Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны

Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.

Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым.

І-тарау. Инвестиция туралы түсінік

  • Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық ж Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның  қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді.

Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.

"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:

Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.

Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік.

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатындағы капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.

Инвестициялар - бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.

Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.

Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т.б.

Қаржылық емес инвестиция – ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және т.б.) салу.

Тікелей инвестиция – шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында, ақшалай салымдар.

Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ құнды қағаздар ретінде келеді.

Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.

Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі – материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар - өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Кез келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың салымымен байланысты операциялар.

Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:

  • Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
  • Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
  • Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.

Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.

Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т.б.

Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.

Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға және ары қарай дамуына маңызы өте зор.

  • Тікелей инвестиция

Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фималық аударулар кіреді.

Шетелдік инвестициялар халықаралық капитал қозғалысының формаларының ішінде ерекше роль атқарады. Тауар өндірісінің әлемдік нарықтан әлемдік шаруашылыққа өту барысында тек қана тауар қозғалысы ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларынын да, әсіресе капиталдың тікелей инвестиция түріндегі халықаралық қозғалысы пайда болады.

Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыру да кіреді.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция дегеніміз – инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.

Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кенею кезіндегі капитал қажеттегі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық  тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді. Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін.

Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске әсер етеді.

Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоңарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.

Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

  • өзі үшін қалыпты нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына шығудың бастамасы;
  • әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты құру;
  • аймақтық және халыаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып:

  • шет елдегі кәсіпорын, оның ішінде филиалдар мен тәуелді кәсіпорындарды құру;
  • контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
  • табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
  • елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу болып табылады;

Тікелей инвестициялар әлемдік нарықта халықаралық корпорациялардың  үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. П. Х. Линдерт пікірі бойынша, «тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылық ... ең алдымен бақылау мәселесінде».

Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы «тиімді дауысын» түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

  1. шет елде акциялар сатып алу;
  2. пайданы қайта инвестициялау;
  3. ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану;

Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім - шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, глобальды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.

Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық жәйтке көңәл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі дамыған елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде. Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге капитал экспорьына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен экономикалық байланысын нығайтады.

Бірақ бастапқы кезеңде капитал экспорты негізінен индустриалды елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы елдерге бағытталған еді. Мысалға, Англия мен Франция өз қаржыларын Үндістан, Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да отарларына салған, АҚШ өз капиталын Латын Америкасына, ал Германия- Оңтүстік- Батыс Африкаға бағытталды.

ІІ-тарау. Қазақстан экономикасындағы инвестициясның орны.

  • Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро- пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді.Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу, соларға  байланысты жаңа жұмыс орындарын ашу инвестициялық процестерге тәуелді.

1993 жылмен 31.12.2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына 38721,6 млн. АҚШ доллары шетелдік инвестициялар тартылған. Осы құрылымның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар үлесі – 58% немесе 22399,1 млн. АҚШ доллары. Сауда несиелері, ссудалар және т.б. міндеттемелер – 38%(15023,1 млн. АҚШ доллары) және портфельдік шетелдік инвестициялар үлесі -3,2%(1299,4 млн. АҚШ доллары).

Шетелдік тікелей инвестицияның жоғарғы деңгейінің сақталуы  капиталдың ссуда және қарыз түрінде келуімен байланысты, әсіресе басты компаниялардың өздерінің филиалдарына беретін.

2004 жылы ЖШС “Тенгизшевройл” 3,3 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартты және 1,1 млрд. доллар еврооблигацияларын шығару құралдары арқылы. Қашаған жобасы бойынша мұнай операцияларын қаржыландыру 2003 жылмен салыстырғанда 72,2% өсті және ол 1,5 млрд. долларды құрады.   Қарашығанақ жобасы бойынша капитал салымының 12,1 % қысқарғаны байқалды, сондықтан да барлық игерілгені 0,97 млрд. доллар болды.

Соңғы жылдары инвестициялық салымдардың құрылымы өзгермеген, себебі шетелдік тікелей инвестициялар алдыңғы орында.

Базистік жылға қарағанда, шетел азаматтарының қазақстандық кәсіпорындырдың акционерлік капиталына деген инвестициялары 393 млн. АҚШ долларынан 408 млн. АҚШ долларына дейін өсірген болатын. 2004жылы шетел азаматтарының қатысуымен, Каспийдің қазақстандық өңірінде барлау жүргізетін ЖШС “Аташ компаниясы” және ЖШС “Қазақстан-қытай құбыр жолы”құрылған болатын.

Сол 2004 жылдың ішінде тікелей шетелдік инвесторлар берген қарыздарды

Осыған байланысты, 2004 жылы тікелей шетелдік инвестицияның таза көлемі 5,5 млрд, доллардан асып кетті.

Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына әсері ЖІӨ-ң 15%-н құрады. Осыған байланысты, ұлттық экономикалық саясат шетелдік компаниялар жағынан әзірге қатты қысым көріп отырған  жоқ. Бірақ, тікелей шетелдік инвестициялардың өсуінің қазіргі қарқыны шетелдік инвестиция тартуға мемлекеттік реттеудің керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан да, пайда болған ситуацияда бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын интенсивті дамыту керек, осыған байланысты портфельдік инвесторлар институттарының дамуы пайда болады.

2004 жылы айналым капиталын қаржыландыру мақсатында түсті металлургия кәсіпорындары да өзінің аналық кәсіпорындарынан белсенді түрде қысқа мерзімді құралдар тартқан болатын және олар шетелдік тікелей инвестицияның түсті металлургия саласындағы үлесін – 3.8%  дейін жоғарылатты.

2003 жылдың қаңтар маусымында инвестиция көлемі республиканың 11 өңірінде өсті. Аса мол өсім Қызылорда (3,1), Жамбыл (1,8 есеге), Солтүстік Қазақстан (1,6 есеге), Аламаты (1,5 есеге), Ақтөбе (1,4 есеге) және Атырау (1,3 есеге) облыстарында байқалды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында (12-2%) артты.

Барлығы 2004 жылы Қазақстанға  27830,5  млн. АҚШ доллары шетелдік инвестиция келді, оның ішінде жалпы шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 8423,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестициялық ағындар бағытының өзгермегеніне қарамастан, түсім динамикасы шетелдік инвесторлардың қызығушылығы экономиканың өңдеу салаларына төмендегенін көрсетеді. 2004 жылы жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі тау-кен өнеркәсібінде 2,6% өсті, ал өңдеу салаларында 1.9% кеміді.    Қазақстан Республикасы Үкіметінің аграрлық секторда жүргізіп отырған прогрессивтік реформаларына қарамастан. ауыл шаруашылық саласында да тікелей шетелдік инвестицияның төмендегенін көруге болады. Транспорт және байланыс салаларына шетелдік инвесторлардың тікелей капитал салымдары өсті, оның басты себебі транспорттық қызметтер нарығын демонополизациялау реформалары болып табылады.

Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан экономикасындағы алдыңғы орындардағы донар елдердің де құрамы өзгерген жоқ. Тек Нидерланды Ұлыбританияны ығыстырып екінші орынға шықты.

Инвестиция салудан бірінші орынды АҚШ алады, ол Қазақстанда жиналған барлық шетелдік инвестициялардың -21.3% құрайды, одан кейін Нидерланды -19,9 % және Ұлыбритания -11.3% (3-кестеде көрсетілген).

Кесте 3. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың келуі, млн. АҚШ $

Жиналғаны Оның ішінде
Барлығы 31.12.04 Тікелей Портфельдік Басқалары
Барлық инвестиция 38721,6 22399,1 1299,4 15023,1
Оның ішінде
АҚШ 8238,1 7551,2 119,4 567,5
Нидерланды 7686,7 3687,4 10,4 3988,9
Ұлыбритания 4387,6 3009,6 136,8 1241,1
Италия 1635,8 1570,1 0,3 65,4
Жапония 1377,2 558,9 2,5 815,8
Германия 1307,4 232,3 10,9 1064,1
Ресей 1260,2 717,3 11,4 531,5
Қытай 1099,6 892,4 1,0 206,2
Франция 822,0 711,4 0,2 110,4
Швейцария 720,6 219,6 26,3 474,6
Түркия 579,4 400,8 7,3 171,3
Австрия 509,8 21,1 29,5 459,1
Канада 387,2 283,8 0 103,4
Индонезия 359,2 358,1 0 1,2
Басқа елдер 6130 2144,5 933,3 3079,1
Халықаралық ұйымдар 2194,2 40,6 10,1 2143,5

2004 жылдың баында АҚШ инвесторларымен 8238,1 млн. Доллар жиналған болатын, соның ішіндегі капиталдың үлкен бөлігі (78%) республиканың тау кен өнеркәсібі секторына негізделген. Ал басқа бөлігі республика терреториясындағы геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған.

Жыл сайын Нидерланды инвесторларының қаржы салымдары өсіп келеді, қазір олар 7686.1 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл ел донор елдердің арасында лидер болып, қаржылық қызмет көрсету секторы бойынша -3518.7 миллион АҚШ доллары, көлік-коммуникациялық кешенінде- 537.5 миллион АҚШ доллары, сонымен қатар кәсіпорындарға қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік операциялары мен жалға беру – 1439.9 миллион АҚШ доллары, саналады.

Үшінші үлкен донор ел болып Ұлыбритания саналады, оның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 4387.6 миллион АҚШ доллары. Бұл елдің инвесторлары өңдеу өнеркәсібіне қосқан үлесі – 618.5 миллион АҚШ доллары үшін лидер болып саналады. Ұлыбритания  тау-кен өнеркәсібінде  тек АҚШ- қа ғана жол береді – 1697.6 миллион АҚШ доллары.

2004 жылы 40 астам әлем елдері Қазақстан экономикасына 1 миллионнан астам тікелей қаржы салымдарын жүзеге асырған болатын. Республикадағы тұрақты экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық

  • Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың маңызы

Шетелдік инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Шетел инвестициясын алып келу және оны тиімді пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді. Бірақ жалпы қағида бойынша, көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге бағыттайды.

Егер, біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі шетелдік инвестициялрды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту төмендегі мәселелерді шешуге көмектеседі:

  1. экономикалық және техникалық прогресті жеделдету;
  2. өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;
  3. өндірісті ұйымдастырудың үздік әдәістерін үйрену;
  4. нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау.

Қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елде қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты.

Инвестициялық ахуал дегеніміз күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.б. факторлардың жиынтығы.

Шетелдік инвестициялар нарығындағы ахуал оларға мұқтаж Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің үлкен сұранысына байланысты елеулі бәсекелік туғызып отыр. Капиталды импорттаушылар санының капиталды экспорттаушылар санынан едәуір көп екенін ескерсек Қазақстанның бәсекелік қабілетін арттыруға мүмкін болған жағдайдың бәрін жасау керек. Қызмет көрсету мен қажетті инфрақұрылымдар жасап, оны дамытудың шетелдік инвесторлар дағдыланған деңгейіне жету күн тәртібінде тұр. Көптеген заңдарды, нормативтерді, актілерді айқындап, шетелдік салымшылар мен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвесторлардың жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен тіл табысуға мүмкіндіктер беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (артықшылықтардың) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру да қажетті іс қимыл түріне жатады.

Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық ахуалдың негізгі бағыт бағдарында оларға неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасау жатыр.

Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп тұруға рұқсаттар беру жөніндегі ережелер болып отыр. Бүкіл іскер әлем қарым қатынас жасасатын ағылшын тіліне Қазақстандықтарды, ең алдымен мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласындағы істейтін адамдарды оқыту қажет, өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі капитал тілдік кедергілер бар елде нашар бейімделеді.

Қазақстандық авиажелілердің, әуежайлардың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлығына, жоғары дәрежелі (төрт бес жұлдызды) қонақ үйлердің, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесмендерге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік беру болуы тиіс.

Әрине, тым шашырай берудің де еш пайдасы жоқ. Мәселе, философтар айтпақшы, қарапайымнан күрделіге.

Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі арқылы бұл мәліметтер көп нәрсені айқындайды. Мұнай-газ саласы пайданың қайнар көзі. Сондықтан трансұлттық компаниялар ең алдымен соған ұмтылады.  Әлемдік саясатпен экономикада басымдығын көрсетіп қалуға ұмтылатын Американың Қазақстан мұнайынан басқалардан артық үлес алуы да заңды. Бір жағынан табысты тез беретін «Қара алтын» шетелдіктер үшін арзанға түседі. Оның үстіне Қазақстанның қазіргі даму жағдайында жұмыс күші де қымбат.

Жалпы инвестициялармен үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу бір кезеңнің ғана міндеті болып қалмай, үнемі тұрақты түрде атұарылатын іс қимылдар кешеніне айналуы тиіс.

ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат, шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар мен олрдың болашаққа әсері

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде реформалар негізінен мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындауға және оны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттің тікелей инвестицияларды қолдауының мақсаты экономиканың жекелеген салаларындағы тауар өндірісі мен қызметті жедел дамытуға қолайлы инвестициялық климатты даярлау болып табылады.

Бүл мақсаттарға жету үшін келесі жағдайлар қажет:

  1. жаңа технологияларды, алдыңғы қатардағы техниканы және ноу-хауды енгізу;
  2. ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге толтыру;
  3. отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
  4. экспортқа арналған және импортты ауыстыратын өндірістерді дамыту;
  5. Қазақстан Республикасының шикізат базасын рационалды және кешендік пайдалану;
  6. менеджмент пен маркетингтің қазіргі заман әдістерін енгізу;
  7. жаңа жұмыс орындарын ашу;
  8. жергілікті кадрлардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
  9. өндірістің интенсификациясын қамтамасыз ету;
  10. қоршаған ортаны жақсарту.

Инвестициялық  саясаттың әлеуметтік экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтану сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады. Бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу ( себебі үкіметтік несие алдын ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
  • Тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
  • Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
  • Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
  • Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алу мен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  • Біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • Шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
  • Акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
  • Банктік мекемелерді инвестициялау.

Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады. Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды.

Олар мыналар:

  1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай газ саласы қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді. Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
  2. Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті несиелер, заемдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қиындап жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде коммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
  3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар сомасының 20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады. Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз шығып кетуіне ықпал етеді.
  4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдайларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды дивиденттер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін құрайды. Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көлемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропорционалды дәрежеде өспейді.
  5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларымен салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
  6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді. Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайларда: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын қысқартуға еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады. Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
  7. Ақпараттық нарықтардың құрылымындағы-шетелдік басқаруға өту шарасының шектен тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала айқындайды, ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты болуы мүмкін емес.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікке сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптаспауының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы). Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ..

Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Бесінші, жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталды өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалды.

Алтыншны, тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе тең қайта бағалануына әкеліп соқты.

Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.

Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.).

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңістік өзінің терең нарықтық өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялық белсенділікті танытты. ЖІӨ құрылымында негізгі капиталға инвестиция салудың үлесі 30-40%- дан асты. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың мұндай сипаттамасы жоқ.

Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін алғашқы себептер қатарына мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатаңдығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал.

Қорытынды

Мен бұл тақырыпты алған себебім, қазіргі уақытта «инвестиция» термины үлкен маңызға және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені, бүкіл дүниежүзінде қандай мемлекет болмасын дамыған не дамушы елдер инвестициямен көп қақтығысады. Мемлекет экономикасында болатын елеулі өзгерістер, соның ішінде инфляция, жұмыссыздық, жалақыны уақытысында төлемеу, осының бәрі халықтың тұрмыс жағдайының нашарлануына әкеледі. Осы проблемалардың барлығымен күрес жүргізетін инвестициялық саясат. Инвестиция арқылы жаңа технологияларды енгізу, жұмысшыларды жұмыспен қамтамассыздандыру, жаңа объектілерді ашу үшін көмектеседі. Бірақ басқа елден енгізілген капитал, тек инвестордың пайдасына ғана емес, капитал салушы мемлекеттің де пайдасына шешілуі тиіс. Бұл инвестицияның ең негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Соған байланысты инвестицияны салушы мемлекетте арнайы комитет құрылуы керек. Бұл ұйым арнайы заң жобалары арқылы капитал қозғалысын бақылап отыру қажет.

Біздің мемлекетімізде 1999 жылдың 26 сәуірінде Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі құрылды. Ол тікелей инвестицияларды ынталандырудың мемлекеттік саясатын жүргізуде уәкілдігі бар мемлекеттік орган болып саналады. Осындай ұйымдар тек біздің мемлекетімізде ғана емес, басқа да дамушы елдерде де бар. Осы комитеттер арқылы инвестицияның дамуына әкелетін үлесі зор.

Ғылыми техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуші факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде.

Қолданылған әдебиеттер 

Негізгі әдебиеттер

  • Международная экономика, А. Киреев- М.: «Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы,             М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
  • Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
  • Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, Н.Қ.Мамыров, - А.: «Санат», 1998 жыл, 39-52 беттер.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, Р.Е.Елемесов, - А.: «Қазақ университеті», 2002 жыл, 100-107 беттер.

Қосымша әдебиеттер

  • Инвест Казакстан, 2005 жыл, 1-2 басылым, 70-72 беттер.
  • Инвестиции, Н.Л. Маренков, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г, 5-67 стр.
  • Инвестиционная стратегия, В.А. Чернов, М.: «ЮНИТИ», 2003г, 10-11 стр.
  • Интернет, goоgle.kz

Похожие материалы