
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Британдық ғалымдар диеталық кола ішетін балалар орташа тәулікте қант қосылған кока-кола ішетін қатарластарына қарағанда көп калория тұтынатындығын анықтады. Осылайша, олар диеталық сусындардың салмақты реттеуге көмектеседі деген болжамын жоққа шығарды, - деп жазады The Daily Mail газеті.
Зерттеушілер АҚШ-та жеті мыңнан астам балалардың тамақтану рационын зерттеді және диеталық коланы тұтыну тек балалардың тәбетін ынталандыратынын анықтады.
Ғалымдардың есептеуінше, қант қосылған сусындарды тұтынған балалар күніне орташа алғанда 312 килокалорияға көп алған. Диеталық сусындарды тұтынатындар үшін бұл көрсеткіш 450 килокалориядан жоғары болды.
«Қантсыз сусындар ішетін адамдар кейіннен ашығуды сезінуі мүмкін және бұл оларды көп жеуге немесе ішуге итермелейді», — деп жазады басылым. Зерттеушілер тек таза су ішкен балалар ғана калория аз тұтынғанын мәлімдеді.
Зерттеушілер өз жұмысының маңыздылығын статистикамен түсіндірді, оған сәйкес батыс елдерінде балалардың көп бөлігі артық салмақ, ал АҚШ-та балалардың үштен бірі семіздікке шалдыққан. Балалық шақтағы артық салмақты адамдар ересек жаста да сақтайды. Нәтижесінде олар қант диабеті, жүрек ауруы немесе қатерлі ісік ауруларының даму қаупіне ие.