Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласындағы жол-көлік оқиғаларының картасы жасалды

Алматы қаласындағы жол-көлік оқиғаларының картасы жасалды

Алматы қаласында 2010-2014 жылдары тіркелген жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) картасы Yvision блог-тұғырнамасында жарияланды. Картаны жариялаған bula136 атты қолданушы аталған мәліметтің "біреу болмаса, біреуге қызықты, тіпті пайдалы болатынынан" үмітті екенін жеткізген.

Алматы қаласының картасында әрбір ЖКО қызыл нүкте түрінде көрсетілген. Қолданушы курсорды нүктеге жақындатқанда ЖКО туралы толығырақ ақпарат ала алады.

Yvision қолданушысының айтуынша, карта ҚР Бас Прокуратурасының мәліметтері бойынша жасалыпты.

Толық картаны мына сілтемеге өтіп көруге болады.

Похожие материалы