Познавательный
Алматыда кептелістер туралы ақпарат беретін "ақылды" дисплейлер орнатылады
Алматы қаласында автокөлік жүргізушілеріне кептеліс туралы ақпарат тарататын интерактив тақта орнатылатын болады. Сонымен бірге, тақтада автокөліктердің қозғалыс жылдамдығы, жаяу жүргіншіге жақындап қалғаны жөнінде және ауа-райы көрсетіліп тұрады.
«Ақылды» дисплей әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысына орналастырылған. Енді жүргізушілер көшелердегі кептеліс деңгейін, машиналардың жылдамдығын біле алатын болады. Электрон қалқан көлік тұрағына дейін қанша шақырым қалғанын, бұрылыс қай жерде болатынын, жаяу жүргінші бар жерді ескертіп отырады. Одан бөлек, көшелердің орналасуы жөнінде де ақпарат береді. Ақпарат панеліне видео бақылау камераларынан түсіп тұрады.
«Инвесторлар бұл тақтаны орналастырғаннан қандай да бір әсер бар-жоғын зерттейтін болады. Егер, жақсы нәтиже берсе, басқа жерлерге де орнатылады», –дейді Қалалық жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әділов.
Жаяу жүргіншілерге интерактив панельдегі ауа-райы туралы мәлімет қызық болады. Панельдің астыңғы бөлігінде әлеуметтік жарнама беріледі.
Бұл жоба әзірге жеке инвесторлардың қаражаттарына тәжірибелік сипатта жасалып отыр. Егер алдағы уақытта қалалықтар үшін пайдалы болатын болса, қолданысқа енгізілмек. Және де жылдың соңына қарай жылдам тасымал жобасы да қолға алынады. Яғни, шығыс бағытта "Орбита" ықшам-ауданынан қаланың орталығына дейін автобустарға арнайы жолақ орнатылады деп жоспарланып отыр.