Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – Алаяқтар Қазақстан азаматтарын тағы да алдап, ірі көлемде ақша беруге мәжбүрлеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аламатылық әйел пәтерін бір апта ішінде сатып, 23 миллион теңгені бірнеше траншпен алаяқтардың шотына аударған. Өзінің алданып қалғанын түсінген әйел 24 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінген.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Алаяқтар Қазақстанның түрлі қалаларында тұратын жасанды тұлғаларға рәсімделген 10-ға жуық банк картасын пайдаланған.
ҚР ІІМ киберқылмыспен күрес басқармасының жедел қызметкерлері Павлодар облысы және Алматыдағы әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан және Ресей азаматтары болып табылатын 15 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Бесеуі қамауға алынды. Қазір топ мүшелерінің 106 млн теңгеден астам шығынды құрайтын интернет-алаяқтықтың алты эпизодына қатысу мүмкіндігі анықталуда.
Әдетте, мұндай қылмыстарды жасауда алаяқтар банктік шоттар мен үшінші тұлғаларға берілген карточкаларды қолма-қол ақша шығарып алу үшін пайдаланады. Алаяқтар қоңырау шалғанда абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланады. Бұл әрекеттердің барлығы одан әрі ақшалай қаражатты аудару немесе несие алу арқылы ықтимал жәбірленушілердің банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізуге бағытталған.