Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Масктың спорттық көлігі ғарышқа "ұшып кетті"

Илон Масктың спорттық көлігі ғарышқа "ұшып кетті"

Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. Осылайша, Илон Масктың спорттық көлігі ғарышқа шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Зымыран-тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 2.45-те Флорида штаты Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылады.

"Тамаша болды", - деп қорытындылады осы сәтті трансляция жүргізушісі. Зымыран-тасығыш ұшырылған соң, Илон Маскты құттықтауға оның серіктестерімен қоса бәсекелестері де келді.

"Барлығымыз да жаңа зымыран-тасығышты ұшыруға қанша күш салу керектігін білеміз. Бүгін барлығымыз осындай тамаша сәтке куә болдық", - деді NASA басшысы міндетін атқарушы Роберт Лайтфут.

Сондай-ақ, Роберт Лайтфут осындай зымыран-тасығышты Канаверал ғарыш айлағынан ұшыруға мүмкіндік берген NASA қызметкерлері мен компанияның өзін құттықтады. Virgin Galactics компаниясының басшысы, Илон Макстың бәсекелесі Ричард Брэнсон да компанияны құттықтауға келді.

Похожие материалы