Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақша экономика саласындағы арттырмайтын бөлік

Ақша экономика саласындағы арттырмайтын бөлік

Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып  қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан  екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.

Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.

Ақша айналым құрылым әртүрлі  нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді. 

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.

Экономикалық санат ақша маңызы ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:

 - жалпыға бірдей делдалдық айырбас;

 - төмегі құнның (меновая) дербес формалары;

 - сыртқы заттың еңбек өлшемі;

Ақша бес қызметті орындайды: құн өлшемі; айналым құралы; төлем құралы; жинақтау құралы және қазынаны құру; әлемдік ақшалар. 

Мен осы курстық жұмысымда ақшаның пайда болу теорияларын, атқаратын негізгі қызметтерін, ақша айналысын қарастырдым. Соның ішінде ақша айналысын кең көлемде қарастыра отырып, қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналыстарын, металл және қағаз ақша айналыстарын, ақшаның айналыс заңын ашып сипаттауға тырыстым. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының  құрылымын, Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлаудың мәселерін қамтып өттім.

АҚША ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ АРТТЫРМАЙТЫН БӨЛІК

1.1. АҚШАНЫҢ МЕТАЛДЫҚ ЖӘНЕ НОМИНАЛДЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ.

Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша: «Ақша — бұл әлеуметтік шарттылық». Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық, бағалылықтағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ.

Бұрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және олар айырбас құнына ие болады.

Сондықтан да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда-саттығы кезінде алтын талап етілмейді. Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ, онда барлық төлем есептеулерінің құралы тек алтын ғана болып табылады.

Ең соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді. Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол кездің өзінде мынадай хабар өмір сүрген: егер король немесе императордың ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген ақшаның түрі, тіпті алтын монетаның өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим императоры Гай Калигулла (37-41 б.ғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған барлық, өкімет билігі қолында сияқты көрінді. Ол өзінің жылқысын сенат мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүюді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.

Ол кезде Индияда, Цейлонда, Африканың кейбір аудандарында ақша ретінде «каури» деп аталған ерекше қабыршақ қолданылды. Олар өте сирек кездесетін, оларды өндіру көптеген еңбекті талап етті, сондықтанда олар өте қымбат бағаланды. Рим қазынасы тіпті азайған кезде күштілігімен танылған Калигулла жарлық шығарды: «Менің нұсқауыммен теңіз жағалауынан жиналған ұлу қабыршағы ақша болып табылады». Алайда алып күш иесі императордың бұл жарлығының күл-талқаны шықты: ешкім де бұл ұлу қабыршағын алмады, себебі олар ақша емес еді.

Қазіргі әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейбір елдерде ақша белгілері зомбылық, курспен шығарылды және олар ешқандай материалдық, бағалылықтармен қамтамасыз етілмеген. Бірақ бұл жаңа ақша белгілерінің курсы толыққанды шетел валютасына қарағанда жедел төмендеуде. Тұрғындар одан құтылуға тырысады, сөйтіп толыққанды шетел ақша белгілерін ала бастайды.

Ақшаның металдық теориясын «меркантилизм» мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 ж.) жасаған. Осы теорияға сай — алтын мен күміс өзінің табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетінің күш-қуаты бойынша — ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи тұрғыдан ХҮІ-шы және ХҮІІ-шы ғасырларда болған. Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан. Тауар өндірісі мен құн нысаны түрінің даму тарихы көрсеткендей, ақша - бұл тауар өндірісі және құн түрі дамуының өнімі. Алтын мен күміс өз бетінше ақша емес, олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап ақша бола алады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастысы — олардың қоғамдық еңбектің өнімі болуында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.

Несие қатынастары және ақшасыз есеп айыруға көшу, несие ақшасының пайда болуы ақшаға деген номиналистік көзқарастың кеңірек тарауына алып келеді. Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеясы мынаған саяды: ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан ақша белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж.Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльсонды жатқызамыз. Дж. Кейнс «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабында мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде ұсынатынын қарастырған. Алтын бағалылығын жасанды санаған, «алтын құштарлығынан» арылуға шақырған және мемлекет реттейтін қағаз ақшаны жақтаған.

1.2.Ақшаның атқаратын қызметтері.

Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы)  неліктен? Ол  ақшаның тауар өндірісі  жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың   құнын   өлшейтін   құрал,   яғни   ол   тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы  қызметін  атқарады.

Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының кажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады.

Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші кызметі - айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады   Ақша  пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға  айырбастау, ал екіншісі А-Т - ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:

Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.

Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.

Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А),  керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;

ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;

б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе   жүріп,   ілезде   шапшаң   орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.

Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар-ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызды. Ол үшін нақты ақша - алтыннын символы ретінде кембағалы монеталар мен кағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп, адамдар мойындауы кажет.

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақытылы оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл - тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышкер (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:

        а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;

        ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;

        б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;

        в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;

        г) сақтандыру  міндеттемелерін төлеу;

       д) құқықтық - сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем  құралдары қызметін  орындауы  үшін   қажетті   мөлшерде   белгілі - бір уақытқа ақша қорын жинау керек.

Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорын-дардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

Қорыта айтқанда, ақшанын қор жинау және байлық кұру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар -ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл кызметі қоғамның капитализге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша "өзінен ұлттық мундирін шешіп", яғни алтын құймасы (995 сынама) формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті.

Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие катынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтыннын орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айна-лымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР - Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ - аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше-мемлекеттер қолданады. Ал, 1999 жылдың 1 каңтарында енгізілген жаңа валюта - еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтілуде. Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.

2.Ақша айналысының сипаттамасы және оның құрылымы.

2.1. Қолма-қол   ақша   айналысы   және   қолма-қол  емес ақша айналымы.

Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер /қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі - теңге). Екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу, негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдем ақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы, девиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.

Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айып пұл жэне т.с.с. төлеуге жұмсайды.

Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90% - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп  айырысу  операиияларын  жүргізу  үшін  әр  түрлі шоттар қолданылады. Олардың  арасында кең тарағандары: ағымдағы,   есеп   айырысу   және  т.б.   шоттары.   Қолма-қол  ақшасыз төлем  айналымы:   тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша   болып   екі топқа бөлінеді. Бірінші   топқа  тауарлар   мен қызметтер   үшін  қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу,  ал  екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы,  жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотка қаржының аударылуы - қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі.  Сондықтан  қолма-қол  ақшасыз төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент - қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек теменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерін бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің '/4 бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер   чектермен,   несие   карточкаларымен   және т.с. жүргізіледі. Қолма-қол   ақшасыз   есептесуді   жетілдірудің  қаржының айналмалылығын    жеделдетуге,  айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия -жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы кар-точканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

2.2. Металл ақша айналысы

Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі  қалыптасып,  айырбас нақтылы  үздіксіз құбылысқа айналғанда  ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады.   Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі массасы көрсетілген бірақ формасы  жоқ   металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі XIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл кұймалар айналыста  болыпты.   Осыған   байланысты   қазіргі   уақытта көптеген   ақша  өлшемінің   атауы   оның салмақ   атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка - “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт - қадақ - орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы (рубленая пополам) рубль деп аталған.

Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған.

Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы, ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурет салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сейтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық катынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынан көпестер (купцы) бөлініп шығып, олар тауар айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде кұрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба - монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде бекітілген нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын - реверс, жиегін - гурт немесе обрез деп атайды.

Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша - монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда (ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан (мыс-никель, мыс-мырыш) және алюминийден соғылады.

Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.Ол пайда монетада көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.

XX  ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация (көрсеткішін ірілендіру) жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің Ішкі айналы -  мынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.

2.3. Қағаз   ақшалар.   Олардың   айналыс   заңдылықтары. Металл ақша айналысынын объективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз акшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:

- біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде атқару ерекшелігіне;

- екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты.

- бұл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс:

- монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809-1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен  19 млн.  фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;

- мемлекеттің және жеке адамдардың - жасанды ақша жасаушылардың  (құл   иелену   кұрылысынан   бастап) монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы - ол  қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл  металл  құрамын  әдейі төмендетуі. Мысалы, Ресей патшасы Алексей Михайловичтың (Петр І-дің әкесі) тұсында, яғни 1654-1662 жж. ең көп мөлшерде мыс тиындар шығарылған. Нарықтык   бағасы   бар   болғаны   12   копеек   болатын 1 фунт мыстан 10 рубль болатын монеталар соғылды. Олардың нақты құны номинал құнының 1-2 проценті ғана. Монетаны бұзу айырбас процесін мүлдем кері кетірді. Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсіпқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол "мыс бүлігі" деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.

- мемлекет өз шығындарын өтеу үшін ақшаның қағаз белгілерін шығаруы. Мысалы, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін күресін қаржыландыру мақсатында "континенттік" деп аталатын ақша шығарды. Оның мөлшерінің көп болғандығы соншалық - бір арба провиантқа (әскер үшін азық-түлік) бір арба ақша алмастырылды.

Сөйтіп, К.Маркстің сөзімен айтқанда: "өзінің айналыстағы делдалдық ролінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ қағазға дейін жұқартылды"

Алғашқы қағаз ақшалар XII ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы XVII ғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж. Солтустік Америкада, 1716 ж. Францияда, 1762 ж. Австрияда, 1795ж. АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы (ақша орнына шығарылатын қағаз) Екатерина II- нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны “катенька” деп атады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре бастады.

Сөйтіп, қағаз ақша ("декретные деньги" - өкіметтің қаулысымен қабылданған - "заңды ақша") - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды.

Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) - Қаржы министрлігі (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс - мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.

Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол құнсызданады. Қағаз ақшаның кұнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді:

- бюджеттің   тапшылығын   жоюға   шығарылған   ақша эмиссиясы;

- әскери және басқа өндірістік емес шығындар;

- еңбек өнімділігінің құлдырауы;

- тауар массасының төмендеуі;

- пассивтік төлем балансы;

- ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі ,т.б.

Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?

Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетақы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.

Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.

2.4. Ақша айналысы заңы.

Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол - тауар-ақша катынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

 Стб

А мөлш.= --------------

А жылд.

Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:

 -Стб+Ст-Сө А мөлш. =-------------- ------ + Ақ

А жылд.

Онда:

А мөлш. - айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;

Стб -       сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

Стбн -     несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы; Ст -         қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

Сө -          өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

Ак -     ақша қоры;

А жылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).

Осы  теңдіктегі  ел  экономикасында сатылған  тауарлар бағасынан   айналыста   әлдеқайда   кем   ақша   массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және баска да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кезедесіп отырған   кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің  тізбегінде потенциалды күйреушілердің (банкроттардың) болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибиесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының  дамымауы және т.б.

Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

- несиенің даму денгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

-  қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы; -  ақша айналымының санының өсуі.

Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының  төмендегі жиынтығы пайдаланылады:

- М, - айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар,   ал   кейбір   мемлекеттерде   қазыналық   билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

- М2 - оған М, агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ  салымдары (вклады) кіреді;

- М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

- М4 - оған М, агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың  барлық  элементтерін  өзіне  біріктіріп  үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің тән ақша-несие жүйесімен анықталады.  Мысалы,  АҚШ ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда - бес, Францияда - екі ақша агрегаты қолданылады.

Қазақстан Республикасының ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

- М0 - айналыстағы қолма-қол ақша;

- М, - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің   есепшоттары    мен   басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотын ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының,   чектік   және қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шот рының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;

- М2 - өзіне М, агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

- М, - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын біріктіреді.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгерді.

Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

- банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;

- орталық   банктен   коммерциялық   банктердің   несие алуымен;

- мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық  банктің үкіметке несие беруімен;

- орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен

- чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).

Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.

Ақша массасы айналымының баяулауы - ұлтгық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы  айналыстағы  ақша  санына  кері  пропорционалды әсер  етеді,   яғни   ақша   неғұрлым   көп   айналыс   жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.

Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.

Айта кететін жәйт, "ақша айналысының жылдамдығы" және “төлемдердің жүру жылдамдығы" деген ұғымдардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

2.5. АҚШАНЫҢ САНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫСТАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа кажетті ақша санының формуласы төмендегідей:

Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:

РҮ=TV + DV1

 мұндағы: Р - бағаның жалпы деңгейі;

   Ү - өндіріс көлемі;

   Т - ақша белгілерінің саны;

   D - депозиттер

   V және V1 -ақшаның   және    депозиттің    айналыс жылдамдығы.

1929 ж. ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.

Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті  ақшаның жалпы  көлемін қысқартады. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді. Айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:

Т б.с. – Н т.б.с. + Т с – О т..м.с.

Ас = ------------------------------------ +АР,

А

Ас -    төлем   құралы   және   айналыс   құралы   ретінде қажетті ақша саны;

Т б.с. -   тауар бағасының сомасы;

Н  т.б.с.- несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;

Тс -    қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

О т.м.с. -өзара   есептескен   талаптар   мен   міндеттемелер сомасы;

АР -  ақша резервтері;

А -    ақшаның төлем және айналыс кұралдары ретіндегі айналымның орташа саны.

Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады, Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарытық экономикаға өтуші Қазакстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзнің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі - банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.

Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

Теориямен қатар бұл мәселенің тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысының екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін атайды.

Ақшаның құрамы сол елдің несие - ақшасымен анықталады.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозитгерді ғана жатқызады. АҚШ-та да сондай - ақ, М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататьн депозиттерді жатқызады.

М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1-мен қоса, 4 жылға дейінгі мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда - чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты және М2 ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.

Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.

Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:

М0 - айналыстағы қолма-қол ақшалар;

М1 өзіне – М0 - ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредиттік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;

М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын           қамтиды;

М3 – М2 - ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу.

Ақша агрегаттарының құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.Ақша массасының көбеюі  бірнеше каналдар бойынша жүреді:

- Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;

- Орталық   банктен   коммерциялық   банктердің   несие алуы жолымен;

- Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;

- Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;

- коммерциялық   банктердің   салымдарын   жұмылдыру негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару);

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғүрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.

Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша - несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

- нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатын өсімі; - жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін (жылдық ЖҰӨ номиналдық шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің жағдайымызда Д2 -ге) жылдамдығы;

- жоспарланған кезендегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;

Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл  көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердің жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.

Соңдықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз. 

  1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын жоспарлаудың мәселелері.

Банк кассаларына қолма-қол ақша түрлі коммуналды төлемдер, көлік және байланыс мекемелері, қонақжай және ойын бизнестерінің сәйкес қызметтерге төлемдер арқылы келіп түседі. Банк кассаларынан ақша жалақы төлеуге кеткеннен басқа ауылшаруашылық өнімдеріне төлеуге,жинақтау кассалары мен басқаларды нығайтуға, шоттардан депозиттерге жіберуге, еңбекақы төлеуге, және шетел валютасын сатып алуға кетеді.

Барлық осы ақша айналысының ағындарына қатысты болып табылатыны олардың орталықтандырылуы, бұл Қазақстан Республикасының Халық Банкінің ерекше роліне негізделеді. Сондықтан ақша айналысының негізгі ағындарының қозғалысы екі салыстырмалы, бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда өтеді. ҚРХБ-нің филиалдарының кассалары осы ағындардың бастапқы, сонымен қатар, қорытындылаушы орталығы болып табылады. Дәл осындай жағдай осы ағындарды жоспарлауға нақты мүмкіндіктер туғызады.

Айналыстағы қолма-қол ақшаның құрылысының өзіндік белгілі заңнамалары бар: ірі және майда номиналды банкноталардың және де айырбас монетасының арақатынасы, яғни ақша жүйесінің үш элементімен өзгермейтін және нақты бекітілген болып табылады. Бұл арақатынас белгілі жағдайларға байланысты өзгереді.

Ақша айналысының тәжірибесі көрсеткендей, ақша белгілерінің жеке түрлерінің арақатынасында бөлек пропорциялар бар. Одан басқа, эмиссияға халықтың әлеуметтік құрамының өзгеруі және мемлекет экономикасындағы қолма-қол емес төлемдердің даму дәрежесі және де айналыстағы ақша саны әсер етеді.

Атап өткен жөн, айналыстағы ақша массасының құрылысы Қазақстан Республикасының  бүкіл территориясында ешқашанда бірдей болға емес, сонымен қатар Республиканың облыстарындағы ақша массасының құрылысы олардың экономикаларының сипатымен ерекшеленетін. Егерде біздің мемлекетіміздің территориясын түгелдей алатын болсақ, онда алда айтылғандай кейбір облыстар мен аудандар үшін ақшаны айналыстан алу немесе керісінше, оларды эмиссиялау сипаты тән. Ең біріншіден бұл халықтың қажеттіліктерін ескергендегі тауар айналым ұйымдастыру деңгейі мен оның көлемі арқылы шартталады. Мысалы, ҚРХБ-нің филиалдарының мәліметтері бойынша, Қызылорда облысында 2002 жылдың бірінші жартысында эмиссиялық нәтиже 2949,7 миллион теңгені құрады, алда оның одан да үлкен дәрежеге жетуі жөнінде болжамдар бар. Өйткені дәл сонда қазір бұрын істен шығып тұрған кейбір өндіруші кәсіпорындарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Маңғыстау облысындағы айналыстағы қолма-қол ақша эмиссиясының 1069 миллион теңге көлеміне дейін өсуі Ақтау қаласындағы теңіздік порт ауданына арнайы экономикалық зонаны енгізгенге байланысты. Қазақстан Республикасының ірі қалаларында, әсіресе астанасында қолма-қол ақшаның аймақтық ауылдардан миграциялануы аса зор әсер етеді. Өйткені мұнда ұзақ мерзімдік пайдаланудағы тауарларға деген сұраныс жақсы қанағаттандырылады. Сонымен қатар, айналыстағы ақшаны алу немесе эмиссиялауға облыста ірі өндірістік кешендердің шоғырлануы әсер етеді, өйткені дәл сондай аймақтарда еңбекақының көлемі жоғары деңгейде болады, ал бұл өз кезегінде еңбекақы төлеуде қолма-қол ақшаны кең көлемдегі қажеттілігін туғызады.

Әрине,  жоғарыда айтылған жеке облыстарда пайда болатын себептер тұтас Қазақстан Республикасының территориясындағы айналыстағы ақшаның жалпы сомасына әсер етпейді, бірақ бұл жағдайлар бүкіл мемлекет көлеміндегі ақша айналысын жоспарлау кезінде ескерілуі керек. Яғни, ақша қозғалысының себептерін дәлірек анықтай отырып халықтың тұтынушылық сұранысын дұрыс анықтауға болады, соның арқасында мемлекеттің жеке аймақтарындағы ақша айналысында болатын жағымсыз құбылыстардың және ақша артықшылығы мен тапшылығынның алдын алуға болады. Әрбір ауданның ақша массасын жан-жақты қарастырғанда айналыстағы ақшаның абсолютті көлемін анықтап қана қоймай, сонымен қатар ақша массасының құрамы, оның орталық және бөлек экономикалық аудандар арасында, халықтың жеке әлеуметтік топтары арасында бөлу тағы сондай сондай сұрақтар анықталады.

Жоғарыда атап өткеннен шығатыны: ақша айналысын дұрыс ұйымдастыруда айналыстағы ақшаның номиналды құрылысын анықтау және территориялық дұрыс орналастырылуы сияқты факторлары өте маңызды орын алады. Қазіргі кезде қолма-қол ақша айналысының ролі қолма-қол емес ақша айналысының маңызының артуына қарамастан әлі  де күрделі болып қалуда.

 Қорытынды

Тауар айналымының тарихи даму эволюциясы жалпы баламалық форма ретіндегі алуан түрлі тауарлар: мал, тері, қол жуғыштар, металл бұйымдары және басқалар қабылданды. Сөйтіп, ақшаның өмір сүруінің объективті қажеттілігі тауар өндірісінің және тауар айналымының болу мүмкіндігімен келісілді.

Ақша - оның болуы кезінде тауар өндірушілер арасындағы өнімдерді айырбастау үздіксіз жүретін бүкіл басқа тауарлардың құны көрсетілетін жалпы баламалық, айрықша тауар.

Ақша айналымы - қолма-қол және аударым арқылы түрдегі ақша белгілерінің үздіксіз айналу процесі. Ақша айналымының басым бөлігі оның әртүрлі формаларын қолданумен, аударым арқылы ақша айналымын құрайды.

Бүгінгі таңда, яғни еліміздің нарықтық қатынастарға көшу жағдайында, экономикамызды дамытудың басты көздерінің бірі осы ақша айналысы болып табылады. Әлемдегі экономикалық қатынастардың барлығы дерлік ақша қатынастары арқылы жүргізіледі.

Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққанда жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Біз ашық сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы 7 миллиард доллардан асатын 33 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Закон Республики Казахстан «О валютном регулировании»от 25.01.1997г.(с учетом изменений и дополнений).
  2. Закон Республики Казахстан «О вексельном обращении в Республике Казахстан»от 28.04.1997г.
  3. Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998г.(С учетом изменений и дополнений).
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы» Астана, 2006жыл 18 ақпан.
  5. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер»
  6. СейіткасымовГ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, Экономика, 1996ж.
  7. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория»
  8. Лаврушин О.И. «Деньги, кредит, банки» М: Финансы и статистика, 1998г.
  9. Положение «О расчетах чеками в Республике Казахстан»№22 от 15.11.1998г.
  10. Правила использования платежных документов и осуществление безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденные Постановлением Правления Национального банка Республики Казахстан от 25.04.2000г.№179 (с изменениями и дополнениями).
  11. Абдрамова М.А., Александрова А. «Финансы, денежное обращение и кредит»Учебное пособие.М:Институт международного права и экономики. 1996г.
  12. Антонов Н.Г., Пессель М.А. «Денежное обращение, кредит, банки» М: Финстатинформ, 1995г.
  13. Бержанов С.А. «Валютная система. Валютный рынок и валютные операции» Учебное пособие. Нуксус: Каракалпак, 1996г.
  14. Бункин М.К. «Деньги. Банки. Валюта» Учебное пособие. М: Дис, 1994г.
  15. «Проблемы планирования денежного обращения» Вестник КазНУ, серия экономическая, 2005г., №2 с 21-23.
  16. «Денежное обращение как зеркальное отражение экономики» Деловая неделя, 2005-16 января.

Похожие материалы