономикасына зиянын тигізіді.Бақылаудың нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуынан және валюта құралдарының ағылуына төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды:

1.Батыс және Шығыс транспорттық тораптарының болмауы.Барлық транспорт торабының Россия арқылы өтуі.Қазақстанның негізгі шикізат ресурстарың тұтынатын Еуропа елдері болып отыр,ал оған жеткізу жолдары қымбатқа түседі.

2.Қазақстан дүниежүзілік нарықта экспорттық өнімдердің маркетингтік зерттеулерін жүргізе алмауда,сондықтан да дүниежүзілік нарықтың коньектурасына бағынышты болып өзінің толық бағытта экспорттық саясатын жасай алмай отыр.

3.Өндірістің дайын бұйымдары өздерінің төмен деңгеймен және технологиялық нашар дамуымен дүниежүзілік нарықта бәсекегк түсе алмайды.Сондықтан әлемдік дайын бұйымдар нарығында өздерінің алатын орынын табу  үшін болып отыр.

4.Қазақстанның сыртқы экономикалық ұйымдарының сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру тәжірбиысінің аздығы,сондықтан да көптеген қателіктер жіберуде.

5.Қазақстанның әлесмдік нарықта бет-бейнесі әлі қалыптасқан жоқ.Қазіргі кезде фирмалар артық төлеуге дайын,бірақ өнім шығарушы нақты,тұрақты,саналы өніммен қамтамасыз етуі қажет.Ал,бізде ондай мүмкіншілік жоқ.

3.7.Әлемдік экономикадағы интернационализация, глобализация мен аймақтандыру: тенденциялары мен қарама – қайшылықтары

«Экономикалық интернационализация» ұғымы оқу және ғылыми әдебиетте кең падйдаланылады. Бірақ, кейде не туралы әңгіме болып жатқаны түсініксіз. Мысалға, кең таралған Р.И.Хасбулатовтың редакциялауымен жазылған кітапта былай айтылады: «Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен қалыптасумен қоса жүретін ең маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді тенденция – интернационализация процесінің тоқтаусыз өсуі... Интернационализацияға: халықтың экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа қоғамдық байланыстарының өзара қарым – қатынастары мен өзара тәуелділігін тежейтін әр түрлі кедергілерді біртіндеп жою арқылы оларды жақындастыру және бастапқы ұлттық құбылыстарды халықаралық құбылыстарға айналдыру кіреді».

Шын мәнінде «интернационал» деген сөз қазақша «халықаралық» деген мағынаны береді, осған орай, интернационализация туралы айтқанда, зерттелетін құбылыстардың халықаралық сипатын айтамыз. Демек, экономикалық құбылыстар мен процестердің халықаралыққа айналуын білдіреді.

Мұндай мағынада түсініліп отыған интернационализация – ХЭҚ-р сияқты көне құбылыс. Тарихтан белгілі болғандай, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстар біздің дәуірімізге дейін дамыған еді. Бірақ та көрсетілген кітап авторлары оны білген жоқ деуіміз дұрыс емес. Олар Рим империясыныың болашақ дүниежүзілік қатынастардың алғашқы бейнесі болғанын айтады.

Сондықтан, әңгіме дүниежүзілік экономиканың қашан пайда болғанында емес. Ертедегі Риммен қатар, бүкіл кең байтақ Еуразия құрлығында ғасырлар бойы әрекет еткен орнықты сауда байланыстары қалыптасқан. Айқын мысал ретінде Шығыс пен Батысты бірнеше жүз жылдар бойы байланыстырып келген Жібек жолын келтіруге болады. Бірақ бұл байланыстар үзіліп, қайта жанданып, кейбіреуі із-түзсіз жоқ болып немесе бағыттарын өзгерткен еді. Сондықтан, біз экономика интернационализациясы туралы айтқанда, елдер арасындағы қалыпты және орнықты экономикалық байланыстардың қалыптасуын жобалаймыз.

Мұндай байланыстар ұлттық экономиканы жетіспейтін ресурстармен қамтамасыз ететін, өндірістік және тұтыну секторына қызмет ететін біртұтас ұдайы өндіріс процесінің объективті қалыптасқан тізбектері болуы мүмкін еді. Бұл шарттар ірі мануфактура өндірісінің пайда болуына байланысты туындап, машина өндірісіне өту кезінде нығая түсті.

Машина индустриясына өту мен экономика интернационализациясы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісінің объективті факторы болып, халықаралық экономикалық қатынастарды өндірістік байланыстармен бекітті деп айтуға болады.

Қазір ХЭҚ-ға қатыспайтынел немесе халық жоқ және экономика интернационализациясы жалпылама құбылыс болып отыр. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы күшейіп келе жатқан өзара байланыстылық пен өзара тәуелділік көптеген тарихи, әсіресе техникалық және экономикалық сипаттағы факторлармен анықталған. Бұл жерде экономика интернационализациясының  жылдамдалуының объективті негіздерін ашатын көптеген басылымдарды қайталаудың қажеттігі жоқ. Бұл мәселелер оқу әдебиеттерінде ғана емес, ғылыми әдебиетте де барынша түсіндірілген. Келесі тауарларда кітаптың логикалық құрылымына байланысты бірнеше мәселелерге тоқталамыз, ал бұл мәселелерді тереңірек қарастырғысы келгендер арнайы әдебиетке жүгінгені жөн.

Қазіргі экономикалық процестердің ұлттық сипатының тереңдеуі «экономика глобализациясы», «глобалды экономика» және тағы басқа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жоғарыда көрсетілген жұмыста бізді таң қалдырған жағдай -  әлем экономикасының глобплизациясын трансұлттық компаниялардың іс-әрекетімен байланыстыруы. Трансұлттық компаниялардың әлемдік экономикадағы процестер мен ХЭҚ-ға үлкен әсер беретіні сөзсіз. Ол туралы «ХЭҚ субъектілері» атты тарауда айтылып өткен, әрі қарай арнайы бөлімде толық талқыланады.

«Глобалды мәселелер», «әр түрлі процестер глобализациясы» деп аталған құбылыстарға келсек, ғылыми әдебиетте ол 80-жылдарда бекіген және ол әр түрлі елдердегі өмір сүру жағдайларын зерттеумен, оны жақсарту жайында ұсыныстар берумен айналысатын халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметімен тікелей байланысты. «Глобалды» деген сөздің өзі «бүкіл әлемді қамтыған», «бүкіл әлемдік» және тағы басқа сондай ұғым береді. Яғни, бұл жерде алғашқыда жергілікті болып көрінгенімен, әлемдік салдары бар процестер мен шешімдер туралы әңгіме болып отыр. Демек, әлемдік экономиканың глобализациясы дегеніміз, бірінші кезекте, экономикадағы ұдайы өндіріс процесін интернационализациялаудың ХЭҚ-ға қатысушы жекелеген субъектілер басқа қатысушылардың экономикалық мүддесіне әсер етпей шешім қабылдай алмауы сатысын білдіреді.

Американдық немесе канадалық фермерлердің кез келген шешімі глобалдық шешім болып табылмайды. Бірақ әлем астығының ¼ өндіретін бұл елдердің үкіметі астық көлемін реттеу туралы шешім қабылдаса, ал бірден дүниежүзілік астық рыногына, яғни көптеген миллион адамдардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық процестердің глобализациясы ХЭҚ-дың барлық субъектілерінің шешімі мен іс-әрекетіне байланысты болады.

Ұдайы өндіріс процестерінң ұлттық шекаралардан шығуы, ұлттық экономиканың дамуы тек ұлттық ресурстарға ғана сүйенбейтіндігін және «егеменді» елдер үкіметтерінің ірі экономикалық шешімдер қабылдауы олардың тек ішкі ісі болмайтындығын білдіреді. Сөйтіп экономикалық процестердің глобализациясы ұлттық приритеттерді әлемдік экономикадағы өзгерістерге  байланысты қацта ойластыруды қажет етеді. Қазіргі кезеде адамзаттың глобалды мәселелері оның ішінде экономикалық мәселелері, көптеген жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларының ажырамас бөлігі болды. Бұл мәселелер әр түрлі ресурстардың әлем елдері бойынша түрлі орналасуымен күрделене түседі. Бірақ, олар тіпті территориялар бойынша бір қалыпты орналасса да, бұл мәселелер басқа факторларға байланысты туындар еді. Ондай факторлар: бір ресурстардың таусылуы, елдердің түрлі экономикалық даму деңгейі, техникалық және технологиялық дамуының әр түрлілігі және тағы басқалар. Экономика глобализациясы әлемдік деңгейде экономикалық іс-әрекеті үйлестіруді қажет етеді.

Экономикалық процестердің глобализациясы ХЭҚ-ң әлемнің барлық жері мен елдері арасында бір қалыпты дамуын білдірмейді. Егер де әлем мен елдердің барлық жерінде экономикалық даму үрдісі бірдей болған жағдайда, қазіргі ХЭҚ көптеген мәселелерден құтылған болар еді.

Бірақ көптеген тарихи саяси, мәдени және тағы басқадай сипаттағы себептерге байланысты түрлі елдер мен халықтардың экономикалық дамуы бір қалыпты өтпеуде. Адамзат даму тарихы барысында әлемнің түрлі бөліктерінде экономикалық өсудің «нүктелері» пайда болды. Ол өз шеңберіне басқа елдер мен мемлекеттерді тартып, халықаралық деңгейде өзіне бірнеше елдер мен халықтарды енгізіп, қарқынды шаруашылық байланыстары бар әлемнің белгілі бір аудандары мен аймақтары пайда бола бастады.

Қазіргі экономикалық әдебиетте бұл процесс әлемдік экономикадағы аймақтандыру деп аталады. Аймақтандыру біздің ғасырымыздың екінші жартысында қарқынды бами бастады, оқу әдебиеттерінде ол қазіргі әлемдік экономикадағы интеграция тақырыбында қарастырылады. Біз бұл процесті саналы түрде ерекшелеп отырмыз, өйткені аймақтандыру мен интеграция өзара байланысты болғанымен, ХЭҚ дамуының әр түрлі сатысы екендігін ескерген жөн.

Латын тілінен алынған «регион» сөзі облыс, ел мағынасын береді. Қазіргі жағдайда бір-бірінен әр түрлі нышандармен ерекшеленетін белгілі бір территория, ал халықаралық қатынаста өзінің экономикалық-географиялық, саяси, ұлттық және тағы басқа белгілері бойынша жақын елдердің топтары ретінде қолданылады. Бірақ мұндай анықтауда экономикалық аймақтың мәні жоқ болып шығады. Қазіргі заманда дүниеде өзара қатынасы әр түрлі деңгейлі 30-дан аса аймақтық топтар бар. Олардың көбінде сыртқы экономикалық байланыстары ішкі байланыстарынан басым, қалғандарында жағдай керісінше. Сондықтан аймақтың  экономикалық қандай нышаны бар және әлемдік экономиканың аймақтануының себептері не? Деген сұрақ туады.

Біздің түсінігімізде, аймақ – басқа елдерге қарағанда араларында экономикалық қатынастары үрдісті болатын ел топтары. Бірақ өмір сүріп жатқан аймақтық топтар көбінесе бұл критерийлерге жауап бермейді. Осыған байланысты, әлемдік экономикадағы аймақтандырудың заңдылықтары жоқ деуге бола ма?

Ол заңдылықтар бар, бірақ ішкі қатынастарға қарағанда халықаралық экономикалық қатынастарға саяси, идеологиялық, әскери және тағы басқадай факторлар күшті әсер етуіне байланысты болып отыр. Сондықтан ХЭҚ теориясында бұл сұрақ екі жақты қарастырылуы мүмкін. Бір жағынан мемлекетаралық келісімдер, екінші жағынан экономикалық шырмалу ретінде өмір сүріп отырған аймақтық топтарда бұл факторларды бір-бірінен айыру қиын. Кейбіреулері бастапқыда экономикалық аймақ ретінден құрылды, кейбіреуі саяси топ ретінде құрылды.

Бірақ та экономикалық даму мен шырмалу заңдылығы басым. Мысалға Канада әлі күнге дейін Британ одағына доминан ретінде кіргенімен, шын мәнінде экономика жағынан АҚШ-пен бұрыннан интеграцияланған. Бірақ бұл нақты жағдай мемлекетаралық келісім ретінде жақында ғана жасалды. Оған қарама-қарсы мысал – ТМД. Бұрын, КСРО кезінде, экономикасы қатты интеграцияланған еді, бірақ бұл жерде әзірше экономикалық дезинтеграция көбірек байқалуда.

Сөйтіп аймақтық бірлестіктер мемлекеттің экономикалық өсу жағдайын қамтамасыз ету мақсатымен жасалуы мүмкін, екінші жағдайында экономикалық өсу нәтижесіндегі экономикалық қатынастар белсенділігі туынлап, оны кейін мемлекетаралық келісісдер арқылы тіркеу жүргізілуі мүмкін. Ол процесті қазір Азия-Тынық мұхит аймағында болады.

Қазіргі заманғы әдебиетте ең дамыған үш аймақ туралы көп айтылады: ол Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жапония. Бұл басқа экономикалық қатынастар саласынан болғанымен, бұл жерлерде аймақтық процестер айқын көрінуін ешкім теріске шығара алмайды. Бұл аймақтарға ХЭҚ келесі сатысы болатын интеграция процестерін талдау кезінде әлі ораламыз.

Қорыта келіп, айтатынымыз, бір ел бірнеше аймақтық топ мүшесі болуы мүмкін. Мысалға: Қазақстан Республикасы ТМД, Кедендік Одақ, Біртұтас экономикалық Кеңістік, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мүшесі ьолып, соның әрқайсысында өзінің арнайы экономикалық мәселелерін шешуге тырысуда. Бірақ бұл топтардың әзірше көбірек саяси мағынасы болғанымен, келешекте олар Қазақстанның экономикалық дамуына тиімді жағдай туғызар деген ойдамыз.лықаралық Стандарт.

Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 “Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнім­дерінің сапасын басқару” стандарты әзір­леніп, 2005 жылдан қолданысқа ен­гізілген. Бұл стандарт Еуропа қауым­дастық кеңесінің директиваларында берілген НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Бірақ санаулы ғана кәсіпорын өздеріне НАССР жүйесін енгізе бастады. Оларда негізінен НАССР жүйесін енгізуге міндетті болып санала­тын елдермен ынтымақтастық орнатқан фирмалар ғана.

Бүгінгі күні тамақ өнімдерінің қауіп­сіз­дігін әлемдік стандартқа сай қамта­масыз ете алатын кәсіпорындар ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің әлемдік рыногы өнім қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуді өте-мөте қажет етуде. Алайда санитарлық-гигиеналық нормалардағы ұлттық айырмашылықтар халықаралық сауда базасын құруға ай­тарлықтай кедергі жасап келді. Осындай жағдайда қажетті сәйкестікке қол жет­кізу үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесінің жаппай мақұлданған моделін енгізу көзделген еді. Осы мақсат бойынша 2005 жылдың тамыз айында ИСО 22000:2005 “Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өн­діру және тұтыну сала­сын­дағы барлық ұйымдарға қойы­латын талаптар” халық­аралық стандарты бекітілді.

Тамақ өнімдерінің қауіп­сіз­дігі жөнінен алғашқы бо­лып табылатын осы стандарт кез келген тамақ өндіру кә­сіп­орны үшін тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеу кезінде ұста­натын қағидалар мен жүзеге асырылатын іс шаралар тізбегін қамтиды. Бұл стан­дарт, сондай-ақ құрал-жабдық, орама, қап­шық, тағамдық қоспалар мен ши­кізат, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері, мал азығы т.б. өндіретін ұйым­дарға қатысты. Яғни ИСО 22000:2005 стандарты азық-түлік тауарларын өндіру, өңдеу, өткізу, салаларындағы операция­ларды түгелдей реттеуге арналған. Осы халықаралық стандарттың маңыздылы­ғын ескере отырып, ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ ИСО 22000-2006 мемлекеттік стандарт­тын әзірлеп, қолданысқа енгізді. Сон­дықтан еліміздегі ауылшаруашылық ұйымдарынан бастап өнімді өткізуге дейінгі аралықтағы тамақ өнімдерімен айналысатын барлық мекеме, кәсіп­орын­дар тамақ өнімінің қауіпсіздік жүйе­сін әзірлеп, енгізуде осы стандартты толық пайдалана алады.

Халықаралық стандарт 22000:2005 НАССР принциптері мен оларды енгізу сатыларын қамтиды. Сонымен қатар, жүйенің қажетті бағдарлама, жоспар­ларын біріктіреді. Яғни, тамақ өнімдері­нің қауіпсіздігіне қатысты іс әрекеттерді жос­парлауға көмектеседі. Жұмыс бағдарлама­сы қауіптілікті талдау арқылы анықталады және ол қауіптіліктің пайда болу ықтимал­дығын басқару үшін қажет. Халықаралық ИСО 22000:2005 стандарты пайда болуы мүмкін қауіптіліктің бар­лығын да бірдейлендіру және бағалауды талап етеді.

Халықаралық стандарт ИСО 22000:2005 бойынша қауіптілікті талдау кезінде кәсіпорын алдын ала қажетті жұмыс бағдарламасы мен НАССР жос­парын ұштастыра отырып стратегияны анықтайды. Ұқсас өнімдердің шикізаты, ингридиенттері, технологиясы, орамасы, сақтау шарты бірдей болған жағдайда НАССР жоспары бір болады. Басқа жағдайда әрбір өнімнің өзіндік НАССР жоспары болуы тиіс. Осылайша ИСО 22000:2005 стандарты нақты бір ұйымда тамақ өнімдерінің бірдейлендірілген қауіптілігін басқару ісін қамтамасыз етуіне көмектеседі. Сондай-ақ, стан­дартта қадағалау, талдау және сәйкес­сіздікті басқару жүйесін қолдану туралы талаптар белгіленеді. Басқару іс қимыл­дарын жан-жақты пайдалану тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесін ұдайы жақсартуға ықпал етеді. Жекеле­ген ұйымдардың осы стандартты пайда­лануына көмек ретінде техникалық шарт ИСО/ТШ 22004:2005 “Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ИСО 22000:2005-ті қолдану жөнінен жетекші нұсқаулық” әзірленген.

ИСО 22000:2005 халықаралық стан­дарты менеджмент жүйесі жөніндегі басқа стандарттардан тәуелсіз қолданыла алады. Ол ИСО 9001-мен үйлестірілген­діктен, ұйымдарға сапа және қауіпсіздік менед­ж­менті­нің ықшамдалған жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ұйымның жал­пы басқару іс-қимылына тамақ өнімдері қауіпсіздігінің тиімді жүйесін енгізу тек сол ұйымға ғана емес, сонымен қатар, барлық мүдделі тараптарға да өте зор пайда келтіреді.

Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде сөз қозғамақпыз.

Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, па­разиттермен залалдануы адам денсау­лығына қауіп төндіруші негізгі фактор­лардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс етте­рін­де сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті фак­тор­лар пайда болуда. Сонымен қатар, гене­ти­калық өңдеу жолымен алынған бе­локтардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пес­тицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнім­дерінде сақталу арқылы адам ағза­сына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнім­дерінде химиялық зиянды заттар­дың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процес­тердің де әсері айтарлықтай болуы мүм­кін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жо­ғарылауда. Мұндай қауіптілік фи­зикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында – шикізатты өндіру­ден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.

Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адам­дар­дың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шы­ғаруға болмайды. Жалған өнім жасау­шылар тұтынушыларды алдап қана қой­майды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің бел­гілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қос­палармен алмастыру арқылы олар­дың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мы­салы, табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтыну­шыны алдап, жаңылыстыратын әрекет­тер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күре­суі қажет.

Елімізде тамақ өнімдерінің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарас­тырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұ­жы­рымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзе­ге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін ны­ғайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.

НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.

Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүм­кіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнім­дерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезең­дерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нә­ти­желі енгізу үшін технологиялық процес­терді жетілдіру, құрал-жабдықтарды тех­никалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.

Казіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жет­кізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушы­лар­дың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұй­ғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекел­ділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технология­лық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақы­лаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.

Қазақстан ИСО кеңесіне мүше атанды-Ағымдағы жылдың қыркүйектің 14-18 аралығында Кейптаун қаласында (ОАР) ИСО-ның – 162 елді біріктіретін Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның 32-Бас ассамблеясы өтті. Осы өткен ИСО Бас ассамблеяның біздің ел үшін басты жаңалығы – Қазақстанның ашық дауыс беру жолымен ИСО Кеңесіне екі жылдық кезеңге 2011 жылға дейін сайлануы болды. ИСО кеңесі басшы орган болып табылады және осы ұйымның саясатын белгілейді. Аталған факт ИСО-ның жұмысына белсенді қатысатын және халықаралық стандарттарды әзірлеумен айналысатын ИСО-ның 69-дан астам техникалық   комитеттерінің мүшесі болып табылатын Қазақстанды өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің  (бұдан әрі - ТРМК) ресми тану болып табылады. Қазақстан ИСО кеңесіне АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, ОАР және басқа да елдер тарапынан ұсынылғанын және бұл ретте, жоғары өлшемдер мен талаптардың қойылғанын атап өту керек. Ең бастысы стандарттарды үйлестіру деңгейі, ИСО-ның техникалық комитеттеріне қатысу, экономиканың дамуы болып табылады. ИСО кеңесінің жұмысына қатысу біздің елге және Орталық Азия өңірінің барлық елдеріне халықаралық стандарттау саласында саясатты жасауға және қалыптастыруға, жаһандық мәселелерді шешуге өз идеяларын ұсыну мүмкіндігін береді. Осының бәрі  Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша серпін береді және республика экономикасының нақты секторының дамуына,  халықаралық стандарттарға көшуге ықпал жасайтындығы даусыз. ИСО-ның Бас ассамблеясының жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және сауда комитетінің Төрағасы Ғабит Мұхамбетов 2010-2012 жылдарға Орталық Азия елдері бойынша ИСО-ның  Өңірлік байланыс офицері болып сайланды. Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ИСО) стандарттау саласындағы жүйе құрушы беделді халықаралық ұйым болып табылады және 1947 жылғы 23 ақпаннан бастап жұмыс істейді. ИСО 700-ден астам халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. «Мыңжылдықтың жаһандық проблемаларын» шешудегі ИСО-ның маңызын бағалау қиын – халықарлық қауымдастықтың алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық тәжірибесін шоғырландыратын стандарттар халықаралық тауар айырбасы жағдайында өнімге, жиынтықталатын бұйымдардың өзара алмасушылығын, сынаудың бірыңғай әдістері мен сапасын бағалауды қоса алғанда, өнімге бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған. ИСО кеңесіне Жарғыға сәйкес 18 ел мүше.

Қорытынды.

Осы курстық жұмысты аяқтай келе мынадай қорытындылар жасалады:

Бірінші бөлімде қортындылай келе,халықаралық экономикалық қатынастың – экономикалық теорияның бір бөлігі болып,оның пайда болуы мен дамуы,мәні мен ерекшелігі анықталады.Халықаралық экономикалық қатынас әр мемлекеттің экономикалық жағдайын,оның сыртқы елдермен қатынасын реттеу және ұстап тұру негізінде айқындалады.

Екінші бөлімді қортындылай келе халықаралық экономикалық қатынастың іс-жүзінде, қазіргі нарықтық экономика кезінде оның негізгі формалары бар.Олар:халықаралық сауда, халықаралық капитал қозғалысы, халықаралық ғылыми – техникалық айырбас, халықаралық валюта – несие айырбасы, халықаралық жұмысшы күші миграциясы.

Үшіншіден,осы халықаралық экономикалық қатынастың функциялары мен принціптерін қолдана отырып, Қазақстандағы сауданың дамуын қарастырылған.Қазақстандағы сауданың дамуын білу өте маңызды.Өйткені ол мемлекеттің дамуының, экономикалық дамуының үлкен үлесін қамтиды.Осы себеппен оны дамыту мен жетілдіру жолын білген жөн.

Жалпы,осы мәлеметтердің бәрін қамти келе,Қазақстанның халықаралық сауда нәтижесі қанағаттандырарлық.Және оның болашақта осындай қарқынмен дами бермек деп сенеміз.

Соңғы сөзімді айта келе,осы жылы біз Қазақстан Республикасының жолдауында да осы мәселені қамтып кеткен.Яғни,экономикалық қатынастың, сауданың дамуына ат салысу.

Сонда ғана біздің нарықтық экономикамыз өркендеп дами бастап, оны болашақта жетілдіруде деп сенеміз.

Экономикалық кеңістіктің өтпелі кезеңі деп белгіленіп отырған алты жылдың алғашқы үш жылы дайындық кезеңі болмақшы. Онда келісімге сәйкес құжаттар дайындалады. Ал соңғы үш жыл ішінде барлығы сараптан өткізіліп, тиісті құжаттарға қол қойылып, заңдастырылуы керек. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Н. Назарбаевтың ұсынған бұл шарт жобасы мемлекет басшылары тарапынан мақұлданып, оны елдің үкіметтеріне тапсыру туралы шешімге келді.

Осы жолғы “төрттіктің" Н. Назарбаев мемлекетаралық интеграциялық байланыстарды дамыта отырып, аталған елдердің арасында гуманитарлық және басқа салалар бойынша қарым-қатынастарды орнатуды көздейтін “Қарапайым адамдар мүлдесіне сай бірнеше жеңіл қадам" (Несколько простых шагов навстречу простым людям) деген бағдарлама жобасы барлық қатысушыларды қанағаттандырғанын атап өткен жөн. Онда мына мәселелер қамтылған: әр елдің азаматы өз төлқұжаты арқылы төрт мемлекеттің шекарасынан виза, анықтамасыз еркін өтуге, кедендерден 10 мың долларға дейінгі шетел валютасын алып өтулеріне мүмкіндік беру, 10 килоға дейінгі қол жүктерінен кедендік алым алмауға, төрт мемлекет арасын­да мерзімді басылымдарға жазылуға шек қойылмауға, теледидар және радио хабарларын еркін таратуға қатысты мәселелер көрсетілген.

Сондай-ақ Н. Назарбаев Ақмолаға қатысты ойларын да ортаға салды. Ақмолада Еуразиялық іскер адамдардың конгресін, Еуразиялық банкирлер клубын, Еуразиялық ин­вестиция банкін, Еуразиялық ғалымдар клубын, тағы басқа халықаралық деңгейдегі ұйымдардың құрылуын қалайтынын айтты.

Халықаралық ұйымдардың қазіргі кездегі атқарып отырған қызметтерінің мәні зор, мазмұны терең. Жер шарының әрбір мемлекеті әр түрлі халықаралық ұйымдардың мүшелігіне кіруді және оның қызметіне араласуды дүние-жүзілік қоғамдастыққа интеграцияланудың негізгі жолдарының бірі деп санайды. Сондықтан мемлекеттің халықаралық ұйымдардың қызметіне толыққанды және тиімді түрде қатысуы мүмкіндігі осы ұйымдардың мақсаты, құрылымы, дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөлі жөніндегі ақпараттар мен мәліметтердің толықтығы мен ақиқаттығына тікелей байланысты.

Халықаралық ұйымдарға мүшелікті тиімді пайдалану қандай елдің болса да сыртқы саяси және экономикалық саясатының ең басты мәселелерінің бірі. Мемлекеттің халықаралық ұйымдар мен Одақтардың қызметіне атсалысуы оның экономикалык, дамуына игі әсерін тигізіп, саяси қауіпсіздігіне кепілдіктер береді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Послание Президента страны к народу Казахстана. Стратегия "Казахстан-2030".
  2. Елемесов Р.Е. «Халықаралық қатынастар» Алматы 2000.
  3. Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық одақ туралы» Казахстанская Правда 10.1999.

4.Халықаралық экономикалық қатынас. Бұғыбайева Р.О. Қарағанды:2004.

5.Экономикалық теория.С.С.Мәулиенов. Алматы:Экономика.2004

6.Г.Н. Доғалова «Халықаралық экономика» - Алматы, 2000 жыл

7.Таналинов А. «Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі» Алматы 2002

8.Вестник КазГУ. Серия экономическая /2002, №4(16)

Интернет-Сайттар:

www.mid.kz

www.minplan.kz

www.Memst.kz

www.google.kz

Похожие материалы