Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы 3D шоу

Алматыдағы 3D шоу

Наурыз мерекесін тойлау қай уақытта болса да кеш емес. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының алдында өткізілген «Наурыз мейрамы» жарық шоуы осының дәлелі. Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында қаланың Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мен Filmation компаниясы ұйымдастырған #3DNAURYZ шоуын тамашалауға мыңдаған көрермен жиналды.

13020183_237798486608009_253547404_n«Наурыз мейрамы» жарық шоуы - аудиовизуальды шығарма, ғимараттың қабырғасында 3D-нің көмегімен жасалды.  Үш құрылымды проекция мен инсталляция қабырғалар бойына қайталанбас визуализация жасады.

13009926_237798559941335_928559928_oШығарманың негізі - Наурыз мейрамының шығу тарихы, Ұлы дала мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. Қойылымның барысында авторлық қазақ этникалық музыкасы қойылып, жарық шоуына ерекше әр берді.

13020591_237813133273211_836184254_nШоуды көруге жиналған тұрғындардың кейбірі мерекенің болатыны туралы арнайы естіп келсе, кейбірі кездейсоқ келген.

13015019_237812879939903_988596130_n

15 сәуір - Ұлттық Ғашықтар күніне тұспа-тұс келген жарық шоуына келген қол ұстасқан жұптар да аз болған жоқ. 1000 жылдық тарихы бар Алматы  осылайша өзінің "ғашықтар мекені" екенін тағы бір еске салды.

13046319_237798553274669_503894182_n

13059574_237812883273236_910040515_nКеш барысында тарихи этникалық топ өкілдері де шет қалған жоқ. "Қазақфильмнен" келген жігіттер арнайы көрініс қоймаса да жұртшылықтың қызығушылығын оятты.

Жарық шоуын көруге келгендер арасында бағы жанғандар да бар. Сhocolife.me арқылы тегін купон  алғандар Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздар театр ғимаратында көрсетілген сандарды кездейсоқ тоқтату арқылы анықталды.

13054592_237800009941190_811100538_o

Ұтыс ойынына қатысушылар саны шектеулі болды. Осылайша, шоуға келіп велосипедке ие болған жеңімпаз - Татьяна. "Мұндай сыйлыққа ие боламын деп ойладым. Тегін купонда көрсетілген сан экранға шыққанда таң қалдым. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі", - деді ол. Ал екінші орынға тағайындалған ұялы телефон иесін алаңнан көре алмадық. Үшінші орынға берілген гарнитураны Венера есімді бойжеткен ұтып алды.

13059752_237798359941355_1859796645_n

Ежелгі салт-дәстүр, әдет ғұрып суреттейтін және мифтік жанрда болған видеомэппингті (заманауи көрнекі мультимедиалық технология) қала тұрғындары көзбен көріп, көкейге түйіп қана қоймай ұялы телефонға да түсіріп үлгерді.

13059482_237974399923751_7870003_n

3D шоудан көрініс: "Қызыл жалын - күллі тіршіліктің тамызығы. Сана шамшырағы өркениетке жетелейді. Тарихтың көзі тасқа қашалған таңбада. От - түркі танымының тамыры"

13023713_237974426590415_981194242_n

Похожие материалы