Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple-дың сымсыз құлаққаптары сатыла бастады

Apple-дың сымсыз құлаққаптары сатыла бастады

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Қазан айында пайда болған AirPods сымсыз құлаққаптары Apple компаниясының ресми интернет-дүкенінде сатылымға шықты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарлады.

iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айының ортасынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды (~53 000 тг.). Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады. Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады. Мысалы, пайдаланушы iPhone-да AirPods арқылы әуен тыңдап отырса да, жанындағы MacBook-ке келген қоңырау құлаққапҚазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елдерге қол жетімді болып отыр.

Мейірім Бақытжанова «7»

Похожие материалы