Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

SpaceX өкілдері Big Falcon зымыранының ұшу бағасын жариялады

SpaceX өкілдері Big Falcon зымыранының ұшу бағасын жариялады

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - Бұл планета аралық ғарыш кемесінің арқасында әлемнің кез келген нүктесіне бір сағаттан кем уақытта жетуге болады, деп хабарлады life.ru.

SpaceX алдағы 10 жыл ішінде Big Falcon зымыранын ұшырады. Компанияның операциялық директоры Гвинн Шотвеллдің айтуынша, рейс билеттері бизнес-классқа қарағанда арзан болады. Ол бұл туралы Ванкуверде өткен TED конференциясында айтты.

Сондай-ақ, ол аталған планета аралық ғарыш кемесінің тек жүк тасымалдап қана қоймай, 100 шақты адамды қалаған жерлеріне жеткізетінін айтты. Тек Жер шары аумағында емес, Марсқа да жеткізеді.

Бұл жаңа транспорт түрі адамды кез келген жерге жеткізу үшін небәрі бір сағат жұмсайды. Ал бағасының арзан болуы тәулігіне 12 рейс жасауымен байланысты.

Естеріңізге сала кетсек, Илон Маск 2017 жылдың қыркүйек айында Марсқа ұшатын Big Falcon зымыранын таныстырды. Кеме Ай мен Марсқа ұшу үшін жасалды. Компания басшысының айтуынша, тестілік ұшулар 2019 жылы басталады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Похожие материалы