Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Жыл басынан бері 98 нысанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 4 перспективалы қатты пайдалы қазба нысаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және Даму Министрлігі.
Бюджет қаржысын жұмсамай-ақ, инвесторлардың қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу (ГЖЗ) аумақтың геологиялық зерттелуін қосымша арттыруға мүмкіндік береді. 2017 жылдың 10 айы ішінде жалпы сомасы 15,4 млрд теңгеге 56 шарт жасалды(сомасы 13,6 млрд теңгеге ҚПҚ бойынша 30 шарт, 1,5 млрд теңгеге КСШ бойынша 3 шарт, 360 млн теңгеге ЖС бойынша 23 шарт).
Сонымен қатар, 2017 жылдың І жартыжылдығында геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі 65 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен ҚПҚ бойынша жұмыстар 54, ЖС бойынша жұмыстар 49, КСШ бойынша жұмыстар 19 шарт шеңберінде жүргізіліп жатыр. 2017 жылы жасалған шарттар шеңберіндегі инвестициялар: ҚПҚ-ға – 7,4 млрд теңге; КСШ-ға 6,3 млрд теңгені құрады, ЖС-ға – 360 млн теңге.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия биыл есептік мерзімінде ҚПҚ бойынша 30 есепке, мұнай және газ бойынша 29 есепке, жерасты суларының қорын қайта бағалау бойынша 29 есепке сараптама жүргізді. Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен пайдалы қазбалар қоры өсті. Атап айтқанда, алтын – 31 тоннаға, уран – 14,2 мың тоннаға, вольфрам – 70 мың тоннаға, мұнай – 44 млн тоннаға, жерасты сулары – 47 мың м3-қа өсті.
Халықаралық стандарттар негізінде КСШ бойынша есептілікті дайындауға қатысты Еуропалық қайта құру және даму банкінің гранты шеңберінде Lloyd’s Register және Adam Smith International компанияларының консультанттары жер қойнауы саласындағы қазақстандық реттеу нормаларын үйлестіреді.
ГЖЗ стандарттарынан халықаралық стандарттарға көшу бойынша Жол картасының тұжырымдамасы және KAZRC / CRIRSCO және SPE-PRMS бағдарламасы әзірленді.